Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

биотехнология кітап

.pdf
Скачиваний:
422
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.29 Mб
Скачать

Биотехнология (гр. bios – тіршілік, techne - өнер, шеберлік, logos – ғылым, ағ. biotechnology ) – экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттар өндіру жəне жоғары өнімділігі бар микроорганизмдер штаммдарын, өсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлардың асыл тұқымдарын шығару үшін биологиялық үдерістер

мен арнайы

зерзаттарын пайдалануға негізделген ғылым

мен өндірістің ж

саласы.

 

 

Биотехнология жаңаша – генді-инженериялық жəне жасушалық əдістермен

генетикалық

трансформацияланған (түрлендірілген) өсімдіктердің,

жануарлардың,

микроорганизмдер мен вирустардын əртүрлі бағытқа арналған жаңа өнімдерін алу мен өндірісті интенсификациялау мақсаттарында пайдалану жөніндегі ғылым.

Биотрансформация (гр. bios – тіршілік, лат. trans formatio – айналу) –

қоректік ортада өскен жасушалардың ферменттері қатысуымен арзан жəне қоры мол бастапқы заттардан биологиялық активті қосылыстарды синтездеу(биологиялық жолмен бір затты басқа затқа айналдыру).

Будан асимметриялық (ағ. hibrid asymmetric) – аталық жəне аналық ретінде қосылысқан жасушалардың біреуінің ядролық гендерінің толық жиынтығыме қатар екіншісінің тек цитоплазмалық гендерін қабылдаған будан жасуша.

Будан гетероплазмалық (гр. heteros – басқа, plasma – құрылған, түзілген, ағ. hybrid heteroplasmic) – цитоплазмалық гендері (плазмагендер) бойынша гетерозиготалық будан жасуша.

Будан цитоплазмалық (цибрид) (ағ. hibrid cytoplasmic) – аталық жəне аналық ретінде қосылысқан жасушалардың тек қана біреуінің ядросын(ядролық гендерін) қабылдаумен қатар екеуінің де, немесе баламалы біреуінің ғана цитоплазмалық гендерін бойына дарытқан будан жасуша.

Будан ядро (ағ. hybrid nucleous) – аталық жəне аналық ретінде қосылысқан

жасушалардың

екеуінің де

бүкіл

гендерін(геномдарын) толығымен иемденген

будан жасушаның ядросы.

 

 

Будан ядролық (нағыз будан)

( ағ. hibrid nuclear (hibrid true) – аталық жəне

аналық ретінде

қосылысқан

жасушалардың екеуінің де тек қана ядролық гендерін

(геномдарын) қабылдаған будан жасушаның ядросы.

В

Вегетативтік жасуша (лат. vegetativus - өсімдік) – жаңадан өсіп келе жатқан тозаңның ішіндегі үш жасушаның бірі, ол тозаң түтігін түзеді, бірақ ұрықтану үдерісіне өзі тікелей қатыспайды.

Вектор – (лат. vector – алып жүруші) белгілі организмде дербес репликацияланушылық қабілеті бар, сонымен бірге оған бөгде ДНҚ-ның енуіне кедергі келтірмейтін, ДНҚ-ның шағын молекуласы (мысалы фаг, плазмидалар мен вирустар). ДНҚ молекуласын векторсыз, мысалы, бактериялық жасушаға енгізсе, онда оларды бактериялық ферменттер ыдыратып жібереді. Транспозоны бар фагтар мен плазмидалар реципиенттік жасушаларға кіре алады.

Виварий – зертханалық хайуандар ұсталатын жай.

Вируленттік (лат. virulentus – улы, ағ. virulent) – микроорганизмдердің ауру тудырғығыштық қабілеті.

250

Вирусты

айқындаушы

өсімдіктер(ағ. indicator plant) – вируспен

зақымданған

өсімдіктен алынған

шырынды жапырақ бетіне тамызғанда, сол

шырында вирустар бар екендігі туралы арнайы сезімталдық реакция арқылы белгі беретін өсімдіктер (жұққан вирусқа тəн морфологиялық өзгерістер тез арада айқын көрінеді).

Витальды əдіс – репродуктивті жасушаларға немесе эмбриондарға зиян келтірмей зерттеу тəсілдері.

Витрификация (лат. vitrum – шыны, facere – істеу, жасау) - өсімдіктерді жасанды ортада (in vitro) өсіргенде болатын қолайсыз құбылыс, өсімдіктер өте мол суланады да əйнек (шыны) тəрізді болып көрінеді.

