Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Administrativnoe_pravo(1).doc
Скачиваний:
204
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

1. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері мен принциптері.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы.

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері

Адам өмірінің құндылығын, оның құқықтары мен бостандықтарының ерекшелігін саралау, зерттеу мәселелері адамзат тарихының ажырамас бөлігі. Бұл сұрақтар әр түрлі ғылым салаларының зерттеу объектісі, сонымен қатар жай адамдарды толғандыратын мәселе. XX ғасырдың басты оқиғасы 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейін барша әлем адамның құқықтары мен бостандықтары туралы мәселеге аса зор көңіл бөле бастады. Әсірісе, бір партиялы авторитарлы билік құлдырағаннан кейін, әлем елдері демократиялану процесіне бет бұрды.

Бұл процестен Қазақстан да қалып қойған жоқ. Тіпті, бұл әрекеттердің қарқыны өте тез деп айтуға болады. Тәуелсіздік алғаннан кейін, елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатыр. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып, Қазақстан Республикасының басты байлығы болып адам және азамат танылды. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, адам мен азаматтардың конституциялық беделін орнатты.

Осындай ерекше беделге адам мен азаматтардың әкімшілік статусын да жатқызуға болады. Бұл түсінікке тұлғаның атқарушы билік субъектілерімен қатысты орнын айтуға болады. Яғни, тұлға мен атқарушы билік субъектісінің мемлекетті басқару аясындағы қарым- қатынасы. Осы қарым- қатынас барысында әкімшілік құқық екі түрлі сұраққа тіреледі. Біріншіден, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру, ал екіншіден тұлғалардың мүдделеріне араласуды жетілдіру1.

Әкімшілік құқық ғылымының басты және айырықша мақсаты – мемлекетті басқару аясын қатаң регламенттау және оның қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасының қазіргі қоғам даму сатысында әкімшілік құқық саласы дамытуға үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстті жетілдіру арқылы мемлекетті басқару мәселесін екі жақты тиімді етуге тырысу керек.

Өте көп сұрақтар әкімшілік-процессуалдық шараларға байланысты туындайды. Бұл шаралар «саны» барлық жағдайда тиімсіз, ал кейде тіпті жеткіліксіз деуге болады2.

Сонымен қатар, әкімшілік құқықтағы кәнісіздік презумпциясы Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты көрсетілмеуі де, қалай да құқықтырды қорғау мәселесіне кедергі болуы мүмкін3. Ал бұл Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет тұрғысынан қарастыруға бірталай кедергі келтіреді.

Әкімшілік іс-жүргізу процесінде де адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан барлық әрекеттер орындалуы қажет. Біріншіден, білікті соттармен қамтамасыз ету мәселесін шешу, екіншіден, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыларға шағымдану мерзімдерін «жақсарту». Сонымен қатар, іс қаралу барысында заңдылықты сақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау; іске қатысты құжаттарды дұрыс дайындау, сияқты мәселелер барынша заңға сәйкес келуі міндетті екенін ұмытпау керек.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әкімшілік құқық мәселесімен айналасушылар мектебі қалыптасып, бұл саланы зерттеуге бағыт алғандығы дұрыс әрі тиімді процесс. Өз елімізде әкімшілік құқықтың институтын жетілдіру, өзге елдің тәжірибесіне сүйене отырып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепіл болатына негіз болады. Соған байланысты мынадай қажеттіліктер туындады: құқықтық нормативтік-культорологиялық сипаттамасы, билікті бөлу, адам мен азаматтың иеліктен алынбайтын құқықтары мен бостандықтары идеяларының контексінде әкімшілік құқық проблемаларын қарастыру. Егемен Қазақстанның экономикалық, саяси – құқықтық, әлеуметтік саладағы жаңа міндеттеріне сәйкес әкімшілік құқық институттарына бақылау жасау және тағы да басқа.осы мәселелерді шешу арқылы ғана Қазақстан Республикасы өз азаматтарының әкімшілік құқықтық қатынастарға түсуі кезінде құқықтары мен бостандықтарының дұрыс жүзеге асырылуына толық кепіл бола алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері мен принциптері.

