
- •«Әлеуметтік процес басқару» пәні бойынша
- •Мазмұны
- •1. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы Оқу жоспары бойынша белгіленген сағат саны
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті
- •Пәндер тізімі
- •Тақырыптар мазмұны
- •Сөж тақырыбы
- •Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету
- •2. Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
- •6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •7. Білімді бақылау
- •8. Оқу пәнінің талаптары
- •3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Глоссарий
- •5. «Әлеуметтік саланы басқару» пәнінен дәрістер курсы
- •1. Әлеуметтік сфера түсінігі
- •2. Әлеуметтік сфераның құрылымы
- •3. Әлеуметтік сфераның қызметі
- •4. Әлеуметтік сферадағы экономикалық қатынастар
- •1. Әлеуметтік саясат мәні
- •2. Әлеуметтік саясаттың бағыттары
- •3. Әлеуметтік саясат модельдері
- •1. Әлеуметтік модельдердің принциптері
- •2. Әлеуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері
- •1. Қр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі
- •2. Қр әлеуметтік мәселелер
- •3. Қазақстандағы халықтың тұрмыс денгейі.
- •4. Білім және кедейшілік
- •5. Халықтың денсаулығы
- •1. Әлеуметтік саясат – мемлекет қызметінің бір бағыты ретінде
- •2. Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері
- •1. Лоренц сызығы
- •2. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі
- •3. Экономикалық-саяси принциптер
- •1. Әлеуметтік қорғау жүйесінің түсінігі
- •2. Әлеуметтік қорғау жүйесінің бағыттары
- •1. Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру
- •2. Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері
- •3. Зейнетақылық жүйелердің ерекшеліктері
- •4. Зейнетақымен сақтандырудың түрлері
- •5. Зейнетақы қорының мәні
- •Ахуалды жақсартуға жол
- •1. Индустриалды технологиялық стратегия
- •2. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес
- •3. Қазақстанның инвестициялық саясаты
- •Тақырып.Индикативтік жоспарлау- мемлекеттің экономиканы реттеудегі стратегиялық құралы
- •1. Индикативтік жоспарлау түсінігі
- •2. Индикативтік жоспарлаудың мақсаттары
- •3. Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар
- •4. Әлеуметтік-экономикалық саланы 2010 жылға дейін дамытуда қойылып отырған мақсаттар
- •2. Қазақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты
- •1. Шет мемлекеттердің әлеуметтік саясатқа араласу дәрежесі
- •2. Шет елдерде денсаулық сақтау саласын қолдау
- •3. Шет елде білім беру саласын жетілдіру
- •6. Семинар сабақтарының жоспары
- •7. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Студенттердің өзіндік жұмыстарыНа арналған тапсырмалар
- •8.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •8.2. Тест тапсырмалары
- •8.3. Аралық бақылау сұрақтары
3. Әлеуметтік сфераның қызметі
Әлеуметтік сфераның басты функциясы тарихи процесс субъектісі ретінде, бұқараның әртүрлі қабаттары мен топтарын әлеуметтік ұдайы өсіп-өнуі мен жан-жақты тіршілікпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл функция – қоғамның болмысы үшін өте маңызды. Әлеуметтік ұдайы өсіп-өну процессінің өзгешілігін әлеуметтік сфераның туынды функциялары сипаттайды. Әлеуметтік ұдайы өсіп-өнудің өзгешілігін келесі функциялармен көрсетуге болады: социореттеуші, социобейімделуші, социоөнімділік, социомәдени, социосерпінді (социодинамикалық), социоқорғаушы.
Социореттеуші функция - әлеуметтік сфера әлуетін тиімді қолдануды өсіруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекет пен субъектілердің қарым-қатынасының негізгі көрсеткіштерін реттемелейді. Оның әр қарай дамуы жеке адам мен біртұтас топтың тәртіп моделінің өзгеруіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар олардың әлеуметтік іс-әрекетін реттеуші макроәлеуметтік процесстің нақты негізі болып шығатын нормалар мен өнегелік құндылықтар жүйесі болып көрсетілуі мүмкін.
Социобейімделуші функция - қоғамдағы адамдардың іс-әрекетінде келісімге келуге мүмкіндік туғызушы, мүгедектер мен әлеуметтік топтардың іс-әректін ынталандырушы, әр қайсысының іс-әрекетті неғұрлым тиімді іске асыруына бағытталған.
