Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1139
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Ауылшаруашылық дақылдарының пайдаланған азот‚ фосфор‚ калий элементерiнiң арақатынасы орта есеппен мынадай мөлшерде болады:

астық дақылдарында N:P2O5:K2O арақатынасы 3:1:2‚7;

қант қызылшасында - 3‚2:1:5‚8;

көкөнiс (қызанақ‚ капуста‚ пияз) дақылдарында - 2‚4:1:3‚4. Өсiмдiктiң қоректiк элементтi пайдалануы оның сортына‚

топырақтың физикалық-химиялық қасиетiне‚ температураға‚ жауын-шашын мөлшерiне‚ қолданылатын агротехникаға тағы басқа факторларға да байланысты өзгерiп тұрады.

7.3. Тыңайтқыштардың тиімділігіне әр түрлі факторлардың әсері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының дұрыс өсуi мен дамуы бiрнеше факторлардың әсерiне байланысты. Дақылдардан мол әрi сапалы өнiм алуда жергiлiктi факторларды жете зерттеп‚ оларды дақыл ерекшелiгiне қарай дұрыс қолдану керек. Өсiмдiктiң өсуiне қажеттi барлық шаралар жасалғанда кейбiр факторлардың әсерi төмендейдi. Мысалы‚ дақылдарға қажеттi қоректiк заттар толық жеткiлiктi болса‚ олар топырақтағы ылғалды үнемдi пайдаланады.

Тыңайтқыш тиiмдiлiгiне әсер ететiн негiзгi факторларға топырақ-климат жағдайлары (топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерi‚ оның құрамындағы қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң мөлшерi‚ жауын-шашын)‚ агротехника‚ органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ұштастырып қолдану т.б. жатады.

7.3.1. ТОПЫРАҚ - КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Әрбiр аймақтың топырақ-климат ерекшелiктерiн қолданылатын тыңайтқыш түрiн‚ формасын‚ беру мерзiмi мен мөлшерiн белгiлеуде ескеру керек. Әрбiр топырақтың құрамындағы қоректiк заттың жалпы және өсiмдiкке сiңiмдi түрiнiң мөлшерi бiрдей емес.

Сондықтан, топыраққа еңгізiлген тыңайтқыш тиiмдiлiгi түрлiше болады. Мысалы‚ қарашiрiк пен азот‚ калий элементтерiне бай‚ ал фосфордың жылжымалы түрiнiң мөлшерi төмен қара топырақта фосфор тыңайтқышының тиiмдiлiгi жоғары‚ азот пен калий тыңайтқыштарының тиiмдiлiгi өте төмен болады. Қазақстанның солтүстiк

321

аймағынан оңтүстiкке қарай жылжыған сайын топырақта фосфор мөлшерi бiртiндеп жоғарылайды.

Жалпы барлық топырақта жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшерi артқан сайын, қолданылатын фосфор және калий тыңайтқыштарының тиiмдiлiгi азаяды (71кесте).

71-кесте. Жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшерi түрлiше топыраққа берген фосфор және калий тыңайтқыштарының

дақыл өнiмiне әсерi, ц/га.

Дақыл

1кг топырақ құрамындағы

Тыңайтқыш берiлмеген

 

қоректiк элементтiң мөлшерi,

 

 

танаптан

 

 

 

1 мг есебiмен

 

алынған өнiм мен

 

 

 

 

 

тыңайтқыш қолданудан

 

 

 

 

 

алынған қосымша өнiм, ц/га

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

P2O5

 

K2O

тыңайт

N

 

P

NPK

 

 

 

 

қышсыз

 

 

 

 

Қант қызылшасы

32

 

487

426

49

 

5,5

133

 

65

 

525

522

26

 

20,5

66,8

Күздiк бидай

19,3

 

350

26,3

7,7

 

5,5

10,6

 

40,1

 

445

31,0

2,0

 

