Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1139
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

топырақтың нәтижелi (тиiмдi) құнарлылығын ұдайы жоғарылату;

органикалық және минералдық тыңайтқыштардың тиiмдiлiгiн арттыру;

тыңайтқыштардың сыртқы ортаға тигiзетiн зиянды әсерiн мейлiнше азайту.

Республиканың ғылыми мекемелерi мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжiрибелерi Қазақстанның барлық аймағында тыңайтқыш қолдану тиiмдi екенiн дәлелдеп отыр. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мәлiметтерi бойынша тыңайтқыштың бiр кг әсерлi заты кәдiмгi қара топырақта 14‚8 кг‚ оңтүстiк қара топырақта 8‚5 кг‚ қара топырақта 8‚8 кг қосымша астық дәнiн жинауды қамтамасыз етедi.

Тыңайтқыш қолдану жүйесiнiң тиiмдiлiгi бiрнеше фактордың әсерiне байланысты.

Ауыспалы егiс дақылдарының өнiмiн молайту үшiн олардың қоректiк заттарды пайдалануын‚ топырақ жағдайын және дақылдардың биологиялық ерекшелiктерiн ескерген жөн.

Әрбiр жергiлiктi аймақта егiлетiн дақылдардан мол және сапалы өнiм алу үшiн тыңайтқыш қолдану жүйесiн жете игерiп‚ агротехникалық шараларды дұрыс жүргiзудiң орасан зор маңызы бар.

7.2. Ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқыштарға мұқтаждығын анықтаудың физиологиялық негiздерi

7.2.1. ӨСIМДIКТIҢ ӘР ТҮРЛI ӨСУ КЕЗЕҢДЕРIНДЕ ҚОРЕКТIК ЗАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

Тыңайтқыш қолдану жүйесiн (тыңайтқыштардың мөлшерi‚ беру мерзiмi‚ әдiсi) ауыспалы егiстегi жеке дақылдардың әр түрлi өсу және даму кезеңдерiндегi қоректену ерекшелiктерiн ескере отырып жасайды. өйткенi өсiмдiктер қоректiк заттарды бүкiл вегетациялық дәуiрiнiң барысында бiрдей мөлшерде пайдаланбайды. Жалпы өсiмдiк қоректенуiнде жауапты (аумалы) және қоректiк элементтердi барынша көп пайдаланатын кезең болады. Жауапты кезеңде өсiмдiктiң қоректiк заттарды аз мөлшерде пайдалануына қарамастан сыртқы ортада олардың жетiспеушiлiгi

311

немесе тапшылығы оның өсiп дамуына терiс әсер етедi. Бұл кезеңде өсiмдiктiң қоректiк заттарды сiңiруi оның бойында құрғақ заттың түзілуiнен қарқынды жүредi. әрбiр дақыл үшiн жеке қоректiк элементтермен қамтамасыз етiлуi түрлiше болады. Азот үшiн жауапты кезең фосформен салыстырғанда кешiрек басталады және ұзаққа созылады. Мысалы‚ астық дақылдарында 3-4 жапырақ пайда болған кездегi азоттың жетiспеушiлiгi, масақта дәннiң толық қалыптаспаушылығына әкеп соғады.

Егiстiкте өсiмдiктiң қоректенуiнiң жауапты кезеңi‚ әсерi ерте көктемде сыртқы орта температурасы мен топырақтағы органикалық заттарды ыдырататын (минерализация) микроорганизмдердiң белсендiлiгiнiң төмендеуiмен сәйкес келедi. өсiмдiктiң қоректенуiнiң жауапты кезеңiнде оны фосформен қамтамасыз ету керек. Өйткенi фосфор өсiмдiктiң тамыр жүйесiнiң дамуында шешушi рөл атқарады.

Өсiмдiктiң қоректiк элементтердi барынша көп пайдалану кезеңiнде оның өсуi мен денесiнде құрғақ заттың қорлануы және қоректiк заттарды қабылдау қарқыны шұғыл жоғарлайды. Бұл кезеңде тыңайтқыш тиiмдiлiгi жоғары дәрежеде байқалады. Н.С.Авдонин (1954) көпшiлiк ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректiк заттарды барынша көп пайдаланатын кезеңiн тәжiрибе жүзiнде дәлелдедi. Мысалы‚ ас бұршақ үшiн 15-40 күн аралығы‚ жаздық бидай үшiн 20-45 күн аралығы (түтiктенуден толық масақтану)‚ тары үшiн 30-45 күн аралығы.

