Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика 5.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

1.12. Сурет. Беттер параметрі диалогтық терезесінің Қағаз деректемесі қосымшасындағы Құжаттың аяғына дейін қолдану командасын таңдау

Тігінен туралау (вертикальное выравнивание)

Тігінен туралау параметрлерін орнату үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.          Беттерді белгілеу қосымшасына өтіңіз және Беттер параметрлері тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға басыңыз;

2.          Пайда болған диалогтық терезеде Қағаз деректемесі қосымшасына өтіңіз;

3.          Тігінен туралау тізімінен мәтінді туралау түрін таңдаңыз (10.13. Сурет).

 

1.13.      Сурет. Беттер параметірлері диалогтық терезесіндегі Тігінен туралау тізімі

 

 Жоғарғы шеті бойынша- бетте бірінші абзацтың бірінші жолын жоғарғы өріс бойынша түзетеді (10.14. Сурет);

1.14.      Сурет. Жоғарғы өріс бойынша тігінен туралау

 

  Ортасы бойынша- беттің мәтінін жоғарғы және төменгі өрістер арасында, олардың арасындағы интервалды өзгертпей ортасы бойынша туралайды (10.15. Сурет);

1.15.      Сурет. Ортасы бойынша тігінен туралау

 Биіктік бойынша туралау- беттегі мәтін жоғарғы және төменгі өрістердің арасында біркелкі бөлініп тұрады. (10.16. Сурет);

1.16.      Сурет. Биіктік бойынша тігінен туралау

 

 Төменгі шеті бойынша- беттегі соңғы жолды төменгі өріс бойынша туралайды (10.17. Сурет).

1.17.      Сурет. Төменгі өріс бойынша тігінен туралау

 

Жолдарды нөмірлеу

Белгілі бір турдегі құжатпен жұмыс жасау кезінде беттерді ғана емес, сонымен қатар жолдарды да нөмірлеу қажет болады (мысалы, заңгерлік келісім- шарттар). Microsoft Word бағдарламасында жолдарды автоматты түрде нөмірлеу мүмкіндігі бар. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.          Беттерді бөлу қосымшасын өтіңіз және Беттер параметрлері тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға басыңыз (10.10. Суретті қараңыз);

2.          Пайда болған диалогтық терезеде Қағаз деректемесі қосымшасына өтіңіз;

3.          Жолдарды нөмірлеу батырмасын басыңыз (10.18. Сурет);

1.18. Сурет. Беттер параметірі диалогтық терезесі, Жолдарды нөмірлеу батырмасы

 

4.          Жолдарды нөмірлеу диалогтық терезесінде Жолдардың нөмірлеуін қосу жалаушасын орнатыңыз (10.19. Сурет);

1.19. Сурет. Жолдарды нөмірлеу диалогтық терезесі

 

5.          ... бастау өрісінде нөмірлеуді қай нөмірден бастау қажет соны көрсетіңіз, ал Қадам өрісінде- баспаға қай жолдардың нөмірлері енгізіледі соны көрсетіңіз. Жолдарды белгілі интервалдар арқылы нөмірлеуге болады (мысалы, 5);

6.          Нөмірлеу ауыстырып- қосқышының көмегімен нөмірлеу түрін таңдаңыз. Ол жаңа беттен немесе бөлімнен басталуы мүмкін, сонымен қатар құжат бойы үзіліссіз болады.

Жолдарды нөмірлеудің кеңінен қолданылатын нұсқаларының бірін таңдауға болады. Ол үшін Беттерді белгілеу қосымшасына өтіңіз және Беттер параметрлері тобындағыЖолдар нөмірі батырмасын басыңыз (10.20. Сурет).

1.20. Сурет. Жолдарды нөмірлеу нұсқаларының менюі

10.2.  Қағаз параметрлерін таңдау

Қағаздың бағдары

Кейбір кездерде құжатты қағаздың бағдарын кітап бағдарын альбомдық бағдарға ауыстырып баспаға шығарған ыңғайлы. Мысалы, құжатта жалпақ кестелер немесе графикалық элементтер болса, онда оларды қатарға орналасырған дұрыс.

Қағаздың бағдарын өзгерту үшін, Беттерді бөлу қосымшасындағы Беттер параметрлері тобында Бағдар батырмасын басыңыз (10.21. Сурет).