Г

Гаметалар мен эмбриондарды бағалау– микроскоп арқылы аталған құрылымдардың биологиялық толыққұндылығын анықтау.

Гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі– гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі бар уақыттың ұзақтығы.

Гаметалардың ұрықтануы – сперматозоид пен аналық жұмыртқасының қосылуы нəтижесінде кариограммада зигота түзілуі арқылы жаңа индивидтің пайда болуы.

Гаметаның биологиялық құндылығы– ұрық жасушасының ұрықтанып,

жаңа индивидті пайда болғызу мүмкіндігі.

 

 

 

Гаметогенез – жыныс

жасушаларының

даму

үдерісі, яғни

алғашқы

диплоидты жыныс жасушаларының гаплоидты маманданған ұрғашы(аналық жұмыртқасы) мен аталыққа (сперматозоид) айналуы. Жыныс жасушаларының дамуы жыныс безі гонадада жүреді.

Гаплоид (гр. haploos – сыңар, жалғыз, eidos – түр, ағ. gaploid) – сыңар дара

(гаплоидтық) хромосомалар жиынтығы болатын , ядрожасуша, организм; гаметалардағы сыңар хромосомалар жиынтығы.

Гаплопродюсер əдісі (гр. haploos – сыңар, жалғыз, лат. Producere – жасу,

шығару) – будан ұрықтан ата-анасының біреуінің хромосомаларының жойылып қалуы нəтижесінде шыққан гаплоид өсімдікті алу.

Гендік мутациялар – хромосоманың белгілі бөлігіндегі ДНҚ молекуласы нуклеотидтер қатарының өзгеру нəтижесінде пайда болады. Мұндай мутацияда гендік бір локус қана өзгереді. Өзгерісі мутацияға əкелетін ДНҚ молекуласының ең кішігірім бөлігі мутон деп аталады.

Геммогенез in vitro (лат. gemma – бүршік) – ұлпаларды жасанды қоректік ортада (in vitro) өсіргенде бүршіктің пайда болуы.

Гемморизогенез in vitro (лат. gemma – буршік, гр. rhiza – тамыр) – ұлпаларды жасанды қоректік ортада(in vitro) өсіргенде бүршіктің де, тамырдың да пайда болуы.

Ген (гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ. gene) – тұқым қуалау информациясының генетикалық бірлігі; ДНҚ молекуласының нақтылы бір бөлігі, РНҚ-ның немесе полипептидтің құрылымы туралы мəлімет сақтайды.

251

Ген репрессиясы (лат. repressio – басу, ағ. gene repression) – ген

активтігін

тежеу, көпшілік жағдайда транскрипция үдерісін шектеу арқылы жүреді.

 

 

Ген экспрессиясы (лат. expressio

- əйгілену, ағ. gene

expression) – ДНҚ

молекуласындағы нуклеотидтер тізбегіндегі генетикалық

информацияны

жүзеге

асыру. Ол: транскрипция, процессинг,

трансляция

сияқты

негізгі

үш

сатыдан

тұрады.

 

 

 

 

 

Гендер амплификациясы (лат.

amplification

- өсу,

көбею,

ағ.

gene

amplification) – гендер көшірмелері (копиялар) санының көбеюі.

Гендер банкі (геномдар кітапханасы) – өз құрамына геномдағы гендердің кемінде бір тізбегі кіретін, клондалатын ДНҚ молекуласының жинағы.

Гендер цитоплазмалық (цитоплазмон) (ағ. cytoplasmic genes) – ядродан тыс,

митохондриялар мен хлоропластарда орналасқан гендер.

Гендердің кітапханасы – барлық бактериялық жасушалардағы көбею салдарынан жинақталған гендердің жиынтығы.

Гендік ex vivo терапия (гр. ex vivo, ағ. ex vivo gene therapy) – науқастың бөлінген жасушаларына генді енгізу. Өсіру мен трансформациялаудан кейін жасушаларды трансфузия, инфузия немесе инъекция жолымен науқасқа кіргізеді. Бұл ем-шаралар генетикалық деффекттерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Гендік инженерия – генмен жұмыс істеу тəсілдерін, оны геномнан бөліп алу, синтездеу, геномға енгізу жəне геномды қажетті бағытта өзгертумен керекті өнімдер алуын айтады. Гендік инженерияны батыста рекомбинантты ДНҚ-мен жұмыс істеу

деп атайды.

