Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

тәрбие әдісі

.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
31.37 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ» университеті

Баяндама

Тақырыбы: «Халық педагогикасындағы тәрбиенің әдіс - тәсілдері және құралдары.»

Орындаған: ПиП – 13-2 тобының студенті

Әшімова Т.Т.

Тексерген: аға оқытушы Шутенова С.С.

Қарағанды 2015

Қазақ этнопедагогикадасындағы тәрбие мақсаты- қазақ халық педагогикасындағы адамның халықтық идеалы «сегіз қырлы, бір сырлы» жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеу. Дегенмен, этнопедагогиканы меңгерудегі бір баса ескеретін жайт барлық этностардағы тәрбие мақсатының біртұтастығы.

Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбие мақсатына жетуде дана халқымыздың бүгінгі ғылыми педагогикада айрықша аталып жүрген тәрбие міндеттерінің жүзеге асырылуы қарастырылған.  Атап айтқанда, халық педагогикасындағы рухани адамгершілік және отансүйгіштік тәрбие.Халық түсінігіндегі ар, ұят, руханилықтың ауыз әдебиетіндегі орны өте зор болды. Сол секілді дін жеке тұлғаны қалыптастырудағы негізгі фактор ретінде қызмет атқарды. Мәселен, қасиетті Құран кітабының балаға рухани адамгершілік тәрбие берудегі  ролі мен Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. хадистеріндегі тәлім-тәрбиелік қағидалардың бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі мәні айрықша. Сол секілді қазақ халық педагогикасындағы жеке тұлға бойында Отандық патриотизмді қалыптастырудың алатын орны, маңызы ерекше.

Халық педагогикасындағы айрықша мәнге ие тәрбиенің жетекші міндеттері деп еңбек және дене тәрбиесінің үздіксіз жүзеге асырылуын атап өтуге болады.

Қазақ халқында жеке тұлғаны еңбекке тәрбиелеуде отбасындағы балаларды кәсіпке дайындау ересектер тарапынан мақсатты, жүйелі, балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктеріне сай жүргізіліп отырады. Ер балалар мен қыз балалар кәсібінің өзіндік айырмашылықтары орын алды.

Сондай-ақ, ата-бабаларымыз баланың алғаш дүниеге келген сәтінен бастап дене тәрбиесінің міндетінің ұйымдастырылып, жүзеге асырылуына ерекше мән берді. Бұл орайда баланың дене күтіміне қатысты атқарылған отбасындағы түрлі дәстүрлердің, ұлттық ойындардың, еңбек түрлерінің тәрбиедегі ролі зор болды.

Сол секілді қазақ халық педагогикасында эстетикалық және ақыл-ой тәрбиесінің жүргізілуі де айрықша мәнге ие болатын.Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие міндеттерін атқаруда қол өнер түрлері, еңбек, табиғат, ауызекі шығармашылық, халықтық ән-күй, би өнері баға жетпес роль атқарған. Халықтық тәрбиеде жас ұрпақтың ақыл-ойын жетілдірудің таптырмас құралы - ұлттық дүниетаным, ұлттық ойындар деуге болады. Мәселен, халық күнтізбесінің өзі біздің ата-бабаларымыздың ақыл-ой қызметінің жемісі деуге болады.

Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері мен құралдары

Халық педагогикасындағы тәрбие мақсатына жетуде жолын анықтау үшін ата-бабаларымыз бірқатар тиімді тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін жасап, ұтымды пайдалана білген. Тәрбие әдіс-тәсілдері: ақыл-өсиет, үлкендердің үлгі-өнегесі, еліктеу, ақыл-кеңес беру, түсіндіру, жаттықтыру, үйрету, көрсету, ынталандыру, жігерлендіру, сендіру, тілек айту, өтініш білдіру, қолдау-қолпаштау, мадақтау, алғыс айту, бата беру, жазалау, ұрып-соғу, қорқыту, ұялту, сынау, қарғыс, теріс бата беру және т.б.Атап айтсақ, үйрету, көрсету. «Көре, көре көсем болады» деп халқымыз тегін айтпаған. Қандай да бір дағдыны бала алдымен ересек адамнан үйренеді. Үлкендер белгілі бір істі өз әрекеті арқылы көрсетіп, ұғындырып, кейіннен баланың өз берінше тиянақты тыңғылықты орындап шығуын қадағалаған.

