Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_AP_RK_2012-2013_KYu_2k.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.01 Mб
Скачать

1. Әкімшілік жазаның түсінігі

2. Әкімшілік жазаның жүйесі

3. Әкімшілік жазаның түрлері

4. Әкімшілік жазаларны қолдану ерекшеліктері

5. Әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі

Әкімшілік жаза, заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және осындай құқық бұзушылықты жасаған адамның ӘҚБК-те көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.

Әкімшілік жазаны қолдану барысында келесіге көңіл аударған жөн, ол: 1. Құқық нормаларының арасындағы байланыс. 2. Өкілетті тұлғалардың құқықтық жағдайы. Осы айтылғандар бір соңғы шешімге жету үшін бағытталған.

Әкімшілік жазалар ӘҚБК-те және басқа да әкімшілік құқықтың актілерімен көрсетілгендей әртүрлі негіз бойынша шектеледі, олар:

Түрлеріне қарай: 1) Ескерту жасау. 2) Әкімшілік айыппұл салу. 3) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алып қою. 4) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу. 5) Арнаулы құқықтан айыру (аң аулау құқығы, көлік айдау құқығы). 6) Әкімшілік қамауға алу. 7) Жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу. 8) Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан, куәліктен айыру немесе қызметінің белгілі бір түріне не белгілі іс-әрекеттер жасауға оның қолдануын тоқтата тұру. 9) Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру.

Процессуалдық қамтамасыз етудің түрлері бойынша: соттық және әкімшілік жаза тағайындау тәртібі.

Тағайындау орны бойынша жаза:

  1. Құқық бұзушылық жасаған орны бойынша

  2. Оқу орны, қызметі бойынша

  3. Тұратын тұрғын жай орны бойынша

  4. Көлікті тіркеу орны бойынша

Негізгі және қосымша жазалар.

Мерзім уақытына қарай: бір реттік, бір мерзімдік (ескерту, айыппұл), созылмалы (қамау, арнаулы құқықтан айыру).

Құқық бұзушылықты болдырмау функциялары бойынша жазалар келесі түрлерге жіктеледі:

  • Жалпы

  • Жеке

  • Арнайы

Жалпы - әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған сол тұлғаға жаңа құқық бұзушылықты қайта жасауға болғызбауға бағытталған, сонымен қатар бұл басқа да тұлғаларға қатысты болады.

Жеке – бұл тек әкімшілік құқық бұзушылық жасаған сол тұлғамен жаңа құқық бұзушылықты жасауды болғызбауға бағытталған.

Арнайы – бұл жеке жаза түрінің бір бөлігі болып табылады. Кінәлінің жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамау үшін кедергі болатын жағдайлар туғызу.

Барлық жазалар Қазақстан Республикасының заңымен анықталатын жалпы бір жүйені құрайды, заңмен жазаны орналастыру тәртібі қатаң түрде белгіленген, олар: жеңіл және қатаң, бұл осы жазаны қолданатын тұлғаларға қатысты болады.

Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған тұлғаға материалдық және моральдык тұрғыда көрініс табады.

Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Ең басты ол заңдылық сипатқа ие әкімшілік құқықты бұзған тұлғаға белгілі бір мақсатта нақты жаза қолданылады. Әкімшілік жаза бұл кінәлі тұлғаға келеңсіз салдары бар жағдай туғызуы мүмкін. Осыны қылмыстық жазамен салыстыратын болсақ, әкімшілік жаза жеңілірек, бірақ кей жағдайларда ұқсастығы бар деп те айтуға болады. Әкімшілік жазаны не материалдық не моральдык тұрғыдан алсақ та, оның мақсаты материалдық залалды өтеу болып табылады.

Заң жазаны міндетті белгісі ретінде қарастырмаса да, бірақ әкімшілік жазаны жауапкершілік шарасы ретінде әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты қарастыру керек. Осыған байланысты жазаның келесі мақсаттарын бөліп көрсету қажет:

  • Құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады

  • Әкімшілік заңының нормаларында көрсетілген әрекетсіздік үшін жауапкершілік

  • Құқық бұзушылық жасаған адамды заңдар талаптарына сай тәрбиелеу

  • Жаңа құқық бұзушылықты жасауды алдын алу

ҚР заңымен бекітілген әкімшілік жаза жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сүйеніп, қолданылуы керек. Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір қасиетін қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды.

Әкімшілік жазалардың түрлері және жүйесі.

ӘҚБК-тің 46-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлғаларға келесі әкімшілік жазалар қолданылады:

  1. Ескерту жасау;

  2. Әкімшілік айыпұл салу;

  3. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;

  4. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу;

  5. Арнаулы құқықтан айыру;

  6. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру және қызметтің белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;

  7. Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу;

  8. Өз бетімен салынып жатқан және салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

  9. Әкімшілік қамауға алу;

  10. Шетелдікті және азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР-ң аумағынан әкімшілік жолмен кетіру;

Заңдылық қағидасы:

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастырып жатқан өкілеті тұлға немесе арнайы орган кінәліге тек қана жаза қолдануы мүмкін, ол заң актілерінде белгіленуі мүмкін және ол нормативтік актілер санкциясы шеңберінде қарастырылуы қажет.