 

 

Гендік

мутациялар (нүктелік

мутациялар) (лат. transitio – ауыспалылық,

insertion –

орын ауыстыру, deletio

– құрту, жою) – жекеленген гендердің

құрылымының өзгеруі. ДНҚ немесе РНҚ нуклеотидтеріндегі бір пуриннің екінші пурин мен (А-Г, Г-А), не бір пиримидиннің екіншісімен(Ц-Т, Т-Ц) алмасуы (транзиция) салдарынан, пуриннің пиримидинмен (А-Т, Г-Ц), не керісінше алмасуы

(трансверсия), қосымша нуклеотидтер

болуы(инсерция)

не

түсіп

қалуынан

(делеция) болатын гендік мутация.

 

 

 

 

 

 

Генезис (гр. genesis – шығу

тегі, ағ. genesis)

– шығу,

пайда болу

тегі(«ата

тегі»).

 

 

 

 

 

 

 

Генеративтік

жасуша (лат. generatio

– туу)

- өніп

келе

жатқан

тозаңның

ішіндегі жасушаның бірі, одан екі спермий түзіледі , деқосарлана

ұрықтану

үдерісіне қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

Генетикалық (гендік) инженерия (ағ. Gene (tic) engineering) – белгілі

қасиеттері бар

генетикалық

материалдарынin

vitro

жағдайында

алдын-ала

құрастырып, оларды тірі жасушаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу үдерісін өзгеше жүргізу.

Генетикалық код – ақуыздың полипептидтік тізбегіндегі амин қышқылдары қатарын анықтайтын ДНҚ нуклеотидтерінің тізбегі.

Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктер – ағзасына жат ген,

яғни трансген ендірілген өсімдіктер.

Генетикалық өзгергіштік (ағ. genetic variability) – ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымындағы тектік өзгерістер (мутациялар, гендер комбинациясы).

252

Геном ақуыз құрылымы жөнінде мәлімет сақталған ДНҚ бөлігі. ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің белгілі бір ретпен орналасуы, олардағы қандай да бір ақуыздың синтезделуі жөніндегі информациясын сақтайды. Егер де белгілі бір себептермен нуклеотидтердің біреуі кірмей немесе алмасып қалса, ағзада басқа

ақуыз синтезі жүре бастайды.

 

 

Геномдық мутация – жасушадағы хромосомалар

санының

өзгеруіне

байланысты организмнің белгілері мен касиеттерінде пайда

болатын

өзгергіштік.

Геномдық мутация

тұтас гаплоидты жиынтықтың немесе хромосомалар санының

көбеюіне

немесе

 

азаюына

байланысты. Организмдерді

хромосомалар

саны

гаплоидты

жиынтыққа

еселеніп

көбеюіне карай– полиплоидты, ал еселенбесе –

анеуплоидты немесе гетероплоидты организмдер деп атайды.

Генотип (гр. typos – із, таңба, үлгі, қалып, ағ. genotype) – организмнің немесе жасуашаның тұқым қуалаушылық негізін құрайтын гендердің жиынтығы.

Генетикалық инженерия in vitro жағдайында функциялық пəрменді генетикалық құрылымдарды құрастыруды жəне оларды тірі жасушаларға енгізуді түсінеді. Генетикалық инженерия генетикамен байланысқан, ал ген инжененриясы

тек генге ғана қатысы бар.

 

Гетерозис (будандық күш)

(гр. heteroiosis – өзгеру, айналу, ағ. heterosis) –

аталық-аналық формалармен

салыстырғанда, олардан шыққан бірінші ұрпақ

буданның бірқатар көрсеткіштері мен қасиеттерінің асып түсуі, басымдылығы.

Гетерокарион (гр. heteros

– басқа, karyon – жаңғақ, жаңғақтың дəні, ағ.

heterokarion) – генетикалық айырмашылықтары бар екі жасушаның қосылуынан

түзілген, бірақ онда ядролар бірікпеген будан жасуша.

 

 

 

Гиббереллин

фитогормон,

негізінен флюорендер туындылары(мысалы,

гиббереллин қышқылы).

 

 

 

 

Гибридома (ағ.

hybridoma)

– қалыпты

антидене

түзуші

жасушалар

(лимфоциттер) мен миеломдық жасушалардың бірігуінен алынған, шексіз өсу мен моноклоналдық антиденелерді синтездеуге қабілетті жасушалық желі (линия).

