Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_AP_RK_2012-2013_KYu_2k.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.01 Mб
Скачать

Курстық және диплом жұмыстардың үлгі тақырыптары

  1. Әкімшілік құқық- құқық саласы ретінде

  2. Көпшілік мүдде және әкімшілік құқықтық әрекет

  3. Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы

  4. Салыстырмалы әкімшілік құқық

  5. Әкімшілік- құқықтықнормалардың түсінігі және белгілері

  6. Әкімшілік -құқық қайнар көздерінің жүйесі

  7. Әкімшілік -құқықтық актінің түсінігі және белгілері

  8. Әкімшілік -құқықтық шарттар мен келісімі

  9. Атқарушы билік органдарының басқа да мемлекеттік органдармен арақатынасы

  10. Шет мемлекеттердегі атқарушы билік органдары туралы заңдар

  11. Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңіндегі мемлекеттік қызметтегі өзекті міселелер

  12. Әкімшілік –құқықтық саладағы азаматтың мәртебесі

  13. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқарудың демократиялық жолы ретінде

  14. Қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік басқару

  15. Әкімшілік -құқықтық реттеудің түсінігі және мәні

  16. Әкімшілік –құқықтық режимдер

  17. Мемлекеттік басқару механизімінің динамикасы

  18. Атқарушы билік: оның потенциалы және кедергілері

  19. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері

  20. Салалық басқарудың әкімшілік құқықтық негіздері

  21. Салааралық басқарудың әкімшілік құқықтық негіздері

  22. Кәсіпкерлік саласындағы басқару

  23. Әлеуметтік саладағы әкімшілік басқарудың кешендік сипаты

  24. Әлеуметтік –мәдени салаларды басқару

  25. Қорғаныс,қауіпсіздікті қамтамассыз ету және мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы басқаруды ұйымдастыру

  26. Құқықтық тәртіп және әділет саласындағы басқаруды ұйымдастыру

  27. Сыртқы экономикалық және сыртқы саясат қызметі саласындағы басқаруды ұйысдастыру

  28. Атқарушы билік ұлттық органдарыныңхалықаралық бірлесіп жұмыстауы

  29. Басқарушылық процестің құқықтық нысандары

  30. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері

  31. Әкімшілік юстиция

  32. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері

  33. Салалық басқарудың әкімшілік құқықтық негіздері

  34. Салааралық басқарудың әкімшілік құқықтық негіздері

  35. Кәсіпкерлік саласындағы басқару

  36. Әлеуметтік саладағы әкімшілік басқарудың кешендік сипаты

  37. Әлеуметтік –мәдени салаларды басқару

  38. Қорғаныс,қауіпсіздікті қамтамассыз ету және мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы басқаруды ұйымдастыру

  39. Құқықтық тәртіп және әділет саласындағы басқаруды ұйымдастыру

  40. Сыртқы экономикалық және сыртқы саясат қызметі саласындағы басқаруды ұйысдастыру

  41. Атқарушы билік ұлттық органдарыныңхалықаралық бірлесіп жұмыстауы

  42. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері

  43. Басқарушылық процестің құқықтық нысандары

  44. Әкімшілік актілерге соттық шағымдану

  45. ҚР-ның президентінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі

  46. ҚР Үкіметі әкімшілік құқықтың субьектісі ретінде

  47. Басқарудың құқықтық актілері және оған қойылатын талаптар

  48. Басқару турлері

  49. Әкімшілік тәртіп және олардың түрлері

  50. Төтенше жағдай және әскери тәртіп еңгізудің жолдары

  51. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру

  52. Әкімшілік үрдістің ұғымы және қағидалары

  53. ҚР-ң мемлекеттік шекарасын қорғау режимі

  54. Әкімшілік қызметтің заңдылығы

  55. Әкімшілік процесс

ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕР

Тақырып 1. Мемлекеттiк басқарудың түсiнiгi және мәнi.

  1. Басқарудың негiзгi категориялары.

  2. Әлеуметтiк басқару және оның түрлерi.

