Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физра китап)) docx.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
207.17 Кб
Скачать

А, б және в арнайы медициналық топтардағы физикалық жаттығуларда қолданылатьш көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер

А тобы

Физикалық жаттығулар көрсетілімі: таза ауада орындалатын жалпы дамыту жаттыгулары, баяу және орташа темппен жүру, шаңғымен жүру, велосипед тебу, ескек есу, берілген жүктемеге жүрек реакциясын ескере отырып тыныс алу жаттығуларымен сәйкестендірілген жүзу. Сондай-ак жаяу жүріп кыдыру, жақын туризм де көрсетіледі. Жаттығу деңгейіне карай аздаған кашықтыкта жылдамдатылған жүгіру, кұралдармен, жүптасып жаттығу жасау. Сабак барысында дене калпын ауыстыру, дене тұлғасына арналған жаттығуларды аяк-колға арналған жаттығулармен сәйкестендіру, арканың венозды кан ағымын жаксарту үшін жаткан калыпта аяк-колды жоғары көтеру, басты козғалту, бас миының кан тамырларындағы кан айналысын жаксарту мақсатымен иык белдеуіне арналған жаттығулар.

Тыныс алу жаттыгулары: статикальщ (бір калыпты ырғакты тыныс алу, тыныс алуды жиілету, тыныс алу механизмін және тыныс алу циклының фазасын өзгерту, тыныс алу деңгейін төмендету), динамикалық (тыныс алу циклының барлығын немесе фазасын орындауды жеңілдететін жаттығулармен сәйкестендіру; өкпе желденуін және жылжымалдылығын жекелей арттыруды камтамасыз ету аркылы кабырға мен диафрагманың калыптасуын немесе артуын, кимыл-қозғалыс пен тыныс алудың тиімді сәйкестену дағдысын қалыптастыру). Бұлшық еттер мен байламдардың созылғыштығы. Босаңсуға арналған жаттығулар.

Миопиямен ауыратын студенттерге аэробты негіздегі циклдык жаттығулар көрсетілген, сондай-ак жүзу (көру органдарына тітіркендіретін эсері бар суык заттардың басқасы), үстел теннисі ойындары, бадминтон.

Ремиссия кезеңіндегі шектелумен және аскыну кезенінде орындалатын қарсы көрсетілімдер: циклды және ациклды айтарлыктай ұзак жүктемелерді жоғары интенситілікпен орындау; тыныс алуды токтатумен байланысты статикалык кернеулер; снарядтарды лактыру, жоғарғы жылдамдықта ұзак уакыт бойы жаттығулар орындау, секірулер, окыс орын ауыстырулар, бір текті жаттығуларды көп рет кайталаудан туындайтын шаршау; қозғалыстың максимальді амплитудасымен орындалатын сермеу жаттыгулары; катты күштеніп, басты және түлғаны катты еңкейтіп орындалатын жаттығулар; асылып тұру, жатқан калпында колды бүгіп жазу. Жүйке кызметінің типіне сәйкес коздыру немесе тежелеу процестерін күштейтін жаттығулар карсы көрсетіледі. Жацыннан көргіштік ауруы бар студенттермен өткізілетін дене шынықтыру сабақтарынан баспен томен карай домалау және тұру, екі метр биіктіктен асатын гимнастйкалык кабырғаларда орындалатын жаттығулар, скакалкамен көп реттік секіру, бір мезетте екі аякка тіреліп секіру, сондай-ак орындау кезінде кұлайтын және денені күрт шайқалтатын жаттығулар алынып тасталыну кажет. Сонымен қатар айтарлыктай бұлшык ет кернелуін және интенсивтілігін қажет ететін, тренажерларда орындалатын жаттығулар.

Б тобы

Физикалық жаттығулар көрсетілімі: асказан-ішек жолдары аурулары бар студенттер үшін біртіндеп киындатылатын және физикалык жүктемесі арттырылатын эр түрлі бастапкы қалыпта (арқада жатып, бүйірлеп жатып, төрт тагандап түрып, отырып және түрып) орындалатын жалпыдамытушылык және жалпы калыптастырушылык жаттығулар жасауға кеңес беріледі. Әр 3-4 жаттығудан кейін диафрагмалык тыныс алу орындалады. Ауырльщпен жасалынатын жаттығуларды аркада жатып немесе отырып, іштің бұлшык еттеріне аса күш түсірмей және іштің кысымын арттырмай орындау кажет. Мөлшерленген жүріс, баяу және орташа темппен жүгіру, шаңғымен серуендеу, орташа интенсивті спорттық және қозғалыс ойындары, жылы суда жүзу де өте тиімді.