Қазақстан Республикасында әр түрлі әкімшілік ережелер әрекет етеді. Мысалы, олардың қатарына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жол қозғалысы ережелері, от қауіпсздік, қоршаған ортаны қорғау ережелері, төтенше жағдай туралы ережелерді жатқызуға болады. Бұлардың барлығы Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітіледі. Ал, бұл ережелерді бұзу құқық бұзушылық болып саналады. Соның ішінен әкімшілік құқық бұзушылықты айыра білу керек.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәкес, әкімшілік құқық бұзушылық – жеке адамның осы кодекс бойынша әкімшілік жауаптылықты көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі. Профессор А.А. Тарановтың жазуынша, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптың әрекет не әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылық ыриқтық іс-әрекет актісі болып табылады, ол өзіне іс-әрекеттің екі аспектісін - әрекеттік немесе әрекетсіздік көріністі білдіреді.4 Міндеттемені, заңды талапты белсенді түрінде орындамау, сондай-ақ салынған тыйымды бұзу (мысалы, егіндкті бүлдіру, көкнар немесе қарасораны заңсыз отырғызу) әрекет болып табылады. Ал әрекетсіздік дегеніміз міндетті көрінеу орындамау ( мысалы, мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көміп тастау талабын орындамау, т.б.)

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауапкершіліктің негізі ретінде, әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады. Жаза қолдануға нормативтік негіздемеге құқық нормалары жатады және әкімшілік жауапкершілік осы нормаларға сәйкес белгіленіп, қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты басқа құқыққа қайшы әрекеттен айыру үшін оның белгілерін білу қажет. Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне мыналар жатады:

заңға қайшылық. Бұның мәні құқық нормасының диспозициясын бұзатын әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалуында, ал ол үшін әкмшілік жауапкершілік белгіленеді. Мысалы, құқық бұзушылық құқықтың, заңнаманың әр түрлі салаларының нормаларына қатысты болуы мүмкін (мысалы, білім, қораныс, ветеринария, т.б. туралы), бірақ ол үшін әкімшілк, сот тәртібінде қолданылатын әкімшілік жазалау шаралары көзделсе, онда ол әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

Кінәлілік. Кез-келген әрекетті (әркетсіздікті) жасаудағы кінәлілік дегеіміз – оның қасақана немесе абайсда жасалуы. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті түрдегі белгісі, ал кінә болмаса іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылмайды, сондақтан кінәнің формасы сараланбайды. Ол белгілі бір теріс қылықты жасағадық үшін әкімшілік жауапкершілік салыстырмалы- белгілі бір жазалау шараларында көрініс тапқанда, мысал, көптеген теріс қылықтар үшін жаза бергенде, негізгі немесе қосымша жаза бергенде ескеріледі. Жаңа ӘҚтК-тің 36-бабына сәйкес заңды тұлағалардың әкімшілік жауакершілігі белгіленген, онда кінә саралаушы белгі болып табылмайды (яғни, кінә анықталмайды).

Жаппай жасалу (теріс қылықтардың жаппай орын алуы). Жаппай жасалушылық әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі ретінде заң ғылымында әзірше толық, жан-жақты зерттелмеген.

Жаппай жасалғандықты көрсететін белгілерге мыналар жатады: теріс әрекетті қайталап жасау, не құқық бұзушылықты көптеген субъектілердің алдын-ала келісімінсіз жасауы. Мысалы, электр немесе жылу қуатын пайдалану құқығын бұзу.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерімен қатар, оны басқа құқыққа қайшы әрекеттерден (әрекетсіздіктерінен) айыру қажет. Және бұл мәселені дұрыстап қарастыру, біріншіден, мемлекетті басқару органдары мен лауазымды тұлғалар үшін өте маңызды.

