Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Информатика ымы

.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
20.87 Кб
Скачать

Информатика ұғымы.

―Информатика‖ француз тілінен аударғанда (ақпарат ) и automatique (автоматтандырылған

)"автоматтандырылған ақпарат" деген мағынаны білдіреді. Бұл сӛздің ағылшын тілінен

аударғандағы тағы бір мағынасы — "Сomputer science", яғни "компьютерлік ғылым".

Инфоpматика —ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жетікзу және

оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.1978 жылғы

халықаралық ғылыми конгресі "информатика" терминін нақтылап берді. Информатиканы

оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен

олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық ӛмірде және

адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер

береді. Информатика -адам ӛмірінің яғни қоғамның негізгі обьектісіне айналып отыр.

" Ақпарат " термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған

ағылшынның "informatio"ӛзінен шыққан.Информацияны біз ауызша немесе жазбаша

түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез-келген керекті информацияның

мағнасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

• Ақпарат – бұл белгілі бір нәрсе(адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен

сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

• Техникада ақпарат хабарлама , таңба сигналдар түрінде

• кибернетикада -табиғат пен қоғамдағы басқарумен байланысты

Біраз анықтамаларды мысалға келтірсек:

• Ақпарат — бұл материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның

фундаментальды негізі болып табылады.

• Ақпарат — бұл таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі

• Ақпарат — бұл қиын құрылымдар әлемі (Моль);

Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез

келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде

белгілі бір ой түйеміз.

Ақпараттың берілуі.

Ақпарат мына тӛмендегі түрлерде беріледі:

• Мәтін, сурет, сызба, фотобейне;

• Дыбыс сигналдары;

• Электр сигналдары;

• Магниттік жазба;

• Қимылдар мен мимика тілі;

• Иіс және дәм сезу;

Пән, процесс, материалдық немесе материалдық емес құбылыс, ақпараттық объект

Ақпарат қалай беріледі?

Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген

әлемнің, заттық бейнесі болып саналады.Информация алу дегеніміз –бізді қоршаған

құбылыстар мен нысандардың ӛзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне

қатысуы жӛнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сӛз.Сонымен,информация-

белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде

берілетін маглұматтар.Информацияның түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін-

дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға

кӛмектеседі

Адам информациялармен не атқарады?

Біріншіден, адам информацияларды сақтай алады. Біз кітап, газет, журналдар

оқығанда, ӛзіміздің миымызға информация жинаймыз. Сіз радиодан бұрын естіген

деректерді бірнеше күн ӛткеннен кейін біреуге айтуыңыз мүмкін. Демек, адам миы

информацияларды тек қабылдап қана қоймай, оны сақтай да алады. Адам миына әсер ететін информация кӛлемі ӛте үлкен, сондықтан оларды дәлме-дәл сақтау мүмкін емес, яғни қабылданған информацияны біреуге қайта айтқаныңызда, ол дәлме-дәл болмайды.Сондықтан да информацияларды сақтап тұру үшін сыртқы информация сақтаушылар пайдаланылады. Олардың қатарына қағаз, папирус, пергамент, фотопленка, таспалар,

және т.б. енеді.

Екіншіден, адам информацияларды шығарып бере алады.

Адам ӛз миында сақталған информацияларды біреуге айтып бере алады. Әңгіме

кезінде бір адам айтушы ( информация жолдаушы), ал екінші адам тыңдаушы(

информация қабылдаушы) болады. Кітап оқыған кезде сіз қабылдаушы боласыз да, ал

автор жолдаушы болып табылады. Ал оқыған кітабыңыздың мазмұнын біреуге айтсаңыз, сіз информация жолдаушы боласыз, ал тыңдаушы адам қабылдаушы болады. Информация алмасу үшін жолдаушы және қабылдаушы болуы керек. Хабар беруге пайдаланылатын құралды информация беру арнасы ( канал передачи информации ) деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар және т.б. жатады.

Үшіншіден, адам информацияларды өңдей алады.