Өсiмдiктердiң әр түрлi даму кезеңiнде қоректiк заттарды сiңiру қарқыны және оларды қабылдау ұзақтығы бiрдей емес. Жоңышқа‚ қант қызылшасы‚ жүгерi дақылдары қоректiк заттарды ұзақ мерзiмде, ал астық дақылдары қоректiк заттарды түтiктенумен масақтану аралығында көп мөлшерде қабылдайды. Капуста қауан түзу кезеңiнде қоректiк заттарды барынша көп пайдаланады. Жеке қоректiк элементтердi өсiмдiктердiң қабылдау қарқыны бiрдей емес.

Өсiмдiктiң өсуiнiң бастапқы кезеңiнде қоректiк заттар жетiспесе‚ бұл оның тiршiлiгiне елеулi зиян келтiредi. Мысалы‚ мақта өсiмдiгiне өсуiнiң бастапқы кезеңiнде азот немесе фосфор жетiспегендiктен зардап шексе‚ кейiн минералдық қоректiк зат мол берiлсе де ол оңалып кете алмайды.

Мақта көктеп шыққаннан шанақтанғанға дейiн тезiрек өсуi үшiн азотты молырақ қажет етедi. Әсiресе екi жапырағы пайда

312

болған кезде азоттың жетiспеуi мақта өнiмiн күрт кемiтедi. Гүлдеу кезеңiнен бастап, пiсiп-жетiлгенге дейiн фосфор мен калий жеткiлiктi болуы керек.

Қант қызылшасы алғашқы өсу кезеңiнде (көктеу) фосфорды көбiрек‚ азот пен калийдi орташа талап етедi. Жапырақтарын жайған кезде қант қызылшасы барлық қоректiк элементтердiң мол болуын ұнатады‚ ал вегетативтiк кезеңiнiң соңғы мерзiмiнде азотты қажетсiнуi бiраз кемидi.

Астық дақылдарының iшiнде қоректiк заттарға көбiрек талап қоятындарға күрiш пен күздiк бидай жатады. Жалпы астық дақылдары‚ әсiресе түптену кезеңiнде минералдық тыңайтқышты көбiрек қажет етедi.

А.В.Соколов топырақтағы қоректiк заттардың қайсысы өсiмдiктiң өсiп-жетiлуi үшiн оның қай мүшесiне тиiмдi әсер ететiнiн анықтады. Мысалы‚ азот пен фосфор жер бетiндегi және топырақтағы бөлiктерiне (мүшелерiне) әртүрлi әсер етедi. Фосфордың әсерiнен өсiмдiктiң жер бетiндегi бөлiгiнiң салмағы мен тамырының салмағы бiрдей артса‚ азот берiлгенде өсiмдiктiң жер бетiндегi бөлiгi тамырынан гөрi басымырақ өседi.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының топырақтағы қоректiк заттардың концентрациясына қатынасы бiрдей емес. Мысалы‚ қияр топырақтағы минералдық заттардың жоғарғы концентрациясына шыдамайды, бiрақта органикалық тыңайтқыштың жоғарғы нормасына төзедi. Қант қызылшасы‚ керiсiнше топырақтағы минералдық заттардың жоғарғы концентрациясына төзiмдi келедi.

Өсiмдiктiң қоректiк элементтердi қарқынды сiңiру мерзiмi қысқа болса‚ ол топырақ құрамында қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң жеткiлiктi болуын қажет етедi.

Сонымен қатар өсiмдiктердi топырақта әртүрлi дәрежеде еритiн қосылыстарды пайдалану қабiлетiне қарай да топтастырады. Ал олардың топырақтағы әртүрлi дәрежеде еритiн қосылыстарды пайдалануы, олардың тамыр жүйесiнiң даму ерекшелiгiне байланысты.

Мысалы‚ қарақұмық‚ күнбағыс‚ горчица сияқты дақылдар топырақтағы қиын еритiн қосылыс құрамындағы фосфорды жақсы пайдаланады. Сондықтан, ауылшаруашылық дақылдарының қоректiк элементтердi пайдалануының биологиялық ерекшелiктерiн

313

қолданылатын тыңайтқыш формасы мен беру мерзiмiн белгiлеуде ескеру керек.

