Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LekPav_1178_az.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
745.98 Кб
Скачать

5 Тақырып Регистрлер

Жоспар

5.1. Негізгі ұғымдары.

5.2. Сақтау регистерлері.

5.3. Жылжудың резирсивті регистрі.

5.1 Негізгі ұғымдары

Көп разрядты санды сақтауға арналған цифрлар құрылымдардың түйіні. Олар тағы сақталатын санды оңға және солға қарай жылжытады, оны параллельді формадан тізбекті формаға және керісінше түрлендіреді. Регистрлер бір баспалдақты және екі баспалдақты синхронды RS, D және JK триггер негізінде құрылады.

Регистрлердің негізгі сипаттамалары разрядтілігі, ақпаратты қабылдау және жіберу тәсілдері. Регистр разрядтілігі оны құрайтын триггер санымен анықталады.

5.2 Сақтау (жады) регистрлері

Ақпаратты параллельді қабылдайтын және беретін регистрлері ақпаратты сақтауға арналған. Олар сақтау не жады регистрлері деп аталады. Жаңа ақпараттың жады регистрлеріне жазылуы регистрдің С кірісіне синхроинпульс фронты жіберілу барысында орындалады . Және де D0 …Dm кірістерінде жаңа цифрлық комбинация (ақпарат) орнатылған соң.

Жазылған цифрлық ақпараттың разряд саны регистрдің разрядтілігімен анықталады. Жады регистрлері Д-триггер негізінде жасмалуы мүмкін, егер ақпарат регистр кірісінде бірфазалық сигнал түрінде берілсе, және де RS –триггер негізінде жасалады, егер ақпарат парафазды сигнал түрінде берілсе.

Сурет 17. D- триггердегі сақтау регистрлері синхроимпульс деңгейімен синхрондалатын (а), фронтымен (б) және RS — триггерлерде фронтпен синхрондалатын (в)

5.3 Жылжудың резирсивті регистрі

Ақпаратты тізбекті қабылдайтын және беретін регистрлер жылжу регитрлері деп аталады. Оның белгіленуі 18 суретте берілген . Мұндағы «тіл» бағыты жылжу бағытына сәйкес келеді.

Жылжу регитрлері ақпаратты сақтау және түрлендіру функцияларын орындайды. Олар екілік санау жүйесіндегі сандарды көбейту және бөлу үшін қолданылуы мүмкін. Себебі екілік санды бір разрядқа солға жылжыту, оны екіге көбейтуге сәйкес келеді, ал оңға жылжыту - екіге бөлуге сәйкес келеді. Ол көбінде тізбекті цифрлық ақпаратты параллельді кодқа түрлендіруде немесе кері процесте қолданылады. Және де цифрлық формада берілген сигналды тоқтату элементі ретінде қолданылуы мүмкін.

Жылжыту регистрлері D-триггер немесе RS-триггер негізінде жасалуы мүмкін. Бұл жерде ақпаратты бірінші разрядқа енгізу үшін инвертор қосылады (D-триггер бірінші разряд болып саналады). Барлық жылжу регистрлері екі баспалдақты не синхроимпульс фронтымен синхрондалатын триггерлер негізінде жасалады. Жылжу регистрлерінің разряды сақтау регистрлерінде секілді оның құрамына кіретін триггер санымен анықталады. Жылжу регистрінен параллельді ақпаратты шығару регистрдің барлық триггерлерін бөлек шығыстарға қосу барысында орындалады (суретте бұл шығыстар штрих сызықтарымен көрсетілген).

Жылжу регистрінің жұмысы 19- а суреттегі схемада көрсетілген. Регистрдің барлық триггерлері оң басында логикалық нөл жағдайында тұрады деп есептейік, яғни Q0=0, Q1=0, Q2=0, Q3=0. Егер D-триггердің Т1 кірісінде 0 болса, онда триггерлердің С - кірісіне жіберілген синхроимпульстер олардың жағдайын өзгертпейді.

6 Тақырып. Санауыштар

Жоспар

6.1. Тізбектелген тасымалдаумен асинхронды санауыш.

6.2. Паралельді тасымалдаумен синхронды санауыш.

Санау триггері негізінде қарапайым санауышты алуға болады. Олар санауыш кірісіне түскен электр импульстарын санауды орындайды. Алынған нәтиже параллельді кодта көрсетіледі.

Санауыштар асинхронды және синхронды болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]