Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физра китап)) docx.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
207.17 Кб
Скачать

4.1. Негізгі оқу бөлімі топтарының тәжірибелік сабақтарының тақырыбы

Жалпы бағдарлама бойынша асырасыратын топтар үшін

ТАҢДАП АЛЫНҒАН СПОРТ ТҮРЛЕРІ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАТТЫҒУШЫ ТОПТАРҒА АРНАЛҒАН

(тандап алынған курс)

(Курстагы сагаттың жалпы келемінін %)

Мазмүны

Курстар

1

II

III

IV

Жалпы дене дайындығы (дене қасиеттерін дамыту)

30

30

20

15

Арнайы дене дайындығы (таңдап алынған спорт түрі бойынша)

20

20

20

15

Техника-тактикалық дайындық (таңдап алынған спорт түрі бойынша)

30

30

35

40

Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы (КҚДД)

10

10

15

20

Заманауи сауықтыру жүйелері

5

5

5

5

Дене жаттықтыру үрдісіндегі бақылау

5

5

5

5

Қорытынды:

100

100

100

100

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

Практикалық бөлімнің материалын жоспарлаған кезде жалпы және арнайы дене дайындығының құралдарын таңдап, сауыктыру жаттығуларын және оның комплекстерін кең қолдануға болады. Практикалық сабакты өткізу формасын ұйымдастыру мен эдістемелік қамтамасыз етуі бойынша, кұралдар мен эдістердің жиынтығы бойынша, студенттің жасаған жұмысының өткізу орны және есеп амалы бойынша әр түрлі болып келеді. Дене дамуының касиетіне келесі кұралдарды колдануға ұсынылады.

Жылдамдық. Спринтердің старттық жұлкудың, жылдамдатудың, жортудың жалпы дамыту және арнайы жаттыгулары.

Жүгіру: жай, акырын жүру, трусцамен, санды жоғары көтеріп жүгіру, балтырды сермеп жүгіру. Бакылау старттары: 100м., 500м., ІОООм. вираждың үстінде челнокті жүгіру және т.б.. Эстафеталар.

Әр түрлі жаттығуларды жылдамдыкка орындау (гимнастика элементтері, кимыл-қозғалыс және спорттық ойындарды).

Шыдамдылық. Сауыктыру жүгіру және шаңғы дайындығы (солтүстік аймактардағы ЖОО арналған). Ортаңғы, стайердің жалпы және арнайы жаттығуларының комплексі. Ойлы-кырлы жерлер бойынша жүгіру техникасын меңгеру. Кросс дайындығы. Бастауыш жүгірушілерге жаттығу бағдарламасымен дайындык эдістерін меңгеру. Шаңғы жолдарының техникасын меңгеру. Жеңіл атлетика және шаңғы бойынша жарыстарға қатысу. Ұзактылығы 10-15 минутқа дейін және 18-25 минут. Әр түрлі шыдамдылықты болу түрде орындау.

Иілгіштік. Белсенді және пассивті кедергілер, кең сілтеулер және т.б. жалпы дамыту жаттығулары. Статистикалык жағдайда максимальді амплитудамен жаттығуларды орындау.

Ептілік, қозғалыс координациясы және тепе-теңдік. Гимнастикалық және акробатикалык жаттығулары кеңістіктегі дэлдікпен, жылдамдық реакциясымен және қозғалысты аз уакыт интервалда жүргізуімен сипатталады. Қиындатылған жағдайда бір типтік және әр түрлі типтік жаттығуларды орындау. Қимыл-қозғалыс және спорттық ойындар. Комплекті эстафеталар (секіру элементтерімен, жүгіру, лактыру, айналу және т.б.), имитациялык және көңілді аудару іс-әрекеттері. Аяктың ұшымен жүру, өкшемен жүру, гимнастикалык орындыктың (жіңішке рейканың) үстімен жүру, бөрененің үстінде колмен эр түрлі жағдайда тұру жалпы дамыту жаттығулары. Статикалык тепе-теңдікті калыптастыратын изометриялык жаттығулар. Шаңғы мен конькиде сырғанағанда, велосипедпен ролик конькиін тепкенде тепе-теңдікті жетілдіру.