  3. Мемлекеттiк басқару түсiнiгi және мәнi.

  4. Мемлекеттiк басқару мен қоғамдық басқарудың арақатынасы.

  5. Мемлекеттiк басқарудың негiзгi қағидалары.

ҚР-ның әкiмшiлiк құқығы - ҚР-ның ұлттық құқығының iрi салаларының бiрi болып табылады.

Онда мемлекеттiк басқару салаларындағы әр қилы қоғамдық қатынастар реттеледi. ҚР-ның әкiмшiлiк құқық саласы – ұлттық құқық саласында ерекше орын алатындықтан, ол тек қана пәнiмен ғана емес, қоғамның барлық салаларын да реттеумен ерекшеленедi.

Әкiмшiлiк құқық нормалары:

  • басқарма салаларындағы әр қилы қоғамдық қатынастарды бекiтiп, реттеп отырады;

  • құқықпен реттелетiн қоғамдық қатынастарды қорғайды;

  • қазiргi кезеңге сай келмейтiн қоғамдық қатынастарды басқару саласынан ығыстырып шығарады;

  • жаңа қоғамдық қатынастардың дамуына әсер етедi.

Қазiргi кезеңде әкiмшiлiк-құқықтық реттеудiң бұл бағыты өте зор мағынаға ие болып отыр.

Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты экономиканы басқару тәсiлдерi, басқару жүйесi, әлеуметтiк- мәдени және басқа да өмiр ағысының салалары әкiмшiлiк құқықтың нормаларын қамтып отырады. Яғни жаң басқару қатынастарын реттеуге бағытталады.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың әсерiмен басқару саласындағы азаматтардың құқықтық мәртебесi, атқарушы билiктегi мемлекеттiк органдардың құқықтық жағдайы және олардың азаматтармен арақатынасы анықталады.

Әкiмшiлiк құқықты оқып үйрену үшiн оның ҚР-ның құқық жүйесiнiң саласы ретiнде қалыптасуының әдiстемелiк негiздерiн анықтау қажет. Ал, ол басқару деген мағынаға ие болатын әлеуметтiк құбылыспен объективтiк байланыста.

Ал, әкiмшiлiк, администрация терминi – латын сөзiнен аударғанда “басқару”деген түсiнiктi бередi.

Администрация – басқару қоғамның қандай да бiр алдына қойған мақсаттарына жету үшiн белгiлi бiр қызметтiң, әрекеттердiң жиынтығын көрсететiн құрал.

Басқрудың функционалдық тағайындалуының мазмұнын жан-жақты ашуды қажет етедi.

Жоғарыда атап өткендей әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың реттеу объектiсi - мемлекеттiк басқару саласындағы қалыптасқан қоғаамдық қатынастар.

Сондықтан, ең бiрiншiден, әкiмшiлiк құқықтың мәнiн ашпай тұрып, әлеуметтiк басқарудың бiрi ретiнде мемлекеттiк басқаруды реттейтiн пәндi оқуға көңiл бөлу қажет.

Әлеуметтiк, оның iшiнде мемлекеттiк басқару - қандай да бiр мақсаттарға жету үшiн жүзеге асырылатын адамдардың қызметтерiн ұйымдастыру.

Басқару – басқарудың субъектiсiн (басқаратын адам) және басқарылу объектiсiн (басқарылатын адам) және олардың арасында пайда болатын тiкелей және керi байланысты аныәтайды.

Тiкелей байланыс - өкiм, бұйрық беру.

Керi байланыс – берiлген өкiмдi орындағаны немесе орындамағаны туралы хабарлау.

Басқару субъектiсi – басқаруды жүзеге асыру үшiн белгiлi бiр өкiлеттiктерге ие болады.

Басқару жүйесiнiң түрлер:

  • механикалық – технологиялық процестi басқару

  • биологиялық - тiрiторганизмдердiң процесiн басқару

  • әлеуметтiк - адамдардың, ұжымдардың процесiн басқару.

Жалпы басқару – екi және одан да көп адамдардың, олардың ассоциацияларының қандай да бiр нақты нәтижеге жету мақсатындағы сәйкестелген қызметi.

