Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз.яз. 2012уч.год..doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Қазақ драмасының діңгегі

Қазақ драмасының діңгегі не? Ол - қазақ өнерінің қара шаңырағы Әуезов театры. Қазақ драмасының діңгегі кім? Ол - қазақ әдебиетінің классигі, ұлы жазушы, сонымен қатар ұлы драматург Мұхтар Әуезов. Бір-бірінен ажырамайтын ұлы ұғымдар: бірі – сұлулықтың шырағы, бірі – ұлылықтың пырағы.

Әуезовтің аты театрмен 1926 жылдан байланысты. Осы жылы театрдың шымылдығын М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы ашты. М.Әуезов халықтың жар-жар, беташар, айтыстарының француздың күлкілі ойындарынан да, немістің халық әңгімелерінен де, итальянның маскалы комедияларынан да кем емес екендігі туралы айтты.

«Әр халықтың өз театры болуы керек!» деп нық тұжырымдады және осы өнердің өркен жайып, өріс алып кетуі үшін аянбай маңдай тер төкті. М.Әуезов – қазақ драматургиясының негізін салған және оның теориясын бекіткен ғалым. Қазақ театрының іргетасын қаласқан және оның өсуіне өзінің өнімді де озық драмалық дүниелерімен өлшеусіз үлес қосқан ірі өнер қайраткері. («Алматы ақшамы» 12.09.97ж.)

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінді аударып, түсінгеніңізді қысқаша баяндаңыз.

Қазақтың кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдарында Абай атындағы Қазақ академиялық театр, опера және балет театрында болған «Айман-Шолпан», «Шұға», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қамбар-Назым» т.б. қойылымдарынан бастау алып, дами бастады. Мемлекеттік би театрының бағдарламасында классикалық балет үлгілері «Шопениана», «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Шыңғысхан», «Қыз Жібек» сияқты әлемдік хореографиялық бір актілі балеттер болды.

4 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Биші, күйші, жыршы, шебер, әнші, сәулетші, суретші, ақын, сазгер, термеші.

5 – тапсырма. Қазақ халқының мәдениеті туралы терең білу үшн сіз мұражайға бардыңыз. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

3 – сабақ

1 – тапсырма. «Денсулық – зор байлық» мәтіні бойынша жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелді жаттап алыңыздар.

Арақ –естіні елтіртеді.

Ессізді есіртеді.

Арақ –аздырады.

Темекі –тоздырады.

Есірткі –есіртеді.

Нашақорлық – қорлық.

Өзіне жасаған – зорлық.

Салауаттылық – өмір салты.

Салауаттылық – ден саулығы, ой саулығы, ар саулығы, жан саулығы.

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінге тақырып қойып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.

Денсаулық адамның тамақтану мәдениетіне де байланысты. Дәрігерлердің кеңесіне сүйенсек, адам ағзасында неғұрлым жеңіл тамақтар жақсы қорытылады, әрі денеге сінімді болады. Әсіресе, жеміс-жидек, көкөністен жасалған тағамдарға жақын болу керек. Алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, қызанақ т.б. шырындары өте пайдалы. Қырыққабат, бұршақ, қызылша, сәбіз қоспасынан жасалған ыстық тағамдар жеңіл қорытылады.

Сонымен қатар, сүттен жасалған тағамдар: айран, сүзбе, ірімшік, қаймақ адам ағзасын табиғи кальцимен толықтырады.

4-тапсырма. Мәтіндегі денсаулықты жетілдіретін 7 емші туралы ойды өз сөзіңізбен түсіндіріп жазыңыз.

Денсаулықты жетілдіретін не?

Жігітке:

  • Денсаулықты жетілдіретін не? – депті қарт.

  • Ата, денсаулықты ақыл мен ас жетілдіреді, - депті жігіт.

  • Жоқ, балам, адам қанша дана болса да, ауру болса ісі шала, өзі бала

болады. Денің сау болмаса, жақының да жоламайды. Есіңде болсын, денсаулықты жетілдіретін жеті емшіні есіңнен шығарма.

