Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
169
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

Глоссарий

Акция – жыл сайынғы акционерлер жиналысында дауыс беруге, директорды сайлауға және компания пайдасынан өз үлесін дивидент түрінде алуға акция иесіне құқ беретін және компания капиталындағы үлесіне құқығын мақұлдайтын бағалы қағаз.

Алтын стандарты- ұлттық валюта бірлігіндегі алтынның белгіленуі арқылы Орталық Банктің ұлттық валютаны алтынға айырбастап сату және сатып алу міндеттемесі.

Арбитраж– бір нарықта валютаны және басқа активті сатып алып, оны басқа нарыққа пайда табу мақсатында жылдам сатуды ұсынатын операция.

Әлемдік рынок – халықаралық еңбек бөлінісі арқылы байланысқан әртүрлі елдер арасындағы тұрақты тауарлы-ақшалай қатынастар.

Валюта айналымы– резиденттер мен бейрезиденттер ешқандай шектеусіз ұлттық валютаны шет елдік валютаға алмастыруы және шет елдік валютаны нақты қаржы активі ретінде қолдануы.

Валюта курсы (бағамы)– ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне қатынасы.

Валюта котировкасы – таңдалған рыноктық механизмдер негізінде валюта курсын анықтау.

Валютаның паралельді айналымы –мемлекеттің ұлттық валютасымен қатар шет елдердің бір немесе бірнеше валюталарының айналыста қолданылуы.

Демпинг– сол елдегі экспорттық бағаны нормалды баға деңгейінен төмендету есебінен сыртқы нарықта тауар қозғалысынан көрінетін сауда саясатының қаржылық бейтарифтік әдісі.

Екі жақты арнайы тауарлар мен технологиялар – бұл бейбіт, азаматтық мақсатта, сонымен қатар, қару-жарақ және әскери техника (жаппай қырып-жою қаруларын) өндіруде де қолдануға болатын құралдар, материалдар, шикізат, техникалық ақпараттар.

Еңбек миграциясы - еңбек көрсеткіштерін қосымша жүзеге асыратын және сол қоғамның экономикалық қажеттілігі болып табылатын еңбекке жарамды тұрғындардың қозғалысы.

Еуропалық валюталық жүйе- бұл халықаралық валюталық жүйе, ол экономикалық интеграция шеңберінде ұлттық валюталардың қызмет етуімен байланысқан экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Иммиграция – адамдардың жұмысқа немесе басқа да себептермен ұзақ уақытқа басқа елге келуі, яғни жұмысшыларды импорттау.

Инвестициялық позиция– елдің шет елдердегі активтері мен шет елдіктердің осы елдегі активтерінің арақатынасы.

Институционалды бірлік– тауарлар мен активтерге иелік ете алатын, өз бетінше экономикалық міндеттеме қабылдай алатын және басқа агенттермен келісімдер жүргізе алатын экономикалық агент.

Капиталдың халықаралық қозғалысы– меншік иесіне табыс әкелетін, елдер арасындағы капиталдың көші-қоны.

Кедендік баж салығы –бұл меншіктің кедендік территориясына тауар әкелу немесе алып шығу кезінде кедендік ұйымдар арқылы алынатын міндетті жарна.

Кедендік тариф –кедендік баж салықтарының сомалары жүйелі түрде көрсетілген құжат.

Кедендік декларация– ұлттық заң талаптарына сай толтырылған, шекара арқылы өтетін тауар жөнінде барлық қажетті ақпараттарды беретін құжат.

Қаржылық дериваттар –бағасы басқа қаржы активтерімен байланысты қаржылық тәуекелдегі сауда құралдары.

Меркантилизм –феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат.

Мемлекеттік сатып алу саясаты– мемлекеттік орган мен кәсіпорындар тауарды ұлттық фирмалардан ғана сатып алуды талап ететін сауда саясатының жасырын әдісі.

Нақты валюталық курс- өз елінде немесе ұлттық валюта айырбасталатын басқа елдегі баға өзгерісі деңгейін ескере отырып, есептелетін номиналды валюта курсы.

Номиналды валюталық курс - екі валюта арасындағы курс, яғни ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне шаққандағы курсы.

Оптималды тариф ставкасы– ұлттық экономикалық әл-ауқаттың максимальды деңгейін қамтамасыз ететін тариф деңгейі.

Өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі - түрлі елдерде тарихи қалыптасқан өндіріс факторларын басқа елдерге қарағанда тиімді өндіру әдісі.

Патент - өнертапқышқа осы табысын монопольды иелік ету құқығын куаландыратын және құзырлы үкіметтік орган арқылы берілетін куәлік.

Преференция– 1 елдің 2 елге экономикалық қарым- қатынасты жақсарту мақсатында, басқа 3 бір елге таратылмауы жайындағы келісім негізінде жасалатын ерекше жеңілдіктер.

Сауда сальдосы– экспорт пен импорт көлемі арасындағы айырмашылық.

Сауда шарттары – бір елдің немесе елдер тобының белгілі бір тауарларының экспорттық және импорттық бағаларының арақатынасы.

Сыртқы сауда саясаты – мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасын орнатуға мақсатты түрде бағытталған саясаты.

Спот-курс– курс жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен кейін 2 күннің ішінде валюталар айырбасталатын курс.

Субсидия– бұл импорттың жанама дискриминациясы мен ұлттық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге бағытталған ақша төлемі.