2,8

6,9

Арпа

23

 

335

25,4

8,0

 

3,0

14,2

 

36

 

280

27,6

3,8

 

8,0

11,1

Дәндiк жүгерi

26,8

 

182

595

7,3

 

11,1

18,4

 

35,9

 

240

63,0

3,8

 

7,0

12,5

Қарашiрiндi мен жалпы азотқа кедей (тиiсiнше 1-2; 0,05- 0,1%) фосфор мен калий мөлшерi жоғары болып келетiн боз топырақтарда азот тыңайтқышының тиiмдiлiгi жоғары, ал фосфор тыңайтқышының әсерi орташа, калий тыңайтқышының тиiмдiлiгi өте төмен болады. Егер топырақта ылғал мөлшерi аз болған жағдайда басқа тыңайтқыштармен салыстырғанда фосфор тыңайтқышының тиiмдiлiгi жоғары болады. Калий тыңайтқышының тиiмдiлiгi топырақтың минералдық бөлiгiнiң механикалық құрамына тәуелдi. Құм, құмайт топырақтарға калий тыңайтқышын қолдану дақыл өнiмiн арттырады.

Қолданылатын азот тыңайтқышының мерзiмi мен формасын белгiлеу үшiн, топырақтың гранулометриялық құрамы мен оның жер асты суының орналасу тереңдiгiн ескерген дұрыс. Құм, құмайт немесе жер асты суы жақын орналасқан топыраққа нитратты формадағы азот тыңайтқышын сүдiгер жыртар алдында беру нитраттың шайылып кетуiне әкеп соғады. Жеке азот тыңайтқышының тиiмдiлiгi топырақ реакциясына да байланысты.

322

Реакциясы бейтарап немесе әлсiз сiлтiлiк қара, қара қоңыр, боз топырақтарға аммиакты азот тыңайтқыштарын пайдалану тиiмдi.

Топырақтың ерекшелiктерi және оның жеке қоректiк элементтермен қамтамасыз етiлу дәрежесi тыңайтқыштарды бiрбiрiмен ұштастырып қолдануды керек етедi. Суарылатын боз, қара қоңыр топырақтарға мiндеттi түрде азот, фосфор тыңайтқыштарын үйлестiре қолдану олардың тиiмдiлiгiн арттырады.

Барлық тыңайтқыштардың, әсiресе азоттың тиiмдiлiгi топырақтағы ылғал тапшылығы жағдайында күрт төмендейдi. Жауын-шашын аз жауатын аймақтарда барлық тыңайтқыштарды күзде сүдiгер жыртар алдында беру керек.

Ылғал жеткiлiктi аймақта органикалық тыңайтқыштың әсерi жоғары болады.

Жеке дақылдарға тыңайтқыш қолданғанда жауыншашынның жауатын мерзiмiн де ескеру керек. Жаздық бидай үшiн көктемде, жаздың бас кезiнде жауған жаңбырдың маңызы үлкен болса, жүгерi, тары сияқты дақылдар жаздың орта шенiнде, тiптi жаздың аяқ кезiнде жауған жауын - шашынды жақсы пайдаланады.

7.3.2. АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

Тыңайтқышты тиiмдi қолдануда агротехникалық жағдайлар шешушi фактор болып саналады. Тыңайтқыш тиiмдiлiгiне әсер ететiн ең негiзгi агротехникалық факторларға жататындар: ауыспалы егiс, топырақты өңдеу жүйесi, тұқымды себу мөлшерi мен мерзiмi, арамшөптермен, аурулармен, зиянкестермен күресу, дақыл сортының тыңайтқышқа реакциясы.