Гиногамоны – жұмыртқа жасушасының гамоны

Гиногенез in vitro (гр. gyne - əйел, genesis – шығу тегі, in vitro, ағ. gynaegenesis in vitro) – аналық гаметофитті жасанды қоректік ортада өсіргенде, аналық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу үдерісі.

Гистогенез in vitro (гр. histos-ұлпа, in vitro, ағ. histogenesis) – каллус ұлпалардын in vitro өсіргенде, əртүрлі ұлпалардың пайда болып, қалыптасуы; мысалы, ксилемалық жəне флоэмалық элементтердің түзілуі(ксилемогенез, флоэмогенез).

Гомозигота (гр. homos – бірдей, тең, ортақ, zygon – жұп, ағ. homozygote) –

диплоидтық немесе полиплоидтық жасуша, организм; олардың гомологиялық хромосомалары белгілі бір геннің ұқсас аллельдерін ұстайды.

Гомокарион (гр. homos – бірдей, тең, ортақ, ағ. homokaryon) – генетикалық айырмашылықтары жоқ екі жасушаның қосылуынан пайда болған, бірақ онда ядролар бірікпеген.

Граафов фолликуласы – ішінде үлкен антрум мен ооциті , бармейоз сатысының ІІ метафаза кезеңіндегі фолликулалар.

253

Д

Дедифференциялану (лат. de – жою, болдырмау, differentia-айырмашылы, ағ. Dedifferentiation) – маманданған, бөліну қабілетінен айырылған жасушалардың жаңадан пролиферацияға (бөлінуге) көшуі.

Дезоксирибонуклеотид – бес атомды дезоксирибозаның бір молекуласының қалдығынан, пуриндерден (А, G), немесе пиримидиндердің азоттық негіздері(C, Т) жəне фосфор тобынан тұратын ДНҚның құрылымдық бірлігі.

Детерминациялану (лат. determinacio – шек қою, анықтау) – жасушалардың, ұлпа, мүше жəне организмнің белгілі бір даму жолына түсуіне дайындылығ. Сонымен қатар басқа жолмен дамуға шек қойылады. Детерминациялану кезінде морфологиялық жаңа бағыттың дамуына түрткі болуға қажет ішкі жағдайлар туады.

Диплоид (гр. dipllos – қос, екі есе, eidos – түр, ағ. diploid) – гаплоидты гаметаға қарағанда хромосомалар саны екі еселенген, яғни əрбір хромосомасы жұптасып келетін ядро, жасуша, организм. Диплоидтық хромосомалар жиынтығы сомалық (дене) жасушаларда болады.

Дистиллятор – дистилденген су алатын қондырғы.

Дисульфидті байланыс – күкірттің екі атомы арасында пайда болатын коваленттік байланыс айтылады.

Детерминация – (анықтау, шектеу) морфогенездің алғашқы кезеңдерінде дамып келе жатқан ағза бөлімдері арасында сапалық айырмашылықтардың пайда болуы. Детерминация үдерісі ооплазмалық сегрегация жəне бластомерлерге сапалық

айырмашылығы

бар ядро

мен

 

циптоплазма арасындағы қарым-қатынаста,

сонымен

бірге

жеке

жасуша

топтарының

бір-біріне

əсеріне

не

автономиялық өзгерістерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

Дифференциация (ағ. cell differentiation) – жасушалардың (өсімдіктер,

 

жануарлар, т.б) басқа жасушалардан ерекшеленіп, маманданған жағдайға көшуі.

 

Дифференциялану (ағ. cell differentiation) –

даму үдерісінде біртекті

жасушалардан

морфологиялық

белгілері

жəне

атқаратын

қызметі

ə

жасушалардың түзілуі (жасушалардың мамандануы).

ДНК-ның репарациясы (лат. reparation – бұрынғы қалпына келу, ағ. DNA repair) – барлық организмдердің жасушаларындағы нормалы биосинтез кезінде немесе түрлі физикалық жəне химиялық себептерінен матрицалық ДНҚзақымданған жерлерінің дұрысталып жаңадан түзілуі.

ДНК-ның репликациясы (лат. replicatio – қайталану) ағ. DNA replication) –

ДНҚ-ның молекуласының екі еселеніп қөбеюі. ДНҚ-ның екі спиралі жазылады, сутектік байланыстар ажырайды, жеке (матрицалық) тізбекке үйлесімді, сəйкес жаңа

тізбек (реплика) түзіледі.

 

 

 

 

 

 

ДНК лигазасы (ағ. DNA-ligase) – ДНҚ-ның

полинуклеотидтер бөлшектерін

(фрагменттерін) бір-біріне реттеп қосатын, жалғастыратын фермент.