Күш. Құралмен және кұралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығуы. Гимнастикалык және көмекші снарядтармен жүргізілетін жаттығулар. Тартылуда және кедергіде, ауыр көтеруде болатын жаттығулар. Айналу жаттығу әдісі бойынша жаттығуларды орындау.

Ауыр атлетика элементтері. Ауыр атлеттердің жалпы дамыту және арнайы жаттығулары. Негізгі бұлшык ет топтарының жаттығулар комплексі. Итеру және жұлқу күш қозғалысының техникасын меңгеру.

Гир спортының элементтері. Жалпы дамыту және арнайы жаттығулар. Гирді жұлку және кысу техникасын меңгеру, сауыктыру-күштік және жаттьщтыру бағыттарының жаттығуларының комплексін меңгеру.

Атлетикалъщ гимнастиканың элементтері. Құралдармен (эспандерлер, амортизаторлар, гантелдер) жалпы дамыту және арнайы жаттығулардың комплексімен және өзінің салмағын жеңіп шығу. Салмак салу аркылы жеке меншік түрдегі жаттығулар комплекстерін меңгеру. Тренажерлерде орындалатын эр түрлі бүлшык ет топтарының жаттығуларын орындау.

СПОРТ ТҮРЛЕРІ

Гимнастика. Эмоциялык-ритмикалык музыкамен орындалатын жалпы дамьпу жатгығулары, жүгіру, секіру және би элементтері.

Әр түрлі ұзақтылыктың, киындыктың, ритмикалық күрылымның, интенситвтіктің жаттығулары. Билеу жаттығуларының формалары. Музыкамен орындалатын киын қозғалыс комплекстерін жеке меңгеру. Сынақтың және жарыстың ритмо-билеу бағдарламасын орындау.

Атлетикалық гимнастика. Дене бітімінің эр түрлі дефектілерін жою үшін атлетикалык гимнастиканың салмақ салу жаттығуларын колдану, сонымен қатар бүлшык еттерді катайту және жұмыскерлігін жоғарлату.

Барлық жастык топтарға атлетикалык гимнастиканың эдістемелік негізі, жаттығуларды аз салмакпен жиі-жиі қайталауы болып табылады. Қолдың күшін дамытатын жаттығуларға көп көңіл бөлінеді.

Атлетикалык гимнастика сабағында жалпы дамыту жатгығуларықолданылады: гантелмен, гирмен, эспандермен, темір таякпен, тренажерлерде, штангамен.

Спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары. Теориялык мэліметгер: жарыстың ережелері мен даму тарихы. Ойыншыньщ жалпы дамыту және арнайы жаттығулары. Баскетбол, волейбол, футбол техника элементтерін меңгеру және жетілдіру. Допты меңгеретін және баскаратын негізгі эдістер, екілік және үштік жаттығулары. Эстафеталар, имитациялык және көңілді аудару іс-әрекеттері, финтгер. Әр түрлі сандык қүрамдағы ойындар. Достастык және бақылаулык екі жақты ойындар. Жарыстарға катысу.

Баскетбол. Тұрыс, бұрылыстар, адымдап жүру, козғалу, допты алып жүру, лактырулар. Техникалық және тактикалык іс-эрекеттерге оқыту. Орында және қозғалыста допты (бір, екі) ұстау және лактыру. Допты бір орында және алдыға қозғалғанда алып жүру. Допты эр түрлі нүктелерден және екі кадамнан кейін лактыру. Командалык ойындар.

Допты ұстау және лақтыру. Бір орында (бір, екі) алдыға козғалғанда, карама-қарсы қозғалыста, кедергімен.

Допты алып жүру. Допты (бір, екі) кадаммен, жүгірумен, бұрылыстармен алып жүру. Допты (бір, екі) бір орында, алдыға қозғалғанда, карама-қарсы қозғалыста, кедергімен ұстау және лактыру.