Тоқшылық – денсаулықтың кепілі,

Ұйқы –денсаулықтың дәрігері,

Күлкі денсаулықты арттырады.

Жақсы жар көңіліңді өсіреді.

Ақылды дос ақылыңа ақыл қосады,

Еңбек – денсаулықтың күзетшісі. Өнер еңбегіңді өсіріп, өрісіңді кеңейтеді, - депті қарт.

(М.Керімбекұлы. Ата тәрбиесі)

5 – тапсырма. Ой бөлісіңіз.

  1. Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді?

  2. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар қандай?

4 – сабақ

1 – тапсырма. «Қоғам және жастар» мәтінін баяндау жоспарын құрыңыз. Ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Жастар саясаты осы заманғы мемлекет қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Барлық елдің болашағы жастарға тікелей байланысты.

Тәуелсіздік жылдарында біздің елімізде жастар саясаты бойынша жағымды істер көп болды. Жастар тәуелсіз еліміздің шаруашылығының барлық саласында белсенділік танытуда.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі міндеттері – жастардың заңды құқықтарын қорғау, оларға жәрдем беру, әлеуметтік көмек көрсету.

2004 жылдың 7 шілдесінде «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң қабылданды.

Университетіміздің жастар ісі жөніндегі комитеті дәстүрлі және әртүрлі басқа да мерекелерді ұйымдастыруда алдыңғы саптан көрінеді.

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінді аударып, түсінгеніңізді қысқаша баяндаңыз.

... Студенттік жобалардың тағы бірі – «Жасыл патруль» экологиялық қозғалысы. Ерікті инспекторлар санитарлық мониторинг өткізіп, тақырыптық қабырға газеттерін іліп, тұрғындарды біздің қаламызды таза, жасыл да әдемі етуге шақыруда. Белсенділер астаналық тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етіп қойды. Тек ауызша айтып қоймай, олар үлгі боларлық істер де көрсетіп жатыр.

4– апсырма. Сөйлемдерді қажетті етістіктермен толықтырыңыз.

Жастар пайдалы жұмыстар ........ Жастар үнемі сауалнама ..... Жастар Отаны үшін аянбай ....... Жастар мемлекеттегі барлық іске ......... Жастар болашақта осындай бағдарламаларды ....... Жастар осындай биіктерді .........

Керек сөздер: (бағындырады, атсалысады, жүргізіп отырады, жүзеге асырады, атқарып жүр, еңбек етеді).

5 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, ой бөлісіңіз.

  1. Жастар саясатының басым бағыттары туралы өз пікіріңізді айтыңыз.

  2. Жастар саясаты керек пе, керек болса, не үшін керек?

5 – сабақ

1 – тапсырма. «Тәуелсіз Қазақстан» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Моя Родина – Казахстан. Это страна, которая находится в центре Евразии. Это страна свободных людей. Казахстан – удивительно красивая земля. Казахстан –это земля, на которой мирно живут много представителей разных народов. На просторных нашей республике есть богатства – это и редкие красивые животные, и растения, и полезные ископаемые. В Казахстане есть такие прекрасные города, которые по красоте не уступают городам Азии и Европы: это и Астана, и Алматы, и Павлодар и др. Я очень люблю мой Казахстан.

3 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлемдегі қолданысына машықтаныңыз.

еркіндік

тәуелсіздік

егемендік

дербестік

бостандық

жариялылық

4 – тапсырма. Төмендегі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.

Алу, мойындау, бәсекелесу, мойындату, жариялау, достасу, дамыту, табыс тілеу, көздеу, жету, төтеп беру.

5 – тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзіңізбен айтыңыз.

