Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика 5.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

9.1. Макрос дегеніміз не және олар не үшін керек

Әр тәжірибелі қолданушыға Microsoft Word интерфейсі бірегей және жұмыс жасау кезінде қандай құралдар керек соған, байланысты құрал-саймандары өзгеріп тұрады. Жұмысты ыңғайлы жасау үшін- бірыңғай құрал-саймандар тақтасын ғана көре алмайсыз, өйткені әр қолданушы бағдарламаны өз бетінше баптауға тырысады. Бірақ кей жағдайда интерфейсті өзгерту жеткілікті емес (құрал-саймандар тақтасына негізгі командаларды шығару және қолданушылық менюді құру).

Егер жұмыс бірыңғай болса, онда қолданушыға кейбір командаларды арнайы нақты ретпен қайталауға тура келеді (мысалы, мәтінді курсивпен безендіру, 10 кеглімен, Arial гарнитурасымен). Осындай кішігірім пішімдеу жасау үшін, әсіресе бірнеше оңшақты сөздерді ерекшелеу коп уақытты талап етеді. Сонда, әр бір бөлікке бірнеше операцияларды орындау керек екен. Дұрыс қой енді, бір бөлікті ғана пішімдеуге және қолданушылық стиль құруға болады, бірақ бұл тез безеңдіру тәсілі емес.

Егер сіз осындай әрекеттерді жиі орындасаныз, онда жұмысыныздың әсерлігін макростардың көмегімен ұлғайтуға болады. Макростар – Visual Basic  тіліндегі кішігірім бағдарламасы. Олар тек күрделі пішімдеуді орындағанда ғана емес, объектілерді кірістіруде, ерекшеленген мәтінді баспаға шығаруда және басқада жағдайларда көмектесе алады.

Макростар үнемі белсенді құжаттарда орындалады. Кейбір макростардың әрекеті кірістіру позициясына байланысты. Басқалары арнайы бір объектіге ғана жүгінеді (мысалы, абзацқа немесе ерекшеленген мәтіннің бөлігіне). Егер де макрос арнайы бір бөлекке жүгінбесе (мысалы, келесі терезеге өту командасын орындау), онда оны кез келген уақыттта орындаға болады.

Макростардың екі түрі болады: ішкі және сыртқы. Ішкі макрос тікелей құжатқа немес үлгіге енеді, және егерде қолданушы осы файлмен жұмыс жасаса ғана орындалуы мүмкін. Егер сіз Normal үлгісі үшін макрос құрсаңыз, онда оны осы үлгінің негізінде құрылған құжат үшін ғана орындауға болады. Бұл макростардың артықшылығы, компьютерден компьютерге және қатқыл дискіге құжатпен бірге көшіріледі.

Сыртқы макросты- егер оның құжаттармен жұмыс жасау кезінде пайдасы болса қолдануға болады. Егер сіз  коп үлгілерді қолдансаныз, онда әрқайсысына макрос енгізу ыңғайлы емес. Сыртқы макросты кез келген құжаттармен жұмыс жасау кезінде қолдануға болады және компьютерден компьютрге еркін тасымалдауға болады. Сыртқы макросты құру үшін, оны BAS деген кеңейтілуімен сақтау қажет.

9.2. Макростарды құру

Макросты құрудың ең қарапайым тәсілі -құжатқа керекті әрекетті жазу. Командаларды жүйелілігін бір рет жазып қойып, осындай әрекеттерді орындау қажет болғанда, макросты тышқанмен шерту арқылы шақыруға болады.

Макростарды жазу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.    Лентадағы Түр қосымшасына біртекті топтағы Макростар деген батырмаға шертініз. Менюдегі макростың Жазу командасын таңданыз. (9.1.сурет)

9.1. Сурет. Макросты жазу командасын таңдау

 

2.    Макростарды жазу диалогтық терезесінде (9.2.сурет) макросқа ат беріңіз, және де оның сипаттамасын енгізініз. Макростарға сипаттама беруді ұмытпаңыз, өйткені болашақта макростарды көп қолданатын болсаңыз көмегі тиеді.

9.2. Сурет. Макростарды жазу диалогтық терезесі

3.    Жылдам іске қосу панеліндегі батырмалардың немесе пернелер үйлесімінің көмегімен макросты іске қосуға болады

Батырмадағы макростың белгіленуі

Егер сізге макросты жылдам іске қосу панелінен шақыру ыңғайлы болса, онда Макросты белгілеу аймағындағы батырманы басыныз. Пайда болған Word параметрлері диалогтық терезесінде келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.    Сол жақ аймақтағы макростын атын ерекшеленіз және Қосу батырмасын басыныз. Жылдам іске қосу панеліне Макрос қосылады. (9.3.сурет)

9.3. Сурет. Баптау тарауы, Word параметрлері диалогтық терезесі

 

2.    Макростын көрініп тұрған атын және таңбасын өзгерту үшін, оң жақ аймақтағы оның атымен берілген жолды ерекшелеңіз және Өзгерту батырманы басыңыз.

3.   Батырмаларды өзгерту терезесінде макросқа сәйкес келетін таңбаны таңданыз, Бейнеленген аттар өрісіне атауын енгізініз.(9.4.сурет)

9.4. Сурет. Батырмаларды өзгерту диалогтық терезесі

 

4.        Өз таңдауынызды растау үшін ОК батырмасын басыныз. Жылдам іске қосу панелінде макрос таңбасы пайда болады (9.5.сурет)

9.5. Сурет. Макросқа арналған таңбаша бар жылдам іске қосу панелі

Пернелерге макростардын тағайындалуы

Қолданушылардың көпшілігі әртүрлі әрекеттерді пернелер үйлесімі арқылы орындайды. Жиі қолданатын  макростарға пернелер үйлесімділігін тағайындауынызға болады.

Ол үшін келесі әрекеттерді орынданыз.

1.    Макросты жазу диалогтық терезесінде Макросты белгілеу аймағындағы пернелерге батырмасын  басыңыз;

2.    Пернелерді баптау диалогтық терезесіндегі Пернелердің жаңа үйлесімі өрісіне курсорды орнатыңыз (9.6.сурет) және қай пернелер үйлесімімен макросты шақырғыңыз келеді соны басыңыз. Әдетте Ғ1- Ғ12 пернелер үйлесімін, сонымен қатар сандармен  бірге Ctrl, Alt пернелер үйлесімін басқан ыңғайлы.