  2. Тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту және оған заңсыз әкімшілік жаза түрлерін қолдану заңсыз әрекет болып табылады.

  3. Сонымен қатар заңсыз әрекеттер дұрыс саралануы қажет

  4. Арнайы органның немесе өкілетті тұлғаның өздерінің өкілеттігі шеңберінде ғана істі қарастыру.

Әкімшілік жауаптылық: генезис, негізгі белгілері, құрылымы

Әкімшілік жауаптылық институтының қалыптасу тарихы

Әкімшілік жауаптылық дегеніміз бұл кінәлі адамға әкімшілік құқығының зерттеу тақырыбы болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.

Жауаптылық дәрежесі өте ұзақ мерзімде пайда болып дамыған. Оның алғашқы бастамасы ретінде б.з.д. 399ж. Афинадағы Сократтың сотталуымен, ал аяқталуын – орта ғасырлар шегімен сәйкестендіруге болады.

Платонның фиософиясы және Сократқа қарсы жүргізілген өндіріс, осы фактілерінің барлығы жауаптылықтың дәрежесінің дамуында маңызды роль атқарды. Көнегректік және көнеримдік стоиктер философиясының негізі- тәртіп, адамдардың іс-әрекеті, оларға мемлекет пен биліктің қатынасы еді.

Рим империясының кезеңіндегі философтар және тарихшылар (Сенека, Эпиктет, Улпиан және т.б.) адамның туғанынан пайда болатын құқықтарды қорғауға бағытталған шараларды қолдаңған еді. Уақыт өте келе ежелгі Рим заңнамасында кінәлі тарапты тыңдау қағидасы пайда болды: «nemo inauditus damnari potest» (оны тыңдап алғанша,ешкім кінәлі деп саналмайды ) деген мағынада қарастырылған5.

Жауаптылық институты алғашқы кезінен бастап өз мақсаты ретінде жазаны әділдік қағидасын қолданып тағайындауды білдірген еді. Гоббстың жазуы бойынша: «Жаза тағайындаудың кемшілігі -ол жазаны мемлекеттік биліктің тағайындағаны» деп айтылған6.

Мемлекеттік құқық саласы жауаптылық институтын алғашқы болып қабылдаған. Сонымен, 1 Петрдің Жарлығы 2 наурыздың 1711 жылы «Сенаттың билігі мен жауаптылығы» деп аталған7.

Кешірек, XIX ғасырда жауаптылық ұғымы қылмыстық және азаматтық құқық салаларына енеді. Әкімшілік құқық болса тек XX ғасырда заңнамада пайда болады8.

Шын мәнінде Кеңестік 50ж. әкімшілік жауаптылық түсінігі мен термині әкімшілік құқық ғылымында жаналық болып,оны зерттеуге деген ынта 60-80ж.әкімшілік жауаптылық институтын оқып қарастыру әкімшілік құқықтық зерттеулерде маңыздысына айналып,бұл тақырыпқа арнала әдебиеттер монобланы жазыла,ды.Жалпы өткен онжылдықтарда ресей әкімшілік-ғалымдары Д.Н Бахрах,И.А Галагин,И.И Веремеенко,Б.Л Лазарев,А.Е Лунев,Г.Н Салищева,М.С Студеникина,Л.Л Попов,А.П Шергин және т.б. 1980ж.Кеңестік,1984-86 ж.Кеңестік Республикаларының Кодекстері әкімшілік құқық бұзушылықтың теориялық негізін салады.

Әкімшілік заңдылықтың элеметтері ең алғаш рет Францияда пайда болды. 17ғасырда монархқа бағынған,төменгі әкімшілікті бақылап,азаматтардың дауларын,әкімшілікпен байланысты талаптарын шешетін провинциялық басқарушы орган - интенданттар пайда болды.17ғ. аяғында бұл органның құзіреті арта түсіп,король азаматтық,кейін қылмыстық істерді жүргізу уәкілеттігінен айырылады.Интенданттардың шешімдерін Мемлекеттік Кеңес қарастырып,бірте-бірте бұл органның беделі күшейеді. 18ғ.Людовик ХIII кезінде Мемлекеттік Кеңес корольдің барлық әкімшілігін басқарады.Интенданттар мен Мемлекеттік Кеңес арасындағы шиеленіс нәтижесінде 1789ж.23маусым және 22желтоқсандағы шыққан заңдар интенданттарды жойып,жаңа департаменттер пайда болады,ал Кеңес –Министрлер кеңесі ретінде қайта құрылады.1790ж.Ұлттық жиналыс соттық-әкімшілік функцияларын атқара бастайды.Францияның әкімшілік институттарының қалыптасуындағы басты қағида-соттардан тәуелсіз,еркін,күшті әкімшілік биліктің болуы.