Ауыспалы егiсте дақылдар белгiлi бiр ретпен алмасып отыратындықтан, тыңайтқыштың тиiмдiлiгiнiң артуына, топырақ құнарлылығының жақсаруына және органикалық заттардың қорлануына маңызды рөл атқарады. Ауыспалы егiстiктегi көпжылдық шөптiң бiр гектарындағы тамыр жүйесiнде шамамен 106-194 кг азот; 30,0-54,6 кг фосфор; 47,3-78,0 кг калий қорланады. Мақталы-жоңышқа ауыспалы егiсте тыңайтқыш қолдану мақтаны ауыстырмай егiлген танапқа қарағанда 10-12% жоғары болады. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметi бойынша сегiз танапты қант қызылшалы ауыспалы егiсiне N 60-120 P60-120 K60-

323

100 тыңайтқыш бергенде қант қызылшасының өнiмi гектарынан 515-

552 центнерге жеттi. Ал осы тыңайтқыш қызылшасын ауыстырмай еккендегi түсiм гектарынан 430 центнерге дейiн төмендедi. Демек, ауыспалы егiсте дақылдар топырақтан тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды толығырақ әрi тиiмдi пайдаланады.

Топырақты дұрыс өңдеу оның ауа, су өткiзгiштiгiн жақсартады, сөйтiп өсiмдiк тамырының өсуi мен қызметiне қолайлы жағдай жасалады. Нәтижесiнде қолданған тыңайтқыш тиiмдiлiгi артады.

Тыңайтқыш тиiмдiлiгiн арттыру үшiн тұқымның себу мөлшерiн қатаң сақтау керек. Егер тұқым себу мөлшерi көп болса, өсiмдiктер бiр-бiрiн тұншықтырады, олардың тамыр жүйесi нашар өседi, сөйтiп қоректiк заттарды пайдалануы нашарлайды, ақырында түсiм төмендейдi.

Бiр гектар егiстiкте 200-250 мың сүрлемдiк жүгерi, 50-60 мың дәндiк жүгерi, 100-140 мың қант қызылшасы, 60 мың күнбағыс, 70-80 мың картоп өсiмдiктерi болған жағдайда олар тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды тиiмдi пайдаланады.

Дақылдарды суару режимi мен мерзiмiн сақтау да тыңайтқыш тиiмдiлiгiн шамамен 1,5-2 есе арттырады.

Егiстiктi арамшөптерден тазартпай тыңайтқыш қолдану оның тиiмдiлiгiн төмендетедi, өйткенi мәдени өсiмдiктермен салыстырғанда арам шөптiң қоректiк элементтердi пайдалану қабiлетi жоғары.

Егiстiктi арам шөптерден тазартып барып тыңайтқыш қолдану оның тиiмдiлiгiн жоғарылатады. Сол сияқты гербицид, инсектицидтi минералдық тыңайтқышпен бiрге қолдану да жақсы нәтиже бередi. Әйтседе, арамшөптермен, зиянкестермен, аурулармен биологиялық әдiстермен күресу сапалы өнiм жинаудың маңызды шарты болып саналады.

7.3.3. ОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ҮЙЛЕСТIРIП ҚОЛДАНУ

Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың топырақ пен өсiмдiкке әсерi әр түрлi. Өсiмдiк минералдық тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды алғашқы мерзiмде (бiрiншi жылы) көп мөлшерде қабылдайды, ал органикалық тыңайтқыштан

324

қоректiк затты өсiмдiктiң пайдалануы бiрқалыпты (бiрiншi, екiншi жылы) жүредi. Бұл оның құрамындағы органикалық заттардың ыдырау қарқынына байланысты екенiн көрсетедi. Егер минералдық тыңайтқыш негiзiнен топырақтың қоректiк режимiн жақсартса, органикалық тыңайтқыш сонымен бiрге топырақты органикалық затттармен байытады, микроорганизмдердiң белсендiлiгiн арттырады.