Ең басты, материалды белгісі бойыша, яғни қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай барлық құқық бұзушылықтар екіге бөлінеді: Қылмастар және теріс қылықтар.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарағанда қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі жоғары болады. Және бұлар қылмыстық заң бойынша сараланып, жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықты, тәрбиелік мәнді теріс қылықтардан ажырату маңызды. Яғни, теріс қылық – белгілі бір мекеме немесе ұйымның нақты бір қызметтеріне жүктелген әрекетті жасамау. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық жалпыға бірдей міндетті ережелерді, нормаларды орындамау.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адамның және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдырадың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу деп жазылған ҚР ӘҚтК-нің 7-баптың 1-ші тармағында. Осы жоғарыда айтылған міндеттерді орындау үшін жауаптылықтың негіздері мен принциптері белгіленеді. Яғни, қандай әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылық деп қарастыруды, қолданылатын жаза түрлерін, оны қолдану тәртіптерін көрсетеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың принциптерінің басты маңызы: заңдарды бұзу, әрекеттің сипаты мен дәрежесіне қарай, іс бойынша жүргізілген істі жарамсыз деп тануға, шешімдердің күшін жоюға әкеп соғады. Яғни, бұл принциптер істі дұрыс шешу үшін маңызды.

ӘҚтҚ-тің 9 бабының 1-тармағына сәйкес, заңдылық принципі бойынша осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға ұшыратылуға тиіс емес. Сонымен қатар, осы принцип негізінде соттар адамдардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға еш құқықтары жоқ. Егер ондай жағдай болса, іс жүргізуді тоқтату керек.

Кодекс бойынша істерді сот қарастырады. Оның құзіретін заң белгілейді.

Азаматтардың заң алдында теңдігі тағы да бір ерекше маңызы бар принцип екені айғақ. Бұл дегеніміз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында азаматтардың ешбіріне нәсілдік, әлеуметтік, жыныстық, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, тағы да басқа негіздер бойынша дискриминацияға түсуге жол берілмейді. Яғни, сот алдында барлығы тең дәрежеде құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік беру.

Өзіне қатысты іс қозғалған жеке адам өз кінәсі заңда көзделген тәртіпте дәләлденгенше, өз өкілеттігі шегінде істі қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз есептеледі. Яғни, бір сөзбен айтқанда 12-ші бап бойынша кінәсіздік презумпциясы заң негізінде қолданылады.

Жеке адам тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана әкімшілік жауаптылықта болады және бір құқық бұзушылық үшін ешкімді екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды деген қағидалар да әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте орын алған.

Қазақстан Республикасы демократиялы мемлекет болып, өзінің басты байлығы деп адам, оның өмірі мен құқықтарын, бостандығын жариялағандықтан кодекстің 15- ші бабы көздейтін ізгілік принципінің болуы табиғи процесс. Себебеі әр демократиялы елдің заңдарының принциптерінің ішіне адамдарды қинау, жан және тән азабын келтіру еш уақытта да енгізілмейді.

Ізгілік қағидасы негізінде құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты әкімшілік жаза қолданғанда, оған дене жарақаттарын келтіру, жай күйзелісін тудырып, қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, қорлауды жазалаудың мақсаты етіп қоюға еш уақытта жол берілмеуге тиісті.

Жеке басқа қол сұқпаушылық бабының 1 тармағында ешкімді де осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте әкімшілік ұстауға, ішкі істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органдарға алып келуге, жеткізуге, жеке басын немесе жеке адамның заттарын тексеруге болмайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен тек судъяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде қамауға алу қолданылуы мүмкін. Себебі, қамау жаза ретінде адамның жүріп-тұруын шектейді. Демек, бұл оның құқықтары мен бостандығын шектейді. Ал ол үшін көлемді дәлелдер қажет. Сондықтан бұл жаза түрін тек сот және тек заңда көзделген негіздерде тағайындай алады.

Осы баптың 5 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды. Бұл тармақ ізгілік принципі толығымен сәйкес келетіні көрініп тұр. Сонымен бірге Конституцияға толығымен сәйкес келеді.