Әкімшілік жауаптылығының негізгі белгілері ұғымын айқындай отырып көптеген әкімшілік-ғалымдары бұл мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік құқық бұзушылыққа жазалау, әкімшілік санкциясын қолдануымен сипатталатын «әсерлестік»формасы деп тұжырымдайды.Әсерлестік әр түрде жүзеге асады ,өндеп алу –оның бір түрі. Сондықтан әкімшілік жауаптылық,мемлекеттің құқық бұзушылыққа әсерін сипаттай отырып,ең біріншіден, бұл құзіретті орган немесе лауазымды тұлға айып салып,құқық бұзушылық бойынша тергеу жүргізетінін айтып кеткен жөн.

Әкімшілік жауаптылықтың басты ерекшеліктерінің бірі -өкілетті орган, лауазымды тұлғаның билік құзіретіндегі әсер ету шараларын қолдана отырып (протокол толтыру), оны жасаған құқық бұзушылығы жөнінде түсініктеме беру құқығын айту болып табылады.Басқаша айтқанда,мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа әсер ету формасы тұлғаны айыптау және оның құқық бұзушылық негізін түсіндіру құқығы секілді процессуалдық іс әрекеттерімен белгіленеді.Бірақ ешкімнің де кінәлі тұлғаны түсініктеме беруге мәжбүр ете алмайды, себебі бұл құқық бұзышылық жасаған тұлғаның жеке құқығы.

Әкімшілік жауаптылықты мемлекеттік органдардың заңмен тыйым салынған іс әрекеттерді жасауға ықпалы ретінде сипаттала отырып,бұндай әсерлестік жасалған әрекетті «теріс бағалау» арқылы жазаға тартумен белгіленеді.Әкімшілік тәртіпсіздікке берілетін теріс бағалау – уәкілетті органмен жүзеге асатын өзіндік әсер ету шарасы.

Әкімшілік жауаптылық өзіне тән спецификалық өндіріс формаларында жүзеге асады.Мемлекеттік басқару органдарының заңдылық тәртібімен жазалау шаралары алдын-ала белгіленген ереже,процедуралары арқылы жүргізілгені өте маңызды.

Сонымен қатар әкімшілік жауаптылықтың мынадай белгілері бар:

1) оны мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы әсерлестігі (реакциясы) деп қарастырамыз және ол әкімшілік жаза шараларын кодданудан көрініс табады;

2) құқық бұзушыға күқықтық "шығын" келтіреді және ол әкімшілік күқық бұзған адамды тәрбиелеу, сондай-ақ сол құқық бұзған адамды, басқа да адамдарды жаңа құқық бұзушылық жасаудан сақтандыру мақсатында қолданылады;

3) онда адамның ар-намысын таптау, оған күйзеліс келтіру, жеке (немесе заңды) тұлғаның іскерлік беделін түсіру мақсаты болмайды.

Әкімшілік жауапкершілік арнайы процедуралар белгіленген тәртіпте сақталып, белгіленген іс жүргізу формаларында жүзеге асырылады.

Қылмыстық-құқыктық, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қарағанда әкімшілік жауапкершілік:

1) құқыққа қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) фактысы үшін;

2) әкімшілік-құқықтық нормаларда көзделген жағдайларда;

3) уәкілеттігі бар органдар (лауазымды адамдар) арқылы сот және әкімшілік тәртібінде қолданылады.

Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы

Ұйымдық билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық - міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат , сондай-ақ мемлекеттік органдар немесе жергшікті өзін-өзі басқару органдары болып табылатын ұйымдардың жетекшілері, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлер лауазымды адамдар ретінде жауаптылықта болады9.

Әкімшілік кодекстің баптарында заңды тұлғаның жауаптылығы көзделген жағдайларда жеке кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін занды тұлға ретінде жауаптылықта болады.

Тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкілеттігі бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын(яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан зандық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген) не мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарында, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасыньщ басқа әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдық билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.

Атап айта кететін бір жағдай - әскери қызметшілер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, Ішкі Істер Органдарының қатарындағы және басшы құрамындағы қызметкерлері, салык полициясы мен кеден органдарынын қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушьшық үшін

тиісті органдарда қызмет өтеу төртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауапттылыкта болады.

Жоғарыда аталған адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы режимін, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді, санитариялык заңдарды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жолда жүру ережелерін, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерін, аң аулау, балық аулау ережелерін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану меи қорғаудың басқа да ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады. Аталған адамдарга - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамауға алу түрінде, ал шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілерге, әскери және арнаулы оқу орьшдарының курсанттарына (тыңдаушыларына) айыппұл түрінде де әкімшілік жаза қолдануға болмайды.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 72-бабына сейкес әкімшілік, құқық бузушылық жасаған кезде 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп танылады.

