Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика 5.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

9.18. Сурет. Қауіпсіздікті басқару орталығы диалогтық терезесі

 

  Хабарлаумен барлық макростарды өшіру нұсқасын орнатқан дұрыс. Бұл жағдайда макростары бар құжаттарды ашу керектігін өзіңіз шешіп отырасыз.

 

Дәріс 10. Құжаттарды баспаға беру

 

Осы дәрісте сіздер мыналармен танысасыздар:

 Баспаға беру үшін құжатты дайындау;

 Баспаға беруді баптау;

 Құжаттарды баспаға шығару.

 

1.1. Баспаға беру үшін құжатты дайындау

Құжатты баспаға дайындау үшін, Беттерді белгілеу қосымшасына өту қажет және Беттер параметрлері тобының көмегімен жұмыс жасаймыз (10.1. сурет).

10.1. Сурет. Беттер параметрлері тобы

Беттер параметрлері тобының кейбір баптауларын қарастырайық.

Құжат өрісі

Құжат өрісі- ол мәтін мен беттің шеттерінің арасындағы қашықтық. Егер өріс көп болса, онда бетке аз мәтін орналасады. Кез келген құжатта оң жақ, сол жақ, жоғарғы және төменгі өрістер бар. Кең өріс құжатқа әдемі түр береді, ал тар өріс көп мөлшерде ақпарат сыйғызуға мүмкіндік береді.

Microsoft Word бағдарламасы үнсіз келісім бойынша өрістің келесі өлшемдерін орнатады:

Сол жағы- 3 см, оң жағы- 1,5 см, жоғарғы және төменгі жағы- 2 см.

Өрістерде колонтитулдар, ескертулер, графикалық объектілер орналасуы мүскін. Әдетте өрістер өлшемін 1 ден 3 см  дейін орнатады, ал кең өрістер 5 см дейін жетуі мүмкін. Өрісбатырмасын басқаннан кейін пайда болатын Өріс менюінен, құжат өрісінің кеңінен тараған нұсқаларының бірін таңдауға болады (10.2. Сурет). Егер бұл нұсқалардың еш бірі сізге лайықты болмаса, Бапталған өрістер командасын таңдаңыз және өрістер өлшемін қолмен беріңіз. Егер өрістің тиісті өлшемдерін Өріс аймағына берсе, онда сіз орнатқан параметрлермен құжат қалай көрінетінін үлгіден қарауға болады (10.3. Сурет).

1.2. Сурет. Өріс менюі

1.3.           Сурет. Өріс қосымшасы, Беттер параметрлері диалогтық терезесі

Беттер өрісін көлденең (оң жақ және сол жақ өрістер үшін) және тігінен (жоғарғы және төменгі өрістер үшін) сызғыштардың көмегімен жылдам беруге болады. Өрістер өлшемі сызғыштың сұр бөлігінде бөлінуді көрсетеді (10.4. Сурет).

1.4.           Сурет. Тігінен және көлденең сызғыштардағы өрістер өлшемінің бейнеленуі

10.1. Жаттығу. Сызғыштар көмегімен құжат өрісін өзгерту

Сызғыштардың көмегімен өрісті өзгерту үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.          Беттерді белгілеу режиміне өтіңіз, ол үшін Түр қосымшасына өтіңіз және Құжатты көру режимі тобындғы Беттерді белгілеу батырмасын басыңыз (10. 5. Сурет). Егер сызғыш көрінбесе, онда Түр қосымшасындағы Көрсету немесе жасыру тобында Сызғыш жалаушасын орнатыңыз;

1.5.           Сурет. Беттерді белгілеу батырмасы

2.          Тышқанның нұсқағышын сызғышқа орнатыңыз, нұсқағыш мынандай түрге айналады. Сіз қай өрісті өзгертесіз соған тиісті көмек сөз шығады (10.4. Сурет);

3.          Өрістің шекарасын қажетті ара қашықтыққа ауыстырыңыз (10.6. Сурет).

              

1.6.           Сурет. Жоғарғы өрістің шекарасын ауыстыру

Беттерді нөмірлеу         

Егер құжат екі беттен көп болса, онда басып шығармас бұрын беттерді нөмірлеу дұрыс болады. Құжаттардың кейбір түрлері үшін нөмірлеу өте қажет (мысалы, ғылыми жұмыстар үшін).

Беттерді нөмірлеу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Кірістіру қосымшасына өтіңіз және Колонтитулдар тобындағы Беттер нөмірі батырмасын басыңыз (10.7. Сурет);

1.7.           Сурет. Беттер нөмірі менюі

2. Беттің жоғарғы жағына, Беттің төменгі жағына және Беттің өрісіне бағыныңқы менюлеріндегі  қол жетімді нұсқаларды пайдаланып, беттегі нөмердің күйін таңдаңыз. Microsoft Word бағдарламасы беттердің нөмірін безендірудің әр түрлі нұсқаларын ұсынады (10.8. Сурет).

 

1.8.           Сурет. Беттердін нөмірлерін безендіру нұсқасының бір түрі. Беттің жоғарғы жағынан нұсқасы

Егер Беттер нөмірі менюінен Беттер нөмірі пішімі командасын таңдасақ, Беттер нөмірі пішімі диалогтық терезесі пайда болады (10.9. Сурет). Бұл терезеде тарауды нөмірленуді және нөмер пішімін көрсетуге болады (араб сандарының орнына римдік сандарды таңдауға болады  немес әріптерді т.б.).

1.9.           Сурет. Беттер нөмірінің пішімін таңдау

Колонтитулдар

Колонтитулдар- әрбір беттің төменгі және жоғарғы бөлігінде басылып шығатын мәтін немесе графикалық кескін. Сіз құжатты баспаға дайындаған кезде, колонтитулдардың кейбір параметрларын орнату қажет. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.          Беттерді бөлу қосымшасына өтіңіз және Беттер параметрлері тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға басыңыз (10.10. Сурет);

1.10.      Сурет. Беттер параметрлері терезесін шақыруға арналған батырма

2.          Пайда болған диалогтық терезеде Қағаз деректемесі қосымшасына өтіңіз;

3.          Колонтитулдарды ажырату аймағында тақ және жұп беттердің және бірінші беттің  колонтитулдарын ажырату қажетпа соны көрсетіңіз (10.11. Сурет);

1.11.      Сурет. Беттер параметрлері диалогтық терезесі, Қағаз деректемесі қосымшасы

4.           Шет жағыннан бастап Жоғарғы және төменгі колонтитулдарға дейінгі ара қашықтықты орнатыңыз;

5.          Колонтитулдар параметрлерінің өзгергенін растау үшін ОК батырмасын басыңыз.

 Егер барлық құжаттың емес, тек бөлімінің ғана колонтитулының параметрін өзгерту қажет болса, онда Беттер параметрі терезесін шақырмас бұрын, құжаттың колонтитул параметрін өзгерту қажет жеріне курсорды орналастырыңыз. Беттер параметрі диалогтық терезесінің Қағаз деректемесі қосымшасындағы Қолдану тізімінен құжаттың аяғына дейін жолын таңдаңыз (10.12. Сурет).