Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_AP_RK_2012-2013_KYu_2k.doc
Скачиваний:
111
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.01 Mб
Скачать

5. Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы.

1. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.

Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде қоғамдық қатынастарға нормативтiк актiлерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Осы құқықтар мен мiндеттердiң жиынтығы азаматтарың құқықтық мәртебесiн көрсетедi.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – заңда және јзге де нормативтiк құқықтық актiлермен бекiтiлген азаматтың мемлекеттiк басқаруға, жеке және бұқаралық мүдделерiн қанағаттандыруға қатысуын қамтамасыз ететiн құқықтары, мiндеттерi және жауаптылығы.

Нормативтiк құқықтық актiлер – құқықшығарушы органдардың өзiнiң құзыретi шеңберiнде белгiлi бiр нысанда қабылданатын және құқық нормаларын өзгертуге, бекiтуге бағытталған, жазбаша ресми құжат.

Құқық нормалары - жалпыға бiрдей мiндеттi, тұрақты немесе уақытша сипатқа ие болатын, бiрнеше рет қолдануға негiзделген мемлекеттiк предписание?

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – ҚР-ның Конституциясы, “ҚР-ның азаматтығы туралы”, “ҚР-дағы мемлекеттiк қызмет туралы” және өзге де актiлермен анықталады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа қатысушы ретiнде сипатталатын басты ерекшелiктерi – олар жеке тұлға болып қатысады, яғни атқарушы билiк саласында өзiнiң жеке құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асырады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi күрделi сипатқа ие болады және атқарушы билiк аясында көптеген құқықтар мен мiндеттердi қамтиды. Сондықтан әкiмшiлiк құқықтық қатынастар мемлекеттiк билiк уәкiлеттiгiне ие болатын сәйкестелген органдардың және бұндай уәкiлеттiктерге ие болмайтын, бiрақ мемлекеттiк билiк саласында белгiлi құқықтар мен мiндеттерге ие болатын азаматтар арасында пайда болады.

Олар:

  • азаматтардың атқарушы билiк саласында заңмен бекiтiлген құқықтарын жүзеге асыруы;

  • азаматтардың атқарушы билiк саласында өзiне жүктелген мiндеттерiн атқаруы;

  • азаматтардың атқарушы билiк саласындағы құқықтарының бұзылуы;

  • азаматтардың атқарушы билiк саласындағы заңды мiндеттерiн орындамауы.

Әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың пайда болу шеңберi әр түрлi, сондықтан азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiн нығайтуды қажет етедi. Олар:

  • мемлекеттiк iстердi басқаруға тiкелей және өкiлдерi арқылы қатысуы;

  • азаматтардың мемлекеттiк қызметке тең құқығы;

  • еркiн жүрiп-тұру;

  • азаматтардың экономикалық, әлеуметтiк-мәдени құқықтары.

Сонымен қатар мiндеттерi:

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • отанды қорғау;

  • салық төлеу.

2. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы оның әкiмшiлiк құқық субъектiлiгiмен анықталады.

Құқық субъектiлiк – құқықтың субъектiсi болу қабылетi.

Азамат атқарушы билiк саласында құқықтарға ие болып, мiндеттер атқару үшiн оның әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi болуы керек.

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк мемлекетпен қамтамасыз етiлген. Кейбiр жағдайда әкiмшiлiк құқық қабылеттiк заңмен белгiленген тәртiпте уақытша немесе жартылай шектелуi мүмкiн (әскери қызметiн өтеу кезiнде, денсаулығына байланысты; көлiк айдау құқығынан уақытша айыру; төтенше жағдайлар кезiнде).

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк әкiмшiлiк әрекет қабылеттiктiң қажеттi шарты болып табылады.

Жалпы алғанда азаматтар бiрдей әкiмшiлiк әрекет қабылеттiкке ие болады. Бiрақ, денсаулық және т.с.с. жағдайларға байланысты олар жартылай немесе толық әрекет қабылеттiгi жоқ деп танылады (егер есi дұрыс болмаса, онда жауаптылыққа тартылмайды).

Әрекет қабылеттiгi бар азамат нақты әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа түсiп, атқарушы билiк органдарының талаптарын орындайды немесе өзiне тиiстi құқықтарын жүзеге асырады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бөлiп қарастыру ҚР-ның Конституциясында бекiтiлген жүйеге сүйенедi және оны жүзеге асыру кезiнде тереңдетiледi (меншiк құқығының пайда болуы әкiмшiлiк құқығымен уәкiлеттендiрiлгенорган немесе лауазымды тұлғамен берiлетiн заңды құжатпен куәлендiрiледi).

3. Әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.

Бұл тұлғалар жалпы құқықтар мен бостандықтармен қоса арнайы құқықтық мәртебеге де ие болады.