ҚР-дағы кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалатын әкімшілік-құқық бұзушылықтың қазіргі кездегі белсенді динамикасы мемлекеттік органдар,қоғамдастықтармен өткізілетін алдын-алу және профилактикалық шараларының жеткіліксіз екендігі дәлелдейді.Бұндай пікір әр түрлі зерттеушілермен өткізілген социологиялық сауалнама нәтижесінде де айқындалған.Сондықтан мемлекет саясатының осы аспектіде қарастыратын аса мәнді саяси бағыты -әкімшілік жауаптылық қолдану қажеттігін белгілейтін сәйкес құқықпен реттеу арқылы жүзеге асатын қоғамдық қолсұғушылықтан азаматтар нақты қорғалуы керек.

Қолданыстағы тәжірибе жастар арасында құқық бұзушылықтың өсуін көрсетеді.Мысалға,статистикалық мәліметтер бойынша 1997-2000ж. «Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық жағдайы жөніндегі »анықтамасына сәйкес 9045 кәмелетке толмағандардың,әсіресе көп тараған:спирт ішімдіктерін ішу,масан күйде қоғамдық жерлерде жүру,есірткі заттарды қолданып ,сақтау секілді делинквенттері орын алған.

Заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары колданылуы мүмкін.

Айыппұл көмелетке толмаған адамның өндіріп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкі болған кезде тағайындалады. Айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Кәмелетке толмағанның өндіріп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкі болмаған жағдайда айыппұл жалпы негіздерде ата анасына немесе олардың орнындағы адамдарға санылады.

Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағанда 1-жылдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін10.

Кәмелетке толмағандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 45 бабында көрсетілген әкімшілік жазалар (әкімшілік қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 57-баптарында аталған өкімшілік құқықтық ықпал ету шаралары және мынадай тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін:

1) заңды түсіндіру;

2) ата-аналарының немесе олардың орньшдағы адамдардың, не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

3) келтірген зиянды реттеіліру міндетін жіктеу;

4) бос уақытын шектеу жөне кәмелетке толмағанның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.

Зандарда тәрбиелік ықпал етудің өзге де шаралары козделуі мүмкін. Сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.

Шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы

Азаматтар - әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде қоғамдық қатынастарға нормативтік актілерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен міндеттарге ие болады.

ҚР-да әкімшілік құқық субъектісі ретінде шетел және азаматтығы жоқ адамдар жатады.Бұл тұлғалар жалпы құқықтар,бостандықтармен қоса арнайы құқықтық мәртебеге ие.

ҚР-да тұрақты тұратындар не уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық қатынастары алуан түрлі.Ол – азаматтық-құқықтық қатынастар,бұл тұлғалардың еңбектік-құқықтық қатынастары,т.б.Аса маңызды топты шетел және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік нормаларының әрекет ету аясындағы құқықтық қатынастар құрайды.

Мемлекетімізде шетелжәне азаматтығы жоқ тұлғалардың нәсіліне,ұлтына,тіліне,әлеуметтік шығу тегіне,мүліктік және қызметтік жағдайына,дініне,қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне ,өзге де жағдайларға байланысты құқықтары шектелмейді.Ал шетел азаматтарының өз мемлекеттерінің заңдарында белгіленген әр түрлі шектеулер ҚР-ның территориясында танылып,қолданылмайды.

Шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалардың мемлекеттік басқару аясындағы міндеттері республикамызда шетел азаматтарына байланысты бекітілген құқықтық режимдерге негізделеді.

Бұл жерде ғалымдар арасында шетелдіктердің құқықтық режимдеріне байланысты пікірталастар туындайды.Қазіргі кезде шетелдіктердің құқықтық режиміне берілетін анықтаманың аса көп тараған түрі ол – шетелдіктердің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.Ғалым Л.Н Галенскаяның ойынша : «Шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы-олардың құқықтық статусы болып табылады.»

Заң әдебиеттерінде халықаралық,конституциялық,әкімшілік құқықтар бойынша ұлттық,арнайы секілді режимдер білгіленген.Ұлттық режим жөнінде сөз қозғасақ,онда шетел және азаматты жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебелері өз азаматтарымен теңестіріледі.Бірақ ,дегенмен шетел азаматтарының құқықтары еш уақытта мемлекет азаматтарымен тең бола алмайды,құқықтарының ауқымы азырақ.Әсіресе,конституциялық және әкімшілік құқық аяларында.

Шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік уәкілеттікке ие бола алмайды.Яғни оларға мемлекеттікбилік және қызмет функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік берілмейді.Бұл тұлғалар мемлекеттік органдардың техникалық персоналында жұмыс істеуге құқылы.Конституцияға сәйкес олар еңбекке қабілеттлігіне сәйкес мамандығы тандайды.Шетел азаматтары еркін еңбектерін әр түрлі жүзеге асырады: өз мемлекетткрінің дипломатиялық елшіліктерінде,мемлекетімізде құрылған кәсіптік филиалдарда,банктер мен өзге занды тұлғалар ретінде.ӘҚтК-тің 37бабының 1.1 тармағына сәйкес Шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық ббөлімшелері (филиалдары,өкілдіктері) ҚР-ның қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапқа тартылады.Сонымен қатар шетел азаматтарына мемлекеттік қорғаныс,республиканың маңызды әкономикалық мүдделеріне байланысты,табиғи ресурстарға тәуелсіз құқықтармен қамтамсаыз ету саларында шектеуліктер қойылады.