Ал осы баптың 7 тармағы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде, оған қауіп төнбейтін, денсаулығы мен өміріне зиян келтірмейтін жағдайды орындалуы керек екенін баяндайды. Дегенмен, кей жағдайда мұндай оқиғалар орын алып, адамға қатер төндіреді. Осындай залалдардың орнын заңда көзделген тәртіппен өтеу міндетті деп жазылғаны жеке басқа қол сұқпаушылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу және жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы «және өзге де хабарламалар алысу құпиясы» деген екі баптың мазмұны тағы да жоғарыда айтылған баптың мазмұнына жақын деуге болады. Бірақ, соңғы екеуі адамның моральдық жағынан, ар-ожданы мен құпиялары сияқты жанның залалдары туралы сияқты. Ал 19-бап, яғни «Меншікке қол сұқпаушылық» бабы тура қарама-қарсы. Мұнда материалды құндылықтар туралы жазылған. Мысалы, көлік құралдары, кемелрді, тауарларды және тағы басқа заттай құндылықтарға соттың шешімінсіз қол сұғуға болмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыру және шешім шығару кезінде судьялардың сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіздігі туралы 20 бапта нақты жазылған. Яғни, судья шешім шығарғанда не іске қатысушылардың көзқарастарына, не басқа біреудің кеңестеріне емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады. Ал егер ондай жағдай болса, ол заң бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал егер қажет болса орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылуы мүмкін. Бұл басқа тілде сөйлейтін азаматтардың құқықтарын бұзбау үшін қолданылатын шара. Іс жүргізу тілін судья, уәкілетті орган (лауазымды адамдар) қаулы бойынша белгілейді.

22- ші баптың мазмұнын құрайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың принциптерінің бірі туыстық, отбасылық қатынастардың ерекшелігіне байланысты құрастырылған. Яғни, ешкім өзіне-өзі, жұбайына, (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Мүмкін бұл отбасы ішіндегі ерекше психологиялық жағдайға байланысты енгізілген. Сол сияқты, діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.

Жалпы алғанда, 7 мен 27 бап арасын қамтыған принциптердің және міндеттердің басты мақсаты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарды жүзеге асыру барысында, істі толығымен заңға сәйкестендіріп, қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарының толығымен қамтамасыз ету арқылы әділеттілікті орнату.

Әкімшішілік құқық бұзушылық құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз – қандай да бір әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңға қайшы, кінәлі деп танылған, әкімшілік жауапкершілікке алып келу үшін қажетті, әкімшілік заңнамада белгіленген белгілер жиынтығы.

Іс-әрекет құқық бұзушылық деп саналу үшін онда құрамның барлық белгілеріболуға тиіс. Олар ӘҚтК-тің ІІ тарауының Жалпы бөлімінің нормаларымен анықталған. Ол құқық бұзушылықтың обьектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Осылардың біреуінің болмауы құрамның толық болмауын білдіреді. Яғни, жауапкершіліктің негізі болмайды.

Жинақтау дәрежесіне қарай құқық бұзушылық жалпы, тектік және тікелей обьектілерге бөлінеді. Құқықтың әр түрлі салаларымен реттелген, әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылық объектісі, оның ішінде жалпы объектісі болып табылады. Жалпы объектінің дербес бөлігін құрайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылықтың тектік объектісі болып саналады. ӘҚтК тектік объектілерді тек мемлекеттік басқару салалары бойынша ғана емес, сонымен қатар реттелетін қоғамдық тәртіп, табиғат қорғау, т.б. бөліктеп қарайды. Бір текті бірқатар құқық бұзушылық (жол қозғалысы, төқұжат режим ережелерін, кеден ережелерін бұзу) үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы түрлік объекті деп танылады. Тікелей объекті дегеніміз - әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын нақты қоғамдық қатынасқа зиян келтіру (Кеден бақылауы аймағында режимді бұзу). Мысалы, ұсақ бұзақылық кезінде тікелей объект азаматтардың тыныштығы және имандылық.

Объективтік жақ әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) өзін сипаттайды. Құқық бұзушының құрамында, көбіне, құқық бұзушылық жасау тәсілінің, сипатының (қайталанушылық, бірнеше рет жасалғандық), жасалған уақыт пен орнының (қоғамдық орын, шекара зонасы, әуе кемесі), келген зиянның, қылмыс жасауда пайдаланылған құралдардың (көлік құралы, ішімдік, есірткі заттар, қару) маңызы зор.

Объективтік жақтың іс-әрекеттің бірнеше рет жасалғандығы және қайталанғындығы сияқты белгілері әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамдарына жиі қарастырылады. Бірнеше рет қайталану дегеніміз – бір текті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің бір реттен көп жасалуы. Бір тектілік болмаса бұл белгі әкімшілік құқық бқзушылықтың объективтік жағына жатқызылу мүмкіндігі болдырамайды.

