Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / npo.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
5.97 Mб
Скачать

14.Балансирлі тс-тың теңестірілуі.

15.Гидроқозғалтқышты шсқ

Ұңғылық штангалы сораптық қондырғының гидрожетегі (4.4-сурет) атқарушы механизмнің жұмыс режимін реттейтін мүшелерге жұмыстық сұйықты беретін, яғни реттеуіш дроссель 4 және жіберуші клапан 7, содан кейін сұйық ағынын реттейтін золотник 6 және атқарушы механизмге 5 сұйық ағынын беретін күштік сорабы бар 1, 2 қозғалтқыштан құралған.

4.4-сурет. Сораптық қондырғының гидрожетегі

Атқарушы механизм қайтымды-ілгерілмелі немесе айналатын қозғалыстар жасай алады. Қайтымды-ілгерілмелі қозғалыс кезінде жұмыстық сұйық кезекті түрде поршеннің бір немесе екінші жағына, яғни атқаратын механизмнің цилиндрінің қуысына немесе уақыт сайын цилиндрдің бір қуысына беріледі.

Гидро және пневмо жетекті қоңдырғылардың штангалы сораптардың қоңдырғысында штангаларды қозғалысқа келтіретін негізгі түйіндердің сұлбалары бірдей болады. Штангалар шток цилиндрде орналасқан поршеньмен біріктіріледі. Шток сальник арқылы өтеді. Поршеньге жоғарғы қысымды сұйықты немесе газды берген кезде, ол штангалардың қозғалысын жоғары бағытқа қарай көтерілуін іске асырады. Штанагалар төменге қарай механикалық жетектегідей ауырлық күштерінің салмағының арқасында қозғалады.

4.5-сурет. Гидротербеліс сүлбелері:

а - «Викерс» фирмасы шығарған қоңдырғылардың сүлбесі; б- Ресейде игерілген қондырғы сүлбесі.

Жетекті цилиндр 3 поршеньмен бірге ұңғыма фланціне бекітіледі. Поршеньге жылтыратылған шток 2 жалғанған және ол сальник 7 арқылы өтеді. Қоңдырғыда гидрожетек жүйесі А бар, ол сұйықты кезекті түрде цилиндрдің жұмыстық қуысына және теңгеруші аккумуляторға 5 береді. Аккумулятор гидрожетектегі жүктеменің теңгеруін құруға және электрқозғалтқыштың тұтынатын қуатын азайтуға мүмкіншілік береді.

Бұл қоңдырғының құрылымында барлық жабдықтар басқару жүйесі мен жұмыстық сұйығы бар бакты қосқанда ұңғының шегендеуші тізбегінің фланеціне бекітілетін етіп орындалған.

16. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануға арналған ұңғылық жабдықтар

Гидропоршеньді сораптар гидрожетекшеушінің барлық ерекшеліктеріне және мұнайды механикалық өндіруге арналған басқа қондырғыларға қарағанда көптеген артықшылықтарына ие болады. Оларды қолдану механикалық энергияны беруші қатынастарды қажет етпейді (штанга, канат, кабельдер т.б.); кез-келген қисық сызықты ұңғыны қолдануға мүмкіндік береді; сұйықтың алым мөлшерін реттеуге және бірнеше ұңғыға ортақ гидрожетектеушіні қолдануға болады. Одан басқа еркін-лақтырылғыш (свободно-сбрасываемого) типті сорапты қолдануға; тереңдік аспаптарын гидропоршеньді сорап сұйық ағынымен бірге тасымалдауға; өндірілген сұйықты алғашқы өндеу үшін химиялық реагенттерді қолдануға болады. Сорапты ауыстыру кезінде ұңғының жұмысын тоқтатпай жасалыныуы мүмкін.

ГПСА-тының (ГПНА) құрылыс сүлбесі 3.17-суретте көрсетілген.

Гидропоршенді сорапты қондырғылар келесі түрде класификацияланады:

жұмыстық сұйықтың циркуляциясының принципиальды схемасы бойынша –ашық немесе жабық жүйелі; ұңғылық сораптың жұмыс істеу принципі бойынша – бірлік, қосжүрісті немесе дифференциалды жүрісті;

гидроқозғалтқыштың жұмыс істеу принципі бойынша – қос немесе дифференциалды жүрісті;

батырмалы агрегаттың түсіру әдісі бойынша – СКҚ тізбегімен түсрілетіндер, фиксацияланған немесе еркін - ұңғыға тасталынатындар;

бір жерлік қондырғысымен жұмыс істейтін ГПСА-лардың (ГПНА) саны бойынша – индивидуальды немесе топтық.

Мұнай өндіргіш ұңғыларда жұмыс істеу үшін золотникті реттеушісі және поршеньді гидравликалық қозғалтқышы бар тереңдік поршеньді сораптар қолданылады.