7.2.2. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚОРЕКТIК ЗАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУЫ

Өсiмдiктiң тыңайтқышты қажет етуiн анықтау үшiн жоспарланған қоректiк заттарды пайдалануы туралы мәлiмет жеткiлiксiз. Ол үшiн әрбiр учаске мен ауыспалы егiстiң жеке танаптар топырағының құрамындағы қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң қорын да бiлу керек.

Әрбiр топырақтағы қоректiк зат шамасы оның генетикалық ерекшелiктерi мен гранулометриялық құрамына және тыңайтқыш қолдану дәрежесiне байланысты өзгерiп отырады. Мысалы‚ бiр гектар егiстiкке 100 кг P2O5 бергенде‚ оның 1 кг топырағындағы жылжымалы фосфор мөлшерi орта есеппен 7-10 мг дейiн артады.

Топырақтағы қоректiк элементтердiң мөлшерiн химиялық жолмен талдау арқылы анықтайды және оны бiр кг топырақтағы миллиграммен (мг/кг) белгiлейдi. Химиялық талдау нәтижесi агрохимиялық картограммаға немесе танап паспортына көшiрiледi. Химиялық талдау мәнi бойынша бiр гектар егiстiктегi қоректiк заттардың қорын (кг) есептеп шығарады. Ол үшiн топырақтың көлемдiк массасын бiлу керек.

Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметi бойынша қара‚ қара қоңыр‚ боз топырақтардың көлемдiк массасы орта есеппен 1‚3. Сонда 1 гектар топырақ 30 см дейiнгi қабатының массасы 3‚9 млн. кг (1‚3*3) болады. Егер топырақтың 0-30 см қабатында бiр кг топырақта 20 мг P2O5 болса‚ оның бiр гектардағы қоры 78 кг (3‚9*20) .

Өсiмдiктер топырақтан қоректiк элементтердiң жылжымалы түрiнiң қорын толық пайдаланбайды. Өйткенi олардың шамалы бөлiгi физикалық-химиялық‚ биологиялық құбылыстардың нәтижесiнде топырақта қиын еритiн қосылыстар түзедi немесе алмаспайтын түрге ауысады‚ шамалы бөлiгi тамыр жүйесi орналасқан қабаттан төменгi қабатқа шайылады‚ бiраз бөлiгiн микроорганизмдер пайдаланады. Сондықтан тыңайтқыш нормасын белгiленгенде оның қанша мөлшерiн өсiмдiктiң пайдаланатынын бiлу керек.

314

Топырақ құрамындағы қоректiк заттарды өсiмдiктiң пайдалану коэффициентiн мына формулалармен анықтайды:

Кт, % = В *100;

С

Кт, % = а в 100;

с

мұнда:

Кт, % - топырақтағы қоректiк заттарды өсiмдiктiң пайдалану коэффициентi‚ %;

В - тыңайтқыш берiлмеген топырақтан өнiммен кететiн қоректiк зат мөлшерi‚ кг;

С - топырақтың белгiлi қабатындағы қоректiк заттың жылжымалы түрiнiң жалпы қоры‚ кг/га;

а - дақыл түсiмi‚ ц/га;

в -1 ц өнiммен кететiн қоректiк зат мөлшерi‚ кг;

с – топырақтағы жылжымалы қоректік заттардың жалпы қоры, кг/га.

Мысал:

Кт, % = 60 1,1 = 48,3%; 136,5

Топырақтағы қоректiк элементтi өсiмдiктiң пайдалану коэффициентi тұрақты емес. Ол өсiмдiктiң биологиялық ерекшелiктерiне‚ топырақтың тиiмдi (нәтижелi) құнарлылығына‚ агротехникаға‚ ауа-райына және өсiмдiктiң өсiп-дамуына әсер ететiн басқа факторларға байланысты.

Топырақта жылжымалы қоректiк зат мөлшерi төмен болғанда өсiмдiктiң қоректiк затты пайдалану коэффициентi жоғары болады. Бұл сол топырақтағы қоректiк затты өсiмдiктiң нашар пайдалануынан емес‚ керiсiнше‚ пайдаланылмай қалған қоректiк заттың көп қалуынан. Суармалы аймақта‚ жоғары агротехника жағдайында және дақыл түсiмi артқанда өсiмдiктiң топырақтағы қоректiк элементтi пайдалануы көтерiледi.

Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш қолдануда төмендегi кестеде көрсетiлген мәлiметтердi пайдаланады (67-кесте).

315

67-кесте. Өсiмдiктiң топырақтағы қоректiк элементтердi пайдалануы.

Агротехникалық фон

Пайдалану коэффициентi‚ %

 

N-NO3

P2O5

K2O

Ылғал тапшылығы кезiнде

20-50

10-12

1-2

Ылғал жеткiлiктi болғанда

70-80

20-30

5-7

Суарған жағдайда

120-150

30-40

10-15

Өсiмдiктiң қара‚ қара қоңыр‚ боз топырақтардағы жеңiл ыдырайтын азотты пайдалану коэффициентi 20 % шамасында.

7.2.3. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚОРЕКТIК ЗАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУЫ

Тыңайтқыш мөлшерiн белгiлеу үшiн өсiмдiктiң оның құрамындағы қоректiк заттарды пайдалануын бiлу керек.

Түрлi климат-топырақ аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының тыңайтқыш құрамындағы қоректiк элементтердi пайдалану коэффициентiн‚ топырақпен әрекеттесуiн‚ ысырап болуын зерттеудiң практикалық және ғылыми маңызы үлкен. Өсiмдiк бiрiншi жылы топыраққа берiлген тыңайтқыш құрамындағы қоректiк затты толық пайдаланбайды. Органикалық тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды өсiмдiк оның ыдырау барысында пайдаланады. Ал, минералдық тыңайтқыш құрамындағы фосфордың көпшiлiгi химиялық жолмен байланысудың нәтижесiнде қиын еритiн қосылыстар тұзiледi. Аммиакты формадағы азот пен калий топырақтың сiңiру комплексiндегi катиондармен алмасу реакциясына түседi. Сонымен бiрге олардың (аммиак‚ калий) шамалы бөлiгi алмаспайтын күйге ауысады. Нитратты азот жауыншашын мен судың әсерiнен топырақтың төменгi қабатына қарай жылжиды. Осы құбылыстар тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды өсiмдiктiң толық пайдаланбауына әкеп соғады.

Өсiмдiктiң тыңайтқыш құрамындағы қоректiк элементтердi пайдалану коэффициентiн анықтау үшiн көпшiлiк жағдайда айырмашылық әдiсiн қолданады. Ол үшiн тыңайтқыш берiлген және берiлмеген топырақтан өсiмдiк қоректiк заттарды бiрдей мөлшерде пайдаланады деп ұйғарады.

316

Кт = В1 В2 100 ; Д 100

мұнда;

Кт - өсiмдiктiң тыңайтқыш құрамындағы қоректiк элементтi пайдалану коэффициентi‚ %;

В1 - тыңайтқыш берiлген танаптан алынған түсiммен кеткен қоректiк элемент мөлшерi‚ кг;

В2 - тыңайтқыш берiлмеген танаптан алынған түсiммен кеткен қоректiк элемент мөлшерi‚ кг;

Д - бiр гектар танапқа берiлген тыңайтқыш (әсерлi зат) мөлшерi‚ кг.

Өсiмдiктiң тыңайтқыштағы қоректiк затты пайдалану коэффициентiн анықтаудың ең дұрыс жолы таңбалы атомдарды қолдану.

Тыңайтқыш құрамындағы элементтi өсiмдiктiң пайдалану коэффициентi дақылдың биологиялық ерекшелiгiне‚ топырақ құрамындағы қоректiк заттың жылжымалы түрiнiң шамасына‚ тыңайтқыш мөлшерiне‚ агротехникаға байланысты өзгерiп отырады.

Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметi бойынша (Пономарева‚ 1970ж.) ашық қара қоңыр топыраққа егiлген қант қызылшасына 60 кг Р2О5 бергенде орта есеппен суперфосфаттағы фосфорды өсiмдiктiң пайдалану коэффициентi 31‚6 % болса‚ 90 кг бергенде - 25‚6; 120 кг бергенде - 20,1; 180 кг бергенде17‚7% болды.

Минералдық тыңайтқыштардан күздiк бидай 48% азот‚ 24% фосфор‚ 60% калий пайдаланса‚ дәндiк жүгерi 21% азот‚ 6% фосфор‚ 12% калий пайдаланған (Б. Бәсiбеков‚ Ғ. Баймағанова).