Мемлекет шетел азаматтарымен қатынастарды реттеумен қатар олардың құқыққабылетiн бекiтiп, құқықтары мен бостандықтарын анықтап, кепiлдiктердiң көмегiмен құқықтық мәртебесiн қорғайды және iске асыруды қамтамасыз етедi. Сонымен қатар атқарушы билiк органдары шетел азаматтарының құқықтық iс қимылына бақылау және қадағалау шараларын қолданады.

Мемлекетке келген шетел азаматтарының шектелген құқыққабылеттiгi олардың посольстволар мен консульстволарда келуге рұқсат алу және құжаттарын рәсiмдеуден басталса, ал толық құқыққабылеттiк ҚР-ның аумағына келiп кiргенде басталып, ҚР-нан кеткенде немесе азаматтығын өзгертуде анықталады.

Шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi – оның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау қабылеттiгi және өзiнiң әрекеттерiмен өзiне берiлген құқықтарды жүзеге асыру болып табылады.

Заңдағы критерилерден басқа шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi халықаралық келiсiмге сәйкес негiзде анықталуы мүмкiн.

Шетел азаматтарының әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiнiң ерекшелiктерi: олардың саяси құқықтары болмайды.

Заңды кепiл - шетел азаматтарының берiлген құқықтары мен бостандықтары және мiндеттерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты да қарастырады (әкiмшiлiк жазалар – Республиканың аумағынан әкiмшiлiк жолмен кетiру). Бұл жазаларды қолдануға әсер ететiн салдар:

  • мемлекеттiк қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы әрекеттер жасау;

  • халықтың денсаулығын қорғауға қажеттi деп танылса;

  • жалпыға бiрдей мiндеттiлiктi сақтамаса;

  • еңбек құқығының нормаларын бұзса және т.с.с.

Әкiмшiлiк құқық позициясынан шетел азаматтары:

  • тұрақты тұратындар, яғни ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға вид алған – шетел азаматтары;

  • уақытша келгендер деп сараланады.

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері мен принциптері.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы.

Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс- жүргізу.

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері мен принциптері.

Қазақстан Республикасында әр түрлі әкімшілік ережелер әрекет етеді. Мысалы, олардың қатарына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жол қозғалысы ережелері, от қауіпсздік, қоршаған ортаны қорғау ережелері, төтенше жағдай туралы ережелерді жатқызуға болады. Бұлардың барлығы Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітіледі. Ал, бұл ережелерді бұзу құқық бұзушылық болып саналады. Соның ішінен әкімшілік құқық бұзушылықты айыра білу керек.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәкес, әкімшілік құқық бұзушылық – жеке адамның осы кодекс бойынша әкімшілік жауаптылықты көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі. Профессор А.А. Тарановтың жазуынша, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптың әрекет не әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылық ыриқтық іс-әрекет актісі болып табылады, ол өзіне іс-әрекеттің екі аспектісін - әрекеттік немесе әрекетсіздік көріністі білдіреді.1 Міндеттемені, заңды талапты белсенді түрінде орындамау, сондай-ақ салынған тыйымды бұзу (мысалы, егіндкті бүлдіру, көкнар немесе қарасораны заңсыз отырғызу) әрекет болып табылады. Ал әрекетсіздік дегеніміз міндетті көрінеу орындамау ( мысалы, мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көміп тастау талабын орындамау, т.б.)

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауапкершіліктің негізі ретінде, әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады. Жаза қолдануға нормативтік негіздемеге құқық нормалары жатады және әкімшілік жауапкершілік осы нормаларға сәйкес белгіленіп, қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты басқа құқыққа қайшы әрекеттен айыру үшін оның белгілерін білу қажет. Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне мыналар жатады:

заңға қайшылық. Бұның мәні құқық нормасының диспозициясын бұзатын әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалуында, ал ол үшін әкмшілік жауапкершілік белгіленеді. Мысалы, құқық бұзушылық құқықтың, заңнаманың әр түрлі салаларының нормаларына қатысты болуы мүмкін (мысалы, білім, қораныс, ветеринария, т.б. туралы), бірақ ол үшін әкімшілк, сот тәртібінде қолданылатын әкімшілік жазалау шаралары көзделсе, онда ол әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

Кінәлілік. Кез-келген әрекетті (әркетсіздікті) жасаудағы кінәлілік дегеіміз – оның қасақана немесе абайсда жасалуы. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті түрдегі белгісі, ал кінә болмаса іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылмайды, сондақтан кінәнің формасы сараланбайды. Ол белгілі бір теріс қылықты жасағадық үшін әкімшілік жауапкершілік салыстырмалы- белгілі бір жазалау шараларында көрініс тапқанда, мысал, көптеген теріс қылықтар үшін жаза бергенде, негізгі немесе қосымша жаза бергенде ескеріледі. Жаңа ӘҚтК-тің 36-бабына сәйкес заңды тұлағалардың әкімшілік жауакершілігі белгіленген, онда кінә саралаушы белгі болып табылмайды (яғни, кінә анықталмайды).