Зат алмасуының бұзылуында төзімділікке тәрбиелеуге септігін тигізетін физикалык жаттығулар көрсетілген.

Зэр шығару жүйесінің аурулары бар студенттер бір калыпты интенсивті және циклді негізді түрлі бағыттағы жүктемелерді орындай алады.

Созылмалы гинекологиялык ауруларда іштің бұлшык еттеріне арналған, жатып орындалатын, кіші жамбас куысында орналаскан мүшелердің кан айналысын жақсартатын жаттығуларды орындау пайдалы.

Ремиссия кезеңіндегі шектелумен және асқыну кезенінде орындалатын қарсы көрсетілімдер: тамактанып болғаннан кейін 1 сағаттан кем емес немесе ашкарында орындалатын кез келген жаттығулар, сондай-ак аздап күштенуді кажет ететін, тыныс алуды токтататын шаршауды тудыратын жаттығулар. Сабактың бастапкы кезеңінде окыс кимылдар (секіру, жылдамдыкка жүгіру) шектеледі. Ішпен жату секілді бастапқы қалып та шектетіле пайдаланылады, ал аскыну кезеңінде мүлдем пайдаланылмайды.

Бүйректің созылмалы кабыну ауруларында окыс бүрылу, еңкею, дене тұлғасын бұру, секіру жаттығулары шектеледі; организмнің суықка ұрынуына жол берілмейді, ал жүзу сабақтарында аталған студенттердің суда болуы 15-20 минутка дейін ғана шектеледі. Нефроптоз анықталған студенттерге бүйректің одан ары томен түсуіне әкеліп соғатын секіру, үзак уақыт тік тұрып орындалатын т.б. жаттығуларды шектеу кажет.

Май және сулы-тұз алмасуы бүзылыстарында секіру (әсіресе екі аякка бірден тіреле), ұзақ жүгіру, жоғарғы интенсивті үлкен күшпен орындалатын жаттығулар карсы көрсетілген.

В тобы

Физикалық жаттығулардың көрсетілімі: жалпы дамытушылык және арнайы жаттығулар эр түрлі бұлшык ет тобын катайтуға, закымданған буындардың жылжымалылығын арттыруға, мүсінді түзетуге арналған жаттығулар. Ең ыңғайлы бастапкы калып омыртқаны максимальді босаңсытатын: арцада, іиіпен жату, төрттагандап тұру секілді қалыптар болып табылады. Ауырлыкпен орындалатын жаттығулар жаткан калыпта тыныс алумен және релаксациямен сэйкестендіріліп жасалынады. Омыртка бағанасының деформациясы (сколиоз, кифоз, лордоз) бар студенттерге брасс тәсілімен жүзу, шаңғымен жүру, ескек есу, волейбол ойнау, гимнастикалык қабырғада және гимнастикалык таякшамен орындалатын жаттығулар үсынылады.

Жалпактабандылыкта күралдармен орындалатын (аяктың саусактарымен карындашты, допты алу, оларды бір орыннан екінші орынға апарып кою, таякшаны табанмен домалату, табанды массаждау) жаттығулар, жүру түрлері (аяктың ұшымен, өкшемен, табанның сырткы қырымен) орындалады.

Координацияға және тепе-теңдікке арналған жаттығулар кеңінен қолданылады.

Ремиссия кезеңіндегі шектелумен және асқыну кезеңінде орындалатын карсы көрсетілімдер: сколиозда омыртканың кисайған бұрышының нүктелерінің жакындауына экеліп соғатын карсыласуға негізделген жаттығулар; катты күштеніп орындалатын жаттығулар шектеледі. Сондай-ақ денені және жамбасты айналдыру, колды алға айкастырып және отырған калыпта аякты артка айкастыру; тұлғаны алға-артка бүрып, екі жанға еңкею; айқастырылған адымдар; қолмен және аяқпен кезектестірілген қимылдар шектеледі. Физикалык жаттығулармен сабак барысында шектеу кимыл-қозғалыс аппаратының локализациясы мен ауырлығына тәуелді.

Аяк-қол артриті кезінде физикалык жаттығулар көбінесе отырган және жатқан калыпта орындалады, закымданған буындардағы бастапкы калып шектеледі. Аса ауыр жүктеме болмауы керек. Бел-сегізкөз радикулиті, остеохондроз секілді ауруы бар студенттерге окыс кимылдауға, тірексіз қалыптан еңкеюге болмайды. Жалпактабандылыкта тік түргандагы және бүралып түрган табан калпындағы аякка дене салмағының әсерін болдырмау керек. Сабактың бастапкы этаптарында статикалык жүктемелер шектеледі.