Польша мемлекетiнде жүргiзiлген тәжiрибеге сүйенсек жыл сайын гектарына 20-60 тонна көң қолдану 43 жылда топырақтағы қарашiрiк мөлшерiн 0,7 пайыздан 1,5 пайызға көтерген. Көң мен минералдық тыңайтқыштарды үйлестiрiп немесе бiрге қолдану оларды дара қолдануға қарағанда әлде қайда тиiмдi. Оны агрохимия кафедрасының жүргiзген егiстiк тәжiрибесiнен көруге болады. Мұнда шалғындық - қара қоңыр топыраққа 60 т көң еңгізгенде, бiр гектардан қосымша 110,2 ц жүгерi балаусасын жинады. Ал бiр гектарға 20 тонна көң және N60P30K60 қолданғанда қосымша өнiм мөлшерi 174,4 ц дейiн көтерiлдi.

Ауыспалы егiсте органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бiрге қолдану мiндеттi емес, бiрақ оларды үйлестiрiп пайдалану дұрыс. Егер топырақ қоректiк элементтердiң жылжымалы түрiмен жақсы қамтамасыз етiлген, бiрақ органикалық заттарға кедей болған жағдайда жалғыз органикалық тыңайтқышты ғана қолдану орынды. Ең алдымен органикалық тыңайтқышты қоректiк элементтердi едәуiр көп мөлшерде пайдаланатын, алайда топырақ ерiтiндiсiнiң жоғары концентрациясын жаратпайтын жүгерi, картоп, қияр сияқты дақылдарға беру керек.

Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды бiрге қолдану топырақ типiне де байланысты. Азотқа бай қара топырақтарға органикалық және фосфор тыңайтқыштарын бiрге қолданған тиiмдi. Суармалы боз және ашық қара қоңыр топырақтарға органикалық тыңайтқышты азотпен толықтырған орынды. Құм, құмайт топырақтарға органикалық тыңайтқыш бергенде, үстеме ретiнде (немесе бiрге) азот пен калий тыңайтқыштарын берсе, өсiмдiктiң қоректенуiне қолайлы жағдай жасалынады.

Сонымен органикалық және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс үйлестiрiп қолдану ауыспалы егiстiң жалпы өнiмдiлiгiн арттырады.

325

7.4. Тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілдері мен техникалары

7.4.1. ТЫҢАЙТҚЫШ ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Ауыспалы егiс жағдайында дақылдар үшiн тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтаудың маңызы зор. өйткенi бұл жағдайда тыңайтқыш берудiң мөлшерi мен мерзiмi барлық дақылдар үшiн бiрдей болмайды.

Тыңайтқышты беру мезгiлiне қарай еңгізудiң 3 тәсiлi бар: негiзгi тыңайту, тұқымды себу кезiнде тыңайту, үстеп қоректендiру. Негiзгi тыңайтудың басты мiндетi-дақылды бүкiл вегетациялық дәуiрiнде қоректiк элементпен қамтамасыз ету. Сондықтан дақылдарға берiлуге тиiстi тыңайтқыш мөлшерiнiң барлығын немесе 70-80% негiзгi тыңайтуға қолданған дұрыс. Көпшiлiк жағдайда сүдiгер жыртар алдында атқарылады. Негiзгi тыңайту мерзiмiн дақылдың, аймақтың топырақ-климат ерекшелiктерiне, тыңайтқыш қасиетiне сәйкес белгiлейдi. Көбiнесе фосфор және калий тыңайтқыштарының басым көпшiлiгi топырақтағы ылғалдың немесе суару әсерiнен оның терең қабатына шайылмайды. Демек оларды мол мөлшерде күзде негiзгi тыңайтуға қолданады.

Қазақстанның суарылмайтын тәлiмi егiншiлiк аймақтарында барлық тыңайтқыштарды күзде беруге болады. Ол үшiн аммиактi, амидтi азот тыңайтқыштарын пайдаланған дұрыс.

Негiзгi тыңайтуға арналған тыңайтқыштарды дақылдың қоректену ерекшелiктерiне қарай, топырақтың ылғалы мол қабатына еңгізу керек.