Ел рәміздері –тәуелсіздік символы

Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байла-

нысты рәміздері болды. Қазақстанның да өз рәміздері бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны 1992 жылы 4 маусымда ҚР Жоғарғы кеңесінің VIII сессиясында бекітілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын, бейбітшілікті, тыныштық пен жарқын болашақты және бейтараптылықты білдіреді. Қыран құс - биіктік белгісі, сары түс - күн бейнесі, байлық, жылылық белгісі. Өрнек – халық өнерінің көрсеткіші. Ерте кездегі халықтар ою-өрнек жамандықтан қорғап жүреді деп есептеген.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы БҰҰ-ның алдында тұратын тулардың арасында өзінің мағыналылығы мен көркемдігі жағынан 4-орынға ие болып отыр. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

6 – сабақ

1–тапсырма. «Мінез және келбет» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2–тапсырма. Төменде берілген жақсы қасиеттерден студентке ең қажетті 5 сөз таңдап алыңыздар.

трудолюбивый – еңбекқор вежливый – әдепті

аккуратный – ұқыпты целеустремленный – мақсатты

дисциплинированный – тәртіпті исполнительный – тіл алғыш

ответственный – жауапты находчивый– тапқыр

внимательный – зейінді строгий – қатал

3 – тапсырма. Мына әңгіме бойынша Ұлжанның мінезін айқындаған сын есімдердің антонимін жазыңыз.

Ұлжан – ата-анасының тұңғышы. Тәрбиелі, өз ісіне тиянақты, әдепті. Ұлжанды мінезіне қарай отбасындағы адамдар да қатты жақсы көреді. Ол үнемі анасына көмектеседі. Бауырларына қамқоршы. Әке-шешесі жұмыста болғанда, Ұлжан бауырларының сабағын қарап, ақжарқын мінезімен оларды көңілдендіруге тырысады. Ұлжан тобындағы құрбыларымен жақсы тіл табысады. Ортасында сыйлы, мәдениетті.

4 – тапсырма. Адам мінезін сипаттайтын сын есімдерді аударыңыз.

строгий

принципиальный

порядочный

умный

глупый

стремительный

уверенный

терпеливый

интересный

веселый

грустный

любопытный

добрый

приветливый

доброжелательный

5 – тапсырма. Есіңізде сақтаңыз!

Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім (Абай Құнанбаев)

Сабырлылық – бойда жатқан қуаттың белгісі (М.Ю.Лермонтов)

Екіжүзділік, жағынып-жалпақтау – үлкен кесел (В.А.Сухомлинский)

Арсыз – адамның қоры (Ж.Баласағұн)

Ұялмайтын бетке талмайтын жақ береді (Кенен Әзірбаев)

7 – сабақ

1 – тапсырма. «Бос уақыт және қызығушылық» мәтініне жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Шағын мәтінді аударып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.

Мен бос уақытымды қала сыртындағы саяжайда өткіземін. Саяжайдың ауасы таза, көл жағасында орналасқан. Мұнда өзіме пайдалы дене еңбегімен айналысуға да, бой сергітер жаттығулар жасауға және серуендеуге де уақыт табамын. Саяжайда көл жағасында отырып, балық аулау қандай қызық! Бір сәт жалаң аяқ жерді басып, терең демалудың өзі қаншама қуат береді. Табиғат аясында кітап, газет-журналдан қызықты деректер оқу өте пайдалы.

4 – тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.

орман

дала

тау

теңіз

саябақ

саяжай

шипажай

бақша

көл

жайлау

5 – тапсырма. Сіз досыңызды демалуға саяжайға шақырғыңыз келді. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

8 – сабақ

1 – тапсырма. «Бурабай табиғаты» мәтініне жоспар құрып, ауызша мазмұндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінді аударып, түсінгеніңізді қысқаша баяндаңыз.

Қазақстанда табиғаты ерекше аймақтар өте көп. Соның бірі - Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай жері. Бұл жердің бұлақтары жанға шипа берер емдік қасиетімен әйгілі. Зерттеулерге сүйенсек, су құрамында радон, күкірт, күкіртті сутегі, сульфат, сульфит, карбонат, нитрат тұздары бар. Бұлақ суы - жүйке ауруларына таптырмайтын ем.

Қатонқарағайда ерекше ажар беретін аңдар: марал, бұғы мекендейді. Олардың мүйізінің қаны «панта» деп аталып, одан «пантокрин» деген емдік дәрі даярланады. Ол әлсіреген жүйке тамырына күш береді.