Объективтi жағынан алғанда ол барплық адамзат қоғамында бiрге жүредi.

Басқарудың мәнi – нақты бағытталған, реттелетiн әрекет.

Қоғам әрдайым реттеудi қажет етедi, сондықтан басқару жүзеге асырылады.

Басқару – қоғамдық өмiрдегi жан-жақты саладағы қоғамдық қатынастарды реттеу үшiн адамдардың күшiн бiрiктiредi.

ҚоҒамды басқару дегенiмiз адамдарды, адамдардың әлеуметтiк қатынастарын басқару.

Әлеуметтiк басқару – адамдардың адамдарға қатысты билiктiк басқаруы, яғни қоғамдық iстердi басқару.

Басқару – адамдардың бiрлесе iстейтiн жұмысын ұйымдастыру.

Қорыта келгенде басқаруда - басқару субъектiсi де, басқару объектiсi де адамдар болғандықтан адамдар адамдарды бсқарады.

Басқару айналымының негiзгi кезеңдерi: шешiм қабылдау, қабылданған шешiмдi орындауды ұйымдастыру, орындауды бақылау және қорытынды шығару.

Яғни,

Мемлекеттiк басқару, атқарушы билiк субъектiлерi – мемлекеттiк билiк өкiлеттiктерiне ие болғандықтан олар мемлекет атынан қатысады.

Басқару қызметi – заңдардың, нормативтiк актiлердiң орындалуына бағытталады.

Мемлекеттiк басқарудың қызметi – жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қызмет ету.

Мемлекеттiк билiк органдарының субъектiлерi – мемлкеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары және сәйкестелген өкiлеттiктер берiлгенқоғамдық. Я№ни мемлекеттiк емес органдар.

Мемлекеттiк билiктiң өкiлеттiк органдары басқару саласын реттейтiн нормативтiк актiлер қабылдайды.

Мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк емес бiрлестiктердi басқару.

Мемлекеттiк басқару:

  • мемлекеттiң атқарушы аппаратымен жүзеге асырылады;

  • мемлекеттiк қызметкерлер аппаратта төлем ақылы түрiнде қызмет жасайды;

  • аппараттың қызметi заңды-билiктiк мазмұнына ие болады

  • мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiледi;

  • басқару субъектiлерi тiкелей мемлекет атынан қатысады;

  • мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi тек оның қызметкерлерiне ғана емес, сонымен қатар қоғамдық басқаруға қатысушыларға да мiндеттi болып табылады.

Қоғамдық басқару:

  • әр түрлi қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылады;

  • ұйымдардың мѕшелерi өздерiнiң жұмыстарын өз ерiктерiмен, төлем ақысыз атқарады

  • өздерiнiң жұмыстарын төлем ақысыз атқарғанмен, мемлекеттiк күшпен нығайтылмайды;

  • азаматтар қоғамдық ұйымдардың атынан қатысады;

  • қоғамдық ұйымдардың шешiмi тек қоғам мүшелерiне мiндеттi;

  • қоғамдық ұйымдардың жұмысы негiзiнен моральды-ұйымдастырушылық мазмұнға ие болады

Мемлекеттiк басқару объектiсi – мемлекеттiк билiк органдарының аппараты, мекеме, кәсiпорын қызметшiлерiнiң ұжымдары, азаматтар.

Мемлекеттiк емес басқару объектiсi – сәйкестелген ұйымдардың жұмысшыларының ұжымдары, азаматтар.

Тақырып 2.

Әкiмшiлiк құқық – құқық саласы және ғылым ретiнде.

  1. Әкiмшiлiк құқық – құқық саласы және ғылым ретiнде. Әкiмшiлiк құқықтың пәнi.

  2. Әкiмшiлiк құқық жүйесi.

  3. Әкiмшiлiк құқықтың қайнар көздерi.

  4. Әкiмшiлiк құқықтың өзге де құқық салаларымен арақатынасы.

