Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
маржанжармама.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
1.68 Mб
Скачать

6

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде жарнама зерттеу объектісі ретінде өті үлкен тартымдылық күшке ие. Оны зерттеумен әр-түрлі деңгейде бірқатар ғылымдар айналысады: журналистика, әлеуметтену, психология, тарих, экономика, құқықтану және басқалар. Әрбір ғылым жарнамалық іс-әрекетті өзінің әдістемелері мен құрал-жабдықтарын қолдана отырып, өз бетінше талдайды. Мұның барлығы жарнаманың көптеген ғылымдардың қиылысуында орналасқан көпжақты құбылыс екенін көрсетеді.

Жарнамалық әсер етуінің психологиялық мәселесі қазіргі заманғы әлеуметтік-ақпараттық ортада, әсіресе заманауи жарнаманың жағымды жақтарымен қатар, жағымсыз жақтарын есепке алу қажеттігі туғанда маңызды және өзекті мәселелрдің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамда адам өмірін жарнамасыз елестету қиын, ол оны жан жақтан қоршап жатыр. Жарнаманы кез-келген жерде кездестіреміз – үйде теледидар алдында отырсақ та,көшеге шықсақ та, радио тыңдасақ та айналада жарнама.

Адамзаттың жарнамаға өте қатты үйреніп қалғандығынан, жарнама жасаушыларға жарнама бағытталған аудиториялардың назарын аударту үшін жаңа технологиялар ойлап табып шығару керек болып тұр. Алайда, тек жаңа идеялар құрып қана қоймай, сонымен қатар, ескі де тәсілдерді есепке алған дұрыс. Ондай тәсілдердің бірі – жарнаманы гендерлік ерекшеліктерді ескере отрып құру.

Зерттеу объектісі жыныстық ерекшеліктерді ескере отырып қазіргі заманғы әлеуметтік және ақпараттық жағдайдағы адам.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – жарнамадағы гендер мәселесінің көрінуінің түрлі аспектілерін талдау.

Дипломдық жұмысты орындау барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:

- жарнама өнімдері әсерінің гендерлік ерекшеліктері мәселесін отандық және шетел әдебиеттері бойынша талдау;

- жарнама әсер етуі мәселесінің теориялары мен концептілеріне мазмұндық баға беру;

- жарнама өнімдері әсерінің гендерлік ерекшеліктері мәселесін зерттеу барысында эмпирикалық айнымалыларды шығару;

- жарнамалық әсер етуіндегі гендерлік ерекшеліктерді шығаруға бағытталған эмпирикалық зерттеу жүргізу;

- зерттеу барысында алынған мәліметтері мен қорытынды нәтижелерін сандық және сапалық интерпритациялау.

Зерттеу болжамы: жарнама өнімдерін қабылдау тұлғаның өзiндiк сана-сезiмi мен гендерлік ерекшелiктерiне тiкелей байланысты.

Зерттеу әдістері:

1. Сандра Бемнің «Маскулинділік-Фемининділік» сауалнамасы

2. М.Люшердiң түстiк қалаулар тестi

3. Жарнама өнімдері әсер етуінің гендерлік ерекшелігін анықтау сауалнамасы

4. Әңгімелесу

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Жұмыс барысында жүргізілген зерттеулерден алынған нәтижелер мен мәліметтер, жарнаманы құру бойынша психологиялық ұсыныстарды өңдеуде қолданылуы мүмкін.

Зерттеудің пәні жарнама әсерін бастан кешірудегі гендерлік ерекшеліктер.

Зерттеудің ақпараттық базасы психология, әлеуметтік психология және т.б. бойынша әдебиеттер (кітаптар, оқу құралдары, журналдар, ғылыми еңбектер).

Дипломдық жұмыстың теориялық негізін ресейлік және шетелдік ғалымдардың еңбектері, зерттеулері құрайды.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет көздерінен және қосымшалардан тұрады.