Допты шеңберге лақтыру. Допты кеудесінен екі қолмен, иығынан бір колмен (бір орында, нүктелерден) лақтыру. Екі кадамнан кейін (оң және сол колмен) допты шеңберге лактыру. Айып алаңынан лактыру және секіруде лактыру.

Волейбол. Тұрыс және қозғалыс. Допты қозғалыста және бір орында (алға, артқа, оңға, солға) кабылдау және лақтыру.

Доппен әрекет жасау. Допты бір орында және қозғалыста жоғарыдан екі (бір) колмен лактыру.

Допты қабылдау: жоғарыдан, астыдан, бір орында және алға, артқа, оңға, солға қозғалысында.

Допты лацтыру: шеттік, төменгі, жоғарғы тік, тор үстінен, аймақтарға. Допты лактырғаннан кейін допты қабылдау, сактандыру. Командалык ойындар.

Футбол. Бір орында және қозғалыста (алға, артқа, оңға, солға) допты әріптеске аяқпен (оң, сол) тебу. Допты какпаға түсіру үшін аякпен (оң, сол) тебу. Қомандалық ойын.

Футболшының цозгалысы. Жүру түріндегі жаттығулар, баяу жүгіріс, жылдамдыкпен жүгіру, жылдамдык, қосымша қойылған кадамдармен жүгіру; тік және доға бойынша әр түрлі бағыттарда; қарама-карсы бетке, зигзаг бойынша қозғалу.

Допты тебу футбол ойынының техникасының негізін кұрайды. Ойыншы допты аякпен тебу аркылы допты әріптесіне тебе алады, какпаға соғады, допты алып жүру және баска әрекеттерді жүзеге асыра алады.

Доптың қабылдануы өкьиемен, табанның ішкі және сырткы жағымен, санмен, алкыммен, аяктың ұщымен, кеудемен және баспен жүзеге асырылады.Допты алып жүруі алкымның сырткы және ішкі бөлімімен, ішкі жағымен орталык алкыммен немесе аяктың ұшымен бір немесе оң және сол аяктың кезектесуімен жүзеге асырылады.

Допты тартып алу. Допты тартып алу кезінде допты жақсы меңгеретін ойыншының қасына жақындап, ол допты жолту кезінде аякты допка карсы тебу керек. Екілік, үштік жаттығулары.

Қацпаіиының ойын әдістері. ойын барысында какпашы бір орында тұрмайды: ол допты кағып алады, допты теуіп жібереді, какпаны корғайды, ұстап алған допты алаңға тебеді немесе оны аякпен алып жүреді.

Қимыл-қозғалыс ойындары. Қимыл-қозғалыс ойындарының үлгілері: «Нысананы көздеу», «дөңгелек» лактыру, «Аңшылар мен кояндар», «Беріп- отыр», «Жылжымалы нысана», «Тез беріп үлгер», «Допты ұр», «Шеңберді дәлде», «Кім ұзакрак», «Қақпаны көздеу», «Дэлдеп беру», «Айналып өтіп, допты қакпаға сок», «Футбол слаломы», «Доптың артынан», «Допты ұстап ал», «Допты алып жүру», «Екі допты алма кезек лактыру», «Ауадағы доп», сондай-ак казак ұлттык ойындары: “Аксүйек” секілді ұлттык ойындармыздан бастап, “Қармак”, “Үйрек ату”, “Көмбеден доп шығару”, “Аң аулау”, “Таяқ жүгірту”, “Садак ату”, “Қакпа тас”, “Қарагие” және т.б.

Жеңіл атлетика. Теориялык мэліметтері: даму тарихы және жарыс ережелері. Спринттің, эр түрлі старттык жұлкулар мен жылдамдыктын жалпы дамыту және арнайы жаттығулары.

