Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / npo.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
5.97 Mб
Скачать

22. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар

Мұнай өндіру кезінде қабатқа жылулық әсер ету дүниежүзінде көп таралған. Жылулық әсер ету әдістерінің және жылулық әсерді жасауға арналған жабдықтардың көптеген түрі бар.

Қабаттың түбінің алдындағы аймаққа жылулық әсері, мұнайды жылулық агрегаттың көмегімен ығыстырып шығару және қабатта қысымды ұстап тұру кезіндегі температураны ұстап тұру әдістері кеңінен қолданылады.

Түп алдындағы аймаққа жылулық әсер ету үшін бу, ыстық су және қыздырғыштар қолданылады (негізінен электрлі қыздыру). Қазіргі кезде қуатты бугенераторлары, су қыздырғыш қондырғылар және қабаттың түп алдындағы аймақты қыздыратын электржылытушы қондырғылар бар.

Мұнайды жылулық агрегатпен ығыстыру үшін қуатты стационарлы су қыздырғыш қондырғылар шығарылған, қабат қысымын ұстап тұруының қарапайым жүйесіндегідей суық сумен ығыстырылатын жоғары температуралы қуатты жиектеулер (оторочка) және ішкіқабаттық жану қолданылады. Жылулық әсерлердің түрлі әдістерінің қайсыбір жағдайларында ұқсас жабдықтар қолданылады.

Қабатқа жылулық әсер етуші жабдықтар:қабаттық сұйықты жылута-сығышпен қыздыру, қабатты электрлі қыздырғыш-пен жылыту, қабатта химиялық реакциялар жүргізу кезінде, термальды суды пайдалану кезінде.Қолданылатын жабдықтар: саға арматурасы, сальникті тізбек басы, сағалық лубрикатор(ұңғыға тереңдік манометр, термометр т.б. прибор түсіруге арн), ыстыққа төзімді пакерлер.

23. Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар

Шоғырлық сорап станциялары

Тазартушы құрылымдардан су кәсіпшілік аумақтағы шоғырлық сорап станцияларына жіберіледі. Шоғырлық сорап станциялары судың қысымын айдау қысымына дейін көтеріп, оны суайырғыш тарақшаларға және ары қарай айдаушы ұңғыларға жібереді.

Мұнайлы қабаттарда қабат қысымын ұстап тұруға қажетті суды айдау үшін сорапты станциялар ретінде ОТСС (ОТСС-30, ОТСС-60, ОТСС-120, ОТСС-180, ОТСС-500) ортадан тепкіш сораптық агрегаттардың негізіндегі блокты шоғырлық сорап станциялары (БШСС) қолданылады.

ППД жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары

Аталған жабдықтар ұңғыға суды айдау процесі кезінде айдаушы ұңғылардың сағасын герметизациялау үшін қолданылады. Одан бөлек жөндеу жұмыстарын, айдауды тоқтатпай жүргізілетін зерттеу жұмыстарын және қабаттың өнімділігін жақсарту жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Арматураның негізгі бөліктері – құбыр басы және шырша.

Шырша сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегі арқылы суды айдауға арналған және де ол оқпан ысырмаларынан, үшжақтан, бүйірлік ысырмалардан және кері клапаннан тұрады.

Тізбек басы құбырсыртындағы кеңістікті, сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегінің алқаларын герметизациялау үшін және кейбір технологиялық операцияларды, зерттеулік және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Ол ысырмалардан, тез жинағыш қосқыштан және төртжақтан тұрады.

Айдаушы ұңғылардың сағасын жабдықтау үшін АНК-65х210 және АКН1-65-350 типті арматура қолданылады (6.3-сурет).

Арматурадағы тиекті құрылғы ретінде тік ағынды ЗМС1 типті тиек қолданады. Қақпақтың бөлшектері – шпиндель (шток) және фланецті қосылыстардың нығыздаушы төсемі (прокладка) тотығуға төзімді болаттан жасалады. Қалған жағдайларда ысырма және арматура бөлшектері ысырманың және фонтанды арматураның сәйкес бөлшектерімен унификациаланған.

Шыршаның бүйір бағыттаушысына қондырылған кері клапан су бағыттауышының зақымдалуы немесе айдаудың уақытша тоқтатылуы кезінде, ұңғыдан сұйықтың кері ағып кету мүмкіндігін жою үшін керек. Кері клапан тұрқы, ершік, хлопушкадан, екі қайтқыш серіппеден және шыршаның бүйір бағыттаушысына клапанды қосуға арналған аудармашы фланецтен тұрады. Ұңғыға айадалатын сұйық ағынының әсерінен кері клапан хлопушкасы осьте айналып серіппені орайды. Айдаудың тоқтатылуы немесе су бағыттаушысының зақымдалуы кезінде ұңғыдан шыққан су ағыны және қайтқыш серіппелер хлопушканы бастапқы жағдайға әкеледі және ол тығыздаушы бетпен клапан ершігіне қысылып су ағынын тоқтатады.

6.3-сурет. Айдаушы ұңғыларға арналған АНК1 типті сағалық арматура:

1-тізбек басы; 2-тез жинағыш қосқыш; 3-манометрге арналған бөлгіш; 4- ЗМС1 ысырмасы; 5- кері клапан

Соседние файлы в папке ГОС