Ыммен талап қою. «Ақылдыға ым да жеткілікті, ақялсызға таяқ та аз», «Ымды түсінбеген дымды түсінбейді» дейді халық даналығы. Баланың жақсы, игі істерін көргенде оны ынталандыру үшін ересектер жылы жүз танытып қолдайтынын сездіріп отырған. Ал, теріс, жағымсыз қылығы үшін қабақ шыту, жөткіріну, бет қозғалысы (мимика) арқылы реніш білдіріп, оғаш қылығын доғаруды талап еткен. Бұл тәсілді әсіресе жас балалар үшін қолданған тиімді, орынды болады. Ал, ересектерге олардың іс-әрекетіне деген көзқарасты тұспалдау арқылы жеткізген жөн.

Халықтық тәрбие құралдарына жатады: әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі шығармашылық: ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақта;табиғат ,ұлттық ойындар, халықтық музыкалық шығармашылық: әндер, билер, күйлер, сәндік-қолданбалы өнер түрлері, халықтық мерекелер: Наурыз, Айт (Ораза айт, Құрбан айт) т.б. ).

Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан.Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бәрі тәрбиелейді, барлығы тәрбиеледі, бәрін тәрбиеледі.

Адамды жетілдіруді халық мейлінше нақты және анық түсінді: сөзі жетілген адамның синтездік бейнесі ғана емес, сондай ақ нақты жетілулер еңбекте, ақыл – ой адамгершілік – құлық, әсемдікке жетілуді қалыптастыруды қамтамасыз ету жайында болды. Жетілген тұлғаның нақты сипаттары тек тілек – сөздер төңірегінде болған жоқ, олар тәрбие тәжірибесімен тығыз байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының қуатты тұстарының бірі болып табылады.

Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақтылау, толықтыру және жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасында кеңінен мәлім болды.

Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлнрі бар. Дәстүрлі бата – тілектер әсерлі ықпал етуді көздеді. Балалар достарына, есейе келе өзіне, үлкен ағаларына, ата- аналарына, ауылдастарына ант берді. Балалар ортасындағы серттер сөзге, борышқа, достыққа берік болу міндеті сипатында болды. Халықтық пікір анттарға байыпты қарым – қатынасты ұдайы қолдап отырды. Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының бірі – ойындар. Халық педагогикасы олардың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы факторын көреді. Оның «Бала өсірген ата- ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаздар бала болып ойлайды» деді осыдан.

Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру, сауық – сайран мен балалар үшін қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының ден күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәне бар.

Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім – нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары және әдет – ғұрыптарымен,шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамыс бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар жиынтығымен бірге ең ақырында, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін белгілейді, белгілі өмірі тәжірибесі сондай – ақ ішкі мақсат пен дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткеншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды және бағыттайды. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. «Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші – қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын – сауыққа айналдырып әкетеді » - деп жазған екне Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан повесінде».

Өркениетті, мәдениетті елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз маңдайына бұйырмаған ата – бабаларымыз жас ұрпаққа ұсыеар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырған. Түз далада не жүйрік – тіл жүйрік! Тілдің әсерлі, ықпалды құдіретіне сенген. Сол себептен де «Ұлы сөзден ұлағат», демекші, халық педагогикасының нәрімен суарылып, өзінің тәрбиелік нәрін күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан бірден – бір киелі мұра – фольклор.

Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол елдің тұрмыс – тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Сол жырларға қарап, елдің әдет – ғұрпын, ой – санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Сонымен қатар фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы – қасіреті мен мұң- зары, келешектен күткен арман- тілектері айқын көрініс тапқан. Әрбір айтушы – импровизатор өз тыңдаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік сезімін келелі ой – ниеттерге бастап отырған.

Ғылымда халық поэзиясын «Фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «Фольклористика» деп атайды. Неміс ғалымы И.Ф. Кнафльдің анықтауынша фольклор халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор шығармаларының ерекшелігі тәрбиелік қасиеті – ол қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінде еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкері көбіне мұрат – мақсаттарына жетіп

Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау бақсылық нанымға, діни әдет – ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді тұрмыс – салт жырлары деп атаймыз. Мұны мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге бөлуге болады.

а) Төрт түлік мал туралы

ә) Діни әдет – ғұрып тудырған жырлар

б) Үйлену жырлары

в) Ұлыс жырлары

г) Бөбек жырлары

д) Жаназалау жырлары

ж) Шешендіксөздер, мақал – мәтел, жұмбақтар.

