Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз.яз. 2012уч.год..doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Мен және қоршаған орта

Адам қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. «Не ексең, соны орасың» дегендей, қоршаған ортаға келтірген зияның өз денсаулығыңа әсер етеді.

Өркениет пайда болған кезден бастап ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын. Мысалы: жанартау-

лар атқылағанда, ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар араласады. Жел арқылы шаң, тозаңдар ұшып шығады. Орман өртенген кезде, көп мөлшерде газдар ұшады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде, түзілетін газ заттары да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартады.

Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластануы адамның іс-әрекеті салдарынан жиілеп отыр. Мысалы: жылу электр станциясынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден шығатын қалдықтар ауаны ластайды.

Өзіңіз демалатын саябақты, емделетін шипажайларды, орманды жерлерді ұқыпсыз, жауапкершіліксіз пайдалансаңыз да, қоршаған ортаға зиян келтіресіз. Жан-жағыңызға қоқыс лақтырып, орманда от жағу салдарынан қаншама келеңсіз оқиғалар туындайды. Сондықтан, әрбір саналы азамат қоршаған ортаны қорғауға ат салысу қажет. Қоршаған ортаны қорғау сенің бойыңдағы ұқыптылықтан басталады. Өз аулаңды таза ұстап, жан-жағыңа орынсыз қоқысты лақтырмау керек.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау үшін, арнайы шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатыла-

ды. Автокөліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады.

Сұйық отын газбен алмастырылады. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы- көгалдандыру. Бұл іске өздерің де қатыса аласыңдар. Сенің еккен әр ағашың ауаны тазартуға қосқан үлесің болып табылады.

7 - тапсырма. Сұрақтар бойынша мәтінді бекітіңіз.

1. Қоршаған ортаның ластануынан сізге қандай зиян болады?

2. Ауа табиғи жолмен қалай ластанған?

3. Жанартаулар атқылағанда, ауаға не араласады?

4. Жел арқылы ауа қалай ластанады?

5. Адамның қандай іс-әрекеті арқылы ауа ластанады?

6. Қоршаған ортаны қорғау үшін, қандай шаралар ұйымдастырылды?

8 - тапсырма. Етістіктерді аударып, мағынасына қарай орналасты-

рыңыз. Болымды етістіктерді болымсызға айналдырыңыз.

Жер, су, өсімдік, жануарлар және адам – бәрі табиғаттың бір бөлшегі. Сен, мен және жер бетіндегі барлық адам табиғатпен (связаны). Өсімдіктерді жойылып кетуден (береги), ағаштарды босқа (не ломай). Жануарларды (береги). Осындай аяушылық сезімге өзіңнен кішілерді (учи). Балыққа су (нужна), құсқа ауа (нужна), аңға – орман, жазық дала, тау (нужна). Өмір сүру заңдылығын (не разрушай). Табиғатты қорғау – Отаныңа көрсеткен құрметің.

9-тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктерді ажыратыңыздар.

Бүгінде экология адамзаттың ең үлкен проблемасына айналды. Табиғи ресурстар азайып барады. Бізді қоршаған орта ластанған. Үлкен қалалардың ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі. Мысалы: күкіртті сутек, күкірт, көміртек, қорғасын, сынап т.б.

Табиғат – тірі дүние. Біз табиғаттан тек алуды білеміз. Оның бар байлығын пайдала-

нып жатырмыз. Ал, табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз.

Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір сүреді. Олардың ұрпақтарына қалды-

ратын мұрасы бар.

Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға көп мән береді. Орман оттектің жер бетіндегі бірден-бір көзі. Ол –атмосфералық ауаны тазартады.

Академик К.А. Тимирязев «Өсімдік жақсы өссе – адам да жақсы өмір сүреді» деген. Табиғатқа келтірген зиян – өзімізге жасалған қастандығымыз.

10-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңыздар.

Табиғат... өмір жоқ. Экология терминін алғаш енгізген – Э.Геккель. Корея... еш уақытта орманды кесіп, өндіріс... пайдаланбайды. Адам табиғат... қорғайды. Біз бұлақтар... көзін аш.... Су мол бол..., астық та мол болады. Көк шөп... таптау... болмайды. Ата-бабалары... табиғат... жаңашырлықпен қорғаған.

UpRibbonSharp

Менің мамандығым

Етіс категориясы

1- тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

  1. Сіз қай факультетте оқып жүрсіз?

  2. Сіз қандай мамандық алып шығасыз?

  3. Сіздің факультетіңізде тағы қандай мамандықтар алуға болады?

  4. Сіз университетті бітірген соң қайда қызмет еткіңіз келеді

2-тапсырма. Мамандық атауларының аудармасын табыңыз.

жазушы учитель

қаржыгер преподаватель

есепші секретарь

іс жүргізуші врач

құрылысшы юрист

дәрігер методист

ғалым летчик

ақын строитель

ұшқыш архитектор

әдіскер финансис

сәулетші делопроизводитель

заңгер бухгалтер

хатшы ученый

мұғалім поэт

3-тапсырма. Әр мамандыққа сәйкес сызбаларға қажетті етістіктерді жазыңыз.

4 - тапсырма.

4-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.

мамандық - специальность

өмір - жизнь

жауапты - ответственный

маңызды - важный

кезең - момент

қаржы - финанс

тағдыр - судьба

мақсат - цель

сынақ - испытание

сауатты - грамотный

білікті – квалифицированный, знающий

бәсеке – конкуренция

5 – тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.