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығы – құқық жүйесiнiң саласы ретiнде белгiлi бiр қоғамдық қатынастарды реттейдi. Ол реттелетiн қоғамдық қатынастардың ерекшелiктерi:

  • қоғамның барлық саласында мемлекеттiк басқару аясында пайда болады, өзгередi және тоқтатылады;

  • Конституцияда бекiтiлген мемлекеттiк саясатты тану, адам мен азаматтың құқықтарц мен бостандықтарын қорғау;

  • Реттелiп отырған саладағы бұқаралық-құқықтық мүдделердiң басымдылығын бiлдiрiредi.

  • Әкiмшiлiк құқық атқарушы билiктi жүзеге асыру аясында мемлкет пен тұлғалардың мүдделерiн толық үйлестiру мақсатында әрекет ережелерiн бекiте отырып, басқарушыдық қатынастарға бұқаралық-құқықтық мазмЅн бередi.

Басқарушылық қатынастарды бiрнеше критериийлерге байланысты топтастыруға болады (оған қатысушылардың ерекшелiктерiне байланысты):

  • атқарушы билiк субъектiсi мен азаматтардың арасында;

  • атқарушы билiк субъектiсi мен қоғамдық бiрлесiктер арасында;

  • атқарушы билiк субъектiсi мен ёр түрлi мемлекеттiк емес органдар арасында.

Қорыта келгенде әкiмшiлiк құқық мәнi бойынша басқармалық сипаттағы қоғамдық қатынастардың 2 тобын қарастырады

  • мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырумен тiкелей байланысты қатынастар;

  • мемлекеттiк органдардың қызмет процесi кезiнде пайда болатын iшкi ұйымдастырушылық қатынастар.

Әкiмшiлiк құқықтың пәнiн атқарушы билiктi жүзеге асыру кезiнде пайда болатын, өзгеретiн және тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды құрайды.

Әкiмшiлiк құқықтың әдiстерi.

Әкiмшiлiк құқықтың реттеушi функцияларын жүзеге асыра отырып, оған құқықтың құрамдары немесе басқармашылық қоғамдық қатынастарды реттеуге әсер ететiн тәсiлдердiң жиынтығын анықтайды.

Бұл - қоғамдық қатынастарды реттейтiн әдiстер.

Жалпы құқық теориясының позициясында дәлелденген кез келген құқық саласы құқықтық реттеу құралы ретiнде келесi заңды мүмкiндiктердi қарастырады.

Олар:

  • тыйым салу - қандай да бiр жағымсыз әрекеттi жасаудан бас тарту талаптары;

  • рұқсат беру – тұлғаларға қандай да бiр әрекеттi жасау құқығын беру;

  • позитивтi мiндеттеу - өкiм түрiнде қандай да бiр әрекеттi жасау қажеттiлiгi.

Әкiмшiлiк құқықтың әдiсi императивтi сипатта болады.

Осылардың жиынтығы қоғамдық қатынастарға құқықтық әрекет ету мазмұнын қарастырады.

2. Әкiмшiлiк құқықтың жүйесi.

Әкiмшiлiк құқықтың реттеу қатынастарының көлемi әр түрлi болғандықтан оны жүйелендiруге болатындықтан, әкiмшiлiк құқықтың нормаларын топтастырады.

Бiртектес басқару қатынастарын реттеу белгiлерi бойынша бiрiктiрiлуi мүмкiн.

Әкiмшiлiк құқықтың нормалары құқықтық механизмнiң элементi болып табылады.

Әкiмшiлiк құқықтың институттары - әкiмшiлiк құқықтың жүйесiнiң маңызды бөлiгi.

Жалпы сипаттағы басқару қатынастарын реттейтiн нормалар (әкiмшiлiк құқықтың жалпы институттары):

  • азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi;

  • атқарушы билiктiң әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi;

  • басқарудың құқықтық нысандары;

  • әкiмшiлiк мәжбүрлеу;

  • әкiмшiлiк жауаптылық;

  • әкiмшiлiк жаза;

  • әкiмшiлiк қадағалау және т.с.с.