Сауда еркіндігі– сұраныс пен ұсыныстың еркін нарықтық күші негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің аз араласу саясаты.

Тиімді тарифтік қорғау саясаты– бұл импорттық шикізаттарға импорттық бажды төмен ставкамен және соңғы тауарларға импорттық бажды жоғарғы ставкамен қолдану саясаты.

Тарифтік эскалация– тауарлардың өңделу жоғарылығына қарай тариф ставкаларын жоғарылату

Форвардтық курс – курс жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен 3 күннен кейін белгілі бір кезеңге дейін валюталардың айырбасталатын келісімді курсы.

Халық миграциясыдегеніміз – тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған қайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы, ауысуы.

Халықаралық валюта-қаржылық жүйе– тауарлар мен өндіріс факторларының халықаралық қозғалысын қамтамасыз ететін, халықаралық келісімдерде бекітілген валюта-қаржылық қатынастарды ұйымдастыру формасы.

Халықаралық еңбек кооперациясы дегеніміз – елдер арасында ең үлкен тиімділікпен өндірілген тауарлар айырбасы.

Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз – жекелеген елдерде белгілі бір өнім түрін шығаруға негізделген елдер арасындағы қоғамдық-аймақтық еңбек бөлінісінің ең жоғарғы даму сатысы

Халықаралық корпорациялар дегеніміз - әлемнің әртүрлі елдеріне тікелей инвестиция салушы ірі корпорациялардың құрылымдық ұйымдасу формасы.

Халықаралық сауда- әлемнің барлық елдерінің сыртқы сауда жиынтығын көрсетуші халықаралық тауар-ақша қатынастары.

Халықаралық сауданы кеденді-тарифті реттеу - кедендік төлемдер жүйесіне енетін экспорт-импорттық тарифтерді қолдануға байланысты мемлекеттік реттеу.

Экспорт-импортты квоталау дегеніміз– белгілі бір тауар түріне арнайы бір мерзім ішінде елге әкелуге немесе елден шығаруға сандық шектеу енгізу.

Экономикалық интеграция дегеніміз – мемлекетаралық келісімдер формасындағы және мемлекетаралық ұйымдар келісімі арқылы реттелетін елдер арасындағы өзара байланысты экономикалық процесс.

Экспортты «ерікті» шектеу– экспорт тауарға белгіленген квота туралы ресми емес немесе ресми үкіметаралық келісім төңірегінде қабылданған экспорт көлемін сауда бойынша шектеуде серіктестердің бірінің міндетіне негізделген экспортқа сандық шектеу.

Экспорттық несиелеу– ұлттық фирмалармен экспортты дамытуда мемлекетпен қаржылық реттеуді қарастыратын сыртқы сауда саясатының қаржылық бейтарифтік әдісі.

Валюталық бағамдегеніміз – ұлттық валюта бірлігінің шетел валютасы бірлігіне шағылған бағасы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілген жеке бір ел валютасының «бағасы».

Валюталық котировка– бұл нарықтық механизмдер негізінде алынған валюталық бағам анықтамасы.

Тікелей котировка– ұлттық валюта бағамы бірлігінің белгілі шетел валюта бірлігінің саны арқылы бейнеленеді (мыс: егер 1 долл. = 126 теңге болса, онда доллар үшін – тікелей, ал теңге үшін – жанама котировка болып есептеледі).

Жанама котировка– шетел валюта бағамы бірлігінің белгілі бір ұлттық валюта бірлігінің саны арқылы бейнеленеді (мыс: егер 1 рубль = 0,0002 долл. болса, онда рубльге – тікелей, ал долларға – жанама болып есептелінеді).

Кросс-котировка- екі валюта бағамдарының бір-біріне әрқайсысының үшінші валютаға қатысты бейнелейді (мыс. АҚШ долларына қатысты).

Спот-бағам– бағам жайлы келісім жасалған кейінгі 2 күн ішінде айырбасталатын валюталар бағамы.

Форвардтық бағам- бағам жайлы келісім жасалған кейін 3 күннен астам уақыттан кейін айырбасталатын валюталар бағамы.

Депозитарлы қолхат– шетел компанияларында акциясы барын мақұлдайтын және ұлттық банк шығаратын бағалы қағаз. Кең таралған түрлері: американдық және ғаламдық депозитарлы қолхат.

Ресми капитал– мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржылар арқылы шет елдерден тек үкімет шешімімен ғана берілетін немесе алынатын капиталдар. Оларға мемлекеттік қарыздар, заемдар, көмектер, қайтарымсыз көмектер, сыйлар жатады.

Жеке капитал– жеке фирмалардың, банктерді , т.б. мемлекеттік емес ұйымдардың шет елдерден алатын немесе беретін қаржыны тасымалдауына негізделеді.

Тікелей инвестиция– ұзак мерзімді табыс табуға бағытталған және сол арқылы меншік құқығын немесе басқарудағы шешуші құқықтарды қамтамасыз етеді.

Портфельдік инвестициялар- шетел акцияларына, облигацияларына және т.б. құнды қағаздарға капиталдың жұмсалуы. Оны енгізудегі негізгі мақсат – жоғары дивидент алу.

Инвестициялық позиция– елдің шет елдердегі активтері мен шетелдіктердің осы елдегі активтерінің арақатынасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]