Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / npo.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
5.97 Mб
Скачать

25. Ұңғыларды күрделі жөндеу құралдары

Ұңғылардың жер астындағы іргелі жөндеудің мынадай мақсаттарын атап өтуге болады:ұңғының және ішкі ұңғылық жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру;ұңғының және жабдықтардың бас тартуларының алдын алу және ұзақ уақыттық жұмыс істеуді көбейту;ұңғы дебитінің деңгейін алғашқы уақыттағы деңгейге жеткізу немесе сол уақыттағы деңгейден асыру.Ұңғыларды іргелі жөндеуі (ҰІЖ) деп - шегендеуші тізбектердің, цементті сақиналардың, түп алдындағы аумақтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруін, қауіпті жағдайларды жоюын, бөлек қолдану және айдау кезіндегі жабдықтардың көтерілуін және түсірілуіне бағытталған кешенді жұмыстардың түрін айтады.

ІЖ1 Оқшаулау-жөндеу жұмыстары,қабаттың бөлек суланған интервалдарын сөндіру,Бөлек қабаттарды сөндіру,цемент қабаттың герметикалық емес жерлерін жөндеу,пайдаланудағы, аралық тізбектердің және кондуктордың артындағы цементтік сақинаны үлкейту. ІЖ2 Пайдалану тізбегінің герметикалық емес жерлерін жөндеу,герметикалықсыздықты тампон арқылы жөндеу,герметикалықсыздықты пластырды қою арқылы жөндеу,г ерметикалықсыздықты диаметрі кішілеу шегендеуші тізбекті түсіру арқылы жөндеу. ІЖ3 Қолдану немесе жөндеу кезінде жіберілген апаттарды жою,қолдану процесі кезінде пайда болған апаттан кейін ұңғыдан жабдықтарды шығару,шегендеуші тізбектегі апаттарды жою,түпті және ұңғы оқпаны металл заттардан тазалау,ұңғыны пайдаланудағы жіберілген апаттарды жою жұмыстары,ұңғыны жөндеу кезіндегі жіберілген аппаттарды жою. ІЖ4 Басқа қабаттарға көшу және қабаттарды бөлшектеу,басқа жер асты қабаттарына көшу,қабаттарды бөлшектеу.ІЖ5 ОРЭ, ОАЭ қондырғыларын, пакер-кесушілерді енгізіп жөндеу.ІЖ6 Бұрғылаумен байланысты жер асты жұмыстардың кешені,Ұңғылардың жаңа оқпандарын кесіп шығару,Цемент стаканды бұрғылау,Қабатқа оқпанның тереңдеуімен тізбектің башмағын фрезерлеу,Артезиан ұңғыларын және шурфтарды жабдықтау және бұрғылау.ІЖ7 Түп алдындағы аумақты өңдеу.ІЖ8 Ұңғыларды зерттеу.ІЖ9 Басқа қызметке қолдануға ауыстыру.ІЖ10 Айдаушы ұңғыларды жөндеу және қолдануға енгізу.ІЖ11 Ұңғыларды консервациялау және реконсервациялау.ІЖ12 Жұмыстың басқа түрлері.

Соседние файлы в папке ГОС