Негiзгi тыңайтуға арналған тыңайтқыш мөлшерiн түрлi себептермен азайту оның тиiмдiлiгiн төмендетедi.

Тұқымды себу кезiнде тыңайтудың басты мiндетi өсiмдiктi алғашқы өсу кезеңiнде қоректенуiн үдету. Бұл дақыл тұқымы дұрыс және тез көктеп шығуы үшiн оның сiңiмдi қоректiк заттармен қамтамасыз етудiң маңызды шарасы. Тұқымды себу кезiнде қатарларға 10-20 кг фосфор қолдану осыған негiзделген. Азот пен калий тыңайтқыштарында қолдануға болады. Тұқым топырақтың беткi қабатында орналасқандықтан, бастапқы өсу кезiнде негiзгi тыңайту үшiн тереңге еңгізiлген тыңайтқыштың қоректiк затын пайдалана алмайды. Ал тұқымды себу кезiнде оның қасына

326

еңгізiлген тыңайтқышты өсiмдiк алғашқы көктеу дәуiрiнен бастап-ақ пайдаланады.

Тұқымды себу кезiнде тыңайтқыш берудi топырақта қоректiк заттар жеткiлiктi болғанда да қолданған жөн.

Мұндай жағдайда себiлген тұқым мен берiлген тыңайтқыш арасында топырақ қабаты қалады да тұқым тыңайтқышпен жанаспайды. Мұның өзi тұқымды тыңайтқыш тарапынан әсер ететiн зардаптан қорғайды.

Тұқымды себу кезiнде тыңайтқыш қолданудың тиiмдiлiгiн Қазақстанның әр түрлi аймақтарныда жүргiзiлген тәжiрибелердiң мәлiметтерiнен байқаймыз (72кесте).

Тұқымды себу кезiнде суперфосфатты қатар аралығына бергенде, оның құрамындағы фосфордың пайдалану коэффицентi 2- 3 есе жоғарылайды.

Бұл шара аса пайдалы екен деп, қолданылатын тыңайтқыш мөлшерiн 30-40 килограмға дейiн көбейтуге болмайды, өйткенi көп мөлшерде берiлген тыңайтқыш көпшiлiк ауылшаруашылық дақылдарының жас көгiне зиян келтiредi және бұл тәсiлмен берiлген тыңайтқыш топырақтың тек қана тұқым себiлген тереңдiгiнде орналасады да өсiмдiк жетiле келе оның тамырлары терең кеткен соң, бұл тыңайтқышты толық пайдалана алмайды.

72-кесте. Тұқымды себу кезiнде берiлген фосфат тыңайтқышының (P10-20) дақылдардың өнiмiне әсерi, ц/га.

Дақыл

Топырақ түрi және

Тыңайт

Фосфор

1кг

 

оның жылжымалы

қыш

қолдану

тыңайт

 

фосформен қамтамасыз етiлу

берiлме

дан

қыштың

 

дәрежесi

ген

алынған

(ә.з)

 

 

дегi

қосымша

өнiммен

 

 

өнiм

өнiм

төлемi,

 

 

мөлшерi

мөлшерi

кг

Жаздық бидай

Кәдiмгi қара топырақ‚ төмен

16,9

3,1

1,5

Жаздық бидай

Оңтүстiк қара топырақ, төмен

9,9

1,8

9,0

Күздiк бидай

Қара қоңыр топырақ, төмен

7,2

1,2

6,0

Қант қызылшасы

Шалғынды боз топырақ, төмен

312,3

34,1

170

Қант қызылшасы

Шалғынды боз топырақ, орташа

430,3

42,2

210

Қант қызылшасы

Шалғынды боз топырақ, жақсы

446,9

6,3

31

Сондықтан тұқым себу кезiнде қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi гектарына 20 кг (әсерлi затпен есептегенде) аспағаны дұрыс.