Информацияларды ӛңдеу деп бір информация негізінде жаңа информация алуды

айтады. Информациялар ӛңделгенде, оның берілу түрі, алу жолдары ӛзгереді, бірақ оның мағынасы өзгермейді.

Мысалы: есепті шешу үшін сіз мыналарды орындайсыз:

1. Есептің берілуін оқулықтан оқисыз- информация аласыз.

2. Есепті шешесіз, яғни информацияларды ӛңдейсіз.

3. Нәтижені оқытушыға кӛрсетіп, оған информация бересіз.

Информацияларды ӛңдеу үздіксіз процесс, тіпті сіз ұйықтап жатқанда да

информацияларды ӛңдеу процесі жалғаса береді.

Алынған деректерді ӛңдей отырып, матеметикалық есептерді шеше отырып, адам

бұрын ӛзінде болмаған жаңа информация құра алады.

Адам ӛзі қоршаған ортадан информация қабылдайды, оларды реттейді, салыстырады, талдайды, соның нәтижесінде жаңа информация құра алады.

Сонымен, адам информацияларды сақтай алады, өңдейді және шығарып бере алады. Бұл жағдайда адам қалайда бір амалдар орындайды, оны информациондық процесс дейді. Информациондық процесті, әр түрлі құрылғыларды пайдалана отырып, ӛзі ұйымдастыра алады. Ол құрылғылар қатарына: қағаз, магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер және т.б. жатады.

Адам информацияны қалай қабылдай алады?

Адам информацияны үздіксіз қабылдап отырады. Информация, адамға ауа, су, жылу қандай қажет болса, сондай қажет. Айталық, сіз дыбыс, сәуле жоқ бітеу кеңістіктің ішінде қамалып қалдыңыз екен делік. Бірнеше күннен кейін еш нәрсе сезбейтін,ешқандай әрекет істей алмайтын болып, орыныңыздан қозғала алмайсыз. Себебі: сырттан информация берілмеді.Адам ӛмір сүру үшін әрқашанда сырттан иіс, сезім және басқа да информация қабылдап отыруы қажет, онысыз тіршілік болмайды.Адамның ең басты сезім мүшесі- кӛру және есту. Кітаптан, теледидардан және басқа да ақпарат кӛздерінен сол мүшелер арқылы информация қабылдап отырмыз. Сырттан қабылдайтын информацияның 90% - і сол мүшелер арқылы қабылданады.Адам қабылдайтын информациялар таңба және образды түрде болуы мүмкін. Образды информация деп дәм, иіс, сезім сияқты табиғи информация кӛздерінен алынатын информацияларды айтады.Таңба түріндегі информацияларға сӛз жазу және т.б. информациялар жатады.

Жазба мәтін әр түрлі белгілерден (а, в, «.», «- » ...) тұрады. Сӛздер дыбыстық белгілерден –фонемалардан тұрады. Фонемадан сӛз және сӛйлемдер құрастырылады. Олар әріптердің сӛз буындарының комбинациялардан құрастырылады. Таңба түрінде қатысуды қатынасу тілі дейді. Қатынасу тілдері табиғи және жасанды болып бӛлінеді. Табиғи тілге кәдімгі ұлттардың жазба және сӛйлесу тілдері жатады. Мысалы: оларға қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдер жатады. Жасанды тілдерге формальды, математика, физика, музыка, компьютер тілдері жатады. Әр тілдің ӛзіне сәйкес алфавиттері, сӛз құрастыратын белгілері болады. Мысалы: қазақ тілінің 43 символы, орыс тілінің 33 символы, ағылшын тілінің 28 символы бар, ал морзе тілі екі-ақ бнлгіден: «.» , «-» тұрады.

Сандарды құрастыратын алфавиттер кӛп. Мысалы: екілік, сегіздік, ондық және он

алтылық. Жүйенің негізі қанша болса, ол жүйеге сонша символ енеді. Мысалы: екілік жүйеге тек екі символ: 0 және 1 енеді.