Жаппай жасалу (теріс қылықтардың жаппай орын алуы). Жаппай жасалушылық әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі ретінде заң ғылымында әзірше толық, жан-жақты зерттелмеген.

Жаппай жасалғандықты көрсететін белгілерге мыналар жатады: теріс әрекетті қайталап жасау, не құқық бұзушылықты көптеген субъектілердің алдын-ала келісімінсіз жасауы. Мысалы, электр немесе жылу қуатын пайдалану құқығын бұзу.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерімен қатар, оны басқа құқыққа қайшы әрекеттерден (әрекетсіздіктерінен) айыру қажет. Және бұл мәселені дұрыстап қарастыру, біріншіден, мемлекетті басқару органдары мен лауазымды тұлғалар үшін өте маңызды.

Ең басты, материалды белгісі бойыша, яғни қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай барлық құқық бұзушылықтар екіге бөлінеді: Қылмастар және теріс қылықтар.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарағанда қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі жоғары болады. Және бұлар қылмыстық заң бойынша сараланып, жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықты, тәрбиелік мәнді теріс қылықтардан ажырату маңызды. Яғни, теріс қылық – белгілі бір мекеме немесе ұйымның нақты бір қызметтеріне жүктелген әрекетті жасамау. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық жалпыға бірдей міндетті ережелерді, нормаларды орындамау.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адамның және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдырадың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу деп жазылған ҚР ӘҚтК-нің 7-баптың 1-ші тармағында. Осы жоғарыда айтылған міндеттерді орындау үшін жауаптылықтың негіздері мен принциптері белгіленеді. Яғни, қандай әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылық деп қарастыруды, қолданылатын жаза түрлерін, оны қолдану тәртіптерін көрсетеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың принциптерінің басты маңызы: заңдарды бұзу, әрекеттің сипаты мен дәрежесіне қарай, іс бойынша жүргізілген істі жарамсыз деп тануға, шешімдердің күшін жоюға әкеп соғады. Яғни, бұл принциптер істі дұрыс шешу үшін маңызды.

Әкімшішілік құқық бұзушылық құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз – қандай да бір әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңға қайшы, кінәлі деп танылған, әкімшілік жауапкершілікке алып келу үшін қажетті, әкімшілік заңнамада белгіленген белгілер жиынтығы.

Іс-әрекет құқық бұзушылық деп саналу үшін онда құрамның барлық белгілеріболуға тиіс. Олар ӘҚтК-тің ІІ тарауының Жалпы бөлімінің нормаларымен анықталған. Ол құқық бұзушылықтың обьектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Осылардың біреуінің болмауы құрамның толық болмауын білдіреді. Яғни, жауапкершіліктің негізі болмайды.

Жинақтау дәрежесіне қарай құқық бұзушылық жалпы, тектік және тікелей обьектілерге бөлінеді. Құқықтың әр түрлі салаларымен реттелген, әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылық объектісі, оның ішінде жалпы объектісі болып табылады. Жалпы объектінің дербес бөлігін құрайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылықтың тектік объектісі болып саналады. ӘҚтК тектік объектілерді тек мемлекеттік басқару салалары бойынша ғана емес, сонымен қатар реттелетін қоғамдық тәртіп, табиғат қорғау, т.б. бөліктеп қарайды. Бір текті бірқатар құқық бұзушылық (жол қозғалысы, төқұжат режим ережелерін, кеден ережелерін бұзу) үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы түрлік объекті деп танылады. Тікелей объекті дегеніміз - әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын нақты қоғамдық қатынасқа зиян келтіру (Кеден бақылауы аймағында режимді бұзу). Мысалы, ұсақ бұзақылық кезінде тікелей объект азаматтардың тыныштығы және имандылық.

Объективтік жақ әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) өзін сипаттайды. Құқық бұзушының құрамында, көбіне, құқық бұзушылық жасау тәсілінің, сипатының (қайталанушылық, бірнеше рет жасалғандық), жасалған уақыт пен орнының (қоғамдық орын, шекара зонасы, әуе кемесі), келген зиянның, қылмыс жасауда пайдаланылған құралдардың (көлік құралы, ішімдік, есірткі заттар, қару) маңызы зор.

Объективтік жақтың іс-әрекеттің бірнеше рет жасалғандығы және қайталанғындығы сияқты белгілері әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамдарына жиі қарастырылады. Бірнеше рет қайталану дегеніміз – бір текті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің бір реттен көп жасалуы. Бір тектілік болмаса бұл белгі әкімшілік құқық бқзушылықтың объективтік жағына жатқызылу мүмкіндігі болдырамайды.