327

Үстеп қоректендiрудiң негiзгi мiндетi, өсiмдiктiң белгiлi бiр кезеңiнде қоректенуiн күшейту. Үстеп қоректендiруге арналған тыңайтқыш мөлшерi және оны беру мерзiмi әрбiр дақылдың қоректену ерекшелiгiне сәйкес болады.

Үстеп қоректендiрудi отамалы дақылдарға пайдалану қолайлы, өйткенi бұл дақылдардың қатар аралықтары вегетациялық дәуiрi iшiнде бiрнеше рет өңделедi. Сонымен бiрге дақылдардың қоректену ерекшелiктерiне сәйкес, үстеп қоректендiрудiң мерзiмiн және қолданылатын тыңайтқыш мөлшерiн нақты анықтаудың маңызы орасан зор. Айталық, қант қызылшасы өсуiнiң алғашқы кезеңдерiнде топырақта фосфордың жылжымалы түрiнiң мол болуын тiлейдi, өсу дәуiрiнiң орта шенiнде ол азот, фосфор және калийдi бiрдей мөлшерде пайдаланады. Ал вегетациялық дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде қант қызылшасы фосфор мен калийдi молырақ пайдаланады. Демек, қант қызылшасына оның өсу дәуiрiнiң әр кезеңдерiне сәйкес, түрлiше және түрлi мөлшерде тыңайтқыштар беруге тура келедi. Сондықтан бұл жұмысты тек үстеп қоректендiру арқылы атқарады.

Үстеп қоректендiруге қолданылатын тыңайтқышты беру тереңдiгi дақылдың вегетациялық дәуiрiнде өзгерiп отырады. Мысалы, қант қызылшасын алғашқы үстеп қоректендiру 10-12 см тереңдiкке жүргiзiлсе, соңғысын 18-20 см тереңдiкке дейiн жеткiзедi.

Үстеп қоректендiру дақылдардың қоректiк заттарды тек тамырлары мен ғана емес, жапырақтары арқылы да сiңiруге жағдай жасайды. Мысалы, шаруашылықта сүрлемдiк жүгерi мен дәндi дақылдардың дәнiндегi ақуыз заттарын көбейту үшiн мочевинаның 20-30 пайыздық ерiтiндiсiн дайындап, оны дақылдар өсiп тұрған кезде бүркедi. Әрбiр дақыл үшiн белгiленген мерзiмнен ерте, не кеш жүргiзiлген үстеп қоректендiрудiң тиiмдiлiгi төмен болады. Мысалы, күздiк бидайды дән сала бастаған кездегi қоректендіру аса пайдалы. Жапырақ арқылы үстеп қоректендiрудi, ашық күндердi ауа-райының температурасы 15-200 С болғанда орындалған жөн. Ауаның температурасы 200 С жоғары болған жағдайда жапырақ бетіндегі ерiтiндi тез буланады да үстеп қоректендiру тиiмдiлiгi төмендейдi.

Қант қызылшасы мен картоп егiстiгiн жинауға бiр ай қалғанда фосфор, калий тыңайтқыштарының ерiтiндiсiмен

328

тамырдан тыс үстеп қоректендiру қанттылығын 1-2 пайызға , крахмал мөлшерiн 1,2-2,5 пайызға арттырады. Ол үшiн суперфосфаттың 5 пайыздық, калий тұзының 3 пайыздық ерiтiндiсiн пайдаланады.

Үстеп қоректендiру мынадай жағдайларда өзiн ақтайды:

ерте көктемде күздiк азотпен қоректендiру;

ылғал жеткiлiктi аймақтарда, жеңiл топырақтарда азот пен фосфор тыңайтқыштарын қолдану;

суармалы аудандарда жүгерi, қант қызылшасы, мақта, күрiш, картоп, көкөнiс дақылдарына пайдалану;

минералдық тыңайтқыштардың жылдық мөлшерi жоғары болған жағдайда;

жемiс-жидек дақылдары мен шабындыққа қолдану;

жылы саяда өсiрiлген көкөнiс дақылдарына беру.