Шетелдік және азаматтыжоқ тұлғалар бірлестіктер құра алады және ҚР азаматтарымен құрылған бірлестіктерге еркін кіреді.Жеке,меншік,отбасы ,өзге құқықтарын қорғауға мемлекеттік органдарға,сотқа арыздануға құқлы.

Жоғарыда айтылғандай,барлық шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие.Сәйкес ҚР аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктер,шетелдік заңды тұлғалар,азаматтығы жоқ адамдар жалпы негізде әкімшілік жауаптылықта болады.ҚР континенттік қайраңында ҚР-ның егемендік құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады.Ал шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге щетелдіктер ҚР жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық жөнінденгі мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша істер жүргізу.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс әкімшілік-юрисдикциялық процестің құрылымына кіреді. Әкімшілік өндірістің бұл түрі әкімшілік құқықтың материалыдқ және іс-жүргізу нормаларымен барынша толық реттелген. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің өндірісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен реттеледі. Бұл өндірістің мынадай міндеттер заңмен анықталып берілген:

  1. әр істің мән-жайын уақытылы, жан-жақты, толық және әділ айқындау;

  2. істі заңнамаға сәйкестендіріп шешу;

  3. шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

  4. әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау;

  5. құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылықты нығайту.

Кейде жоғарыда аталған міндеттер орындалмай, заңдылық сақталмайды. Мысалы, іс бойынша шешімдер, көбіне жабық отырыстарда және шағын аудиторияларды қабылданады. Кейбір жағдайларда хаттамалар жасалынбайды, ал жаза құқық бұзушылық жасалған жерде беріледі. Іс қаралған кезде құқық бұзушы мен іс бойынша шешім қабылдайтын және оны сол жерде орындайтын лауазымды адам ғана болады. Әкімшілік бәсекелестік принципіне қарамастан процеске адвокаттың, прокурордың міндетті түрде қатысуы болмайды, кейде құқық бұзушының өзі де қатыспайды.11

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің екі түрін бөліп алуға болады, олар әдеттегідей және оңайлатылған әдеттегі өндіріс түрі істердің көпшілігіне тән, ол заңнамада жан-жақты реттелген. Кодексте тікелей көзделген істер жеңілдетілген өндіріс тәртібінде қаралады. Онда іс жүргізу әрекеттері аз әрі жеңіл болады.

ӘҚтК-ке сүйеніп әкімшілік өндірісте бірнеше дербес іс жүргізу сатыларын бөліп алуға болады. Олар: 1)әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істі қозғау; 2)істі қарау; 3) іс бойынша қаулы шығару; 4) шешіімге шағым және наразылық келтіру; 5)қабылданған шешімді орындау.

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау өндірістің бастапқы сатысы болып табылады, онда нақты мақсат болады және іс жүргізу құжатын – хаттаманы толтыруда. Заңға сәйкес айыппұл салынып алынатын, ол құқық бұзушылық жасалған жерде ескерту берілетін жағдайдан басқа реттерде уәкілеттік берілген лауазымды адам хаттама толтыруға тиіс.

Іс-қозғау – жасалғандығы анықталған және іс жүргізуді рәсімдемен құқық бұзушылықтың салдары болып табылатын нақты әкімшілік іс жүргізу қатынасының туындауына әкеліп соғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға ӘҚтК-нің 636-бабында өзіне уәкілеттік берілген адам құқылы (ішкі істер органдарының, атқарушы органдарының, көлік инспекциясы органдарының, сот орындаушылар, тағы басқа лауазымды адамдар). Сонымен қоса, 634 баптың 3 тармағына сәйкес істің прокурордың қаулысының негізінде қозғалуы мүмкін.

Ал, хаттаманың өзіне мынадай талаптар қойылады: оны толтырған күн және орын көрсетілуі; оны жасаған адам жайында деректер, аты-жөні, қызметі; құқық бұзушылық жасаған адам туралы мәліметтер; әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыты, оның мәні; құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік акт; куәлар мен жәбірленушілердің көрсетулері; құқық бұзушының түсініктемесі; істі шешуге қажетті басқа да мәліметтер. Хаттамаға оны жасаған адам, құқық бұзушы, егер бар болса, куә және жәбірленуші қол қояды. Құқық бұзушы өз түсініктемелері мен ескертулерін ұсынуға құқылы, олар хаттамаға тіркеледі.

Хаттама бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге уәкілетті органға жіберілуі тиіс.