Жүгіру. Акырын жүгіру, санды көтеріп жүгіру, балтырды сермеп жүгіру және т.б. ортаңғы стайердің жалпы және арнайы жатгығуларының комплексі. Ойлы- кырлы жерлермен жүгіру. Кросстың дайындык бакылау старттары: 100м, 500м, ІОООм. Вираждың үстінде жүгіру, челнокті жүгіру және т.б. кесінділерде жылдамдату. Эстафеталар. Қимыл-қозғалыс ойындары.

Затты лақтыру. Лактырушылык жалпы дамыту және арнайы жаттығулары. Жеңілатлетикалык снарядтарды лактыру техникасын меңгеру. Лактырушының жалпы және арнайы күшін дамытуға тығыздалған доптармен және баска да кұралдармен жаттығулар жасау.

Секірулер. Секірушінің жалпы дамыту және арнайы жаттығулары. Әр түрлі амалдармен секіру элементтерінің жаттығулары. Секірудің техникасы (орыннан ұзындықка, жүгіріп үзындыкка). Жекешелендірумен секіру жаттығуларының комплексін меңгеру. Дене жүісгемесінің жаттыктыру эффекті туралы түсінік. Көп секіру (үш, бес және т.б.).

Шангы спорты. Теориялык мәліметтері: даму тарихы және жарыс ережелері. Шантымен саптык командаларды орындау, оқу алаңында шантымен және шаңғының үстінде эр түрлі амалдармен козғалу. Жоғары көтерілу және томен түсуді үйрену, бір орында және қозғалыста токтау және бұрылу.

Ойлы-қырлы жерлерде шаңғымен козғалу техникасы. Уакытка кашыктыкты баяу және орташа темппен жүгіріп өту. Шаңғы эстафеталары. Әр түрлі қадамдардың техникасын меңгеру.

Адътдап жүру қадамы. Адымдап жүру кадамы «шаңғыны сезінуін», «карды сезінуін» дамытатын қүралы болып табылады. Адымдап жүру кадамы сырғанап жүруді үйрететін жаттығу секілді болады. Адымдап жүру кадамы - бұл шаңғыныңұшып кезектесіп көтеріп журу, ал шаңғының арткы жағы карға енгізіліп кетеді де, дене алға карай еңкейіп тұрады.

Сырганау қадамы. Сырғанау кадамы барлық шаңғы жолдарының негізгі элементі болып табылады. Бұл қадаммен жүрген кезде шаңғышы сол және оң аяғын кезектестіріп сырғанайды.

Кезектік екі қадамдьщ жүру. Амалдың әр әрекетінде екі сырганау қадамы (оң және сол аякпен) орындалады.

Жүзу. Теоретикалык мәліметгері: даму тарихы және жарыс ережелері. Жүзушілердің жалпы дамыту және арнайы жатгығулары. Жүзудің (брасс, кроль) негізгі амалдарының техникасын меңгеру. Суда өзін-өзі ұстаудың дағдысын калыптастыру. Экстремальді жағдайларда судың ішінде шыдау, сүңги білу, судың бетіне қалқып шығу, батушыны кұткару амалдары мен көмек көрсету эдістерін білу. Судың кедергісіне төтеп беру. Сауықтыру және жаттыктыру режимінде, жүзудің тандап алынған стилінде жаттыктыру бағдарламасын меңгеру. Борттан, трамгаганнен, мұнарадан суға секіру.

Жердегі жаттыгулар. Жүзушінің жалпы дамыту жаттығуларының комплексі. Қолдың екі жакка, жоғары жасалынатын жулкылау қозғалыстары: колдың артка, алға бір уақытта жасалынатын айналдыру қозғалыстары. Қолдың артка кезектестіріп айналдыру қозғалыстары. Әр жакка бағытталған айналдыру қозғалыстары. Қолмен есудің имитациялык қозғалысының орындау амалы: «аркада кроль», «кеудемен кроль», «брасс».

Қолмен жұмыс жасау. Аякты ұстап тұратын такталарды, үрленген шеңберлерді колдана отырып, судың ішінде есуді орындау (тек сол колмен, тек оң колмен, бір уакытта екі колмен) және т.б.