 

 

ДНҚ-ның

бірінші

ретті

құрылымыполинуклеотидтік

тізбектег

нуклеотидтердің орналасу тәртібі айтылады.

 

 

 

 

ДНҚ-үзіктері (цепи) бір-бірімен

жəне

ортақ

остерін

бойлай

бұ

орналасқан,

екі қатарлы, дұрыс

пішінді,

спираль

тəрізденген полимер.

Ағзадағы

 

жасушалық

жəне

биохимиялық қызметтерінің жүзеге асуы

мен

сақт

қамтамасыз етеді.

254

ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымыДНҚ молекуласының

кеңістікте паралель орналасқан қос қабат спиральға ұқсай орналасуы

 

 

Донор – генетикалық

тұрғыдан

бағалы

аналық

жұмыртқасы

нем

эмбриондар алынатын ұрғашы дара.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

Жануардың физиологиялық жетілуі – жас малдың белгілі жынысты ересек

 

жануарға тиесілі пішінге ие болып, оның тірілей салмағының70-75%-на жеткен,

 

яғни, физиологиялық жағынан толысқан мерзімі.

 

 

 

 

 

 

 

Жануарлар

биотехнологиясы

молекулалық

жəне

жасушалық

əдістерді

қолдану

арқылы

генотиптерге

түзетулер енгізіп, тез жетілетін, ауруларға

төзімді

 

жəне жоғары өнімді мал

түрлерін

шығару

əдістерін

қалыптастыратын

ғыл

саласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасуша

тіршіліктің

ең кіші

бірлігі, ағзаның

құрылысы мен

тіршілік

əрекеттерінің жəне дамуының негізі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасуша генерациясының мерзімі (лат. generatio

- туу) – жасушаның кезекті

 

екі бөлінуі арасындағы мерзім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасуша циклі (гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер) – жасушаның бір бөлінуінен

 

екінші рет бөлінуіне дейінгі жасушада жүретін тіршілік үдерістердің жүйесі, ол

 

митоздан (мейоздан) жəне интерфазадан (G1, S, G2) тұрады.

 

 

 

 

 

Жасушалар

популяциясы (лат. populus – жұрт, ел) – жасанды

қоректік

 

ортада өсірілген жасушалардың жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасушалар

суспензиясы (лат. suspension – асып

қою,

ағ. suspension cell

 

culture)

– жеке

жасушаларды немесе кішігірім жасушалар топтарын арнаул

қондырғы арқылы ауамен қамтамасыз етіп жəне араластыра отырып, сұйық қоректік

 

ортада өсірілуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру – үздіксіз ағып кіріп тұрған жаңа

 

қоректік

орта

мен төгіліп

сыртқа

ағып

шыққан

жасушалар

суспензиясы

қарқынының (көлемдерінің) тең болуы.

Жасушаларды ағынды жабық жүйеде өсіру – жасушалар өсетін сұйық орта үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп құйылу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.

Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру– сұйық қоректік ортада өскен жасушалар суспензиясының бір бөлігі оқтын-оқтын алынып, оның орнына нақ сондай мөлшерде жаңа қоректік орта құйылып тұрады.

Жасушаларды жаңа қоректік ортаға көшіру(пассаж) (фр. passage-ery, ағ. subculture) – жасушаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар шыны ыдысқа ауыстырып отырғызу.

Жасушаларды қорландырып (мерзімді) өсіру – жасушалар суспензиясын жабық ыдыста бастапқы құйылған қоректік ортасында жаңартылмай өсіру.

Жасушаларды мұздатып сақтау (ағ. cryopreservation) – мұздатып алып, өте төмен температурада сақтау, мысалы, сұйық азотта - 196ºС температурада.

Жасушаларды турбидостатта өсіру– фотоэлементті қолданып биомасса концентрациясын тікелей бақылау арқылы, жасушаларды сыртқы жағдайдан ешқандай шектеусіз, үздіксіз өсіру.

255

Жасушаларды

үзіліссіз өсіру–

жасушаларды сұйық

қоректік

ортаның

үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру.

 

 

 

Жасушаларды

хемостатта

өсіру– құрамында

өсуді

тежейті

концентрациясы белгілі компоненті бар жаңа қоректік орта тұрақты жылдамдықпен биоректорға құйылып түсіп тұрады ,дасондай жылдамдықпен өскен жасушалар суспензиясы алынып отырады.

