Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
маржанжармама.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
1.68 Mб
Скачать

2. 2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы

1. М. Люшердiң түстiк таңдау тестi. Түстiк таңдау әдiстемесiнiң теориялық негiзi С.Л.Рубинштейннiң тұлғаны организмдiк, индивидуалдық және әлеуметтiк бiрлiк ретiнде қарастыратын концепциясына сүйенедi. Тұлға базисi ретiнде неғұрлым тұрақты эмоционалдық, тұлғалық тенденцияларды бейнелейтiн индивидтiң қасиеттерi алынады.

Бұл әдiстемесiнiң адаптацияланған қысқаша варианты зерттелушiнiң қандай да бiр әрекетке деген бағыттылығын, функциональды жағдайын, тiптi неғұрлым тұрақты тұлғалық қасиеттерiн бейнелейдi.

М.Люшер тестi психологиялық зерттеулердiң қандай саласында болмасын кеңiнен қолданылады. М.Люшер түстердi таңдау тестiнiң бiз қолданып отырған вариантындағы түстер /8/ негiзгi және қосымша түстер болып бөлiнедi.

Негiзгi түстерге- көк, жасыл, қызыл, сары түстер: ал, қосымша түстерге-кұлгiн, қоңыр, қара, сұр түстер жатады.

Әдiстеме субьектiнiң түстiк эталондарға деген саналы қатынасын ғана емес, сондай-ақ сол түстерге деген санадан тыс реакцияларын да диагностикалайды. Мұндағы қосымша түстер жағымсыз тенденциялар; қобалжу, стресс, қорқынышты бастан кешiру, депрессия көрсеткiштерi ретiнде сипатталады.

Түстердiң психологиялық сипаттамасына тоқталайық.

  • Көк түс қанағаттануға, терең, жақын қатынас орнатуға деген қажеттiлiктi, аффелятивтi қажеттiлiктi көрсетедi.

  • Жасыл түс-өзiнiң позициясын қорғауға деген, қорғаныс типiндегi агрессивтiлiкке деген, өзiндiк бекуге қажеттiлiктi көрсетедi.

  • Кызыл түс-жетiстiкке жетуге, белсендi әрекетке, қозғалысқа, әр нәрсеге эмоционалды қатысушылыққа деген қажеттiлiк, болашаққа, перспективалық табыстарға деген үмiттi көрсетедi. эмоционалды бастан кешiру мен қарым-қатынас ең қажеттi болып табылады.

  • Кұлгiн түс-реалды шындықтан қашуға деген қажеттiлiк, өмiрге ақиқаттан тыс талаптар қою, субьективтiлiк, индивидуалдық, иррационалдық талаптарға ұмтылу, эмоционалды кемелденбеушiлiктi көрсетедi.

  • Қоңыр түс-қобалжу деңгейiнiң төмендеуiне, психологиялық және денелiк комфортқа деген қажеттiлiктi көрсетедi.

  • Қара түс-қарсылық арқылы тәуелсiздiкке ұмтылу көрсеткiшi және кез келген беделге, сыртқы орта қысымына деген жағымсыз қатынасты көрсетедi.

  • Сұр түс-енжарлыққа деген тенденцияны, тыныштық, демалысқа деген қажеттiлiктi көрсетедi. Субъектiнiң таңдап алған түске деген қатынасын бейнелейтiн функциялар анықталды және оларға мынадай кодировка берiледi [44].

Ең бiрiншi және екiншi қаланған түстер анық қалауды көрсетедi. Бiрiншi позицияда тұрған түс әрекет етудiң негiзгi тәсiлiн, екiншi түс зерттелушiнiң ұмтылатын мақсатын көрсетедi. үшiншi, төртiншi позициядағы түстердi қалап алынған түстер деп атайды. Бұл арқылы заттар мен ситуациялардың әрекет ету тәсiлдерiнiң шын мәнiндегi нақты ситуациялық жағдайы, жәйтi бейнеленедi. Бесiншi, алтыншы позициядағы түстер селқос таңдалған түстер ретiнде белгiленедi.