Әкiмшiлiк құқықтың жүйесiнiң тағы бiр тобы басқарудың қандай да бiр саласындағы әкiмшiлiк құқықтық институттарына қойылатын талаптарды реттейдi. Осы топтарға сәйкес әкiмшiлiк құқықтық нормаларының жүйесiн 2 топқа бөлiп қарастырады: жалпы және ерекше (бұлай бөлу тек теориялық негiзде қолданылады).

Әкiмшiлiк құқықтың жалпы бөлiмiнiң жүйесi – мемлекеттiк басқару барлық салаларының жалпы мәселелерiн реттейтiн нормалар:

  • мемлекеттi басқарудың негiзгi қағидаларын бекiтетiн нормалар;

  • әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерiнiң құқықтық қатынастарын бекiтетiн нормалар;

  • мемлекеттiк басқарудың нысандары мен әдiстерiн және т.с.с. бекiтетiн нормалар;

Ерекше бөлiмде әкiмшiлiк құқықтың институттарын және жекелеген салаларда әрекет ететiн нормалар.

3. Әкiмшiлiк құқықтың қайнар көздерi – мемлекеттiк билiкпен ресми танылған басқару қатынасы субъектiлерiнiң бекiтiлген ережелерi.

Әкiмшiлiк құқықтың қайнар көзi болу үшiн қандай да бiр белгiлерге ие болу керек:

  • субъектiлердiң белгiлi бiр категорияларының орындауына мiндеттi бiр немесе бiрнеше әрекет

  • мемлекеттiк басқару ресми танылып, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiлуi;

  • әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың субъектiлерiне қолданылуы;

  • әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың субъектiлерiмен заңды әрекеттердi жасауға негiздеме болуы;

  • ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес елдегi құқық жүйесiне енуi.

Құқықтың қайнар көздерi мен нысанын айыра бiлу қажет:

1-ден, қайнар көздерi құқықтың ысаны ретiнде институцияландырылған, ал құқық нысаны - құқық шығарушылық қызметiнiң нәтижесi;

2-ден, тек нормалар ғана адамдардың құқықтық нысанда объективтендiрiлген әрекетiн қарастырады

3-ден, заң оқулықтарында құқықтың қайнар көздерiнiң алты нысаны қарастырылады:

  • құқықтық салт-дәстүр – қоғамда мемлекеттiк басқару тәуелсiз түрде азаматтардың сана сезiмiне бiрнеше рет қайталануы нәтижесiнде әлеуметтiк императив негiзiнде бекiтiлген әрекет ережелерi

  • нормативтiк акт – референдумда немесе мемлекеттiң өкiлеттендiрiлген органдары немесе лауазымды тұлғаларымен қабылданғаннақты нысандағы жазбаша құжат. Нормативтiк актiлер - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтiн негiзгi құрал;

  • сот прецедентi – сотпен нақты iс бойынша қабылданған және келесi осыған ұқсас iстердi шешу кезiнде мiндеттi болып саналатын шешiм;

  • шарт – екi немесе одан да көп субъектiлердiң арасындағы, тек осы субъектiлерге ғана мiндеттi әрекет ететiн ережелердi қамтитын келiсiм;

  • сот тәжiрибесiн талқылау - соттармен нақты iстердi шешу кезiнде сәйкестелген нормативтiк құқықтық актiлермен реттелмеген қатынастарға бiрнеше рет қолдану нәтижесiнде қалыптасқан құқық ережелерi;

  • ғылыми құқықтық доктрина – құқық ғылымы саласында қалыптасқан жалпыға танымал ресми көзқарастардың, қағидалар мен ережелердiң жүйесi (құқықты шығару қызметi; құқықтық нормаларды пайдалану процесi кезiнде заң баптарын талқылау; құқықтың пробелдерiн толықтыру).

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының қайнар көздерiнiң қасиеттерi: қабылдаудың ресми тәртiбi, құқық нормаларының жеткiлiктiгi, қысқаша мазмұн, субъектiлердiң кең шеңберiне әсерi, басқарушы субъектiлердiң басқаруға жетудегi мүдделерi.

