Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / npo.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
5.97 Mб
Скачать

24.Ұңғыманы күнделікті жөндеу және ұңғы ішін жөндеу агрегаты

Ұңғыманы ағымды жөндеу

Ұңғыманы жөндеу кезіндегі жұмыстар мына түрге бөлінеді:

Ағымды жөндеу;

Íргелі жөндеу;

Қабаттардың мұнай беруін көбейтуге арналған жұмыстар.

Ұңғыманы ағымды жөндеу (ҰАЖ) деп оның жұмыс қабілеттілігі мен сағалақ жабдықтарды қалпына келтіру, ұңғыманы пайдалану режимін өзгерту, сонымен бірге көтеру тізбектері мен забойды асфальтен, парафин, гидратты шөгінділерден, тұздар мен құмнан тазарту жұмыстарын айтады.

АЖ-1 Пайдалануға беру кезіндегі ұңғыларды жабдықтармен қамтамасыздау (бұрғылаудан, игеруден, жұмыссыз тұрғаннан, консервациядан кейін), Фонтанды ұңғыны енгізу, газлифтті ұңғыны енгізу, штангалық тереңдік сораптарымен (ШТС) жабдықталған ұңғыларды енгізу, электрлі ортадан тепкіш сораптармен (ЭОТС) жабдықталған ұңғыларды енгізу, электрлі бұрандалы сораптармен (ЭБС) жабдықталған ұңғыларды енгізу, батырмалы сораптармен (БС) жабдықталған ұңғыларды енгізу, басқа түрлі сораптармен (ағыншалы, гидропоршенді т.б.) жабдықталған ұңғыларды енгізу. АЖ2 Ұңғыны басқа түрдегі пайдалануға көшіру. АЖ3 Пайдалану режимін оптималдау,ілу тереңдігін өзгерту, ШТС типтік өлшемін ауыстыру,ілу тереңдігін өзгерту, ЭОТС типтік өлшемен ауыстыру, АЖ4 ШҰС, ШБС сораптарымен жабдықталған ұңғыны жөндеу,насостарды тексеру және ауыстыру,штанганың үзілуін жою,жылтыратылған штокты ауыстыру,СКҚ-ны ауыстыру, нығыздау және саңлаулығын жою,СКҚ-ны тазалау және булау

сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру. АЖ5 ЭОТС, ЭБС, ЭДС сораптарымен қамтылған ұңғыларды жөндеу,сорапты тексеру және ауыстыру,Электрқозғалтқышты ауыстыру,Кабельдің ақауын жою,СКҚ-ларды тексеру, ауыстыру, саңлаулығын жою,СКҚ-ны тазалау және булау,сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру. АЖ6 Фонтанды ұңғыны жөндеу, СКҚ-ны тексеру, ауыстыру, престеу және саңлаулығын жою,СКҚ-ны тазалау және булау,сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру. АЖ7 Газлифтті ұңғыларды жөндеу,СКҚ-ны тексеру, ауыстыру, престеу және саңлаулығын жою,СКҚ-ны тазалау және булау,газлифтті клапандарды тексеру, ауыстыру және тазалау,сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру. АЖ8 Артезиан және сіңіру ұңғыларын тексеру және жабдықтарын ауыстыру. АЖ9 Түпті тазалау және жуу,БАЗ-ды қосу арқылы ыстық мұнаймен (сумен) жуу,түпті химреагенттермен (ТГХВ, СКО, ГКО т.б.) өңдеу. АЖ10 Жаңа жабдықтарды сынау бойынша тәжірибелік жұмыстар, АЖ11 Басқа жұмыс түрлері.

ҰЖАЖ-дың жабдықтарының құрамы жасалынатын жұмыс түрлеріне байланысты болады. Барлық ҰЖАЖ-дарда қолданылатын түсіру-көтеру операцияларында жабдықтардың мынадай жиынтығы пайдаланылады (5.1-сурет). Түсіру-көтеру операцияларын (ТКО) орындауға арналған жабдықтар өздігінен жүретін немесе стационарлы лебекалардан, көтергіштер мен агрегаттардан тұрады. Мұнараның жоғарғы жағында кронблок 12 монтаждалады, тальдік арқанда тальдік блок 10 ілінеді. Тальдік блокка күршек 9 бекітіледі және оған штропалар 8 мен элеватордың 7 көмегімен СКҚ тізбегі немесе штангалар бекітіледі. Болаттан жасалған тальдік арқан 2 лебедкадан 1 мұнараның астыңғы жағында 11 орналасқан тарту ролигі 5 арқылы және кронблоктың ролигі 12 мен тальдік блок 10 арқылы және кері қарай сол тәртіппен өткізіледі. Арқанның қозғалмайтын бөлігі мұнараның негізіне бекітіліп, ал қозғалатын бөлігі – барабанның лебедкасына бекітіледі. Тарту ролигі 5 құбырлар тізбегін көтеру немесе түсіру кезінде мұнараның аударылып кетуінен сақтайды. Ұңғымаларда апатты жою кезіндегі негізгі жұмыстарға қармау, фрезерлеу, тазалау және қосымша атқарылатын жұмыстар жатады.

Соседние файлы в папке ГОС