Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
маржанжармама.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
1.68 Mб
Скачать

2. Сандра Бемнің «Маскулинділік-Фемининділік» сауалнамасы

Зерттеуде С.Бемнің тұлғаның андрогинділік, маскулинділік және феминділік деңгейін бағалау жолымен психологиялық жынысты диагностикалау әдістемесі қолданылды.

С. Бемнің пікірінше мінездің кейбір сипаттары «жыныссыз», әмбебап болады, ал кейбір сипаттары дәстүрлі түрде әдеттегі ерлердің және әйелдердің психологиясымен байланысады. Кейбір типтес әйелдік және еркектік сипаттар өзіндік эволюциялық-генетикалық және физиологиялық негіздерге, алғышарттарға ие. Мысалы, агрессивтілік және доминанттылық деңгейлері (типтес еркектік сипаттар болып қарастрылатын), жеке даралардағы еркектік жыныс гормондары – андрогендердің коцентрация деңгейімен арақатынас орнататыны белгілі. Басқа мінез қырлары әлеуметтену, тәрбие және тұлғаның дамуы барысында қалыптасады. Маскулинділік пен фемининділіктің әлеуметтік стереотиптерінің бар екені кездейсоқ емес. Алайда, белгілі бір әйелдік немесе ерлік психологиялық сипаттар биологиялық және әлеуметтік факторлардың, яғни, екі топ факторларының қосылған әсерінің нәтижесінде қалыптасады. Бұл мән мәтін бойынша психологиялық жыныс негізінен биологиялық жыныстан ерекшеленеді. Әдістемеде «психологиялық жыныс» феноменімен байланысты айтылатын үш негізгі түсініктерді атап шығайық – маскулинділік, фемининділік, андрогинділік.

Маскулинділік. Әдетте еркектік сипаттраға дәстүрлі түрде келесі сипаттарды жатқызады: тәуелсіздік, қайсарлық, доминанттылық, агрессивтілік, тәуекелге баруға бейімділік, өзіне деген сенімділік және т.б. Арнайы зерттеулерде агрессивтілік андрогендердің көлемімен арақатынас орнататыны белгілі болған. Тағы басқа зерттеулерде маскулинді индивидтерде жалпы өзін құрметтеу, академиялық жетістіктерде және өзінің физикалық сыртқы бейнеі бойынша жоғары өзін-өзі бағалау көрінген.

Фемининділік. Дәстүрлі түрде әйелдік сипаттарға көне білушілік, жұмсақтылық, сезгіштік, ұялшақтық, нәзіктік және т.б. жатқызады. Фемининділіктің әлеуметтік стереотиптері тұлғаның жыныстық жақтарына және мансаптағы жетістіктерге азырақ қатысты, бірақ эмоционалды аспекттерге көп мағына беріледі.

Андрогинділік. Бар түсініктерге байланысты индивид анық көрінетін тек психологиялық маскулинділік немесе тек фемининділікке ие болу міндетті емес. Андрогинде осы сипаттар өте үйлесімді және өзара толықтыра отырып көрінеді. Маскулинділік пен фемининділік сипаттарының мұндай үйлесімді интеграциясы андрогинді типтің бейімділік мүмкіндіктерін жоғарылатады [45].

Кесте 2 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің әйел адамдар көрсеткіштер

Зерттелуші реті №

Маскулинділік

Фемининділік

Андрогинділік

1

0, 9288

2

-1,0449

3

0,3483

4

1,2771

5

0,1161

6

0,4644

7

0,6966

8

-0,3483

9

0,3483

10

-0,1161

11

0,1161

12

0,3483

13

0,8137

14

0,4644

15

0,2322

16

-0,4644

17

0,3483

18

-0,2322

19

0,1161

20

0,6966

21

0,2322

Кесте 3 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің нәтижелері

Зерттелінушілер

Саны

Маскулинділік

Фемининділік

Андрогинділік

Ерлер

25

4

0

17

Әйелдер

25

1

1

19

Кесте 4 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің нәтижелерінің пайызық көрсеткіштері

Зерттелінушілер

Саны

Маскулинділік

Фемининділік

Андрогинділік

Ерлер

25

19 %

0 %

81 %

Әйелдер

25

5 %

5 %

90 %

Маскулинділік ер зерттелушілердің 19 % белгіленген, қалған 81 % андрогинділікті көрсеткен. Ал әйелдерде 90 % андрогинділікті көрсетіп, 5 % маскулинділік, 5 % фемининділік белгіленген. Осылайша, жалпы зерттелуші топта саны бойынша андрогинді жыныстық тип ең көп болып отыр, содан кейін маскулинді және ең аз фемининді жыныстық типпен сәйкес келеді.

Кесте 5 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің ер адамдар көрсеткіштері

Зерттелуші №

Маскулинділік

Фемининділік

Андрогинділік

1

-0,2322

2

0

3

-0,1161

4

-0,2322

5

-0,5805

6

-0,1161

7

-0,5805

8

-0,4644

9

-2,3222

10

-0,5805

11

0,3483

12

0,2322

13

0

14

1,0449

15

-0,3484

16

-0,4644

17

-1,3932

Здесь продолжение пишется

18

0,8117

19

-1,3932

20

-1,0449

21

0,8127

Кесте 6 - «Маскулинділік-Фемининділік» әдістемесінің топтық нәтижелері

Гендерлік рөл

Зерттелінушілер саны

Пайздық көрсеткіш

Маскулинділік

5

12 %

Фемининділік

1

3 %

Андрогинділік

36

86%