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының қайнар көздерi болып табылатын нормативтiк актiлер:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары (“Президент туралы”, “ Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы”);

  • Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi;

  • Президенттiң жарлықтары;

  • Заңға бағынышты нормативтiк актiлер – нақты сипатқа ие болатын сұрақтарды шешуге бағыттылған (республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының заңға бағынышты актiлерi нақты атқарушы-өкiмдiк қызметтi қамтып, оның шегiнен шықпайды);

Әкiмшiлiк шарттар - әкiмшiлiк құқық қатынасының заңды нысаны болып табылады. Оның нормативтiк актiлерден ерекшелiгi:

  • горизантальды әкiмшiлiк қатынастарды реттейдi;

  • мiндеттi субъектiсi – мемлекеттiк басқару органы;

  • мемлекеттiк басқару органдарының атқару-реттеушi функцияларын жүзеге асырады;

  • басқару органының құзыретiн анықтайтын құқықтық нормалар белгiлi бiр мақсатты жүзеге асыру үшiн екi жақтың келiсiмi.

4. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының басқа құқық салаларымен ерекшелiгi:

  • конституциялық құқық – қоғамдық құрылыс негiздерiн, мемлекеттiк органдардың жүйесiн бекiтсе, ол одан әрi тереңдетiлiп әкiмшiлiк құқықпен реттеледi;

  • азаматтық құқық - мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар;

  • қылмыстық құқық – келтiрiлген зиынның қоғамға қауiптiлiгi мен залалдың мөлшерi.

Әкiмшiлiк құқық – барлығына да мiндеттi көптеген нормаларды анықтайды (транспорттық жүйе, жол ережесi, қоғамдық тәртiп және т.с.с., егер осы нормалар бұзылса, онда қылмыстық хауаптылықтар туындауы мүмкiн).

Т. 3. Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмi.

  1. Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмiнiң түсiнiгi және элементтерi.

  2. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түсiнiгi және оның түрлерi. Жүзеге асырылу нысандары.

  3. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түсiнiгi. Олардың әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмiндегi рөлi.

  4. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түрлерi.

Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмi түсiнiгiн ашып алу үшiн ең алдымен мемлекеттiң қоғамдық қатынастарға әрекет ету тәсiлдерiн бiлу қажет. Негiзгi әрекет ету тәсiлдерi – бұл құқықтық реттеу, яғни қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн бекiту және субъектiлердiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруы.

Ол үшiн құқықтық құралдар – құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар, құқықшығарушылық, субъектiлердiң құқықтары мен заңды мiндеттерi қолданылады. Бұл құралдар құқықтық реттеу механизмiмен қамтылады.

Қоғамдық қатынастарға әсер ететiн әкiмшiлiк-құқықтық құралдар жүйесi - әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмi деп аталады.

Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмiнiң элементтерi:

  • әкiмшiлiк құқықтың қағидалары

  • нормативтiк негiз – мемлекеттiң басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн нормалар;

  • әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар

  • құқықтар мен мiндеттердiң жүзеге асырылу.

Құқықтық реттеудiң жалпы үш кезеңi бар:

  • құқық нормаларының күшiне енуi және әрекетi;

  • нақты белгiленген субъектiлерге қатысты құқықтық нормаларда қарастырылған жалпы құқықтар мен мiндеттердiң пайда болуы;

  • субъектiлердiң құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы

2. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түсiнiгi және оның түрлерi.

Әкiмшiлiк құқықтың құқықтық негiзiн әкiмшiлiк құқықтың нормалары құрайды.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар - мемлекеттiк қоғамдық басқару саласындағы қатынастарды, сонымен қатар басқа да мемлекеттiң қызмет аясында (сот әдiлдiгi, прокурорлық қадағалау) пайда болатын басқару қатынастарын реттейтiн, мемлекетпен бекiтiлген немесе санкцияландырылған ереже.

