Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз.яз. 2012уч.год..doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Мамандық туралы

Мамандық таңдау - өмірдегі ең жауапты да маңызды кезең. Өйткені мамандық таңдау арқылы болашақ тағдырыңа, мақсатыңа жол ашасың. Егер мамандықты дұрыс таңдасаң, алдыңнан шығатын барлық сынақтарға жауап бере алатын, сауатты да, білікті маман боласың. Сенің мамандығың бойынша дұрыс білім алып, білікті маман болып шығуың мемлекет алдындағы жауапты міндетің деуге болады. Себебі мемлекетіміз жастардың дұрыс білім алып, өз жолын табуға, еркін ойлап, ойын ашық айтуға бар мүмкіндікті жасап отыр. Болашақта егемендігімізді нығайтып, бәсекеге төтеп бере алатын мамандар да жастардан шығады.

Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Осыған орай, олар әр салаға жіктеледі. Мысалы, экономика саласына қаржыгер, есепші, экономист, менеджер т.б. керек болса, құрылыс саласына сәулетші, суретші, дизайнер, инженерлер аса қажет.

Ал ауыл шаруашылығы саласында агроном, зоотехник, мал дәрігері, агроинженерлерді т.б. дайындайды. Бұдан басқа қоғамда мұғалім, дәрігерлердің қажеттігі үнемі байқалады.

6–тапсырма. Мәтін мазмұнын түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мамандық таңдау неге жауапты болып саналады?

  2. Сауатты маман болу үшін не істеу керек?

  3. Мемлекетіміз жастардың білім алуына қандай жағдай жасап отыр?

  4. Өз мамандығыңызды сипаттап, алдағы мақсаттар жайлы айтып беріңіз.

7–тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

  • Достым, сен не себептен осы мамандықты таңдадың?

  • .................................................

  • Мамандық таңдауда ата-анаңның ықпалы, бағыт жасауы болды ма?

  • .................................................

  • Қазақстанда осы мамандықтың мақтанышына айналған тұлғаларды білесің бе?

  • ..................................................

  • Болашақта өз мамандығың бойынша жұмыс істейсің бе?

  • ..................................................

  • Қазір көп жастар өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Себебі неде деп ойлайсың?

  • ................................................

8–тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден етіс жұрнақтарын ажыратыңыз. Ортақ етіс жұрнақтарын етістік тудырушы –лас, -лес, -дас, -дес жұрнақтарымен салыстырыңыз.

Досан үйді жинасты. Еркін жүкті апарысты. Осы сөзді айтқызды. Жолдасын үйге шақыртты. Баламен ұзақ сөйлесті. Сен үлкендермен ақылдас. Балалар тәттіге таласты. Ол дәрісхананы тазалатты. Саламат заттарды салысты. Ол бізге сәлемдесті. Кітаптағы жаттығулар орындалды. Сүлгі орнына ілінді. Жастар қаланы көгалдандырды. Сенің сәлеміңді жеткіздік.

9-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыз.

1. Өмірде мамандықтың түрі көп. 2. Әр мамандықтың өзінің қуанышы мен қиындығы .... 3. Сен тек өз мамандығынды сүйіп, бар ынта-жігермен істесең, сонда ғана арманың орындалып, көздеген мақсатыңа ... 4. Дәрігер адамдарды ..., мұғалім оларды ..., әнші ..., құрылысшы ... салса, тігінші киім .... 5. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. 6. Барлық мамандық қызықты. 7. Жақсы ... болу үшін көп еңбек ету керек.

10-тапсырма. Көп нүктенің орынына тиісті септік жалғауларын қойып, дәптерлеріңе көшіріңдер.

Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлек... (І.с.) мақсаты. «Армансыз адам - қанатсыз құс... (К.с.) тең» дейді халық. Барлық адам бала (Т.ж., І.с.) арман... (Т.ж.) болады. Арманшыл адам болашақ... (Ж.с.) дегеніне жете алады.

Мамандық пен өнер... (Т.с.) өз қабілет (Т.ж., Б.с.) де қарай таңдап алады. Өмір... (Ж.с.) мамандық... (І.с.) түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмір (Т.ж., І.с.) арашас... (Т.ж.) болатын ақ халат... (Т.ж) дәрігер болу. Адам жас кез (Т.ж., Ш.с.) бастап өз (Т.ж., І.с.) жүрег... (Т.ж.) қалаған маманды... (Т.ж., Б.с.) қарай бейімделе бастайды. Терең білім алу... (Б.с) талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандық... (Ж.с.) еңбек етіп жүрген адам (К.ж., І.с.) өмір (Т.ж., К.с.) танысады. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, тілші болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауыл... (Ж.с.) жұмыс істеу керек. Ал, жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндіріс... (Ж.с) істеу керек.

Бала шақ... (К.с.) болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашақ... (Б.с.) апаратын тура жол бала шақ... (Ш.с.) басталады.

11- тапсырма. Өлең жолдарын рөлге бөліп кезекпен оқыңыздар.

Бақыт деген не?

Құрылысшы:

  • Халыққа жылы үй салу!

Отыншы:

  • Үйлердің отын жағу!

Дәрігер:

  • Жұрт денсаулығын сақтау!

Аспаз:

  • Дәмді етіп тамақ баптау!

Ұстаз:

  • Балаға тәлім беру!

Шәкірт:

  • Білімнің дәнін теру!

(Ж.Кәрбозин)

UpRibbonSharp

Қазақстан - әлемдік кеңістікте

Есімше, көсемше

1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы құрамына қашан енді?

2. БҰҰ мүшелікке қай жылы қабылданды?

3. Қазақстан елі неше мемлекетпен өзара дипломатиялық байланысқа қатысты?

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып айтыңыз.

1. ... егеменді Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достығы құрамына енді. 2. Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелікке ... наурызында қабылданды. 3. Қазақстан елі ... мемлекеттермен өзара дипломатиялық байланысқа қатысып, олардың елшіліктері ашылды. 4. ЕҚЫҰ –құрамына ... мемлекет кіретін жалпы еуропалық ұйым.

Қажетті сөздер: 1992 жылдың 22-сі, 56 қатысушы, 1991 жылы 8 желтоқсанда, 70-тен астам.

3-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, орысша баламасын табыңыз.

әлемдік қауымдастық -

қарым- қатынас -

сауда-саттық қатынаста -

мойындады -

халықаралық ұйымдар -

халықаралық қатынасы -

Еуропа қауымдастығы –

4-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысып, дұрыс қолданып үйреніңіз.

дүние жүзі – вовсем мире

әлемдік қауымдастық –мировое сообщество

тең мүшесі – равноправный союзник

қарым– қатынас – общение

тәжірибеде – в практике

елшілік –миссия

таяу –ближний

шалғай – дальний

сыртқы саясаты – внешняя политика

ғылыми -техникалық – научно-технический

қолайлы – удобный

беделді – авторитетный

5 – тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.