Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Administrativnoe_pravo(1).doc
Скачиваний:
204
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

1. Әкімшілік – құқықтық режимнің құқықтық реттеу жүйесіндегі орны.

Әкімшілік – құқықтық режимнің түсінігі.

2. Әкімшілік – құқықтық режимнің түрлері.

3. Шектен тыс жағдай режимі.

Тұлғаның, мемлекеттің, қоғамның нақты анықталған обьектіге қатысты, белгілі бір қызмет саласындағы мүдделерін қамтамасыз ететін құқықтық реттеу құралының бірі – құқықтық режим болып табылады.

Әкімшілік құқықта режимнің түсінігі – басқару кезіндегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және тәртіпті қамтамасыз етуде әкімшілік-құқықтық қатынастың қатысушыларының іс-әрекетін реттеуге бағытталған шаралардың жиынтығы.

Әкімшілік-құқықтық режим – атқарушы билік саласындағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қызметінің ерекше құқықтық режимі, ол қызмет түрінің шектен тыс жағдайларына негізделіп, заң шығарушы органдармен бекітіледі.

Мемлекетпен шектен тыс жағдайда қолданылатын құқықтық ұйымдастырудың және өзге де шаралар күнделікті пайдаланатын шаралардан ерекшеленеді. Сонымен қоса әкімшілік-құқықтық режимді іске асырған қатысушылардың мәртебесі да мәртебесі өзгереді. Яғни, атқарушы биліктің уәкілетті органдардың өкілеттігі күшейіп, ал басқару қатынасының басқа субьектілерінің құқықтары шектеліп, міндеттіліктері артады. Осыған орай заң әдебиеттерде көптеген авторлар режимді императивті әдіс ретінде қарастырады.

Режим – құқық нормаларымен негізделген, ерекше жағдай.

Әкімшілік- құқықтық режим - заңда белгіленген тәртіпте қоғамдық қатынастардың тұрақтылығын “S”- ң қоғам мен мемлекетті қамтамасыз ету үшін билік “S”- мен қолданылатын арнайы әсер ету шаралары.

Режимнің саралануы : жалпы, қосалқы, арнайы

Жалпы - әкімшілік-құқықтық қатынастың дамуын сипаттайтын әкімшілікті құқықты құқықтық қамтамасыз етуде қажетті шаралар. Онда “S” мәртебесі әкімшілік қатынастың пайда болуымен негізделеді және олардың тұрақты даму әдістерін сипаттайтын қасиеттер тән.

Қосалқы – салалық құқық субьектілігімен сабақтас жүреді. Ол арнайы-қарапайым және арнайы-төтенше болып бөлінеді.

Арнайы:

  • Күнделікті – құқықтық жағдайдың әкімшілік қатынастардың шегіндегі тұрақтылығын сипаттайтын талаптар (өрт қауіпсіздігінің уәкілетті органдары) (құқық субьектілігінің белсенді және бәсеңдігі)

  • Аумақтық режим – ҚР–ң мемлекеттік шекарасының орналасу заңдарымен және халықаралық келісімшарттармен анықталады. (Аумақтық ерекше мәртебеге ие болуы (мем.астанасы, респ.маңызы бар қала, арнайы экономикалық зона – кедендік реттеуді жүзеге асыратын мекемелердің арнайы режимі)

  • Қызмет түрлерін арнайы құқық субьетілігін іске асыруды қамтамасыз ету(бір жағында құқық, екінші жағында міндет және керісінше)

  • «О» – адамның, мемлекеттің, қоғамдық сұранымын қанағаттандыратын материалдық және материалдық емес құндылықтардың құқықтық қатынасқа түсу.

«О»–сі – құқықтық қатынастың пайда болуы алдындағы мүддесі болуы мүмкін мемл. қызм. бос лауазымды орынға конкурсқа қатысуы)

Төтенше режимдер. Бұл режимдерді енгізудің құқықтық негіздері Конституция мен заңдарда бекітілген.