Заңда тікелей көзделген кейбір жағдайларда хаттамаға жасау міндетті емес. Мысалы, темір жол көлігінде тәртіпті қорғау және жүру қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді бұзғанда, әуе кемесінде өзін қалай ұстау ережелерін бұзғанда, егер адам өзіне берілетін әкімшілік жазаға қарсы болмаса, сондай-ақ айыппұл салынып алынатын, ал ескерту құқық бұзылған жерде тіркелетін басқа да жағдайларда хаттама жасалынбайды.

Егер хаттама жасау міндетті болса, ал оны сол жерде жасау мүмкін болмаса, уәкілетті адам құқық бұзушыны полицияға жеткізеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау сатысында, қажет болған жағдайда, құқық бұзушыға мынадай әкімшілік жол кесу шаралары қолданылуы мүмкін: әкімшілік жолмен ұстау, үсті-басын қарау, заттарын қарау, заттарын және жеке құжаттарын алу. Бұл шараларды жүргізудегі мақсат әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, хаттама жасау, істің уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету.

Әкімшілік жолмен ұстау тек заңда көзделген жағдайларда ған және оған өкілеттік берілген органдар арқылы жүзеге асырылады. Ұстаудың жалпы мерзімі 3 сағаттан, ал төтенше жағдайларда 3 тәуліктен аспауға тиіс (мерзім хаттама толтырғаннан кейін басталады).

Үсті – басты қарауға сол қаралатын адаммен бір жыныстағы, сондай әрекетке өкілеттігі бар адам сол жыныстағы басқа 2 адамның көзінше жасауға құқылы.

Жалпы, Жол кесу шараларын қолдану міндетті емес, ол тиісті құзыретті органның құқығы, қолданбауы не қолдануы өз еркісі.

2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау - әкімшілік өндірістің негізгі сатысы онда іс жүргізу қызметінің осы түріне тән барлық негізгі ерекшеліктер, сипаттар көрініс табады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді мына органдар иен лауазымды адамдар қарауға құқылы:

  1. әкімшілік комиссиялары;

  2. поселке, ауыл, село әкімшілігінің басшысы;

  3. кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия;

  4. аудандық (қалалық) соттар, судъялар;

  5. ішкі істер органдары;

  6. әкімшілік қадағалау функцияларын жүзеге асырушысы органдар мен лауазымды адамдар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісіне қатысушы адамдардың құқықтық мәртебесін заң анықтайды. Оларға жататындар: әкімшілік жауапқа тартылатын адамдар, жәбірленуші, заңды өкілдер, адвокат, куәгер, сарапшылар, аудармашы, маман, Прокурордың қатысуы міндетті емес.

Істі қараудың жалпы мерзімі – уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және басқа материалдарды алғанна кейін 15 күн. Істердің кейбір санаттары бойынша қысқартылған мерзімдер көзделген: ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу немесе көпшілік орныдарда мас болып жүру және тағы басқа істер туралы – бір тәулік ішінде; рұқсатынсыз радиотартқыш құралдарын жасау және пайдалану туралы істер – үш тәулік ішінде; ұсақ ұрлық туралы істер – бес тәулік ішінде қаралады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:

  1. істі қарайтын органның құрамын жариялау немесе лауазымды адамды таныстыру;

  2. қандай істің қаралатындығы және кімнің жауапқа тартылатындығын төрағалық етушінің хабарлауы, іске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дауыстап оқу;

  4. Іске қатысушыларды таңдау, дәлелдемелерді зерттеу.

Істі қарау кезінде мынадай сұрақтарға жауап табу міндетті: Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған ба, бұл адам оның жасалуына кінәлі ме, шараларды қолдануға негіз бар ма, кінәні ауырлататын немесе жеңіледетін мән-жайлар бар ма, мүліктік залал келтірлді ме және де басқа да маңызды мән-жайлар бар ма?

Іс жүргізу мәліметтері хаттамада тіркеледі:

Өндірістің келесі кезеңі: 3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойныша қаулы шығару.

Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган (лауазымды адам) қаулы шығарады, онда мыналар көрсетіледі: қаулы шығарған органның аты, іс қаралған күн; іс бойынша шешім шығарылған адамға қатысты мәліметтер; қаралған кезде анықталған мән-жайлардың баяндауы; осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік актіге сілтеме; іс бойынша қабылданған шешім; қаулыға шағым келтірудің тәртібі мен мерзімі.

Іс бойынша қаулы 2 түрлі болады:

  • әкімшілік жаза беру туралы;

  • іс өндірісін қысқарту туралы.

Іс бойнша өндірісті болдыртпайтын мән-жайлар бар жағдайларда , сондай-ақ басқа да мән-жайларға байланысты іс өндірісін қысқарту туралы қаулы шығарылады.

Қаулы іс қаралып болған бойда жарияланады. 3 күн мерзімде қаулының көшірмесі өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға, сондай-ақ, сұрап өтініш жасаған жәбірленушіге тапсырылады.