Бұл түстердiң тұлғаға сол кездегi нейтралды әсерiн көрсетедi. Зерттелушi мотивтерiн, көңiл-күйiн, функционалдық қалпын Бұл түстермен байланыстырмайды. Жетiншi, сегiзiншi позициядағы түстер түске деген жағымсыз қатынасты көрсетедi. Зерттелушiнiң осы түстермен қатысты мотивтердi, көңiл-күйдi басуға ұмтылғаны көрiнедi.

Қобалжу көрсеткiштерi. Егер негiзгi түстердiң бiрi, одан кейiнгi позицияда орналасса, бұл негативтi эмоционалды қалыпты, дискомфортты, өзiнiң қоршаған ортадағы статусына қанағаттанбау сезiмiн, конфликтi көрсетедi. Негiзгi түс 8-позицияларда орналасса, 1-позициядағы түс компенсация көрсеткiшi ретiнде қарастырылады. Калыпты жағдайда компенсация негiзгi түс болуы керек. Егер Бұл жерде қосымша түс тҮрса, дискомфорттың тереңдiгiн көрсетедi.

Жұмыс қабiлеттiлiк көрсеткiштерi. Жасыл түс түрлі әрекет барысындағы қиындықтарға деген ерiк-жiгердiң күштiлiгiн, икемдiлiгiн көрсетедi. Қызыл түс те ерiк-жiгер күштiлiгiн көрсетедi. Сары түс адамның жетiстiкке жетуге деген үмiтiн, әрекет барысындағы кей детальдарды саналы түсiнбесе де әрекетке қатысудан оқыстан қанағат алушылықты көрсетедi.

Бұл үш түс алғашқы позицияда орналасса, жақсы жұмыс қабiлеттiлiк туралы болжамды көрсетедi. Егер бұл үш түс соңғы позицияда болып, бiр-бiрiнен алшақ орналасса жұмыс қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейiн көрсетедi.

Негiзгi түстер арқылы анықталатын индивидуалды-тұлғалық ерекшелiктер:

  1. Көк түс 1-позицияда орналасса, негiзгi қажеттiлiк-аффелятивтi болады, тежелу процестерiнiң динамикалылығы, профотрофты тенденцияның басымдылығы, тәуелдiлiк, сыртқы орта әсерiне сезiмталдық, реакциялар инерттiлiгi, қобалжу, мазасыздық көрiнедi. Конформдылық, шиеленiстен қашу, пассивтiлiк, тез шешiмге келе алмау, рефлексияға деген қабiлет байқалады. Көк түстiң жасыл түспен бiрiге келуi үйлесiмдiлiктi көрсетедi.

  2. Жасыл түс 1-позицияда болса, онда сол тұлғаға тән қасиеттер. енжар қорғаныс реакциялары, сыртқы ортаға жауап берудегi аралас тип, мақсатқа ұмтылудағы табандылық, неғҮрлым нақтылыққа, нақты ғылымдарға деген тропизм, өзiнiң тұлғалық бағалауына деген әлеуметтiк критерийлерге өте сезiмталдық, инерттiлiк, қызығушылықтың, нұсқаулардың тұрақтылығы, бәсекелесуге деген ұмтылыс.

  3. Кызыл түс 1-позицияда орналасса, сол тұлғаға тән қасиеттер: сыртқы ортаға жауап берудiң стеникалық типi, белсендiлiкке деген қажеттiлiк, дербестiк, доминанттылық, авторитарлық, қызығу, iзденiс белсендiлiгi. Импульсивтiлiк, агрессивтi қылықтар, агрессивтi реакциялар.

  4. Сары түс 1-позицияда болса, онда мынадай қасиеттер тән: сыртқы ортаға жауап берудегi аралас тип, эмоционалдық тұрақсыздық, экстраверттiлiк, оптимизм, инфантилизм, қызығушылықтың тұрақсыздығы, демонстратив тiлiк, шыдамсыздық қасиетi басым болады.