Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LekPav_1178_az.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
745.98 Кб
Скачать

2.2 Мультиплексор. Демультиплексор

Мультиплексор m ақпараттық, n басқарушы кірісі және бір шығысы бар комбинациялық құрылғы. Бірнеше кіріс сигналдың біреуін кезек – кезек бір шығысқа жіберуге (мультиплексорлеуге) арналған. Мультиплексирленген кіріс саны мультиплексордың канал саны деп аталады. Мысалы, екі каналды 4 разрядты мультиплексорда 4 шығыс болады. Оның әр шығысына 2 кіріс сигналының тек біреуі жіберілуі мүмкін. Ал төрт каналды 2 разрядты мультиплексорда 2 шығыс болады. Оның әр шығысына 4 кіріс сигналдан тек біреуі жіберіледі. Әдетте канал саны 2-ден 16-ға дейін, ал разряд саны 1-ден 4-ке дейін болады. Мультиплексордың каналы неғұрлым көп болса, разрядтары соғұрлым аз болады.

Функционалды мультиплексор конъюнкцияның m элементтерінен құалған. Бұл элементтедің шығыстары m кірістері бар НЕМЕСЕ элементі арқылы дизъюнкциялық байлынысқан (сурет 4).

Конъюнкцияның барлық элементтерінің бір кірістеріне ақпараттық сигналдар беріледі, ал осы элементтердің басқа кірістері n кірісі бар дешифратордың сәйкес шығыстарымен байланысқан.

Функционалды схемадан мультиплексор құрамында әрбіреуінде екі не үш кірісі болатын конъюнкция элементтері, мультиплексордың А, В, С, D кіріс санына тең шығыс саны болатын дизъюнкция элементтері және оған сәйкес шығыс саны болатын дешифратор бар екенін көруге болады. Бұл шығыстардың саны мультиплексордың ақпараттық кіріс санымен анықталады.

Мультиплексорлар есептеуіш техникада цифрлық сигналдардың коммутаторлары ретінде кең қолданылады. Олар динамикалық жедел сақтау құрылғылардың адрестік кірістерін коммутациялау үшін компьютерлерде және микропроцессорлық контроллерлерде , шиналарды біріктіру немесе тармақталу түйіндерде (узел) және т.б. қолданылады.

Демультиплексор. Мәліметтерді бір кіріс каналдан бірнеше канал – қабылдаушының біреуіне ғана жібереді. Демультиплексордың функцио­налды схемасы және оның белгіленуі 5 суретте көрсетілген.

Суреттен демультиплексор бұл дешифратор рұқсат ету кірісімен екенін көруге болады.

2.3 Екілік-ондық кодты жеті сегментті индикатор кодына түрлендіруші

Сандардың индикациясы экранда және пульттарда ондық түрде жасалады. Ол үшін жеті сегментті жарық диодты немесе сұйық кристалды индикаторлар қолданылады. Индикаторды бөлек элементтерінің кернеуімен басқарып, оны жарық қылуға (светодиодные индикаторы) немесе түсін өзгертуге (жидкокристаллические инди­каторы) болады. Осылайша 0, 1,.... 9 ондық сандардың суретін алуға болады.

Екілік ақпаратты ондық түрге аудару үшін көбінде ондық сандардың дәптерлік түрін қолданады. Екілік кодты жеті сегментті индикатор кодына түрлендіру алгоритмі кестеде көрсетілген.

Цифра

Санның

Жетісегментті код

Екілік коды

а

b

с

d

е

f

g

0

0

0

0

0

1

1

1

1

1

1

0

1

0

0

0

1

0

1

1

0

0

0

0

2

0

0

1

0

1

1

0

1

1

0

1

3

0

0

1

1

1

1

1

1

0

0

1

4

0

1

0

0

0

1

1

0

0

1

1

5

0

1

0

1

1

0

1

1

0

1

1

6

0

1

1

0

1

0

1

1

1

1

1

7

0

1

1

1

1

1

1

0

0

0

0

8

1

0

0

0

1

1

1

1

1

1

1

9

1

0

0

1

1

1

1

1

0

1

1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]