Ал, қайталанушылық дегеніміз – бір адамның әкімшілік жаза берілген біртекті құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы. Қайталанушылық әкімшілік құқық бқзушылықты жасағаны үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып табылады.

Бірнеше рет құқық бұзушылық, қайталанушылыққа қарағанда, бірнеше құқық бұзушылық емес, бір құқық бұзушылық деп саналады.

Әкімшілік құқық бқзушылық субъектісі дегеніміз – оны жасаған жеке тұлға, басқа сөзбен айтқанда - әкімшілік құқық бқзушылықты жасауға қабілеті бар, құқық бұзғандығы үшін заңға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін адам.2

Әкімшілік жауапкершілік субъектісінің жалпы және арнайы белгілері боладв. Жалпы белгілері – 16 жасқа толғандық және ақыл-есінің дұрыстығы. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдардың барлығында болуы тиіс. Егер құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес осы екі белгілерге ие адам субъект ретінде танылса, онда әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы субъектісі жайында сөз болады.

Кейбір жағдайларда қандай да бір адамды құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартуға жалпы белгілердің болғандығы жеткіліксіз. Сондықтан да заң шығарушылар мұндай жағдайларды құқық бұзушылық құрамына қосымша, субъектіні сипаттайтын арнайы белгілер кіргізген.

Бұл жерде әңгіме арнайы субъект жайында, ондай адамда жалпы белгілермен қатар әкімшілік құқық бқзушылық құрамына заң шығарушы кіргізген арнайы, қосымша белгілер де болады. Бұл белгілер үш топқа бөлінеді, олар мынаны сипаттайды:

тұлғаның құқықтық жағдайын немесе қызмет түрін (лауазымды адам, әкімшілік мемлекеттік қызметкер, сауда немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның қызметкері, көлік құралын жүргізуші, кәсіпкерлік қызмет);

субъектінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері (әскери міндетті, ата-ана, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға);

субъектінің бұрынғы құқық бұзушылық іс-әрекеті (әкімшілік қадағалаудағы адам; құқық бұзушылықты қайтара жасаған адам).

Әдебиетте заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөніндегі даулар ұзақ уақыт айтылып келеді.

Заңды тұлғалардың әкімшілігін болдырмайтын дәлел ретінде мамандар көңілге қонымды және жеткілікті мысалдардың жоқтығына сілтеме жасайды. Әс жүзінде мүлде басқаша. Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделген.3 Бұл жерде осы құбылыстың жаратылысын, әсіресе уәкілетті лауазымды адам заңды тұлға болып құрылған кезде, бөліп алып саралаудың маңызы зор.

Субъективтік жақ, бұл – субъектінің өзі жасаған заңсыз әрекетке немесе әрекетсіздікке және оның мүмкін болатын салдарына психологиялық қатынасы. Кінә арам ниеттіліктен немесе абайсызда туындауы мүмкін. Қасақана әрекет немесе әрекетсіздік жасағанда адам өз іс-әрекетінің сипатын ұғынады, оның теріс зардабын алдын ала көреді, сол зардаптардың болуын қалайды немесе саналы түрде оған жол береді.

Ал, абайызда жасалған деп танылады, егер адам зиянды салдардың болатынын білуге тиіс болса немесе біле алса, бірақ оларды болады деп ойламаса.4

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда кінәнің формасы, көбіне, көрсетілмейді және онда сараланушылық маңыз болмайды. Кінә - субъективтік жақтың міндетті белгісі. Құқық бұзушылық жасаудың себебі мен мақсаты факультативтік белгілерге жатады, себебі олар тек бірнеше құрамдарда ғана көрсетілуі тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болған жағдайда ғана, оны жасаған адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ӘҚтК құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздемелерін қарастырған. Жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының жеке басы сондай негіздемелерге жатады. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жеңілдететін мән – жайлар (шын жүректен өкіну, кінәлінің зиянды салдарын тойтаруы, құқық бұзушылықты кәмелетке толмағанның жасауы және т.б.), құқық бұзушының қаншалықты кінәлі екендігі, оның мүліктік жағдайы ескеріледі.

ӘҚтК-тің 67-70 және 71-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өзінің іс-әрекетімен өкінуіне, құқық бұзушылықтың елеусіз болуына, ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық жасау актісіне, науқасына байланысты одан босатылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын дәлірек түсіну үшін ӘҚтК-тің 114 бабын «Кәмелетке толмағандарға темекіні және темекі бұйымдарын сату» - алып қарастыруға болады.

Бұл баптың жалпы объектісі – кәмелетке толмағандардың құқықтары. Және қоғамдық тәртіп. Субъект болып әкімшілік құқық субъектілігіне ие жеке тұлға. Яғни, заңды тұлға емес. Бұл құқық бұзушылықтың субъективтік жаға қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Ал, объективтік жағы- әрекет.

Әкімшілік жаза

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]