1.21.      Сурет. Бағдар менюі

Егер қағаздың бағдарын құжат бойы емес, тек оның бөлігінде ғана өзгерту қажет болса, онда құжаттың қай жерінен бастап беттің бағдарын өзгерткіңіз келеді сол жеріне курсорды орнатыңыз. Одан кейін Беттің параметрі терезесін шақырыңыз.

Өріс қосымшасындағы Қолдану тізімінен құжаттың аяғына дейін жолын таңдаңыз (10.22. Сурет), одан кейін Бағдар ауыстырып- қосқышының күйін өзгертіңіз. Құжат қалай көрінетіндігін  алдын ала қарау терезесінде көре аласыз.

1.22.      Сурет. Беттер параметрі диалогтық терезесінде бағдарлардың өзгерісі

  Қағаз өлшемі

Беттер параметрі тобында орналасқан Өлшем батырмасы, құжат басылып шығарылатын  парақтың параметрлерін беруге мүмкіндік жасайды (1023. Сурет).

1.23.      Сурет. Өлшем менюі

Көбінесе стандартты форматтағы- А4, А3, А5 және т.б.  беттерде басып шығарады. Егер қағаздың өлшемі стандартқа сәйкес болмасы, онда Беттердің басқа өлшемдері командасын орындау қажет және тиісті өрістерде құжаттың ұзындығын және енін қолмен беру керек (10.24. Сурет).

 

1.24.      Сурет. Беттер параметрлері терезесіндегі Қағаз өлшемі қосымшасы

Егер қағаздың өлшемін құжат бойы емес, тек оның бөлігінде ғана өзгерту қажет болса, онда Беттер параметрі терезесін шақырмай тұрып, құжаттың қай жерінен бастап қағаздын өлшемін өзгерткіңіз келеді сол жеріне курсорды орнатыңыз. Беттер параметірлері диалогтық терезесінің Қағаз өлшемі қосымшасындағы Қолдану тізімінен құжаттың аяғына дейінжолын таңдаңыз.

10.3. Баспаға беруді баптау және құжатты баспаға шығару

Баспаға бермес бұрын принтерді баптау қажет. Баспа (Печать)  диалогтық терезесін шақыру үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

 Office батырмасын басыңыз және Баспа- Баспа (печать) командасын таңдаңыз (10.25. Сурет);

1.25.      Сурет. Баспа- Баспа командасын орындау

 

           Ctrl+P пернелер үйлесімін басыңыз.

Пайда болған Баспа диалогтық терезесіндегі Ат тізімінен, құжат баспаға шығарылатын  принтерді таңдау қажет. Егер сізде бір ғана принтер болса және оның аты Ат тізімінде көрініп тұрса, онда оны таңдаудың қажеті жоқ.

1.26.      Сурет. Баспа диалогтық терезесі

Ескерту. Егер қажетті принтер тізімде жоқ болса. Онда оны жүйеде орнату қажет.

Қасиет батырмасының көмегімен әрбір принтер үшін баспа параметрлерін орнатуға болады. Барлық құрылғылардың өз параметрлері болады. Әдетте басу сапасын, графикалық режимді, қағаздың өлшемін және бағдарын, жіберу тәсілін көрсетуге болады (10.27. Сурет).

1.27.                      Сурет. HP DeskJet 5550 принтерларына арналған  баспаны баптау терезесі

Баспа диалогтық терезесінде басу құрылғысын таңдаумен қатар келесі параметрлерді беруге болады:

 Баспаға шығарылатын беттердің нөмерін. Баспаға беру қажет беттердің нөмірін көрсету немесе ерекшеленген үзіндіні, ағымдағы беттерді және барлық беттерді баспаға беруге болады. Баспаға шығару үшін беттердін нөмірі үтірлермен (айнымалы беттер үшін) және сызықшамен (беттердің ауқымы үшін) бөлінеді;

 Баспаға шығарылатын көшірмелердің санын. Егер көшірмелер бойынша реттеу жалаушасы орнатылған болса, онда принтер құжаттардың жиынтығын басып шығаратын болады. Ол үнсіз келісім бойынша орнатылған;

 Баспаға шығарылатын беттердің ауқымын. Құжаттың барлық беттерін басып шығаруға болады (тек жұп беттерді ғана немесе тек тақ беттерді ғана);

 Масштаб аймағында бір бетте құжаттың қанша бетін басып шығару қажет екенін көрсетеміз (1 ден 16 дейін). Бұл кезде беттер тиісті өлшемге дейін кішірейеді. Осындай тәсілмен, үлкен құжаттың бірнеше беті қалай үйлесетінін көру үшін басып шығаруға болады.