  1. Төтенше жағдай – демократиялық институттарға, аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтығына, мемлекеттің конституциялық органдарының қызметінің бұзылуына тікелей қауіп. Уақытша болып табылатын, тек республиканың конституциялық құрылысын қорғау және азаматтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҚР барлық аумағына айрықша жағдай енгізіледі. Мақсаты - тез арада жағдайды қалпына келтіру. Заңның 7-бабы – 48 сағаттан аспайтын уақытта қарастырылады. (Парламентпен, Президенттің жарлығы бекітілуге беріледі) Мерзімі – ҚР-ң барлық аумағына – 30 тәулік; аумақтың жартысында – 60 тәулік; Осы мерзімдер өткеннен кейін Президентпен тоқтатылады. Жоғары өкілдік және атқарушы органдар сәйкестелген төменгі органдардың кез келген шешімін тоқтата алады. Арнайы уақытша органдар құрылуы мүмкін (Президенттің жарлығымен) және келесі шаралар бекітілуі мүмкін:

  • Келу және кетудің ерекше режимі, төтенше жағдай енгізілген аумақта жүріп-тұрып бостандығын шектеу;

  • Қоғамдық тәртіпті қорғау күшейтіледі;

  • Митингтер, жиналыстар жасауға тыйым салынады;

  • Транспортың қозғалысын азайту, оларды тексеру;

Қосымша шаралар:

  • Коменданттық сағаттар: тәртіпті бұзғандар, комендаттық сағаттың уақыты біткенге дейін, ал өзінде құжатттары жоқтар – тұлға анықталғанға дейін құқық қорғау органдармен ұсталынады.

  • Құжаттарды тексеру

  • Қару-жарақ сатуға тыйым салу

  • Эвакуация

Әкімшілік ұстау – 3 тәулікке дейін.

  1. Ерекше жағдай – Қазақстанның барлық аумағында немесе жеке жергілікті жерлерде енгізілуі. Өзінің түсінігіне көптеген режимдерді жинақтайды.

  • Азаматтарға өз мүддесін таңдауға бостандық беріледі.

  • Анықталған ережелер мен процедураны сақтауды талап етеді (кедендік органдарының қолданылатын ережелердің жиынтығы)

Ерекше талаптар – орталық және жергілікті органдармен енгізілуі мүмкін. Онда режимнің әрекет етуінің нақты уақыты көрсетілмейді. Ол: мерзімді, ұзақ, мерзімсіз болып үшке бөлінеді (қауіпсіздікке төнген қауіп толығымен жойылмайынша)

Карантинде – міндетті санитарлық обработкадан өту, ауруларды изоляциялау т.с

Мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі көп өзгерістер болмайды. Уақытша комиттер құрылуы мүмкін.

  1. Әскери жағдай – Премьер-министр және Парламент палаталарының төрағаларын ресми кеңескеннен кейін Республика Парламентіне хабарлай отырып Президентпен енгізіледі (Конст. 44-бап, 16 тармақ) (Бірнеше аспектіде, көзқарастарда қарастырылады)

  • Құқықтық негізі: ҚР Президентінің Жарлығы

Көрсетілу нысаны:

  • Әскери-құқықтық актілерді енгізу;

  • Халықаралық гуманитарлық құқық институтын қолданымға енгізу;

  • Мобилизация (қарулы күштерді бейбіт жағдайдан толық әскери дайындыққа ауыстыру, запастағы әскери міндеттерді соғыс уақытына әскерге шақыру)

  • әрекет ету аумағын анықтау

Енгізу тәртібі:

  • Парламенттің заң нысанындағы заңнамасы

  • Парламенттің заңшығарушы құқығын берген кездегі Президенттің қабылдаған заңы

Режимнің тоқтатылуы – ҚР Парламентімен

Әдебиеттер:

Броток А.В «Концепция и конституционная основа института чрезвычайного положения»

Ғылым және білімді басқару

  1. Білім түсінігі, қағидалары.