Ал, қайталанушылық дегеніміз – бір адамның әкімшілік жаза берілген біртекті құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы. Қайталанушылық әкімшілік құқық бқзушылықты жасағаны үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып табылады.

Бірнеше рет құқық бұзушылық, қайталанушылыққа қарағанда, бірнеше құқық бұзушылық емес, бір құқық бұзушылық деп саналады.

Әкімшілік құқық бқзушылық субъектісі дегеніміз – оны жасаған жеке тұлға, басқа сөзбен айтқанда - әкімшілік құқық бқзушылықты жасауға қабілеті бар, құқық бұзғандығы үшін заңға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін адам.5

Әкімшілік жауапкершілік субъектісінің жалпы және арнайы белгілері боладв. Жалпы белгілері – 16 жасқа толғандық және ақыл-есінің дұрыстығы. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдардың барлығында болуы тиіс. Егер құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес осы екі белгілерге ие адам субъект ретінде танылса, онда әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы субъектісі жайында сөз болады.

Кейбір жағдайларда қандай да бір адамды құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартуға жалпы белгілердің болғандығы жеткіліксіз. Сондықтан да заң шығарушылар мұндай жағдайларды құқық бұзушылық құрамына қосымша, субъектіні сипаттайтын арнайы белгілер кіргізген.

Бұл жерде әңгіме арнайы субъект жайында, ондай адамда жалпы белгілермен қатар әкімшілік құқық бқзушылық құрамына заң шығарушы кіргізген арнайы, қосымша белгілер де болады. Бұл белгілер үш топқа бөлінеді, олар мынаны сипаттайды:

тұлғаның құқықтық жағдайын немесе қызмет түрін (лауазымды адам, әкімшілік мемлекеттік қызметкер, сауда немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның қызметкері, көлік құралын жүргізуші, кәсіпкерлік қызмет);

субъектінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері (әскери міндетті, ата-ана, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға);

субъектінің бұрынғы құқық бұзушылық іс-әрекеті (әкімшілік қадағалаудағы адам; құқық бұзушылықты қайтара жасаған адам).

Әдебиетте заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөніндегі даулар ұзақ уақыт айтылып келеді.

Заңды тұлғалардың әкімшілігін болдырмайтын дәлел ретінде мамандар көңілге қонымды және жеткілікті мысалдардың жоқтығына сілтеме жасайды. Әс жүзінде мүлде басқаша. Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделген.6 Бұл жерде осы құбылыстың жаратылысын, әсіресе уәкілетті лауазымды адам заңды тұлға болып құрылған кезде, бөліп алып саралаудың маңызы зор.

Субъективтік жақ, бұл – субъектінің өзі жасаған заңсыз әрекетке немесе әрекетсіздікке және оның мүмкін болатын салдарына психологиялық қатынасы. Кінә арам ниеттіліктен немесе абайсызда туындауы мүмкін. Қасақана әрекет немесе әрекетсіздік жасағанда адам өз іс-әрекетінің сипатын ұғынады, оның теріс зардабын алдын ала көреді, сол зардаптардың болуын қалайды немесе саналы түрде оған жол береді.

Ал, абайызда жасалған деп танылады, егер адам зиянды салдардың болатынын білуге тиіс болса немесе біле алса, бірақ оларды болады деп ойламаса.7

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда кінәнің формасы, көбіне, көрсетілмейді және онда сараланушылық маңыз болмайды. Кінә - субъективтік жақтың міндетті белгісі. Құқық бұзушылық жасаудың себебі мен мақсаты факультативтік белгілерге жатады, себебі олар тек бірнеше құрамдарда ғана көрсетілуі тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болған жағдайда ғана, оны жасаған адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ӘҚтК құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздемелерін қарастырған. Жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының жеке басы сондай негіздемелерге жатады. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жеңілдететін мән – жайлар (шын жүректен өкіну, кінәлінің зиянды салдарын тойтаруы, құқық бұзушылықты кәмелетке толмағанның жасауы және т.б.), құқық бұзушының қаншалықты кінәлі екендігі, оның мүліктік жағдайы ескеріледі.