Тәрбие процесіндегі жас ерекшелікті ескере отыра ұл мен қызды адамгершілік инабаттылыққа, еңбекке, әсемдікке тәрбиелеуде, ұлтымыздың ұлттық мәдениетіне, тіліне, дініне баулуда фольклор материалдарының ролін есепсіз деп айта аламыз.

Қазақ баласының басының көп болғанын тілеген халық неғұрлым көп болса, солғұрлым, байлықтың көзі, бақыттың өзі деп түсінген. Оған халқымыздың аялы перзенті Еркенекті Саршуаш бидің пікірін айтсақ жеткілікті. Әрбір баласы бардың бір ру елде малы бар. Екі баласы бардың екі рулы елде малы бар. Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар. Төрт баласы бардың төбеден салған жолы бар. Бес баласы бардың дес бермейтін күші бар. Алты баласы бардыңалладан басқа несі бар» дегенінен балажанды халық екенімізді көруге болады.

Халқым баурында өсірген балапанының бойынан мінез – құлқында, ақыл – парасатынан, жүріс – тұрысынан ең арғысы тілінен бір мүкіс болиас үшін ойын түрін ойлап тапқан халық – ондай ойынның бірін жаңылтпаш дейді.

Қазақтың жаңылтпаш қазіргі педагогикалық оқу орындарындағы «Дефектология» факультетінің қызметін атқарады. Бұл факультеттердегі арнайы білімі бар ұстаздардың еңбек түрін, әдіс – айналасын біздің қазақтың кез келген жанұясында, ойын – сауығында «жаңылпаш» арқылы баланың тілінің мүкіс болмасын ескерген.

Қазақтың салты бойынша ойын – сауыққа жиналған жастар ән салып, өлең айтуға тиіс. Егер айта алмаса онда жаңылтпаш айту керек. Ойын басқарушы алдымен өзі мәніне келтіріп айтады, сонан соң оны ол қайталайтын болған.

Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол – жұмбақ. Жұмбақ деген ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жаннды - жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейінін ұштау ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отыра, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше.

Мысалы: арбаны жұмбақ қылғанда, оны адамға тәріздеп ұқсатып былай сипаттайды.

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының

Тимейді үші жерге таяғының

Қолдарын хайуанға арта тастап,

Салады әуезіне баяғының

Қазақ халқының жұмбақтарының күрделі бір тобы – төрт түлік малға, хайуанаттар арналған – ол жұмбақтарды жастарға айтқанда әрбір малдың өзіндік мінез – құлқы, қасиеті, түр сипаты, өзіндік жасайтын қызметі суреттеледі. Жұмбақ баланың дүние тану әлемін, ой өрісін, білімін тереңдететін, әр бір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жан – жансыз нәрсенің адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда халқым баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды.

Ертегі. Ертегілер жанрлары әр қилы. Олар қиял – ғажайып, тұрмыс- салт, хайуанаттар және сыншыл ертегілер. Ертегінің қай түрі болсада бала жанына жақын, баланың хиялын, ойын өрге сүйрейтін, еңбек сүйгіш, қолынан келмейтін өнері жоқ, өнегелі, «жеті қырлы, бір сырлы» - болуға тәрбиелейд.

Шешендік сөздер қазақ фолклорында жасалып , сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрінде айтылатын даналыққа толы нақыл үлгілері.

Мақал – мәтелдер халық творчествосының төл жемісі, халықтың моральдық кодексі, тәрбиетеориясы. Мақал – мәтелдерді көне түркі тілінде «аталар сөзі» деп те атайды, яғни бұл «атадан балаға мирас болып» келе жатқан қазына деген сөз. Әр халықтың мақал - мәтелі сол халыхтың өзі жасаған логикалық формуласы, ережесі. Ол көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп – жеңіл, оп оңай, бір- ақ сөзбен түсіндіреді, ұғындырады. Туған елдің қадір – қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелемей – ақ: «Ел іші алтын бесік», «Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол» деген сияқты екі – үш сөзбен Отан қадірін түсіндіруге болады. Орыс педагогы К.Д. ушинский мақал – мәтелдер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибесін қорытындылаушы, нағыз халық педагогикасы деп санады. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, балалар тәрбиесі саласындағы мақал – мәтелдер, сондай – ақ басқа да қанатты нақыл сөздер, сөздің інжу – маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірдің тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арман мүддесі қалыптасып сақталған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика:методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998.

2. Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы:Рауан, 1998.

3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996.

4. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: Әл-Фараби, 1995.

5.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995

6. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992

7.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.

8. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993

9. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы.

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.