(«Атамекен» журналынан).

4 – тапсырма. Тірек сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Бурабай, Алатау, Сарыағаш, Балқаш, Алакөл, Қара теңіз.

5 – тапсырма. Сіз шипажайдан келдіңіз. Ол жақтан алған әсеріңізді қазақша қалай жеткізесіз?

9 – сабақ

1 – тапсырма. «Мен және қоршаған орта» мәтініне жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Төмендегі пікірмен келісесіз бе? Әлде қарсы пікір айтасыз ба?

  1. Қазіргі кезде экология туралы көп айтады, жазады, бірақ нәтиже жоқ.

  2. Адамдар табиғат берген байлықты тиімді, үнемдеп пайдаланады.

  3. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қоршаған ортаға тек зиян әкеледі.

  4. Жерді Ана деп айта аламын.

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінге тақырып қойып, ауызша баяндаңыз. Жаңа сөздерді ажыратыңыз.

Адам – табиғат перзенті. Ол табиғатпен байланыста өмір сүреді. Табиғи ортадан өзіне қажеттіліктің бәрін алады. Атап айтсақ, жерден пайдалы қазбалар, өсімдіктен дәрі-дәрмек, азық, орман ағаштарынан үй жихаздарын, қағаз т.б. қажеттіліктер өндіріледі.

Қоршаған ортада жер бедері әр түрлі болады. Бір аймақ таулы болса, енді бір жер жазық, құрғақ, дымқыл, шөлейтті, құмды болып келеді. Таулы аймақ дем алуға, қыдырып, тынығуға таптырмайтын орын. Ал жазық, дымқыл жерлерге егін егу өте қолайлы.

4 – тапсырма. Қоршаған ортадағы табиғи денелердің аудармасын жазыңыз.

небо

земля

солнце

лес

вода

трава

гора

степь

растения

цветы

сосны

береза

клен

кусты

тополь

сад

дерево

дуб

5 – тапсырма. Жағдаятқа ойланыңыз.

Саяхатқа шығу үшін әуежайдан ұшаққа билет алу керек болды. Қазақша қалай сұхбаттасар едіңіз?

10 – сабақ

1 – тапсырма. «Мамандық туралы» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Мына сөздердің аудармасын жазып, шағын әңгіме құрастырыңыз.

учитель

дизайнер

врач

юрист

адвокат

следователь

библиотекарь

художник

почтарь

пограничник

строитель

машинист

летчик

космонавт

экономист

4 – тапсырма. Қажетті сөздерді орнына қойып, сөйлемді аяқтаңыз.

Мұғалім (қайда) жұмыс істейді.

Дәрігер (қайда) жұмыс істейді.

Суретші (қайда) жұмыс істейді.

Ұшқыш (қайда) жұмыс істейді.

Заңгер (қайда) жұмыс істейді.

Тергеуші (қайда) жұмыс істейді.

Құрылысшы (қайда) жұмыс істейді.

5 – тапсырма. Сіз журналист ретінде мамандыққа қатысты кімнен сұхбат алғыңыз келеді? Қалай сұхбаттасар едіңіз?

11 – сабақ

1 – тапсырма. «Қазақстан әлемдік кеңістікте» мәтіні бойынша жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Мына сөздердің аудармасын жазып, шағын әңгіме жазыңыз.

мемлекет

өркениет

егемендік

байланыста

елдермен

халықаралық

қарым-қатынас

елшілік

саясат

бедел

бейбітшілік

достық

4 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөз тіркестерімен толықтырыңыз.

Біз ..., ..., ... сияқты Еуропалық мемлекеттермен байланыс жасаймыз. Біз Азиядағы ..., ... мемлекеттерімен байланыс жасаймыз. Біз Қара теңіз жағалауындағы ..., ..., ... мемлекеттерімен байланыс жасаймыз. Біз Балтық теңізі жағалауындағы ..., ... мемлекеттерімен байланыс жасаймыз.