Жасушалардың кері немесе негативтік селекциясы (ағ. negative selection) –

белгілі бір жағдайлар жасап сұрыптау. Бұндай жағдайда жасушалардың жабайы типтері ғана бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиеттері бар мутант жасушалар бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.

Жасушалардың кері селекциясы(ағ. negative selection) – белгілі бір жағдайлар жасап сұрыптау, мұндай жағдайда жасушалардың «жабайы» типтері ғана бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиеттері бар мутант жасушалар

бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.

 

 

 

 

 

Жасушалардың тура селекциясы(ағ.

straight

selecyion) жасушаларды

тежегіштердің (ингибитор) қатысуында

өсіріп,

бұзылған метаболизмді

қалпына

келтіре алатындарын, яғни мутанттарды сұрыптау.

 

 

 

 

Жасушалық

биотехнология

жасушалық

жəне

ядролық

деңгейд

микроманипуляциялар жасау арқылы, бұрын байқалмаған ерекше жəне адамға

қажетті қасиеттері бар өсімдіктер мен жануарлар алу.

 

 

Жасушалық

инженерия (ағ. cell engineering)

– қайта

құрастыру,

будандастыру негізінде жасушаның жаңа типін жасау əдісі.

Жасушаларды жасанды

жолдармен будандастырғанда, сомалық (денелік) жасушаларды бір-біріне қосқанда будан геномы түзіледі. Ал жасушаларды қайта құрастырғанда жасушаның құрамына

кіретін

ядроны,

цитоплазманы,

митохондрияларды,

хлоропластарды,

хромосомаларды əртүрлі жасушалардан алып жаңа жасушаны жасайды.

Жасушалық селекция (лат. selectio

– таңдау, сұрыптау,

ағ. cell selection) –

сұрыптаушы қоректік ортаны қолданып мутант жасушалар мен сомаклонд варианттарын бөліп алу əдісі.

Жатыр – жатыр мойны, денесі, оң жəне сол түтікшелерінен құрылған шарана дамитын мүше.

Жəй (қарапайым) ақуыздар – протеиндер, молекулалары тек амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.

Жеке жасушаларды өсіру– жеке жасушаларды сирек отырғызып қоректік ортада өсіру; ол үшін өте құнарлы қоректік ортаны, «бағушы» немесе «қоректік қабатты» қолдану керек.

Жоғары дисперсиялық жасушалар суспензиясы – сұйық қоректік ортадағы жасушалардың жекелену дəрежесі жоғары суспензия ( бір топта 50 жасушаға дейін) жəне морфологиясы біркелкі жасушалар (мөлшері оташа, цитоплазмасы тығыз).

Жыныстық

қозу

қан

құрамындағы

жыныс

гормондарының арту

(эстроген, андроген,

т.б) əсерінен

малдардың жыныстық

белсенділігінің көрініс

беруі.

 

 

 

 

 

Жыныстық

цикл

аналық безінің

функционалды белсенділіктерінің

ритмикалық алмасуы салдарынан болатын, ағзадағы гормоналды тепе-теңдіктің өзгеруі.

256

З

Заттық жəне жабын əйнектері– жасушалық селекцияда жəне де басқа микроскопиялық зерттеулерде қолданылатын, түзу, ұзынша жəне жұқа төртбұрыш болып келетін əйнекшелер кесінділері.

Зертханалық дəріхана (аптека) – əртүрлі дəрі-дəрмектерді сақтауға арналған, көптеген суырмалары, сөрелері мен түсірілетін столдары бар шкаф.

Зигота – ұрықтанған аналық жұмыртқасы. Зиготаның екі кезеңдерін (стадиясын) ажыратады: екі пронуклеустар (кариогамияға дейін) жəне ересек зигота (кариогамиядан кейін) кезеңдері.

И

In vitro (лат. in vitro - шыныда) – шыныда, жасанды жағдайда.

In vivo (лат. in vivo – тірі орнанизмнің құрамында) – тіршілік иесінде, оның

құрамында, бөлінбеген күйде.

 

 

 

Идиотип (гр. idios –

өзіне тəн, typos – із,

таңба, үлгі,

қалып, ағ. idiotype) –

организмнің барлық гендерінің(ядродағы, митохондриядағы,

хлоропластардағы)

жиынтығы.

 

 

 

 

Изогендік желі (линия) (гр. isos – бірдей, тең, ұқсас, genos – шығу тегі, туыс)

– гомозиготалық организмдерден тұратын топ.

