Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз.яз. 2012уч.год..doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Адам және заң

ҚР Конституциясының 14-бабында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген жағдаят-тар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының құқығы бірдей.

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының міндеттері де тең. Азаматтық қоғам құруға апарар баспалдақ осылар болмақ. Адамдар белгілі бір заңдар, ережелер шеңберінде өмір сүреді. Қазақстан Республикасының қабылдаған заңдарының бәрі Конституцияны басшылыққа ала отырып жасалады.

Конституция қоғамның даму заңдылықтарын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін айқындап беретін негізгі заң болып табылады. Қазақстан Республикасының қазіргі заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл біздің өміріміздегі маңызды күн ретінде жыл сайын мерекеленеді.

6 - тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы туралы ҚР Конститу-

циясының нешінші бабында айтылған?

  1. Адамдар өмір сүруде қандай ереже, заңдарға сүйенеді?

  2. Негізгі заңда адамға қатысты қандай мәселелер қамтылады?

  3. Ата заңымыз қашан қабылданып, бекітілді?

7-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

- Достым, ҚР Конституциясы қашан қабылданған?

- ............................................................

- Азаматтық қоғам құру үшін, ҚР Конституциясының 14-бабында қандай құқықтар қамтылған?

- ............................................................

- ҚР азаматтарының құқықтарын айқындап беретін заңдар қалай жасалған?

- ...........................................................

- Сенің құқыңа нұқсан келтірілсе, қандай құжатқа сүйенесің?

- ..........................................................

- Қазақстан Республикасы заңдарының орындалысын қандай басқару мекемелері қадағалайды?

- ........................................................

8-тапсырма. Қазақстан Конституциясының I, II бөлімдеріндегі баптарды пайдалана отырып, мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

    1. Қазақстан Республикасы демократиялық, ..., ..., ... мемлекет.

    2. Қазақстан Республикасының рәміздері: ..., ..., ... .

    3. Қазақстан Республикасында ..., ... меншік.

    4. Қазақстан Республикасында тегіне, ..., ..., ..., ..., ..., ..., ... байланысты кемсітуге болмайды.

    5. Қазақстан Республикасында әркімнің ..., ..., ..., ..., ... құқығы бар.

9-тапсырма. Өткен шақ көсемше жұрнақтарын пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Ел дегенде емірен..., жұрт дегенде жүгір... қызмет еткен. Жерге тер төк..., халыққа қан төк.. қызмет етуден аянба. Имен.. жүр... көрген игіліктен, қарсылас... көрген бейнет артық. Арпалыс... жүр... алған абырой-өмірдің ең шырай бақыты. (Батыр Бауыржанның ғибарат сөздері)

10-тапсырма. Топпен талқылаңыздар.

1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының төрағасы кім?

2. Сенің ойынша қазір Қазақстанда қылмыстың қай түрі көп? Неге?

3. Ертеректе заңгерлердің қызметін кімдер атқарған?

4. Ауыр қылмыстың түріне өлім жазасын берген дұрыс па?

5. Қылмыскерлердің түрмеде отыруы олардың түзелуіне көмектесе ие?

UpRibbonSharp

Халықаралық қатынастар

Үстеу

1- тапсырма. Сөздікпен танысып, жаңа сөздерді меңгеріңіз.

қуатты – мощный

мән - значение

даму үрдісіне – в процесе развитие

құқықтық - правовой

теңдік - свобода

іскерлік қатынастар – деловые отношения

мәдениетті - культурный

білім - знание

бағдарлама - программа

оқу орындарында – в учебных заведениях

кездесу - встреча

нәтижесінде – в итоге

мәлімдеме - декларация

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңіз білетін сөздердің аудармасына назар аударыңыз.