Журбицкий З.И. зерттеуi бойынша көкөнiс дақылдары минералдық тыңайтқыштан мынадай мөлшерде (% есебiмен) қоректiк элементтердi пайдаланады (68-кесте).

317

68-кесте. Көкөнiс дақылдарының минералдық тыңайтқыштан қоректiк элементтердi пайдалануы, %.

Дақыл

Азот

Фосфор

Калий

 

 

 

 

Ақ қауанды капуста

60

30

80

Қияр

70

43

79

Қызанақ

70

22

80

Асханалық қызылша

68

37

78

Пияз

66

23

80

Картоп

80

20

80

Өсiмдiктiң тыңайтқыштан қоректiк элементтi пайдалануы топырақтағы ылғал мөлшерiне қарай да өзгередi. Мысалы‚ бiр гектар қант қызылша егiстiгiне 100 кг Р2О5 бергенде ол дақылдың топырақтағы ылғалы оның далалық ылғалдылығының 40% тең болғанда, суперфосфаттағы фосфорды пайдалану коэффициентi 10‚2% болса‚ ал топырақтағы ылғал далалық ылғалдықтың 80% жеткенде, өсiмдiктiң суперфосфаттан фосфорды пайдалануы 24‚9% дейiн көтерiлдi.

Сонымен қатар топырақтағы қоректiк заттың жылжымалы түрiнiң мөлшерi жоғары болса‚ өсiмдiк қоректiк элементтi аз пайдаланады. Агрохимия кафедрасының ғылыми деректерiнiң мәлiметi мынаны көрсеттi. Егер бiр кг шалғынды-қоңыр қара топырақ құрамында жылжымалы Р2О5 мөлшерi 20-25 мг болса‚ дақылдың суперфосфаттан фосфорды пайдалануы 21‚6% болған‚ ал жылжымалы Р2О5 шамасы 40-45 мг жеткiзiлгенде тыңайтқыштағы фосфорды пайдалану 11‚8% дейiн төмендедi.

Дақылдың тыңайтқыш құрамындағы қоректiк элементтi пайдалануы оның түсiмiнiң шамасына да байланысты. Мал азықтық қызылшаның гектарынан 350-400 ц өнiм алғанда‚ бұл дақыл азот тыңайтқышынан азотты пайдалануы 24‚3%‚ ал түсiм мөлшерi 1000-1200 ц жеткенде бұл көрсеткiш 66‚7% болды (агрохимия кафедрасының мәлiметi).

Өсiмдiктiң органикалық тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды пайдалану қарқыны оның ыдырау дәрежесiне тәуелдi. 20 тонна төсенiштi көңнен өсiмдiк бiрiншi және екiншi жылдары 2025% азот‚ 25-30% фосфор‚ 30-40% калий қабылдаған‚ ал үшiншi жылы бұл элементтердi пайдалану тиiсiнше 15‚ 20‚ 20 пайыз болады (69,70-кестелер).

318

Сонымен қатар вегетациялық дәуiрi ұзақ өсiмдiк‚ вегетациялық дәуiрi қысқа өсiмдiкпен салыстырғанда, органикалық тыңайтқыштан қоректiк заттарды көп пайдаланады.

69-кесте. Көң құрамындағы қоректiк заттарды бiрiншi дақылдың пайдалануы.

Көң түрi

 

Пайдалану коэффициентi

 

Азот

 

Фосфор

Калий

 

 

 

 

 

Жас көң

7,8

 

-

-

Жартылай шiрiген

23,4

 

31‚0

48‚4

 

 

 

 

 

Толық шiрiген

17,5

 

34‚2

32‚2

Қара шiрiк

4,8

 

32‚8

45‚8

Жалпы ауыл шаруашылығында өсiмдiктiң тыңайтқыштан қоректiк заттарды пайдалану коэффициентiнiң орташа көрсеткiшiн қолдануға болады (70-кесте).

70-кесте. Өсiмдiктiң тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды пайдалану коэффициентi‚%.