Тыңайтқышты ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiктерiне бiркелкi шашу, қатарлап (таспа түрiнде) және суаратын сумен бiрге бередi. Тыңайтқышты топыраққа еңгізу әдiстерiне байланысты, оның жыртылатын қабатта орналасуы түрлiше болады ( 73кесте).

73-кесте. Тыңайтқыш еңгізу әдiстерiне байланысты оның топырақ қабатына орналасуы, % (Н.С Авдонин).

Топырақтың

 

Тыңайтқышты топыраққа еңгізу әдiсi

 

жыртылу

жеңiл

ауыр

ауыл

соқамен

түреңдi

қабатының

тырмамен

тырмамен

культиватормен

 

соқамен

тереңдiгi, см

 

 

 

 

 

0-3

98

75

55

11

3

3-6

2

22

21

12

4

6-9

3

23

16

12

9-12

1

16

14

12-15

23

20

15-20

22

47

Тыңайтқышты тырмамен топыраққа еңгізгенде оның 75 - 98 % топырақтың беткi қабатында (0-3 cм) шоғырланады.

Егiстiкке тыңайтқышты шашу, оның топырақ бетiнде мүмкiндiгiнше бiркелкi таралуын қамтамасыз етедi. Нәтижесiнде тыңайтқыштың топырақпен жанасуына мүмкiндiк туады. Сөйтiп тыңайтқыш пен топырақтың физика-химиялық жолмен әрекеттесуiне қолайлы жағдай жасалады. Тыңайтқыш құрамындағы аммо-

329

ний, калий иондарын топырақтың коллоидты бөлшектерi сiңiредi. Суда еритiн фосфор тыңайтқыштары химиялық сiңiру процесiнiң арқасында қиын еритiн немесе ерiмейтiн қосылыстар түзедi.

Тыңайтқышты қатарлап немесе таспа түрiнде топыраққа еңгізгенде оның топырақпен жанасуы азаяды да қиын еритiн қосылыстың түзілуi баяу жүредi. Сөйтiп тыңайтқыш құрамындағы қоректiк затты өсiмдiктiң пайдалануы артады. Алайда тыңайтқышты қатар аралыққа немесе таспалап бергенде оның жоғары мөлшерiн қолдану тиiмсiз. Мысалы, Х.Рида (Германия) тәжірибесiнде N 30, Р 100-200, К 150-160 арпаға тыңайтқышты күзде шашу арқылы бергендегi өнiм мөлшерi гектарына 40,8 центнер болса, сол тыңайтқыш мөлшерiн таспа түрiнде топыраққа еңгізу, гектарынан 38 центнер түсiм жинауды қамтамасыз еттi.

Тыңайтқышты сумен беру алғашқы кезде былай атқарылған: егiстiктi суғаратын су жолына үлкен шұңқыр қазып, оны тыңайтқышпен толтырады да сол арқылы су жiбередi. Осы қарапайым әдiс тыңайтқыштың егiстiкке бiркелкi таралуына мүмкiндiк тудырады. Кәзіргі уақытта жылжымалы арнаулы механизмдер (ДДН-70, ДДА-100МА) пайдаланады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына бiрнеше жылға (2-4 жыл) арналған тыңайтқыш мөлшерiн, бiрден сүдiгер жыртар алдында беруге де болады. Бұл тәсiлдi фосфор тыңайтқышын қолдануда кеңiнен пайдалануға болады, өйткенi фосфордың топырақта жылжуы баяу жүредi. Сондықтан өсiмдiктiң фосфорды бiрнеше жыл пайдалануына мүмкiндiк туады. Калий тыңайтқышының да 2-4 жылға арналған мөлшерiн бiрден беру тиiмдi. Алайда калий тыңайтқышын бұл тәсiлмен гранулометриялық құрамы ауыр топыраққа берген дұрыс.

330