Істі қараған орган әкімшілік құқық бұзуға ықпалын тигізген себептер мен жағдайларды анықтаса, ұйымдардың басшылары мен лауазымды адамдарға сол себептер мен жағдайларды жою үшін шара қолдану туралы ұсыныс енгізеді. Бұл адамдар 1 ай мерзімде қабылданған шаралар жайында ұсыныс енгізген органға хабарлауға міндетті.

Өндірістің төртінші сатысы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым және наразылық келтіру. Бұл өндірістің факультативтік белгісі болып табылады.

Іс бойынша шығарылған қаулыға шағымды өзіне қатысты қаулы шығарылған адам, сондай-ақ жәбірленуші келтіреді. Уәкілетті органның қаулысына жоғары тұрған органға, не сотқа шағымдануға болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған қаулыға прокурр наразылық келтіруі мүмкін.

Белгіленген мерзімде берілген шағым және прокурордың наразылығы қаулының орындалуын наразылық қаралғанша тоқтата тұрады. Шағымның немесе наразылықтың қаралу мерзімі – 10 күн, шағымды немесе наразылықты қараушы орган шығарылған қаулының заңдылығын және дәлелдігін тексеруге, істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге міндетті. Содан кейін ол мына шешімдердің біреуін қабылдайды:

  1. қаулы өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалады;

  2. қаулы бұзылады, ал іс қайта қарауға жіберіледі;

  3. қаулы бұзылады, іс қысқарады;

  4. жазалау шарасы өзгереді, бірақ күшейтілмейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысты қаулыға келтірілген шағым бойынша шешімге қадағалау тәртібіне прокурор, ао аудандық (қалалық) соттың шешіміне, сонымен қатар жоғары тұрған сот төрағасы наразылық келтіре алады.

4-ші кезең – қабылданған шешімді орындау сатысы - өндірістің ақырғы пункті.

Әкімшілік жаза беру туралы қаулы барлық мемлекеттік және қоғамдық органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен лауазымды адамдардың орындалуына міндетті болып келеді.

Мына жағдайларда атқарушы өндіріс қысқартылуы мүмкін: рақымшылық актісі, жауапкершілік белгіленген акт бұзылса, өзіне қатысты қаулы қабылданған адам қайтыс болса.

Қысқартылған атқарушының өндіріс қайтадан қалпына келтірілмейді.

ӘҚтК-те әкімшілік жаза беру туралы қаулының орындалуын бақылау міндеттемесін қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) өзіне алады.

Ескерту түріндегі әкімшілік жаза беру туралы қаулыны оны шығарған орган, іс біткен бойда, ескертуді жариялау арқылы орындайды. Егер шешім құқық бұзушы жақ кезде шығарылса, онда қаулының көшірмесі оған 3 күнде тапсырылуы тиіс.

Егер айыппұл салу туралы қаулы шығарылса, онда айыппұлды құқық бұзушы өзіне қаулының көшірмесі тапсырылғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей төлеуге тиіс. Әкімшілік жауапкершілікке кәмелетке толмаған тартылып, ол оның өз жалақысы болмаса, онда айыппұл оның ата-анасынан өндіріледі. ӘҚтК-те айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе оны азаматтық іс жүргізу ережелеріне сәйкес құқық бұзушының жалақысынан мәжбүрлеп өндіру көздлген.

Заттың құнын төлеп алу туралы қаулының орныдалуы мына тәртіпте жүргізіледі: қаулы негізінде алынған затты уәкілетті орган сол мүлік тұрған жердегі сауда ұйымына сатуға өткізіледі. Сатқаннан түскен ақшадан сол затты сатуға кеткен шығын ұсталып, қалғаны заттың бұрынғы иесіне беріледі.

Арнайы құқықтан айыру туралы қаулының орныдалуы жүргізуші куәлігін немесе ақша билетін белгілі бір мерзімге алу арқылы жүргізіледі.

Әкімшілік қамауға алу туралы қаулыны ішкі істер органдары бірден орындайды. Бұл, ретте, қамауға алынған адам ішкі істер органдары белгіленген орында, қамауға алынған басқа сипаттағы адамдардан оқшау ұсталары. Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамау мерзіміне кіреді.

Қазақстан Республикасының және шетелдердiң әкiмшiлiк құқығы” пәнi бойынша курстық жұмыс тақырыптары

  1. Әкiмшiлiк құықтың, ғылым, оқу пәнi және құқық саласы ретiндегi түсiнiгi.

  2. Әкiмшiлiк құқық пәнi және әдiсi

  3. Әкiмшiлiк құқық жүйесi.