Әсер ету мерзiмi

Органикалық

Минералдық

 

тыңайтқыштан

тыңайтқыштан

 

N

P2O5

K2O

N

P2O5

K2O

Бiрiншi жыл

20-25

25-30

30-40

50-60

20-30

50-60

Екiншi жыл

15-20

20-25

25-30

5-10

15-20

10-15

Үшiншi жыл

5-10

5-10

10-15

3-5

5-10

5

Ауыспалы егiстiң

40-55

50-65

65-85

60-70

40-60

65-80

айналымы бойынша

 

 

 

 

 

 

Өсiмдiк жоғары агротехникамен және ылғалмен қажеттi дәрежеде қамтамасыз етiлген жағдайда кестедегi көрсеткiштердi 10- 15%-ке жоғарлатуға‚ ал керiсiнше‚ өсiмдiкке ылғал жеткiлiксiз болса, 15-20%-ке азайту керек.

7.2.4. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨНIМI МЕН ҚОРЕКТIК ЗАТТАРДЫҢ ШЫҒЫМЫ

Әрбiр өсiмдiк топырақтағы қоректiк элементтердi бiрдей дәрежеде пайдаланбайды. Ол өсiмдiктiң өзiнiң табиғи ерекшелiктерiне қарай өзгерiп отырады. Өсiмдiк өзiнiң даму кезеңiнде қоректiк элементтердi белгiлi бiр мөлшерде пайдаланады.

319

Түсiмнiң биологиялық массасын түзу үшiн өсiмдiктiң топырақтан қабылдаған қоректiк элементтердiң мөлшерiн биологиялық тұтыну немесе биологиялық пайдалану деп атайды. Бұл өзi екi бөлiктен тұрады.

Биологиялық тұтынудың бiрiншi бөлiгiн шаруашылық тұтыну дейдi. Бұл бөлiкке дақылдың тауар өнiм құрамындағы қоректiк элементтер мөлшерi жатады.

Екiншi бөлiкке өсiмдiктiң топырақтағы қалдықтары (тамыр‚ жапырақ‚ сабақ) құрамындағы қоректiк элементтердiң жиынтығы жатады. Дақылға тиiстi тыңайтқыш мөлшерiн оның биологиялық тұтыну дәрежесi бойынша анықтайды.

Ғылыми зерттеулердiң деректерi бойынша дақылдардың пайдалану шаруашылық бөлiгi қиярда 53-60%‚ қызанақта 66-86%‚ ақ қауанды капустада 38-55%‚ гүлдi капустада 21-27%‚ пиязда 6780%‚ астық дақылдарында 64-79%‚ картопта 71-79%‚ сүрлемдiк жүгерiде 71-83%‚ көпжылдық шөпте 48-52% құрайды. Сондықтан, берiлетiн тыңайтқышты биологиялық тұтынудың шаруашылық бөлiгi бойынша есептеу, дақылдың қоректiк элементтерге мүқтаждығын толық қанағаттандыруы мүмкiн емес екендiгiн көрсетедi.

Биологиялық пайдалану шамасы тұрақты емес‚ ол өсiмдiк ерекшелiгiне‚ топырақ-климат жағдайларына‚ өнiм мөлшерi мен құрамына қарай өзгередi.

Топырақ-климат жағдайларына байланысты, қоректiк элементтердi пайдалануына қарай дақылдарды екi топқа бөледi.

Бiрiншi топқа астық дақылдары мен картоп жатады. Бұл дақылдар солтүстiк-батыстан оңтүстiк-шығыс бағытқа қарай жылжығанда қоректiк элементтердi пайдалануы жоғарылайды.

Екiншi топқа қызылша‚ асбұршақ‚ жоңышқа‚ беде жатады. Бұл дақылдар‚ керiсiнше‚ солтүстiк-батыстан оңтүстiк-шығысқа жылжығанда қоректiк элементтердi пайдалануы төмендейдi.

Биологиялық тұтыну көлемi түсiм шамасына қарай да өзгередi. Неғұрлым түсiм шамасы жоғары болса‚ соғұрлым қоректiк затты пайдалануы көбейедi. Мысалы‚ Қазақ ғылымизерттеу егiншiлiк институтының мәлiметiне жүгiнсек 68‚5 ц жүгерi дәнi 187 кг азот‚ 70 кг фосфор‚ 215 кг калий пайдаланса‚ 109‚6 ц жүгерi дәнi 339 кг азот‚ 148 кг фосфор‚ 354 кг калий пайдаланған.

320