5 – тапсырма. Сіз тарих пәнінен сабақ бересіз. Әлемдік кеңістікте Қазақстанның беделі жайлы дәрісті қалай оқисыз, дәріске қалай әзірленесіз?

12 – сабақ

1 – тапсырма. «Қазақстанның білім беру жүйесі» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.

Менің әкем ... бітірген. Менің анам ... жылы ... бітірген. Менің ағам ... жылы ... оқыған. Менің досым биыл ... оқуға түсті. Мен ... оқимын. Менің әпкем ... жылы ... бітірді. Менің танысым ... жылдан ... жылға дейін ... оқыды.

Үлгі: Менің танысым 2007 жылы С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетіне оқуға түсті.

4 – тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп, шағын әңгіме құрастырыңыз.

  • Сіз қай университетте оқисыз?

  • Қандай мамандықты таңдадыңыз?

  • Сіздің мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?

  • Сіз оқитын университетте неше факультет бар?

  • Ол факультеттерде қандай мамандықтар бар?

  • Өз мамандығыңыздың болашағы туралы не айтасыз?

5 – тапсырма. Сіз журналист ретінде оқуға түсуші талапкерлерден сұхбат аласыз. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

13 – сабақ

1 – тапсырма. Мәтіндін оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1995 жылы 30 тамызда Ата заң қабылданды. Ол - бүкіл қазақстандықтардың еркіндігі мен құқығының кепілі. Ата заң қабылданған күн-30тамыз бүкіл халықтық мереке деп жарияланды.

Бұл негізгі заң Қазақстан Республикасының маңызды мәселелерін анықтап, шешіп береді.

Негізгі Заң, ең алдымен адам құқығын анықтайды. Қазақстанда тұратын әрбір адамның еркіндігі мен құқығының кепілдігі жан-жақты қарастырылған. «Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп жазылған.

2 – тапсырма. Берілген сұхбатты оқып, екеуара пікірлесіңіз.

  • «Конституция» сөзінің мағынасы қандай?

  • Бұл сөз латын тілінен аударғанда «орнату», «құру» деген мағынаны білдіреді.

  • Конституция нені белгілейді?

  • Адамзаттардың құқығын, бостандығы мен міндеттерін белгілейді.

  • Қазақ мемлекетінің тарихында қанша Конституция болды?

  • Бес.

  • Соңғы Конституция қай жылы шықты?

  • 1995 жылы.

  • Бұл Конституцияның маңыздылығы неде?

  • Республикамыздың өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялағаны.

3–тапсырма. Төмендегі сөздерді аударып, еркін қолдануға машықтаныңыз.

закон

судья

статья

адвокат

гражданин

нарушение

не законна

следователь

право

гражданское общество

4 – тапсырма. Мына сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Мен ... болсам, әділ шешім шығарамын. ... әр оқиғаны жан-жақты тексереді. Қазақстанда азаматтар ... қорғалады. Әр адам өз ... білу керек. ... іс әрекет заңмен қадағаланады. (заңсыз, сот, тергеуші, заңмен, құқығын).

5–тапсырма. Сіз адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар туралы не айтар едіңіз.

14 – сабақ

1 – тапсырма. «Халықаралық қатынастар» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздерді меңгеріңіз.

2 - тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Біріккен Ұлттар Ұйымы /БҰҰ/

Біріккен Ұлттар Ұйымының ізашары – Ұлттар Лигасы болып табылады. Ұлттар Лигасы Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталсымен құрылды. Бастапқыда оған 42 ел мүше болса, кейін олардың саны 7-ге жетті. Лиганың құрылуына Франция, Оңтүстік Америка, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттарының халықаралық бейбітшілікті сақтау мен Европада 1914-1918 жылдары болған соғыс сұмдықтарының қайталануынан бүкіл әлемдік ұлттар ұйымы қорғай алады деген сенімі негіз болды.

Алайда, екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы – Лиганың өзінің негізгі мақсаты – бейбітшілікті сақтауды қамтамасыз ете алмағандығын көрсетті. Ұзақ уақыттар бойы өз еркімен әрекет етіп үйренген мемлекеттердің мұндай жаңа ұйымға бағынуы өте қиынға соқты. Соның нәтижесінде Ұлттар Лигасы өз қызметін тоқтатты.

