Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_AP_RK_2012-2013_KYu_2k.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.01 Mб
Скачать

Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялаған уақыттан бастап, еліміздің экономикалық, саяси және құқықтық жүйелері елеулі түрде өзгерген болатын. Құқықтық жүйенің негізігі салаларының бірі болып табылатын әкімшілік құқық, осы жаңа жағдайларға сәйкес жаңа бейнеге ие бола бастады. Сондықтан да, егемен Қазақстанда алдында экономикалық, саяси-құқықтық және әлеуметтік-мәдени салаларда тұрған жаңа мақсаттарға сәйкес және құқықтық мемлекет, биліктің бөлінуі, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы идеяларын ескере отырып, әкімшілік құқықтың институттарын жаңадан қарау қажеттілігі туындады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы елдiң мемлекеттiк және қоғамдық өмiрiнiң басқару салаларын реттейтiн ұлттық құқық жүйесінің жеекші салаларының бірі. Оны оқытудың мақсаты әкімшілік құқықтың негізгі теориялық мәселелерін жүйелендiрiлген түрде қарастыру. Әкімшілік құқық ғылымының теориялық мәселелерiн терең түсiну, алынған бiлiмдi заңгердiң болашақтағы практикалық қызметiне, өзінің, қоғамымыздың, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, дамуына қолдану.

Пәннің міндеттері:

  1. Заң ғылымдарының құрамдас бөлiгi ретiнде әкімшілік құқық ғылымының негiзгi түсiнiгi туралы бiлiм алу.

  2. Әкімшілік-құқықтық институттардың негiзгi пәнiн, қазақстанның әкімшілік құқығының дамуының ерекщелiктерiн тану.

  3. Өмiрдiң басқару саласындағы маңызды қоғамдық қатынастарын реттейтiн әкімшілік құқық нормаларын терең бiлу.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясымен бiрге әкімшілік құқықтың негiзгi қайнар көздерi болып табылатын, мемлекеттiк-басқару қатынастарын реттейтiн конституциялық заңдар мен заңдарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті және өзге де нормативтік сипаттағы актілерді жан-жақты оқып, бiлу.

  5. Пән бойынша ғылыми оқулықтар және оқулықтармен жұмыс жасау арқылы тәжiрибе алу.

  6. Әкімшілік құқық пәнi бойынша алынған бiлiмдi тәжiрибелiк немесе ғылыми қызметте пайдалана бiлуге машықтандыру.

  7. Әкімшілік нормаларды оқу кезiнде жүйелiк және диалектикалық әдiстердi, салыстырмалы анализдi, тарихи аспектiлердi, статистикалық әрi социологиялық көрсеткiштердi пайдалана бiлу.

Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесiнде белгілі бір орынға ие болады. Сондықтан оның өзге де құқық салаларымен өзара қатынасы бар. Барлық құқық салалары, оның ішінде әкімшілік құқық үшiн де Конституцияда бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттiк басқару нысандары мен құрылысы, мемлекеттiк басқару жүйесi ұйымдастыру қағидалары туралы және т.с.с. нормалар негiз болып табылады.

Сабақтарды өткізу нысандары: дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ, СӨЖ. Дәрістік сабақтар оқу курсы бойынша қарастырылған тақырыптарды теориялық жағынан игеруге және талдауға бағытталған. Практикалық сабақтар ауызша және жазбаша нысандарында өткізіледі. Олар дәрістік материалдарды неғұрлым терең игеруге және бекітуге бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстары аудиториядан тыс өткізіледі және алдын ала берілген тапсырмалар бойынша нормативтік, оқу және ғылыми қайнар көздермен танысуға және тапсырмалар орындауға бағытталған.

Білімді тексеру нысандары: екі аралық бақылау, емтихан. Білімді тексеру студенттердің осы арнайы курсты игергендігін кешенді тексеруге бағытталған және студенттердің қойылған сұрақтарға жауап беруі, нақты тәжірбиелік есептерді шешуі нысанында жүргізіледі. Межелі бақылау тестілеу түрінде жүргізіледі.

Студент дәріс сабақтарында жазған, түсінген білімдерін және семинар сабағына берілген тапсырмалар бойынша толық дайындалуы керек. Семинар сабағы бойынша білімді тексерудің келесідей нысандары қолданылуы мүмкін: ауызша және жазбаша (тесттік сұрау, бақылау жұмыстары, карточкалармен жұмыс, баяндамалар, ақпараттар, рефераттар, үй тапсырмалары және т.б.)

Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады. Бақылау жұмысының көлемі 5 - 6 беттен аспауы керек.

Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Жоғарғы кәсіптік білім)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]