Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Administrativnoe_pravo(1).doc
Скачиваний:
204
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

2012-2013 Ж.

Кредит саны - 4

Оқытушы туралы мәлімет: Аяфов А.Т.– Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы, білімі – құқықтық жоғары (Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ); «12.00.02» - конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, муниципалдық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ-дің ізденушісі.

Пәннің пререквизиттері: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәнін игеру үшін Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы; Мемлекет және құқық теориясы; Қылмыстық құқық; Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Азаматтық құқық; Азаматтық іс жүргізу құқығы пәндерінен бастапқы білімдер қажет.

Пәннің постреквизиттері: Пәнді қарастыруды аяқтаған соң арнайы: Кеден құқығы, қаржы құқығы, Әкімшілік юстиция, Әкімшілік жауаптылық, Құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметі, Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі курстарын қарастыруға мүмкіндік пайда болады.

Пәннің сипаттамасы:

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы елдiң мемлекеттiк және қоғамдық өмiрiнiң басқару салаларын реттейтiн болғандықтан ұлттық жүйеде басты орындардың біреуіне ие болады. Сондықтан оқу процесiнде әкімшілік құқық курсы өзге оқу пәндерiнiң қатарында қарастырылады.

Курсты оқу мақсаты

Жүйелендiрiлген түрде бiлiм алу. Әкімшілік құқық ғылымының теориялық мәселелерiн терең түсiну, алынған бiлiмдi заңгердiң болашақтағы тәжiрибелiк қызметiне, өзінің, қоғамымыздың, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, дамуына қолдану.

Пәндi оқу міндеттері

  1. Заң ғылымдарының құрамдас бөлiгi ретiнде әкімшілік құқық ғылымының негiзгi түсiнiгi туралы бiлiм алу.

  2. Әкімшілік-құқықтық институттардың негiзгi пәнiн, қазақстанның әкімшілік құқығының дамуының ерекщелiктерiн тану.

  3. Өмiрдiң басқару саласындағы маңызды қоғамдық қатынастарын реттейтiн әкімшілік құқық нормаларын терең бiлу.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясымен бiрге әкімшілік құқықтың негiзгi қайнар көздерi болып табылатын, мемлекеттiк-басқару қатынастарын реттейтiн конституциялық заңдар мен заңдарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті және өзге де нормативтік сипаттағы актілерді жан-жақты оқып, бiлу.

  5. Пән бойынша ғылыми оқулықтар және оқулықтармен жұмыс жасау арқылы тәжiрмбе алу.

  6. Әкімшілік құқық пәнi бойынша алынған бiлiмдi тәжiрибелiк немесе ғылыми қызметте пайдалана бiлуге машықтандыру.

Әкімшілік нормаларды оқу кезiнде жүйелiк және диалектикалық әдiстердi, салыстырмалы анализдi, тарихи аспектiлердi, статистикалық әрi социологиялық көрсеткiштердi пайдалана бiлу.

Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесiнде белгілі бір орынға ие болады. Сондықтан оның өзге де құқық салаларымен өзара қатынасы бар. Барлық құқық салалары, оның ішінде әкімшілік құқық үшiн де Конституцияда бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттiк басқару нысандары мен құрылысы, мемлекеттiк басқару жүйесi ұйымдастыру қағидалары туралы және т.с.с. нормалар негiз болып табылады.

Пәннiң құрылымы

Тақырыптың аталуы

Сағаттар

саны

Дәріс

Пр.

СОЖЖ

СЖС

I. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығына жалпы сипаттама.

1.

Мемлекеттік басқару және оның түсінігі.

2

1

3

3

2.

Құқық жүйесiндегi әкімшілік құқықтың түсiнiгi және пәнi. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы ғылым ретiнде.

2

1

3

3

2.1.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының қайнар көздерi мен жүйесi.

2

1

3

3

3.

Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі. Әкімшілік-құқықтық нормалар, қатынастар және институттар.

2

1

3

3

II. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының жеке және ұжымдық субъектілері.

4.

Азаматтар - әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде.

2

1

3

3

5.

Қазақстан Республикасының атқарушы органдары әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде.

2

1

3

3

6.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметкерлер - әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде.

2

1

3

3

7.

Мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде.

2

1

3

3

III. Мемлекеттік басқарудың нысандары және әдістері.

8.

Мемлекеттік басқару нысандарының түсінігі және мәні.

2

1

3

3

9.

Мемлекеттік басқару әдістері.

2

1

3

3

10.

Әкімшілік құқықбұзушылық және оның заңдылық құрамының элементтері. Әкімшілік құқықбұзушылықтың түрлері.

4

2

6

6

11.

Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі және белгілері.

2

1

4

4

12.

Әкімшілік жаза. Оның түрлері және қолдану негіздері.

2

1

4

4

13.

Әкімшілік процесс.

2

1

3

3

14.

Әкімшілік өндіріс.

2

1

4

4

15.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.

2

1

3

3

16.

Әкімшілік-құқықтық режимдер.

2

1

2

2

17.

Әкімшілік қызметтегі заңдылық.

2

1

2

2

18.

Мемлекет салаларындағы басқару.

2

1

2

2

Барлығы

40

20

60

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]