1945 жылдың 24 қазанында БҰҰ-ның Жарғысы бекітіліп, Біріккен Ұлттар құрылды. Содан бері бұл күн бүкіл әлемде БҰҰ-ның ресми құрылған күні ретінде аталып өтіледі.

1995 жылдың наурызына дейін БҰҰ-на 185 ел мүше болды. Қазақстан 1992 жылдың 2-наурызында БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.

3 – тапсырма.Төмендегі сөздерді аударыңыз. Осы сөздерді қатыстырып, шағын әңгіме жазыңыз.

халықаралық

қаржылық

дүниежүзілік

іскерлік

әлемдік

болашақ

мемлекеттік

құқықтық

мәдени

теңдік

саяси

достық

4 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Біздің мемлекетті ... басқарады. Басқаруда ... сақталады. Еліміз басқа елдермен ... жасайды. Мемлекет басшылары ... келісімді жүзеге асырады. Қазақстан халқы ... өмірді қалайды. Біздің елде ... қарым-қатынасқа үлкен мән беріледі (достық, президент, құқықтық ережелер, мемлекеттермен, бейбіт, тыныш).

5-тапсырма. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы орны мен рөлі туралы хабарлама дайындаңыз.

15 – сабақ

1 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Ғылым – білімдер жүйесі. Ғалым – ғылыми еңбек жазатын адам. Қазақ халқында ғалымдар көп. Олар: Әбу Насыр әл Фараби, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтпаев және т.б.

Адамзатты өркениетке жеткізетін – ғылым. Ғылымды дамытатындар –ғалымдар. Ғалымдар – елін, жерін, туған халқын сүйген данышпан адамдар.

2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

- Қазақ халқында ерте заманнан әлемге әйгілі ғалымдар болған. Қазақ халқында ғалымдар көп пе?

- ...

  • Алғашқы ғалымдар қай ғасырда өмір сүрген?

  • ...

  • Ең бірінші қазақ ғалымы кім?

  • ...

  • Ең бірінші қазақ академигі кім?

  • ...

  • Олар қай ғылымды зерттеген?

  • ...

3 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.

Қаныш... әке... – Имантай. Имантай би бала...н кітап оқу... үйреткен. Қаныш Имантайұлы... мамандығы – геолог. Ол Томскі... Технология институты... оқыған. 640-тан астам ғылыми еңбек... автор.... «Жезқазған руда кеніші» деген еңбег... үшін Ленин ордені... марапатталды.

4 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем аясында қолдануға машықтаныңыз.

білім

мақтаныш

ғылым

бедел

өркениет

ғарыш

жетістік

ғарышкер

қуат

ғарышжай

5 - тапсырма. Мәтінді оқып түсінгеніңізді айтыңыз.

Ең бірінші ұялы телефонды Мартин Купер ойлап тауып, оны 1973 жылғы Нью-Йорктегі конференцияда көрсетті

Әлемдегі бірінші ұялы телефон топтамасы 1983 жылы шықты. Оның аты Motorola Dyna TAC 8000X. Ол қымбат тұрады. Бағасы 4000$. Бұған тек бай адамдардың қолы жетті. Оның қуат көзі бір сағатқа ғана жеткен.

Ең алғаш шыққан ұялы телефон десек, бірінші ойымызға «Кірпіш» келеді. Ол тас сияқты ауырлау болған. Көрінісі төртбұрышты кірпішке ұқсас болды. Ол ұялы телефонның астына қуат көзін қосатын болған. Сонымен қатар асып жүретін телефондар да болған. Ол ұялы телефонды іске қосу үшін қуат көзін қосатын құралды сөмкеге салып өзімен бірге алып жүру қажет болды. Ол әрі ауыр, ыңғайсыз болды. Сондықтан заман талабына сай жаңа үлгідегі телефондар көбеюде.

1 аралық тест сұрақтары