  4. Әкiмшiлiк құқық қайнар көдерiнiң түрлерi, мiздемесi және түсiнiгi

  5. Мемлекеттiк басјарудың түсiнiгi

  6. Мемлекеттiк басқарудың субъектiсiнiң сызықтық және функциялық бағынуы

  7. Атқарушы билiк пен басқару аппаратынық түсiнiгi

  8. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түсiнiгi және мiнездемесi

  9. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түрлерi

  10. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарының құрылымы

  11. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарының түрлерi

  12. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарының түсiнiгi және белгiлерi

  13. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарының субъектiсiнiң түсiнiгi және түрлерi

  14. Азаматтардың әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесi

  15. Басқару саласындағы құқықтар мен мiндеттер. Азаматтырдаң құққықтары мен бостандықтары, әкiмшiлiк-құқықтық кепiлдiктерi

  16. Қоғамдық және дiни бiрлестiктер әкiмшiлiк-құқық субъектiлерi ретiнде

  17. Атқарушы билiктiң органдарының жүйесi

  18. ҚР Президентiнiң әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесi

  19. ҚР Үкiметiнiң әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесі.

  20. ҚР Үкiметiнiң әкiмшiлiк өкiлеттерiнiң негiздерi

  21. Атқарушы билiктiң орталық және жергiлiктi органдары әкiмшiлiк-құқықтың субъектiсi ретiнде

  22. Басқару әдiстерiнiң түсiнiгi және саралануы, топтастыруы

  23. Басқару әдiстерiнiң түсiнiгi және түрлерi

  24. Басқарудың құқықтық актiлерiнiң түсiнiгi және белгiлерi

  25. Басқару актiлерiнiң түрлерi

  26. Басқару актiлерiне қойылатын талаптар

  27. Басқару актiлерiнең заң күшiне ену тәртiбi

  28. Әкiмшiлiк шарттың түсiнiгi және мiнездемесi

  29. Мемлекеттiк қызметiнiң түсiнiгi

  30. Мемлекеттiк јызметтi топтастыру

  31. Мемлекетiк қызметке кiру

  32. Мемлекеттiк қызметтiң құқықтық мәртебесi.

  33. Мемлекеттiк қызметкерлердiң жауаптылығы.

  34. Мемлекттiк қызметкерлердiң өкiлеттiктерiн қысқарту.

  35. Әкiмшiлiк процестiң түсiнiгi, қағидалары.

  36. Әкiмшiлiк процестiң субъектiлерi.

  37. Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң түсiнiгi, түрлерi.

  38. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң мiнездемесi.

  39. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу кезеңдерi.

  40. Әкiмшiлiк жауаптылық түсiнiгi, белгiлерi.

  41. Әкiмшiлiк жауаптылық институтының функциялары.

  42. Әкiмшiлiк жағымсыз әрекеттердiң түсiнiгi, белгiлерi. Қылмыстардың айырмашылығы.

  43. Әкiмшiлiк жағымсыз әрекеттердiң құрамы.

  44. Әкiмшiлiк жазалардың түсiнiгi және мағынасы.

  45. Жазалардың түлерi және мiнездемесi.

  46. Әкімшiлiк ұстау.

  47. Жазаға тарту ережесi.

  48. Әкiмшiлiк бұлтартпаудың түсiнiгi, мәнi, мағынасы.

  49. Бұлтартпаудың жалпы, арнайы, процессуалды шаралары.

  50. Әкiмшiлiк бұлтартпаудың негiзгi шараларының мiнездемесi.

  51. Әкiмшiлiк-құқықтық режимдердiң түсiнiгi, мағынасы.

  52. Шектен шығу ережелерiнiң режимi.

  53. Ерекше жағдайдың режимi.

  54. Әскери жағдайдың режимi.

  55. Мемлекеттiк шекараны қорғау режимi.

  56. Әкiмшiлiк қызметтiң заңдылығының түсiнiгi мен мағынасы.

  57. Заңдылықты қамтамасыз ету тәсiлдерi.

  58. Жапонияның әкiмшiлiк құқығының ерекшелiктерi.

  59. Жапонияның әкiмшiлiк құқығының институттары.

  60. Жапонияның басқару қызметiнiң нысандары, оның институттары.

  61. Жапонияндағы бұқаралық әкiмшiлiктiң жоғары және орталық органдары.

  62. Басқару қызметiнiң нысандары.

  63. Юстицияны ұйымдастыру жүйесi.

  64. Америка Құрама Штаттарының әкiмшiлiк құқығы ерекшелiктерi.

  65. Америка Құрама Штаттарында әкiмшiлiк қызметтi реттеу.

  66. Америка Құрама Штаттарындағы соттардың әкiмшiлiктiң үстiнен бақылауы.

  67. Францияның әкiмшiлiк құқығының түсiнiгi және қайнар көздерi.

  68. Франциядағы мемлекеттiк қызмет.

  69. Францияның әкiмшiлiк соттары.

  70. Францияның әкiмшiлiк құқығының қайнар көздерi.

  71. Ұлттық қауiпсiздiктi басқаруды ұйымдастыру жүйесi

  72. Қауiпсiздiктi заңдылықпен қамтамасыз ету

  73. Мемлекеттiк шекара және оны қорғау.

  74. Ұлыбританияның әкiмшiлiк құқығының ерекшелiктерi және оның институттары.

  75. Ұлыбританиядағы әкiмшiлiк қызметтi реттеу.

  76. Ұлыбританиядағы соттардың әкiмшiлiктiң үстiнен бақылауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]