 

 

 

Иммобильденген

жасушалар (лат.

immobilis

жылжымайтын,

қозғалмайтын, ағ. immobilbsed cells) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі

қабатына бекіген немесе полимерлік гельдер

құрамына енгізілген, қозғаласы

шектелген, осы ортада өсетін жасушалар.

 

Иммуноферментік талдау (лат. immunitas –

құтылу, босану, ағ. enzyme

immunoassay) – «антиген-антидене» комплексінің ферменттік активтігін анықтауға негізделген иммунодиагностикалық əдіс; сезімталдығы өте жоғары.

Индукциялау (лат. induction – қозу, ағ. induction) – сыртқы орта факторлары немесе өсімдіктің бір бөлігінің екінші бөлігіне əсер етіп, өсімдіктің даму жолын белгілеу. Олар индукторлар, мысалы: гормондар, сыртқы ортаның түрлі факторлары, кейбір метаболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір

жүйеге

келтіреді,

себебі

сол жүйенің

ғана

индукторлық

əсерін

қабылда

мүмкіндігі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инокулюм (лат. inoculation – егу, ағ. inoculum) -

жаңадан

дайындалған

қоректік

ортаға

көшіріп

отырғызу

үшін

қолданылатын

суспензияның

азғант

бөлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интегумент (лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – дəнді өсімдіктердің

тұқым бүршігінің қабықша ұлпасы.

 

 

 

 

 

 

 

Интрон (лат. integumentum – жапқыш,

жамылғыш)

– ДНҚ молекуласында

мағыналы кодтардың араларында кездесетін мағынасыз нуклеотид тізбекте;

процессинг нəтижесінде

рестриктаза

ферментінің

əсерімен

интрон үзіліп түсі

қалып отырады да, қалған мағыналы тізбектерден пісіп жетілген информациялық РНҚ түзіледі.

Ипсиляторлық бет – аналық безінің овуляция жасалынған жағы.

257

I

In vitro жағдайында өсіру – фолликулалар немесе олардан бөлектенілген ооциттер, эмбриондардың арнайы дайындалған қоректік ортаға салынып, өсірілу əдісі.

In vivо жағдайында өсіру – аралық реципиенттерін пайдалану арқылы өсіру

əдісі.

Іздеуші аталық – күйіті келген аналықты анықтау үшін қолданылатын еркек малдар.

К

Каллус (лат. callus – қалын тері, ағ. callus) – ұлпа, өсімдік жасушаларының

ретсіз бөлінуінің нəтижесінде пайда болатын ұлпа.

 

 

 

 

Капацитация

– аналықтың

жыныс мүшесінің

ішіндегі

аталық ұр

жасушалары

– сперматозоидтардың

ұрықтандыру

қабілетінің

артуы(жұмыртқа

түтікшесінің қабырғасы жəне қынаптан бөлінетін шырыштардың əсерінен).

 

Кариогамия – екі гаметаның ядролық материалдарының бірігуі.

 

Кариотип (гр. karyon – жаңғақ, жаңғақтың

дəні)

– организмдегі

хромосомаларына тəн белгілерінің жиынтығы, ол хромосомалар саны, пішіні,

мөлшері, өлшемі жəне морфологиялық өзгешелігімен ерекшеленеді.

 

Катализатор

ағзада жүретін химиялық реакциялардың бағытын өзгертетін

немесе жүру қарқындылығын арттыратын арнайы молекулалар.

 

 

Катетерлер

қолдан

ұрықтандыру

мен

эмбриондар

тасымалда

қолданылатын арнайы істік тəріздес құрал.

 

 

 

 

Кері мутация (реверсия) (лат. reversio - қайту, қайтып келу) – организмнің

мутант күйінен, бірнеше мутациялардан кейін, «жабайы»

(қалыпты) фенотипке

қайта келуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері транскрипция – РНҚ молекуласында комплементарлыққа сəйкес ДНҚ

молекуласының синтезденуі.

 

 

 

 

 

 

Кетгут

операциядан

кейінгі жараны

тігуге

арналған, ұсақ

малдың

ішектерінен жасалынуы себепті, ағзамен біте қайнасып кете алатын хирургиялық жіп.

Клон (гр. clon – ұрпақ, бұтақ, ағ. clone) – қоректік ортада жалғыз бір жасушадан көбейген жасушалар тобы.