Ұңғылық жабдықтардың құрамына мыналар кіреді: ұңғылық сорапты агрегат; СКҚ тізбектері; әр түрлі ұңғылық аспаптар – пакерлер, якорьлер, центраторлар; ажыратқыш клапандар т.б. Ұңғылық сораптық агрегаттың құрамында плунжерлі және поршеньді гиравликалық қозғалтқыштар болады. Сонымен бірге сораптың плунжері штоктың көмегімен гидравликалық қозғалтқыштың плунжерімен байланыстырылған.

Жұмыстық сұйықты дайындау құрылымы

3.17-сурет. ГПСА-ның структуралық сүлбесі:

1-энергияны механизм арқылы берілісі; 2-энергияның сұйық арқылы берілісі

Жоғары беттен гидравликалық қозғалтқышқа күштік (силовые) сораптар арқылы қысыммен жұмыстық сұйық беріледі (бұл механикалық қоспалардан тазартылған және газ бен судан ажыратылып, арнайы дайындықтан өткізілген өндірілген мұнай болу мүмкін). Золотник-реттеуші немесе гидравликалық қозғалтқыштың ауыстырып қосушысы (переключатель) жұмыстық сұйықты кезекпен оның поршенінің астына және үстіне орналасқан қозғалтқыш цилиндрінің штокті және жұмыстық қуыстарына жібереді. Қозғалтқыш поршені қайтарымды-ілегірілмелі қозғалысқа жіберіліп шток арқылы бұл қозғалысты сораптың плунжеріне береді. Золотниктің жұмысы тереңдік агрегатының поршендерін қосатын штокпен немесе арнайы басқару жүйесімен басқарылады.

Сорап өндірілген сұйықты жоғарыға көтереді. Қозғалтқышта жұмыс жасап шыққан жұмыстық сұйық көтергіш құбырларға бағытталады, бұл құбырлар арқылы ұңғыдан өндірілетін сұйық бірге жүреді де, жоғары бетке олардың қоспасы шығады.

Бетте жұмыстық сұйықты ұңғылық агрегатқа беретін сорап және жұмыстық сұйықты дайындайтын жүйе орналасқан. Ұңғыдан көтерілген сұйықтың бір бөлігі өнім жинаушы кәсіпшілік жүйеге (НГДУ) бағытталады, ал бір бөлігі жұмыстық сұйықты дайындайтын ашық жүйеге бағытталады. Ол жерде сұйықтан бөлінген су және газ кәсіпшілік жүйеге бағытталды, ал тазаланған жұмыстық сұйық беттік сорапқа барады (3.18-сурет).

3.18-сурет. Гидропоршеньді қондырғының сүлбесі:

1-ұңғылық сорап; 2-батырмалы қозғалтқыш; 3-жұмыс істелінген сұйық және ұңғының өнімін көтеру үшін арналған канал; 4-жұмыстық сұйықты батырмалы агрегатқа жеткізуші канал; 5-беттік күштік сорап; 6-жұмыстық сұйықты дайындау жүйесі.

Жұмыстық сұйықтың ашық циркуляциялау және оны дайындау жүйесінде тұндырғыштар, сепараторлар, реагентті беруші құрылғылар (мысалы тұрақты эмульсияларды айыру үшін) және кей кезде жылытқыштар болады. Әдетте, жоғарғы бетте орналасқан күштік сораптар плунжерлі болады, бірақ жоғары тегеурінді ортадан тепкіш сораптар да қолданылу мүмкін.

Жұмыстық сұйықтың жабық циркуляциялы сүлбесі де қолданады. Бұл жағдайда ұңғыда қосымша үшінші құбыр болу керек, бұл құбыр бойынша қозғалтқышта жұмыс істелінген жұмыстық сұйық өндірілген сұйықпен араласпай жоғары көтеріледі. Сондықтан жұмыстық сұйықты дайындау операциясы жеңілдейді. Бұл кезде сұйықтан негізінен тек қана механикалық қоспаларды айыру керек (қажалған бөлшектердің тозу өнімдері, құбырдың қабыршақтары т.б.). Беттік қондырғылар едәуір оңайлатылады, бірақ ұңғыға үш құбыр түсірілетіндіктен бұл барлық жағдайларда мүмкін емес, ал кей жағдайларда мүлдем іске аспайды.

Қатар қолданылатын бірнеше ұңғыларға бір ғана қуаты жоғары қондырғы сұйығын дайындайтын беттік жүйені қолдану тиімді болады ( 7-40 ұңғыларға). Сонымен бірге, ұңғылық гидропоршеньді сораптардың бірнеше типтік өлшемдері болуы мүмкін. Бұл жағдайда қызмет көрсету жұмыстары жеңілдейді және қондырғылардың саны азаяды. Мұндай қондырғылар топтық деп аталады, ал индивидуальды қондырғыларда әрбір қолданылатын ұңғының жанында беттік сорап және жұмыстық сұйықты дайындау жүйесі болады.

ашық жабық

Соседние файлы в папке ГОС