Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика 5.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

9.12. Сурет. Visual Basic редакторының терезесі

Осы бағдарлама макростармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін функцияларды құрайды (тестілеу, орындауды іске қосу немесе кейінге қалдыру). Осы редакторды пайдаланып, макростарда объектілерді қосуға, өзгертуге және  жоюға болады, қолданушы диалогтық терезесін құруға, бағдарламалық процедуралардың кодын кейінге қалдыруға, кітапхананың және ағымдағы жобалардың компонеттерін таңдауға және қарауға, орындау кезінде макростын объектілерінің түрін анықтауға болады.

9.4. Макростарды экспорттау және импорттау

Басқа компьютерде жұмыс жасау кезінде ішкі макростар пайдалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда оны сыртқы макрос түріне экспорттау қажет.

9.4. Жаттығу. Макростарды экспорттау

Макростарды экспорттау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.      Лентада Түр қосымшасындағы Макростар тобында Макростар батырмасын басыңыз немесе Alt+F8 пернелер үйлесімін пайдаланыңыз;

2.      Макрос диалогтық терезесіндегі тізімнен керекті макросты таңдаңыз;

3.      Өзгерту батырмасын басыңыз;

4.      Ашылған Microsoft Visual Basic диалогтық терезесінде редактілеуге болатын макростың алғашқы мәтіні көрсетіледі;

9.13. Сурет. Microsoft Visual Basic терезесіндегі редактілеуге арналған  макрос мәтіні

 

5.      Файлды экспорттау үшін File-Export File командасын орындаңыз (9.14. Сурет);

9.14. Сурет. Microsoft Visual Basic менюінде File-Export File командасын орындау

 

6.      Файлды экспорттау диалогтық терезесінде, файл үшін BAS кеңейтілуін көрсетіңіз.

Осындай тәсілмен құжатқа сыртқы макросты импорттауға болады.

9.5. Жаттығу. Макростарды импорттау

Макросты импорттау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.      Лентада Өндіруші қосымшасындағы Код тобында Visual Basic батырмасын басып, Microsoft Visual Basic терезесін ашыңыз немесе Alt+F11 пернелер үйлесімін пайдаланыңыз;

9.16. Сурет. Visual Basic батырмасы

2.       Файлды импорттау үшін File-Import File командасын орындаңыз;

3.      Сыртқы макросты таңдаңыз және оны ашыңыз.

Ескерту. Егер Өндіруші қосымшасы көрінбесе, онда Office батырмасын, одан кейін Word параметрлері батырмасын басыңыз, Негізгілер бөліміне өтіңіз және Word бағдарламасымен жұмыс жасаудың негізгі параметрлері тобындағы лентада «Өндіруші» қоысмшасын көрсету жалаушасын орнатыңыз (9.17. Сурет).

9.17. Сурет. Лентада Өндіруші қосымшасының бейнеленуі

9.5. Макростармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік

  Макростармен жұмыс жасау кезінде бір компьютерден екінші компьютерге вирус тасымалдануы мүмкін. Сондықтан белгісіз және тексерілмеген деректемелерден алынған макростармен жұмыс жасау кезінде сақ болыңыздар. Макростардағы вирустар- макровирустар деп аталады.

Электронды поштамен немесе иілгіш дискімен келген құжатты ашу кезінде, сіз онда макростың бар екенін білмейсіз. Бірақта Word бағдарламасы құжатта макростың бар екенін анықтайды да сізге бұл туралы хабарлайды. Ол үшін Қауіпсіздікті басқару орталығы терезесінде макростарға сенімнің тиісті деңгейін орнату қажет.

 Ол терезені ашу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.      Лентада өндіруші қосымшасындағы Код тобында Макростардың қауіпсіздігі батырмасын басыңыз;

2.      Office батырмасын, одан кейін Word параметрлері батырмасын басыңыз, Қауіпсіздікті басқару орталығы бөліміне өтіңіз, Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрлеріконпкасын басыңыз және Макростар параметрлері бөліміне өтіңіз.

Қауіпсіздікті басқару орталығы диалогтық терезесінде сенімнің төрт нұсқасының ішінен біреуін таңдаңыз:

       Хабарлаусыз барлық макростарды өшіру- макростар ашылмайды;

      Хабарлаумен барлық макростарды өшіру- құжатты ашу кезінде бағдарлама сізден     макросты іске қосқу керектігін сұрайды;

      Сандық жазулары бар макростан басқа, барлық макростарды өшіру- сандық жазулармен жабдықталған макростар ғана ашылады;

      Барлық макростарды қосу (ұсынылмайды, қауіпті бағдарламаның іске қосылуы мүмкін)- макростары бар барлық құжаттар сұраусыз ашылады;