Егер ол орындалмаса, онда мемлекеттiк мәжбүрлеумен қамтамасыз етiледi.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түрлерiн бөлiп қарастыру:

  • мазмұны бойынша

  • бекiтiлген нормалардың көрсетiлу нысаны бойынша;

  • тұлғалардың шеңберi бойынша;

  • нормалардың кеңiстiкте әрекет ету тәртiбi бойынша;

  • әрекет ету уақыты бойынша.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың мазмұны бойынша құқықтық институттарға топтастырылады. Олар мазмұны бойынша ұқсас қоғамдық әатынастарды реттейтiн белгiлi құқықтық нормалардың жиынтығы.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түрлерi

  • әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, жауаптылықтарын бекiтетiн нормалар;

  • атқару билiгiн жүзеге асыратын нысандар мен әдiстерiн анықтайтын нормалар;

  • әкiмшiлiк процессуалдық қызметтi реттейтiн нормалар:

  • атқарушы билiк органдарының қызметiн заңдылықпен қамтамасыз ететiн нормалар;

  • мемлекеттiк басқаруды экономикалық, әлеуметтiк-мәдени, әкiмшiлiк-саяси саласында ұйымдастыру бойынша негiзгi ережелердi анықтайтын нормалар.

Қорыта келгенде әкiмшiлiк-құқықтық нормалар мазмұны бойынша:

  • материалдық;

  • процессуалдық болып бөлiнедi.

Материалдық - азаматтардың; ұйымждардың, атқарушы билiк

органдарының әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн бекiтедi.

Ал, екiншiсi материалдық нормаларды мемлекеттiк басқару органдарының орындау процесi кезiнде қолданылуы.

Процессуалдық нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:

  • тағайындалуы (материалдық нормалар субъектiлердiң әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн бекiтсе, процессуалдық нормалар оны» жүзеге асырылуының тәртiбiн реттейдi);

  • қайталануы (материалдық нормалардың қолданылу тқртiбiн реттеуге қажеттi);

  • материалдық нормалардың қолданылуы бойынша қатынастарды басқа да құқық салаларында реттейдi.

Бекiтiлген нормалардың көрсетiлу нысаны бойынша:

  • мiндеттейтiн (белгiлi мерзiм iшiнде басқару органдарының азаматтардың өтiнiштерiн қарауы);

  • тыйым салатын;

  • рұқсат беретiн;

  • ынталандыраты;

  • рұқсат беретiн;

  • ынталандыратын;

  • ұсынылатын;

  • жеңiлдiктер беретiн нормалар.

Тұлғалардың шеңберi бойынша:

  • мемлекеттiк басқару органдарының қызметiн реттейтiн нормалар;

  • мемлекеттiк басқару салаларындағы қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн реттейтiн нормалар;

  • мемлекеттiк басқару аяларындағы азаматтардың қызметiн реттейтiн нормалар.

Кеңiстiкте әрекет ету тәртiбi бойынша:

  • республикалық;

  • жергiлiктi (локальные) – облыстық, қалалық, аудандық;

  • салалық – мемлекеттiк басқарудың белгiлi бiр саласында әрекет етуi;

  • салааралық – мемлекеттiк басқарудың бiрнеше салаларында қолденылатын нормалар (кедендiк бақылау, стандарттау).

Әрекет ету уақыты бойынша:

  • мерзiмдi, әрекет ету мерзiмi алдын-ала көрсетедi;

  • мерзiмсiз.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуы – мемлекетiң еркiн оның субъектiлерiнiң норма талабына сәйкес өмiрге енгiзу процесi.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуы – онда мазмұндалатын құқық ережелерiн басқармалық қоғамдық қатынастарды реттеу мүддесiне iс жүзiнде пайдалану.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормаларды жүзеге асыру нысандары:

  • сақтау, нормалармен тыйым салынған әрекеттердi жасаудан бас тарту;

  • атқару, мiндеттеу нормаларында бекiтiлген нұсқамаларды орындау;

  • пайдалану, өз құқықтарын жүзеге асыруы;

  • қолдану, заңдылық актiлер шығару арқылы нақты iс шешу.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың элементтерi:

  • гипотеза, әрекет етуге болатын немесе әрекет ету жағдайларының сипатталуы. Нормалардың гипотезада көрсетiлген жағдаяттары – заңдылық деректер;

  • диспозиция - iс-қимыл ережесi, нормалармен бекiтiлген құқықтар мен бостандықтар. Олар – тыйым салу, рұқсат беру;

  • санкция, нормаларда бекiтiлген iс-қимыл ережесiн бұзу салдары.

3. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар.

Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар – мемлекеттiк басқару саласында әкiмшiлiк-құқық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар. Бұл құқық қатынастарында мемлекеттiк мүдде көрсетiледi, мемлекеттiң функциялары мен мақсатары жүзеге асырылады.

Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарының құрылымы:

  • әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылар;

  • олардың субъективтiк құқықтары мен заңдылық мiндеттерi;

  • әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың жауаптылықтары;

  • заңды дерек.

Заңдылық дерек - құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастар пайда болатын, өзгеретiн және және тоқтатылатын фактiлiк жағдаяттар. Осы фактiлiу жағдайда әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерi әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың субъектiлерi болып табылады.

Заңдылық дерек - әрекет және оқиға болып бөлiнедi. Әрекет - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркiн көрсетедi. Ол нәтижесiне қарай екiге бөлiнедi:

  • құқыққа сәйкес, яғни әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың талаптарына сәйкес келедi (лауазымға тағайындау туралы бұйрық, азаматтардың өтiнiш жазуы, қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу және т.с.с.).

  • құқыққа сәйкес емес, яғни әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың талабына сәйкес келмейтiн, оны бұзатын әрекеттердi жасау немесе әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың талабына сәйкес келетiн әрекеттердi жасамау - әрекетсiздiк (iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ететiн шараларды қолданбауы).

Оқиға – адамның еркiнен тыс туындайтын заңдылық дерек (белгiлi бiр жасқа келуi, табиғи, стихиялық апаттар, адамның өлiмi).

Әкiмшiлiк-құқық субъектiсi - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастың субъектiсi болуы үшiн үш шарт қарастырылады:

  1. субъектiнiң құқықтары мен бостандықтарын, заңды жауаптылдықтарын анықтайтын әкiмшiлiк-құқықтық нормалар;

  2. әкiмшiлiк құқық қабылетi және әкiмшiлiк әрекет қабылеттiгi;

  3. заңдылық дерек.

4. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түрлерi.

Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар топтастырылады:

  • әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың өзара қатынасына байланысты: вертикальды, бағынышты жақтардың арасында; горизонтальды – басқару қатынасындағы субъектiлердiң тең құқықтық жақтар ретiнде қарастырылуы.

  • Нақты мақсаттары бойынша: сыртқы, яғни атқарушы билiк органдары мен осы органдардың жүйесiне жатпайтын басқару объектiлерiнiң арасында; iшкi басқармалық, iшкi ұйымдастырушылық мақсатқа жету кезiндегi қатынастар;

  • Мазмұны бойынша: материалды, басқару саласында әкiмшiлiк құқықтың материалдық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар; процессуалдық – жеке, нақты iстердi шешумен байланысты туындайтын әкiмшiлiк құқық нормаларымен реттелетiн қрғамдық қатынастар (азаматтардың өтiнiштерiн қарау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау).

Әкiмшiлiк құқықсубъектiлiк - әкiмшiлiк құқыққабылеттiк және әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк.

Әкiмшiлiк құқыққабылеттiк азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық сипаттағы құқықтар мен мiндеттерге ие болу қабылетi.

Пайда болуы:

  • мемлекеттiк органдар үшiн – құрылу кезiнен, ал аяқталуы – жойылғаннан кейiн (ликвидация);

  • мемлекеттiк аппарат қызметкерi үшiн – лауазымына тағайындалған кезiнен бастап;

  • қоғамдық ұйымдар үшiн – олардың жарғысы және арнайы нормативтiк актiлермен анықталады;

  • азаматтар үшiн – туған кезiнен бастап, белгiлi бiр жасқа келуiмен өзгередi және өлiмiмен аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]