Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LekPav_1178_az.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
745.98 Кб
Скачать

Ондық (10) жүйедегi санды басқа q- жүйесiне ауыстыру тәртiбi: 10 q.

  1. Берiлген санды q-ға бөлу; (бөлу амалы бағанамен орындалады, ондық бөлшекке айналдырылмайды).

  2. Шыққан нәтиженiң бүтiнi q-ға бөлiнетiн болса, нәтиженi тағы да q-ға бөле беру; 2-п. қайталай беру.

  3. Бүтiндi және қалдықтарды оңнан солға қарай тiзiп жазу.

Q-жүйесiндегi санды ондық (10) жүйеге ауыстыру тәртiбi: q 10

  1. Берiлген санның разрядтарын оңнан солға қарай 0-ден бастап нөмiрлеу;

  2. Санның цифрларын q-дың разрядқа сәйкес нөмiрiндей дәрежесiне көбейтiп, көбейтiндiлердiң қосындысын табу;

  3. Шыққан нәтиже 10 жүйедегi сан болады.

    1. Алгебра логикасы

Логика – (“ logos”_грек сөзi – сөз, ой, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен формасы туралы ғылымдардың жиыны.

Математикалық логиканың негiзi – логика алгебрасы. Оның негiзiн қалаушы Джордж Буль.

Негiзгi логикалық байланыстар:

  1. Керiсiнше (емес, not): Сөйлесу тiлiнде оған “жоқ”’, “емес” деген сөздер сәйкес келедi. А-ға керi тұжырымдама деп белгiленедi.

Мысал: егер А тұжырымдамасы ”күн-суық” болса,

А-ға керi, яғни =‘’Күн суық емес’’ болады.

“Керi“ логикалық операциясына мынадай ақиқаттық таблица сәйкес келедi.

А

1

0

0

1

  1. Коньюнкция (and): Сөйлеу тiлiнде оған ’’және’’ деген сөз сәйкес келедi.

Жазылу түрi: F=AB; F=AxB; F=A&B, АВ.

Коньюнкция логикалық көбейту деп те аталады. Коньюнкциямен байланысқан тұжырымдамалардың барлығы бiрдей ақиқат болса ғана, күрделi тұжырымдаманың да нәтижесi ақиқат болады.

’’Және’’ логикалық операциясының ақиқаттық кестесi.

А

В

АB

1

1

1

0

1

0

1

0

0

0

0

0

  1. Дизьюнкция (or) Сөйлеу тiлiнде оған ’’немесе’’ деген сөз сәйкес келедi.

Жазылу түрi: F=AB; F=A+B.

Дизьюнкция логикалық қосу деп те аталады. Дизьюнкциямен байланысқан тұжырымдалардың кем дегенде бiреуi ақиқат болса, күрделi тұжырымдаманың да нәтижесi ақиқат болады.

’’Немесе’’ логикалық операциясының ақиқаттық кестесi.

А

В

АB

1

1

1

0

1

1

1

0

1

0

0

0

Кез келген күрделi тұжырымдаманың ақиқаттығы ақиқаттық таблицасы арқылы анықталады.

Ондай таблицада берiлген тұжырымдардың барлық мүмкiн мәндерi және оған сәйкес нәтижелердiң мәндерi көрсетiледi.

Эем - нiң логикалық негiздерi.

ЭЕМ-де логикалық функцияларды логикалық элементтер жүзеге асырады. Электр сигналдары логикалық элементтер арқылы өткенде түрленедi.

Негiзгi логикалық элементтер: ЕМЕС (инвертор), ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]