Социоөнімділік функция – тұтастай әлеуметтік организмнің ұдайы өсіп-өнуі үшін қажетті, адамдардың бүкіл қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Социомәдени функция – қоғамның әлеуметтік мінез-құлықтылық әлуетін меңгеруге адам мен әртүрлі әлеуметтік топтарды қатыстыру процессін реттемелеу.
Социосерпінді функция – халықтың өмір сапасын өсірумен байланысты.
Социоқорғаушы функция – қоғамның деприверленген (салыстырмалы кедейліктің зардабы) қабаттары мен еңбекке жарамсыздарды қолдау және әлеуметтік кепілдемемен, құқықпен және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету.
Әлеуметік сфера белгілерін өлшеу негізінде әлеуметтік көрсеткіш жатыр. Әлеуметтік көрсеткіштің астында сан мен сапа тенденциясы және оның қызмет етуі мен дамуының бағыты түсіндіріледі.
Әлеуметтік сфера жағдайының интегралдық көрсеткіші адамдардың түпкілікті өмір қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру қабілеттілігінің тұтастығын сипаттайтын көрсеткіштер болуы мүмкін. Мысалға, әлеуметтік сфера әлуеті жанұялардың өмір сапасы мен деңгейі, халықтың әлеуметтік қорғалуының деңгейі, адамдардың хал-жайы, әлеуметтік шиеленісушілік, сонымен қатар тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесінің объективті және субъективті бағалаумен байланысты неғұрлым нақтылары: әлеуметтік топтарды үй, медицина, тұрмыстық қамтамасыз етілуі, білім беру, мәдени-діни қатынаста болу, саяси қатысу.
4. Әлеуметтік сферадағы экономикалық қатынастар
Әлеуметтік сферадағы экономикалық қатынастар сипатының түсінігі, яғни бұл сфераның өз игіліктерінің басымшылықты қызмет түрінде көрсетуі (алайда, бұл жерде өндірілетін игіліктерден белгілі бөлігі заттық нысанда ұсынылалды).
Осылай, әлеуметтік сфера экономиканың үшінші секторына апарылуы мүмкін, ол қызмет секторы. Бұл жағдай өте маңызды, себебі ол ғаламдық процесс экомиканы сервизациялаумен өзарабайланысты. Материалдық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктердің көп бөлігі тұтыну негізінде тауармен емес, қызметпен сипатталады. Экономиканы сервизациялау игіліктерді өндірушілер мен оларды тұтынушылар арасын тығыз байланысқа әкелуде, себебі қызмет сферасы өз өнімін тұтынушыға жеткізуде делдалдарды қолданбайды. Ол өз кезегінде жеке тұлғалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға сұраныстың ауытқуын тиімді ескеруге мүмкіндік береді. Экономиканы сервизациялау сфераға неғұрлым қоғам ресурстарын тартуға себепші болады. Мысалға, қазіргі уақытта дамыған елдерде бұл сферада еңбек ресурсының 50 пайызы жұмыспен қамтылған.
Әлеуметтік сферадағы экономикалық қатынастарды бөлек секторлар призмасы арқылы қарастыра отыра, олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады.
Мемлекеттік сектордағы мемлекет пен оның жеке меншігіндегі мекемелер арасындағы экономикалық қатынастар бұл мекемелердің іс-әрекетін мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттерден тікелей қаржыландыру принципінде құрылады.
Әлеуметтік сфера кәсіпкерлік секторында мемлекет, ұйымдар және кәсіпорындар арасындағы экономикалық қатынастар салық, кедендік баж, арендалық төлем, лицензиялау мен сертификациялау қызметі және тағы да басқа с.с. тетіктер қатарымен жанама реттеу жүйесі арқылы құрылады.
Қорытынды
Әлеуметтік сферадағы мемлекеттің қатысуының өзгеруі, басқарудағы жаңа механизмдерді іздестіру, экономикалық қатынастарды терең қайта құру жағдайында социолистік кезеңнен кейінгі қоғамның әлеуметтік сфера әлуетін сақтау мен ұлғайту ең маңызды әлеуметтік проблема ретінде қоғаммен, саясаткерлермен және басқарушылармен терең сезінілуде
Әдебиеттер
1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.
2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.
3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б.
2 –тақырып. Әлеуметтік саясаттың мәні мен модельдері
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік саясат мәні
2. Әлеуметтік саясаттың бағыттары
3. Әлеуметтік саясат модельдері