  2. Білімді ұйымдастыру.Білім қызметін лицензиялау

  3. Білім саласындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының құзыреті.

  4. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субьектісі.

  5. Ғылыми ұйымдар.

Білім – жоғары адамгершілік, ой, мәдени даму деңгейіне жету мақсаты болып табылады, тәрбие және білім алудың үздіксіз процесі.

Білім – тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүддесіндегі оқу және тәрбиенің үздіксіз процесі.

Білім алу құқығы – азаматтардың негізгі және ажырамас құқығы.

Білім саласындағы мемлекеттік саясат мынадай негізгі қағидаларға сүйенеді:

  • ҚР-ның азаматтары білім алуға тең құқылы;

  • Интеллектуалдық даму есебіне байланысты тұрғындарға білімнің барлық деңгейіне қол жеткізушілік;

  • Білімнің зайырлылық сипаты;

  • Тұлғаның білімділігін ынталандыру;

  • Білім алу процесінің үздіксіздігі;

  • Меншік нысаны бойынша білім ұйымдарының әртүрлілігі;

  • Білімді басқарудың демократиялық сипаты:

  • Білімнің ізгілік сипаты;

  • Білім алушының кәсіби бағыты;

  • Білім жүйесінің ақпараттануы;

Білім жүйесі:

  • Білім ұйымдары

  • Білімнің барлық деңгейіне мемлекеттік жалпы міндетті үлгілер

  • Білімді басқару органдары

Білім жүйесінің мақсаты – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарға, ғылым мен тәжірибеге жету негізіндегі тұлғаның қалыптасу, даму және кәсіби қалыптасуына бағытталған, білім алу үшін қажетті шарттар.

Білім – білім мекемелерінде – күндізгі, сырттай, білім беру мекемесіне тұрақты түрде қатыспаса да, білім беру бағдармасын өз еркімен игергендер (жылдық қорытынды аттестацияға жіберіледі), экстернат, дистанциялық (қашықтағы білім) – электрондық және телекоммуникациялық құралдардың көмегімен білім алу нысаны.

Қосымша білім – азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатындағы қосымша білім беру бағдарламалардың барлық деңгейіне негізделіп жүзеге асырылатын тәрбие және білім алу процесі.

Білім ұйымдары – заңды тұлғалар болып табылмайтын, олар бір немесе бірнеше білім бағдарламаларын іске асырады, әрі білім алушыларды тәрбиелеп, қажетті қамтамасыз ету.

Білім беру қызметіне құқық білім беру ұйымдарында олар лицензия алу кезінен басталып, оның мерзімі өткеннен кейін, оны заңсыз деп танығаннан кейін аяқталады.

Білім беру ұйымдарының мәртебесі – олардың құрылтайшыларымен анықталып, жарғысында бекітіледі. Ал, Жарғы осы заңды ҚР–сы Үкіметтінің бекіткен Типовой ережесіне, сәйкес қабылдануы тиіс. Ол мемлекеттік аттестация өткізгеннен кейін мәртебесін сақтап қалуы немесе өзгертуі мүмкін.

Білім беру ұйымдары:

  • Мемлекеттік;

  • Мемлекеттік емес (діни,жеке);

  • Халықаралық болуы мүмкін;

Білім беру ұйымдары бөлінеді:

  1. мектепке дейінгі, арнайы,жетім балалар үшін ұйымдар;

  2. орта, кәсіби бастама, орта кәсіби, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби және қосымша кәсіби білім;

Кейбір жағдайларда ҚР–ң Президенті ерекше мәртебе беруі мүмкін.Білім беру ұйымдарының филиалдары оның құрылтайшыларының келісімімен құрылады.

