Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Administrativnoe_pravo(1).doc
Скачиваний:
204
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

3. Әкімшілік шығармашылық

Процессуалдық құқық саласында сонымен қатар әкімшілік іс жүргізуде де әдеттегі өндірістер ұсақ бөлімдер жиынтығынан құралады, негізінен процесс ол өндірістердің жиынтығы.5 Әкімшілік шығармашылық – индивидуалды нақты әкімшілік істі шешетін және қарастыратын өкілетті субъектілердің қызметін нормативті реттейтін тәртіп.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сүйенсек, әкімшілік шығармадан бірнеше жеке процессуалдық әрекеттерді бөліп қарастыруға болады және де кезеңдерді қарастыруға болады:

  1. әкімшілік құқық бұзушылықта – істі қозғау;

  2. істі қарастыру;

  3. әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша шешім шығару;

  4. қабылданған шешімді орындау;

  5. шешімге қарсы шағымдану.

    1. Әкімшілік құқық бұзушылықта істі қозғау басты кезеңі болып табылады, өзінің нақты мақсаты және процессуалдық рәсімдеуге ие. Осы кезеңнің маңызы процессуалдық құжатты және әкімшілік құқық бұзушылықты протоколдарын құру болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықта істі қозғау негізі болып, тұлғамен әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған болуы керек. әрбір құқық бұзушылық жасалған кезде өкілетті немесе лауазымды тұлға арқылы хаттама жасалуы керек. Заң бойынша айыппұл алынатын болса, болмауы мүмкін.

Істі қозғау әкімшілік қатынасты тудыруға негіз болып табылады, істелген құқық бұзушылықты табу және оның процессуалдық рәсімдеу жасау. Сонымен қатар, іс бойынша олардың әрекетінде әкімшілік заңдылықпен көрсетілгендей құқық бұзушылық құрамы болуы қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша істі қозғауға және протокол жасауға Қылмыстық құқық бұзушылық кодексінің 248\1 бабында көрсетілген өкілетті тұлғалар жасай алады, олар:

- ішкі істер бөлімінің лауазымды тұлғалары: әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша шешімге қарсы шағым шешім шығарылғаннан кейін он күн ішінде жүзеге асырылу қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша шешімге қарсы прокурор протест жасауы мүмкін.

Қарсылық және шағымды қарастырған орган, оның шығарылған шешімнің заңдылығын қарастыру қажет. Содан соң келесі шешімдер қабылданады:

  1. шешім өзгеріссіз қалдырылады және шағым қанағаттандырылмайды;

  2. шешім алынып тасталынады және іс жаңа қарастырылуға жіберіледі;

  3. шешім жойылады және іс тоқтатылады;

  4. жаза қолдануы өзгертіледі және өзгерген жағдайда ол сол жазадан төмен жаза болуы керек;

  5. шығарылған шешімді орындау - әкімшілік құқық бұзушылықтағы шығарманың соңғы кезеңі болып табылады.

Әкімшілік жаза қолдану шешімі барлық орындайтын мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар орындауға міндетті болып табылады.

Орындау шығармашылығы келесі жағдайларды тоқтатылуы мүмкін;

- Әкімшілік жазаны қолдануды жоятын амнистия атісінің шығуы;

- Әкімшілік жауаптылыққа тартатын актінің күшінің жойылуы;

- Шешім шыққан тұлғанаң қайтыс болуы;

- Егер ол қару болса немесе құқық бұзушылықтың объектісі болса;

- Тұтқынға алған кезде немесе тінту кезінде алынып қоюы мүмкін.

Алып қоюды тек қана соған құқығы бар өкілетті органдар ғана жүзеге асыруы мүмкін. Олар және сол заттарды немесе құжаттарды сақтайды және іс бойынша қарастырады.

Соны айту қажет, алдын алу шараларын қолдану ол міндетті емес, ол құқығы болып табылады, ол өкілетті органның міндеті болып табылмайды.

    1. Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарастыру - әкімшілік шығарманың негізгі кезеңі болып табылады, ол кезеңде процессуалдық қызметтің негізгі ерекшеліктері анықталады.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарастыруды келесі органдар және лауазымды тұлғалар жүзеге асырады (ӘҚБтК – 538, 543, 576 б.б):

  • әкімшілік комиссия, заңмен көрсетілген шектеулерден басқа барлық қызметті атқарады;

  • ауыл, село және поселка әкімшілік басшысы;

  • кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша аудандық, қалалық комиссия, әкімшілік құқық бұзушылықтағы кәмелетке толмағандар ісі бойынша (ӘҚБтК

  • аудандық және оған теңестірілген соттар (ӘҚБтК – 538);

  • Ішкі істер органдары;

  • әкімшілік қадағалау функциясын атқаратын лауазымды тұлғалар және органдар, оларға мысал ретінде, мемлекетттік от сөндіру қадағалау органы, теңіз және өзен реестрінің транспорттық инспекциясы, энергетика және жер ресурстар министрлігінің органдары, орман шаруашылығының органы, мемлекеттік статистика органы, Ұлттық патенттік ведомство және т.б.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісіне қатысушы тұлғалардың құқықтық статусы заңмен белгіленген. Оларға жататындар:

    • әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғалар;

    • жәбірленуші;

    • заңды өкілдері;

    • адвокат;

    • куәгерлер;

    • мамандар;

    • аудармашылар.

Ал прокурордың қатысуы міндетті емес.

