Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика 5.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

10.2. Жаттығу. Құжаттың бөлігін басып шығару

Егер үлкен құжаттың шағын бөлігін ғана басып шығару қажет болса, онда оны басу баптауында көрсету қажет.

1.          Құжаттың қажет үзіндісін ерекшелеңіз;

2.          Басу диалогтық терезесін шақыру үшін Ctrl+P пернелер үйлесімін пайдаланыңыз;

3.          Баспа диалогтық терезесіндегі Беттер аймағында ерекшеленген үзінділер күйін орнатыңыз.

1.28. Сурет. Баспа диалогтық терезесінің Беттер аймағы

Кеңес. Office батырмасын басып, одан кейін Office менюінің төменгі бөлігіндегі Word параметрлері батырмасын басып және Word параметрлері терзесінде Экран бөлімін таңдау арқылы Басудың қосымша баптауларына қол жеткізуге болады.

Бұл жерде құжатты басқарудың кейбір элементтерінің баспасын беруге болады: жасырын мәтінді, құжаттың қасиеттерін. Басудың басқада қосымша баптаулары Word параметрлерітерезесінің Қосымша бөліміндегі Баспа аймағында жасырылып тұрады (10.30. Сурет)

10.30. Сурет. Баспаның кеңейтілген баптаулары

 

 Letter сандартында, А4 стандарты үшін бапталған құжаттарды автоматты түрде түрлендіру. Әдетте Letter сандарты АҚШ та қолданылады;

 Алғашқы жазылған түр сапасын қолдану жалаушасын орнату кезінде, баспаға шығару жылдам орындалады, бірақта, бұл кезде пішімдеудің кейбір элементтері жоғалады;

 Фондық басу жалаушасын орнату кезінде, құжатты басып шығару жай орындалады, құжат басып шығарылып жатқан кезде қолданушы басқа файлдармен жұмыс жасай алады;

 Қағаздарды жіберу тәсілі. Әдетте принтердің баптауын қолдану режимі пайдаланылады.