Аяцпен жүмыс жасау. Судың ішінде кеудемен жатып, борттан екі колмен ұстанып аяк кимылын кемсі амалдармен орындау: «аркада кроль», «кеудемен кроль», «брасс». Судың ішінде тактайды колмен ұстап тұрып (кеудемен және аркамен жату жағдайында) аяк кимылдарын орындау «аркада кроль», «кеудемен кроль», «брасс». Аяк, кол жумысы және демалудың біркелкілігі.

Суда дайындау жаттыгуларын меңгеру. Жүзе алмайтын адамдарға «аркада кроль» және «кеудемен кроль» амалдарымен жүзу техника элементтерінің жаттығулары. Демалу элементтерімен техника элементтерін бірлестіру жүзудің таңдап алынған амалының техникасын жетілдіру: бір аяктың көмегімен, тактайлармен, колдың әр түрлі жағдайда болуымен жүзу және судың астында демалуды ұстау. Бұрылыстар техникасын оқыту. Қолданбалы жүзу. Сүңгу. Батушыларға көмек көрсету әдістері.

КӘСІБИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

ККДД мақсаты - арнайы іс-әрекетке психофизикалык дайындык және кэсіби физикалык қажеттілік.

Студенттердің КҚДД айырмашылығы деп оның болашак маманның қалыпты жағдайда арнайы дене дайындығына күнделікті тексеру жүргізбей эсер етуін санауға болады. КҚДД міндеттері болаишқ мамандықтың ерекшеліктерімен анықталып, келесіге ұштасады:

  • арнайы білімді қалыптастыру, колданбалы ептілік пен дағдыны меңгеру;

  • кэсіби-тұлғалык қасиетті дене шынықтыру кұралдарымен тәрбиелеу және жетілдіру;

  • тіршілікте оқу-жаттыктыру және сауыктыру бағдарламасын жетістікті орындауға арнайы колданбалы психофизикалык қасиеттерді тәрбиелеу.

ККДД құралдарын келесі реттілікпен топтастыруға болады:

  • эр түрлі спорт түрлерінің колданбалы дене жаттығуларымен бөлек элементтері;

  • колданбалы спорт түрлері;

  • КҚДД бөлімі бойынша оқу процесін толыктыратын косымпіа спорт түрлері;

  • гигиеналык факторлар.

ЗАМАНАУИ САУЫҚТЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Демалу гимнастикасы. Демалу үрдісін калыптастыру. Арнайы демалу жаттығулары. А. Стрельникова, К. Бутейко, К. Динейко және т.б. демалу жүйесі.

Релаксациялық гимнастика. Релаксациялык гимнастиканың ерекшелігі дене жаттығуларын босаңсумен үйлестіру.

Ритмикалык гимнастика. Гимнастиканың бір түрі, негізгі мазмұны эмоциялык-ритмикалык музыканы колдана отырып, жалпы дамыту жаттығуларын, жүгіруді, секіруді және би элементтерін орындау. Ритмикалык гимнастиканы сауықтыру дене шынықтырудың барлык формаларына енгізеді. Ритмикалык гимнастикада жалпы дамыту жаттығуларын колданады: мүсінге, тепе-теңдікке, гимнастикалык таякпен, резина және тығыздалған доптармен; эр түрлі бастапкы калыпта жасалынатын жаттығулар.

Аэробика (грек тілінен аэро - ауа, биос - өмір). Жүрек кантамырларының және демалу жүйелерінің функционалдық мүмкіншілігін жоғарлатуға багытталған және шыдамдылыкпен (жүру, жүгіру, жүзу және т.б.) байланысты циклдік спорт түрлерінің жаттығулар жиынтығының жүйесі.

Калланетика. 30 жаттығудан тұратын әйелдерге арналған багдарлама, көбінесе изометрикалык режимде орындалады және тереңде орналаскан бұлшык ет топтарын белсендіреді. Жаттығулар комплексі 4 бөлімнен тұрады.