ӘҚтК-тің 67-70 және 71-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өзінің іс-әрекетімен өкінуіне, құқық бұзушылықтың елеусіз болуына, ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық жасау актісіне, науқасына байланысты одан босатылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын дәлірек түсіну үшін ӘҚтК-тің 114 бабын «Кәмелетке толмағандарға темекіні және темекі бұйымдарын сату» - алып қарастыруға болады.

Бұл баптың жалпы объектісі – кәмелетке толмағандардың құқықтары. Және қоғамдық тәртіп. Субъект болып әкімшілік құқық субъектілігіне ие жеке тұлға. Яғни, заңды тұлға емес. Бұл құқық бұзушылықтың субъективтік жаға қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Ал, объективтік жағы- әрекет.

Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 22 тарауы қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қарсы құқық бұзушылықтар сипаты мен оларға қолданылатын санкциялар жазылған. Бұл тарау 330-341 баптарды қамтып, барлығы 13 баптан тұрады. Бірінші, 330 бап, ұсақ бұзақылық деп аталатын құқыққа қарсы әрекетті қамтиды.

Жалпы, тараудың аталуына сәйкес қоғамдық тәртіп және имандылық-бірімен-бірі тығыз байланысты түсініктер. Себебі, имандылық қоғамдық тәртіптің көрсеткіші. Және де осы екі түсінікті біріктіретін түсінік - өзін-өзі ұстау мәдениеті. Ал, заң шығарушы үшін, құқық қорғау органдары үшін имандылық жақсы мен жаманды бір-бірінен айыратын түсінік.

Имандылық – бұл тұлғаның ішкі жан дүниесі, сыртқы ортаның көрінісі.

Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке, құқыққа, дәстүрге, адамдардың мүдделеріне қарсы әкімшілік құқық бұзушылық. Яғни, қоғамдық орындарды болатын сөйлеу, азаматтардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілердегі сыйламаушылықты білдіретін әрекеттер. Осындай әрекеттер үшін айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Ал егер, нақ осы әрекеттер үшін жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалса, айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Бұл құқық бұзушылықтың жалпы объектісі – қоғамдық тәртіп және имандылық; субъектісі – азаматтар; субъективтік жағы – қасақаналық, объективтік жағы – белсенді әрекет.

Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық, яғни 16 жасқа дейінгі адамдар жасаған бұзақылық үшін, сол адамның ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіщтің бірден екіге дейінгі мөлшеріндке айыппұл салынады.

332 бап - «Елді мекендерде атыс-қаруынан ату, пиротехникалық қондырғыларды жару» деп аталады. Яғни, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда азаматтардың тыныщтығын, белгіленген тәртіпті бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейімделіп жасалған қарудан ату әрекеті негізінде қоғамдық тәртіпті бұзу.

Жалпы айтатын жай, Қазақстан Республикасының «Қарудың кейбір түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» заңы қарулардың кей түрлерін қолдануын, есепке тұруын бақылайды.

Сонымен бірге, бұл бап тек атыс қаруы пайдалану арқылы құқық бұзушылық жасауды қарастырады. Ал, газбен ататын қару бұл бапта көзлделмеген.

Осы баптың диспозициясы бланкеттік екенін де ескеру керек. Яғни, қаруды қолдану жағдайларының алуындығын ескеру қажет.Олар: 1) белгілі бір объектілерді, территорияларды күзету кезінде қару қолдану; 2) құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында қару қолдану; 3) саяси, әкімшілік мемлекетік қызметкерлерді қорғау кезінде; Сондықтан, қару өзінің бағытталған қызметі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

суық қару;

азаматтық;

қызметтік немесе кәсіптік.

Осы қаруларды пайдалануға болатын уақыт және орындар болады (тир; ату алаңдары; ішкі істер органдарымен рұқсат етілген орындар). Бұл жерде арнайы рұқсатпен қызмет ететін ату алаңдары, стендтері болады. Сонымен бірге, бұл баптың санкциялары қолданбайтын арнайы тұлғалардың тізімі де бар. Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылық үшін 332 баптың 1 тармағына сәйкес қолданылатын санкйия – қаруды тәркілеу немесе онысыз, айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салу.

Елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда азаматтардың тыныштығы мен белгіленген тәртіпті бұзатын және ірі материалды залал келтіруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару үшін, құқық бұзушылық туралы тәркіленіп, сонымен бірге айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға санкция көзделген.

Бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың субьектісі болып 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Бұл әрекет абайсызда немесе қасақана жасалуы мүмкін. Ал егер, тура осы әрекетті 16 жасқа толмаған адам жасаса, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға заң негізінде рұқсат бар. Бұл осы баптың 3 тармағында жазылған.

Осы баптың 2-ші және 1-ші бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін айлық есептік көрсеткіштің 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады немесе оннан он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, түнгі уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін) тыныштықты бұзу, соның ішінде тұрғын үй-жайларға және олардың сыртында шұғыл қажеттіліксіз шу шығаратын жұмыстардаы жүргізу – 333 баптың “Тыныштықты бұзу” диспозициясы осындай әрекеттерге музыканың қатты ойнауын, дауыстап ән салуды, түнгі уақытта музыкалық аспаптарда ойнауды жатқызуға болады. Бұл құқық бұзушылықтың субьектісі болып 16 жасқа толған азаматтар табылады.

Обьективтік жағын саралау кезінде тыныштықты бұзу уақытына ғана емес, орнына және тәсіліне назар аудару керек. Сонымен бірге бұл әрекет және әрекетсіздік те болуы мүмкін. Бұл үшін көзделген шараны ескерту жасауды немесе айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – беске дейінгі, заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл ішкі істер органдары салады.

Қазіргі уақытта 334 бап көздейтін “Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру” деп сараланған құқық бұзушылықтар жиі кездеседі. Яғни, мемлекттік өртке қарсы қызметті, полицияны, медициналық жедел жәрдемді, авариялық қызметтерді көрінеу жалған шақырып, сол арқылы жоғарыда көзделген қызметтерді материалдық шығынға әкеліп соғады. Бұл құқық бұзушылықтың тектік объектісі – мемлекеттік жедел қызмет көрсету мекемелерін шақыру ережелерін сақтау негізінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Объективтік жағы тікелей қасақанылықпен сипатталады. Субъектісі – ҚР-ның азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар. Осы субъектілер арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру үшін, кәмелетке толған болса, айлық есептік көрсеткіштің 20 дейінгі мөлшерінде, ал 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаса, айлық есептік көрсеткіштің 10 дейінгі мөлшерінде ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға салық арқылы немесе ескерту арқылы шара қолданылады. Егер жоғарыда айтылған әрекетті жасау үшін көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталанып жасалынса немесе аварияларды, өрттерді, табиға апат зардаптарын жою кезеңінде жасалса, айлық есептік көрсеткіштің 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Кей жағдайларда бұл әрекеттер абайсызда жасалуы мүмкін деген ойлар да болады. Бірақ, абайсыз кінә нақты дәлелденуі керек.

Үйде жасалатын күшті спирт ішімдіктерін дайындау және сату да қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қарсы жасалынатын әрекеттер қатарына жатқызылады. Бұндай ішімдіктерге ӘҚтК – ке сай самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да күшті спирт ішімдіктері жатады. Олар заңсыз дайындалып, сату үшін тауар болады. Бұл құқық бұзушылықтың субъектісі – жеке тұлға; субъективтік жағы – қасақаналық; объектісі – спиррттік ішімдіктерді дайындау және сату айналасында заңға бағынышты қатынастар, яғни сол қатынастарға қол сұғылады; ал объективтік жағы – заңға бағынышты белсенді іс-әрекет. Осыған қолданылатын санкция – спирт ішімдіктерін, аппараттарды, шикізаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің 3-ке дейінгі мөлшерінде айыппұл салу.

