Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Administrativnoe_pravo(1).doc
Скачиваний:
204
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

5. Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде.

  1. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.

  2. Азаматтардың әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi.

  3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы.

1. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.

Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде қоғамдық қатынастарға нормативтiк актiлерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Осы құқықтар мен мiндеттердiң жиынтығы азаматтарың құқықтық мәртебесiн көрсетедi.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – заңда және јзге де нормативтiк құқықтық актiлермен бекiтiлген азаматтың мемлекеттiк басқаруға, жеке және бұқаралық мүдделерiн қанағаттандыруға қатысуын қамтамасыз ететiн құқықтары, мiндеттерi және жауаптылығы.

Нормативтiк құқықтық актiлер – құқықшығарушы органдардың өзiнiң құзыретi шеңберiнде белгiлi бiр нысанда қабылданатын және құқық нормаларын өзгертуге, бекiтуге бағытталған, жазбаша ресми құжат.

Құқық нормалары - жалпыға бiрдей мiндеттi, тұрақты немесе уақытша сипатқа ие болатын, бiрнеше рет қолдануға негiзделген мемлекеттiк предписание?

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – ҚР-ның Конституциясы, “ҚР-ның азаматтығы туралы”, “ҚР-дағы мемлекеттiк қызмет туралы” және өзге де актiлермен анықталады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа қатысушы ретiнде сипатталатын басты ерекшелiктерi – олар жеке тұлға болып қатысады, яғни атқарушы билiк саласында өзiнiң жеке құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асырады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi күрделi сипатқа ие болады және атқарушы билiк аясында көптеген құқықтар мен мiндеттердi қамтиды. Сондықтан әкiмшiлiк құқықтық қатынастар мемлекеттiк билiк уәкiлеттiгiне ие болатын сәйкестелген органдардың және бұндай уәкiлеттiктерге ие болмайтын, бiрақ мемлекеттiк билiк саласында белгiлi құқықтар мен мiндеттерге ие болатын азаматтар арасында пайда болады.

Олар:

  • азаматтардың атқарушы билiк саласында заңмен бекiтiлген құқықтарын жүзеге асыруы;

  • азаматтардың атқарушы билiк саласында өзiне жүктелген мiндеттерiн атқаруы;

  • азаматтардың атқарушы билiк саласындағы құқықтарының бұзылуы;

  • азаматтардың атқарушы билiк саласындағы заңды мiндеттерiн орындамауы.

Әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың пайда болу шеңберi әр түрлi, сондықтан азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiн нығайтуды қажет етедi. Олар:

  • мемлекеттiк iстердi басқаруға тiкелей және өкiлдерi арқылы қатысуы;

  • азаматтардың мемлекеттiк қызметке тең құқығы;

  • еркiн жүрiп-тұру;

  • азаматтардың экономикалық, әлеуметтiк-мәдени құқықтары.

Сонымен қатар мiндеттерi:

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • отанды қорғау;

  • салық төлеу.

2. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы оның әкiмшiлiк құқық субъектiлiгiмен анықталады.

Құқық субъектiлiк – құқықтың субъектiсi болу қабылетi.

Азамат атқарушы билiк саласында құқықтарға ие болып, мiндеттер атқару үшiн оның әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi болуы керек.

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк мемлекетпен қамтамасыз етiлген. Кейбiр жағдайда әкiмшiлiк құқық қабылеттiк заңмен белгiленген тәртiпте уақытша немесе жартылай шектелуi мүмкiн (әскери қызметiн өтеу кезiнде, денсаулығына байланысты; көлiк айдау құқығынан уақытша айыру; төтенше жағдайлар кезiнде).

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк әкiмшiлiк әрекет қабылеттiктiң қажеттi шарты болып табылады.

Жалпы алғанда азаматтар бiрдей әкiмшiлiк әрекет қабылеттiкке ие болады. Бiрақ, денсаулық және т.с.с. жағдайларға байланысты олар жартылай немесе толық әрекет қабылеттiгi жоқ деп танылады (егер есi дұрыс болмаса, онда жауаптылыққа тартылмайды).