Клондау (ағ. cloning) – құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНҚ-ы молекуласы бар, бактериялық жасушаларды агарға сеуіп, ДНҚ молекулалары қоспасын бөлу. Бір бактериялық колонияны бір жасушаның ұрпағы деп түсіну керек, оның барлық жасушаларының құрамында бір типті рекомбинанттық ДНҚ

молекуласы бар.

 

 

 

 

 

Коваленттік

байланыс – электрондардың

жалпыландырылуы,

ортақ

электрондық жұптарының түзілуі

 

 

 

 

Кодон – бір амин қышқылына сəйкес иРНҚның тізбектелген үш нуклеотиді.

Компетенция (лат. competo – тура

келемін,

жетемін, жараймын) –

жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің,

организмнің

индукторлық

əсерді

қабылдап алуға қабілеттілігі жəне əсер еткен факторға жауап ретінде өзінің даму бағытын өзгертуі.

258

Комплементарлы ДНҚ (лат. complementum – қосымша, үстеме) – ферменттер

қатысуы арқылы жасанды жолмен(қолдан) синтезделген иРНҚ-ның

көшірмесі

(кДНҚ).

 

 

 

Комплементация

генетикалық (ағ. genetic

complementation)

– будан

жасушалар ішіндегі

əрекеттесу негізінде, ақауы

бар гендердің фукциясын өз

қалпына келтіруі.

 

 

 

Комплементация физиологиялық (ағ. physiological complementation) – будан жасушалардың белгілі бір жағдайларда көбеюге жəне морфогенезге қабілеттілігін қалпына келтіруі, ал сондай жағдайда ата-аналық жасушалардың ондай қабілетін көрсете алмауы; мұндай жағдайда ата-аналық жасушалардың ақаулығы қандай болсын бір мутацияларымен байланысты емес.

Корреляция (өсімдікке байланысты) (лат. correlation – ара қатыс, байланыс) - өсімдік мүшелерінің үйлесімді əрекеттесуі, ол метаболиттермен (трофикалық К.)

немесе

фитогормондармен (гормондық

.К) реттеледі

жəне

жалпы

өсімдік

организмінің үйлесімді өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

Криобиология – төменгі жəне өте төменгі температуралардың биологиялық

обьектілерге тигізер əсерін зерттейтін биологияның бір бөлімі.

 

 

 

Криоконсервация – төменгі жəне

өте төменгі

температуралар

арқыл

гаметалар мен эмбриондарды сақтау əдісі.

 

 

 

 

Криопротектор (гр. kryos – суық, аяз, мұз, лат. protector – қорғаушы, ағ. cryoprotectant) – жасушаның мұздап қату нүктесін төмендетіп, жасуша ішіндегі сумен байланысып, жасушаны механикалық жəне осмостық бүлінуінен қорғайтын зат.

Күйітті синхронизациялау – эструстарының бірдей мерзімде өтуі үшін, бір топ ұрғашы дараларға гормональды дəрмектер арқылы əсер ету əдісі.

Күрделі ақуыздар – протеидтер, олар екі бөліктен тұратын ақуыздар. Жəй ақуыздан жəне ақуыз емес бөліктен, оны протоэтикалық топ деп атайды.

Күшті промотор – РНК-полимеразасы үшін өте жоғары қабілетке ие, өзіндік ерекшелігі бар индивид.

 

Қ

 

 

 

«Қалыптасқан» жасушаларды

өсіру (ағ.

«habitual»

cell

culture) -

«қалыптасқан» жасушалар редифференциялану

немесе

каллус

ұлпаларын

мутациясы арқылы пайда болады; олардың негізгі белгісі – ол фитогормондар жоқ қоректік ортада өсуге қабілеттілігі.

Қолдан

ұрықтандыру – генотиптерді

қарқынды

түрде

жақсар

мақсатындағы

сұрыптау

жұмыстарында

құнды

малдардың

ұрықт

аналықтарды жаппай ұрықтандыру.

 

 

 

Қоректік орта (культуралды орта) – құрамында жасушаның тіршілігі үшін қажетті барлық компоненттері болғандықтан, биологиялық жүйелердің өсіп дамуын қамтамасыз ете алатын орта.

Қосымша метаболиттер (ағ. secondary metabolites) - өсімдік жасушаларында түзілетін, бірақ олардың тіршілігі үшін аса қажет емес заттар.

Құрылымдық ген (ағ. structural gene) – құрамында басқа биополимерлер (ақуыз, РНҚ-ы) құрылымы туралы информация бар нуклеотидтер тізбегінің бөлігі;

259