Жергілікті атқарушы орган спирт ішімдіктерін құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде, стадиондарда, гүлзарларда, саябақтарда, қоғамдық көлікте және басқа да қоғамдық орындарда спирт ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық оырндарға адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіргендей мас күйінде келу – 336 баптың – «Спирт ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу» - 1-ші тармағы. Осында көзделген әрекеттер үшін айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Егер тура осы әрекеттерді 1 жыл ішінде қайталап жасаса ғана, ал 1 жыл уақыттан кейін барып тағы жасалса, айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшері айыппұл ретінде өндіріліп алады. Ал, егер 1 жыл ішінде 2 рет қайталанып жасаса, айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, ерекше жағдайларда, бұл шара жеткіліксіз деп танылса, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

336 – 1 бабы кейін енгізілген баптарының бірі. Мүмкін бұл азаматтардың қоғамдық орындарда темекі шегуінен болатын жаман, теріс салдардың көбейіп кетуінен болар. Яғни, Қазақстан Республикасының заңдарында жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу деген әкімшілік құқық бұзушылық түрі көзделген. Ол үшін көрсетілген шара 1 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салу.

Осы баптың 2-ші тармағына сәйкес 1 жыл ішінде нақ сол әрекетті жасағаны үшін айыппұл мөлшері өсіп, айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде орнатылады.

Сондай-ақ, жұмыс берушінің темекі шегу үшін арнайы орындар бөлуді көздейтін заңдарды бұзу, арнаулы белгіленбеген орныдарды темекі шегушілерге шаралар қолданбайы үшін лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің 10 дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға – 40 дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Келесі баптың бар болуы қоғамдық тәртіптің, мәдениеттіліктің, әлеуметтік ықпал ету шараларының деңгейлерінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. 8 Бұл 337 «Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі» бабы. Яғни, 16 жасқа толмағандардың қоғамдық орындарға мас келуі және спирт ішімдіктерін ішу – қоғамдық тәртіпке , ал біріншіден жастардың имандылығына қайшы келетін әрекеті. Бұл әрекеттер ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. Яғни, бұл жағдайда ата-аналардың жастарға ықпалының қаншалықты екені көрсетіледі. Бұл әрекеттің субъективтік жағы – не қасақана, не абайсызда болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ірі қалаларда әр түрлі ойын-сауық орындары ашылуда. Олар адамдарға бос уақыттарын қызық өткізуге көмектесетін орындар деп есептеледі. Бірақ, олардың ең пайдалы, табысты, адамдарды көп тартатын түрі – құмар ойындар заңмен көзделген орындардан тыс ұйымдастырылып, адамдарды шығынға тартуды басты мақсат етіп қояды. Осындай ойындарға қатысу, сол сияқтыоларды өткізуге арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тігу әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылып, ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің 2-ден 5-ке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әәкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Ал, 16 жасқа толмағандарды осындай ойындарға тарту - айлық есептік көрсеткіштің 5-тен 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. Осындай құқық бұзушылықтар субъектісі азаматтар, шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады. Объективтік жағы - әрекет (әрекетсіздік). Субъективтік жағы – қасақаналық.

339 бап – «Эротикалық мазмұндағы өнімдерді жарнамалау». Оның мазмұны мынадай: «осы мақсаттар үшін бөлінбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнімдерді сату, тарату немесе жарнамалау, - аталған өнімдерді тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің 20-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

А.А. Таранов осы баптың редакциясының нашар екені туралы былай дейді: «өнімдерді жарнамалау түсінігі сату, тарату деген әрекеттерді қамти алмайды. Екіншіден, эротикалық мазмұндағы өнімдердің нақты түсініктемесі берілмеген, яғни оларды басқа өнімдерден айырудың белгілері жоқ. Үшіншіден, мұндай өнімдерді көрсетіп, сатуға, таратуға не жарнамалауға болатын орындар көрсетілмеген. Ал, ол іс қозғау үшін кедергі болуы мүмкін». Бұл әрекеттердің субъектісі болып азаматтар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар саналады.

ӘҚтК-тің 340 бабы мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдалану ережелерін бұзу үшін – азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің 5-ке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға негіз болады. Сонымен қатар, кодекстің соңғы бабы мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескрткіштеріне немесе табиғи объектілерін қорлау, егер онда қылмыстың белгілері болмаса, - айлық есептік көрсеткіштің 5-тен 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Ал, осы әрекеттер кәмелетке толмағандармен жасалса, ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Әкімшілік жаза

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]