Істі қараудың жалпы мерзімі - өкілетті органдардан әкімшілік құқық бұзушылық және басқа материалдар ісі бойынша протокол қабылдаған күннен кейін - 15 күн белгіленген. Ал кейбір істер бойынша қысқартылған мерзімдер көрсетілген:

- жай бұзақылық және алкогольдік ішімдіктер ішкен және мас күйінде қоғамның ортасында жүрсе, осы істер бойынша бір тәулік ішінде қарастырылу қажет;

- радио толқындарын жіберетін жабдықтарды пайдаланғаны үшін – үш тәулік күн есебі;

- ұсақ ұрлық үшін бес күн көрсетілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. істі арастыратын органдардың құрамын және лауазымды тұлғаны анықтау;

  2. кім жауапкершілікке тартылады, қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және де басқарушыны тағайындау;

  3. әкімшілік құқық бұзушылық протоколын жариялау;

  4. іске қатысушы тұлғаларды тыңдау және дәлелдемелерді алу.

Міндетті танысуға жататын жағдайлар:

  • әкімшілік құқық жасалды ма;

  • сол тұлға айыпты ма;

  • оған әкімшілік жауапкершілікті қолдануға болады ма;

  • мүліктік зиян келген бе;

  • істі қоғамға қарастыруға беруге негіз бе және т.б. жағдайлар туындауы мүмкін.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша шешім шығару.

Істі қарастыруға байланысты шешімді оны жасауға құқығы бар өкілетті орган жасайды. Онда мыналар көрсетіледі:

- шешім шығарған органның аты;

- қаралған істің мәні;

- істің шешіміне қатысты тұлғалардың мәліметтері;

- қарастырудағы жағдайларды көрсету;

- әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығын көрсететін нормативтік актіге жүгіну;

- іс бойынша шешім;

- шешімге шағымдану мерзімі және тәртібі.

Іс бойынша шешім екі түрде болады:

  1. әкімшілік жаза қолдану;

  2. іс шығармашылығын тоқтату.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары

    1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолданудың түсінігі.

Жеткізу, әкімшілік ұстау, алып келу… түсінігі, тәртібі және мерзімдері.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына шағым беру.

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 618-бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына келесідей түсінік беруге болады: Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезіктінің жеке басын анықтау, ә.қ.б. жасалған жерде жасау мүмкін болмағанда, ә.қ.б. туралы хаттама жасау, істің уақытылы және дұрыс қаралуы мен іс жөнінде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті лауазымды адамның әкішілік іс жүргізуде (процесте) қолданатын әкімшілік шаралары. Олар келесі шараларды қолдану құқылылығымен жүзеге асады:

    1. ә.қ.б. туралы хаттама жасалатын жерге жеткізу;

    2. әкішілік ұстау (жеке адамды);

    3. алып келу;

    4. жеке тексеру және көлік құралын, шағын кемені және заттарды тексеру;

    5. құжаттар мен заттарды алып қою;

    6. көлік құралын (шағын кемені) жүргізуден шеттету және оның алкогольмен (есірткімен, уытқұмарлықпен) масаю күйін куәландыру;

    7. көлік құралын (шағын кемені) ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу;

    8. тексеру;

    9. жеке адамның алкогольмен (есірткімен, уытқұмарлықпен) масаю күйін медициналық куәландыру.

Заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік іс жүргізуде келесі қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкін:

  1. заңды тұлғаға тиесілі үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлік құралдарын және өзге де мүлікті, құжаттарды қарап шығу;

  2. заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды алып қою;

  3. заңды тұлғаларға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу немесе оны алып қою.

1. Жеткізу.

Құқық бұзушылықтың жолын кесу, жеке басын анықтау, сондай-ақ хаттама толтыру мақсатында жеке адамды (заңды тұлғаның өкілін) полицияға (мемелекеттік органдарға) мәжбүрлеп келтіру шарасы.

Жеткізу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырылуға тиіс.

Жеткізу туралы хаттама жасалады немесе ә.ұстау туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады.

  1. Әкімшілік ұстау.

Ә.ұстау құқыққа қарсы әрекетті тыю мақсатында белгілі бір уақыт ішінде адамды уақытша жеке бас бостандығынан айыру (ұсақ бұзақылық жасалғанда, сотта сыйламаушылық танытқан жағдайда, тауар түрлерін заңсыз сатқанда, қоғамдық орындарда арақ ішкенде немесе адамның қадыр қасиеті мен әдепті қорлайтын мас күйде жүргенде, өрт қауіпсіздігі, аң аулау, қорларды қорғау ережелері бұзылғанда, митингілер, шерулер өткізу тәртібі бұзылғанда, төтенше жағдай кезіндегі тәртіп бұзылғанда, қару алып жүру тәртібі бұзылғанда, заңсыз киім киілгенде, шетелдіктердің, апатриттердің Қазақстанда болу тәртібі бұзылғанда).

Ә.ұстау жөнінде хаттама жасалады (хаттамада: күні, уақыты, орны, лауазымды адамның зауазымы, ұсталған адамның мәліметі, ұсталған уақыты, орны көрсетіледі).

Хаттамаға қол қойылады.

Хаттама екі данада жасалады.

Ұстауға алынған адамның өтініші бойынша туған-туыстары, жұмыс орындары, қорғаушысы хабардар етіледі.

Кәмелетке толмағандарға қатысты ата-анасы (орнын ауыстырушылыр) міндетті түрде хабарланады.

Ә.ұстау мерзімі туралы.

3 сағ. асатын жағдайда 24 сағат ішінде прокурорға хабарлана отырып 48 сағатқа дейін ұсталуы мүмкін, ал төтенше жағдай кезінде коменданттық сағат аяқталғанға дейін. Жалыпы мерзімі 48 сағаттан аспауы тиіс.

ҚР Констиуциясына сәйкес 72 сағатқа ұстауға алынатын туралы.

Ә.ұстау мерзімі жеткізілген кезхден бастап, ал мас адамға – мастығынан айыққаннан басталады

Әкімшілік – құқықтық режимдер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]