- •Анықтамалар мен қысқартулар
- •Кіріспе
- •Негізгі бөлім
- •1. Әдеби шолу
- •2. Қан туралы түсінік
- •3. Иммундыбиологиялық медициналық препараттар
- •4. Диагностикалық препараттар
- •5. Емдікпен алдын алу иммунды қан сарысуы мен препараттар
- •6. Сарысулы ауру
- •1 Кесте – Эритроциттердің тұну жылдамдығы
- •7. Қан сарысуын бөліп алу, фибринсіз қан дайындау технологиялары
- •8. Белсенділігі жоғары ценуроз қоздырғышына емдік қарсы қан сарысуын алу
- •9. Гипериммунды қан сарысулары
- •9.1 Гипериммунды қан сарысуын алу технологиясы
- •10. Диагностикалық қан сарысуын алу тәсілдері
- •11. Тышқандарды иммундеу
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
- •4 Сурет. Ауыл щаруашылық малдар мен құстар сальмонеллезіне қарсы сарысу
- •5 Сурет. Асп Антистафилококктық препарат
- •6 Сурет. Витакан глобулин
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасы
«Микроорганизмдер биотехнологиясы»
пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Емдік қансарысуларын дайындау технологиясы
Орындаған: Биотехнология мамандығының 307 топ студенті ___________
(студенттің аты-жөні) (қолы)
Тексерген: в.ғ.к., Морфология, микробиология және
биотехнология кафедрасының ассистенті
Әкібеков Өркен Сұлтанхамитұлы_____________
(оқытушының аты-жөні, дәрежесі және қызметі ) (қолы)
Астана – 2013
Мазмұны
|
Анықтамалар мен қысқартулар |
…..3 |
|
Кіріспе |
…..4 |
|
Негізгі бөлім |
…..6 |
1 |
Әдеби шолу |
…..6 |
2 |
Қан туралы түсінік |
…..9 |
3 |
Иммунобиологиялық медициналық препараттар |
…..9 |
4 |
Диагностикалық препараттар |
….11 |
5 |
Емдікпен алдын алу иммунды қан сарысуы мен препараттар |
.…11 |
6 |
Сарысулы ауру |
….13 |
7 |
Қан сарысуын бөліп алу, фибринсіз қан дайындау технологиялары |
….13 |
8 |
Белсенділігі жоғары ценуроз қоздырғышына қарсы қан сарысуын алу |
….14 |
9 |
Гипериммунды қан сарысулары |
….15 |
9.1 |
Гипериммунды қан сарысуын алу технологиясы |
….15 |
10 |
Диагностикалық қан сарысуын алу тәсілдері |
….16 |
11 |
Тышқандарды иммундеу |
….18 |
|
Қорытынды |
….20 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
….21 |
|
Қосымша |
….22 |
Анықтамалар мен қысқартулар
Гомеостаз – орта құрамының физикалық және биологиялық қасиеттері динамикалық тұрақтылығы.
Коррелятивтік – байланыстырушы.
Атенуирленген - тірі әлсіздендірілген микроб штамдары.
Агглютинация – эритроциттердің жабысуы.
АГ-АД – антиген – антидене.
Иммундыглобулин - тазартылған және концентрацияланған иммунды сарысу.
Гетерологиялық сарысу - жануардың қанынан алынған иммунды сарысулы препарат.
Гомологиялық сарысу - адамның қанынан алынатын иммунды сарысулы препарат.
ЭТЖ – эритроциттердің тұну жылдамдығы.
Антикоагулянттар - қанды ұйытпайтын заттар.
м.д. – микроб денелері.
ЛПС – липополисахарид.
ИФА – иммунды-ферменттік анализ.
ИДР – иммунды диффузиялық реакция.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Еуроазиялық континентте батыстан шығысқа 3000, ал солтүстіктен оңтүстікке 1700 шақырым жерді қамтиды. Ауа-райының табиғи және экономикалық ерекшелігіне байланысты ауыл шаруашылығының, оның ішінде мал шаруашылығының өзіндік даму жүйесі бар.
Дегенмен, кең байтақ еліміздегі ауа-райының, табиғатының әр алуан болғандығына қарай, мал арасында кездесетін індеттер де әр түрлі.
Қоршаған ортаның ластануы, радиация салдарынан адам мен мал арасында індетке қарсы тұратын иммундық жүйе әлсіреп, кейбір аурулар белең алуда. Солардың ішінде бруцеллез, оба, маңқа, туляремия, сальмонелез ауруларының алатын орны ерекше. Бұл індетпен адам, мал және құс ауырады.
Айталық, індет ықпалынан ерте көктемде қой арасында іш тастайды, малдың өкпесі қабынады, сонымен қатар орхит, уретрит және энцефалитке ұшыратады. Ақыр соңында әлсіз, тіршілікке бейімсіз төл тууымен қатар, адам өміріне қауіп төндіреді.
Жануарлардың бруцеллезі Қазақстанда әлі де болса біршама кең таралып, тұрақтанып, экономикалық шығындарымен қатар, адам денсаулығына қауіп тудырып, әлеуметтік зиян да келтіреді. Онымен күрес ветеринария мен денсаулық сақтау салаларының басты мәселелері қатарынан орын алып, аса зор қаражат пен еңбек жұмсалғанымен, бұл шығындардың қайтарымы ойдағыдай емес. Оған себеп – аурумен күрес шараларының орындалуындағы кемшіліктерімен қатар, бұл шаралардың жеке буындарының өзара үйлесімсіздігі және олардың қазіргі қалыптасқан қоғамдық-экономикалық жағдайлармен сәйкестілігінің жеткіліксіздігі.
Бул ауруларды емдеу және профилактикасында қан сарысуын қолданады.
Қан сарысуын қолдану негізінен ХХ-шы ғасырдан басталып келеді. Сарысуды жануарлар мен адамдарды емдеуде және спецификалық профилактикасы үшін қолданылады Біраз жылдар бойы продуцент-жануарларды әр түрлі антигендермен иммунизациялап, активтілігі жоғары иммунды сарысуды алу үшін қолданды. Бірақ бұл әдістердің кемшілігі болды, олар: жоғары сапалы сарысу ала алмауы, және жұмысы көп, ұзақ уақытты талап етеді. Продуцент-жануарларды дайындау қореқтендіруші затты, жұмыс пен биологиялық сағатты көп қажет етеді. Егер тірі вирулентті орталарды қолданатын болса, олар эпидемияға қарсы жұмыс режимін қатаң қадағалауды қажет етеді. Ал ең қиыны, бұл, сарысудың керекті титрін алу үшін кем дегенде 2,5-3 жыл уақытты қамтиды. Бұл өте ұзақ.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Инфекциялық ауруларға жұғымталдық қасиеті тән болуына орай, олар жылдам тарап, мал басының сақталуына, олардан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетіп қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, бұл мәселе өте күрделі жұмытарды талап етіп, өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Емдік қан сарысуларын алу технологияларымен танысу, препараттарды қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қан сарысуына жалпы сипаттама беру;
Иммунитетке сарысудың әсері;
Сарысуларды алу технологиялары;
Диагностикалық және гипериммунды қан сарысуын алу техологияларына тоқталу:
Курстық жұмыстың құрылымы: Жалпы курстық жұмыстың кіріспесі, негізгі бөлім, әдеби шолу, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.