Әрекет қабылеттiгi бар азамат нақты әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа түсiп, атқарушы билiк органдарының талаптарын орындайды немесе өзiне тиiстi құқықтарын жүзеге асырады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бөлiп қарастыру ҚР-ның Конституциясында бекiтiлген жүйеге сүйенедi және оны жүзеге асыру кезiнде тереңдетiледi (меншiк құқығының пайда болуы әкiмшiлiк құқығымен уәкiлеттендiрiлгенорган немесе лауазымды тұлғамен берiлетiн заңды құжатпен куәлендiрiледi).

Профессор А.П.Алехин – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын екi топқа бөлiп қарастырады:

  • статуттық, азаматтың елдегi әлеуметтiк құрылымындағы жағдайын көрсетедi (ана тiлiн қолдану құқығы);

  • адекватты, құқықтар мен бостандықтардың iске асырылу салалары (жеке – төрұын үйге қолсұғылмаушылық), әлеуметтiк (бiлiм алу, денсаулық сақтау), саяси (митингiлер, шерулер өткiзу).

Профессор Ю.М.Козлов – мемлекеттiк басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын 4 блокқа бөлiп қарастырады:

  1. мемлекеттi басқаруға қажеттi құқықтар мен бостандықтар;

  2. құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк басқару органдарының әрекетi;

  3. мемлекеттiк кепiлдiк;

  4. азаматтардың атқарушы органдардың қызметiне сарапшы-кеңесшi ретiнде қатысуы.

Мемлекеттiк кепiлдiктер үшiн келесi шарттар болу қажет:

  • декларитивтi емес нақты нормалардың болуы және олардың iске асырылуы;

  • құқықтар мен бостандықтардың iске асырылуына жағдайлар жасау мiндетi жүктелген органдар мен лауазымды тұлғалардың шеңберiн анықтау;

  • азаматтардың құқықтарын қорғау кезiнде шаралар қолданбағаны үшiн органдар мен лауазымды тұлғаларға жауаптылықтарды анықтау.

Жалпы алғанда құқықтық кепiл – соттық және соттан тысқары болып бөлiнедi.

3. Әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.

Бұл тұлғалар жалпы құқықтар мен бостандықтармен қоса арнайы құқықтық мәртебеге де ие болады.

Мемлекет шетел азаматтарымен қатынастарды реттеумен қатар олардың құқыққабылетiн бекiтiп, құқықтары мен бостандықтарын анықтап, кепiлдiктердiң көмегiмен құқықтық мәртебесiн қорғайды және iске асыруды қамтамасыз етедi. Сонымен қатар атқарушы билiк органдары шетел азаматтарының құқықтық iс қимылына бақылау және қадағалау шараларын қолданады.

Мемлекетке келген шетел азаматтарының шектелген құқыққабылеттiгi олардың посольстволар мен консульстволарда келуге рұқсат алу және құжаттарын рәсiмдеуден басталса, ал толық құқыққабылеттiк ҚР-ның аумағына келiп кiргенде басталып, ҚР-нан кеткенде немесе азаматтығын өзгертуде анықталады.

Шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi – оның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау қабылеттiгi және өзiнiң әрекеттерiмен өзiне берiлген құқықтарды жүзеге асыру болып табылады.

Заңдағы критерилерден басқа шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi халықаралық келiсiмге сәйкес негiзде анықталуы мүмкiн.

Шетел азаматтарының әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiнiң ерекшелiктерi: олардың саяси құқықтары болмайды.

Заңды кепiл - шетел азаматтарының берiлген құқықтары мен бостандықтары және мiндеттерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты да қарастырады (әкiмшiлiк жазалар – Республиканың аумағынан әкiмшiлiк жолмен кетiру). Бұл жазаларды қолдануға әсер ететiн салдар:

  • мемлекеттiк қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы әрекеттер жасау;

  • халықтың денсаулығын қорғауға қажеттi деп танылса;

  • жалпыға бiрдей мiндеттiлiктi сақтамаса;

  • еңбек құқығының нормаларын бұзса және т.с.с.

Әкiмшiлiк құқық позициясынан шетел азаматтары:

  • тұрақты тұратындар, яғни ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға вид алған – шетел азаматтары;

  • уақытша келгендер деп сараланады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]