Лицензия – заңды тұлғалардың білім беру қызметіне қарай, ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан беріледі:

  • бастапқы, жалпы, негізгі жалпы немесе орта жалпы және бастапқы кәсіби, мектепке дейінгі ұйымдарға – облыстық, республикалық маңызы бар қала, астаналық білім басқармаларымен (департаменттермен)

  • орта кәсіби, жоғары кәсіби білім – ҚР–ң бәләм саласындағы орталық атқарушы органымен;

  • халықаралық, шетелдік, мемлекеттік емес және бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар – ҚР–сы білім беру саласындағы орталық атқару органдарымен білім беру құқығына лицензия беріледі.

ҚР–ң аумағында құрылған халықаралық, шетелдік оқу орындары мен олардың филиалдары, көрсетілген тәртіпте лицензиялауға жатады.

Лицензиялауға қажетті құжаттар:

  • ҚР–ң Үкіметімен бекітілген нысандағы өтініш;

  • Біліктілік талаптарына сай келетінін анықтайтын құжаттар;

  • Мемлекетік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

  • Жұмеыс оқу жоспары;

Лицензия – құжаттарды тапсырғаннан кейін екі айлық мерзімнің ішінде беріледі.

Лицензияның әрекетін тоқтата тұру негізі (6ай):

  • Біліктілік талапқа сәйкес еместік ;

  • Білім сапасының мемлекеттің жалпы міндетті білім беру үлгісіне сәйкес болмауы;

Лицензияны қайта шақырып немесе алу негіздері:

  • Сотпен тыйым салынған қызметпен айналысу;

  • Лицензиядағы талаптарды орындамау;

  • Лицензияның тоқтатылуынан әрекеттік себептері

Біліктілік талаптары мен лицензияның тәртібі ҚР–ң Үкіметімен бекітіледі.

23 – бап мектепке дейінгі ұйымдар – балалар 1жастан – 6 жасқа дейін

Жоғары кәсіби білім :

  • Конкурстық негізде;

Жоғары оқу орындары:

  • Университет;

  • Академия;

  • Институт,(оған теңестірілген – консерватория, жоғары мектеп)

  • Медициналық білім мекемесі;

Білім беру бағдарламалары, олар деңгейі мен сатысына сәйкес: жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша)

Бағыттары:

  • Жалпы білім беру – тұлғаның мәдениетін, оның қоғам мен мемлекетке бой үйренісін қалыптастыруға бағытталса;

  • Кәсіби – сәйкестелген мамандыққа мамандар мен жұмыскерді дайындауда

Қосымша дамудың білім беру бағдарламасы, оған мектептен тыс ұйымдар жатады.(центлер, ән, спорт мектептері)

Арнайы білім беру бағдарламасы:

Жоғарғы кәсіби білім (бакалавр, магистратура, академиялық жоғарғы біліктілік):

  • Жоғарғы базалық білім (бакалавриат (4 ж) деңгейі «бакалавр»)

  • Жоғары ғылыми-оқутышылық білім(магистратура)(жоғарғы базалық білім негізінде – 2ж., жоғарғы арнайы білім – 1ж)

Медициналық білім кейбір мамандықтарында білім алу ұзақтылығы - 7 ж., білім алуды аяқтау жылы – интернатура негізінде болады;

ЖОО –ң кейінгі кәсіби білім – жоғарғы біліктіліктің ғылыми, ғылыми – техникалық кадрларын дайындау.

Аспирантура, адьюнтура – (әскери оқу орындарында жоғарғы білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау нысаны(күндізгі нысан-2 ж, сырттай нысан – 3 ж дейінгі)

Докторантура – 3 ж

ҚР-сы Үкіметтің білім беру саласындағы құзыреті:

  • Білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатын әзірлейді және жүзеге асырайды;

  • Білім берудің мемлекеттік бағдарламасын дайындайды және іске асыру шараларын жүзеге асырады.

  • Маманды дайындауға мемлекеттік білім беру заказын бекітеді;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]