Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / npo.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
5.97 Mб
Скачать

9. Сорапты штанга

Штангалар және оларға арналған муфталар МЕСТ 13877-80 бойынша жасалады. Штангалардың ұзындығы 8 м.ге дейін жетеді. штанга ұштарында головкалары болады. Кілтке арналған квадрат пен резьбасы сол головкада. Штангалардың диаметрі 12, 16, 19, 22, 25 мм. Штангалар болаттың 40, 20Н2М,30ХМА маркаларынан жасалады.

Штангалар оның жұмыс істеу ортасына байланысты тағайындалады МЕСТ 13877-80.

Штангалардың беріктігі олардың сырттарының өңделуіне байланысты артады. Штангалардың жұмыс істеу мерзімі 5 жыл. Қазіргі кезде арнайы штангалар қолданылуда, яғни кіші диаметрлі СКҚ. Олар сораптың аз берілісінде және ұңғымада көп мөлшерде құм болғанда қолданылады. Бұл жағдайда бұл штангаларды қолдану плунжер мен цилиндр арасындағы қуысында құмның құрамын азайтып, сорап қызметінің жұмысын ұлғайтады.

Сорапты штангалар тізбегі қиын ситуацияларда жұмыс жасайды.

10.Шұсқ-ң механикалық жетектері

Көп жағдайда ҰШСҚ-да жетек ретінде балансирлы тербелмелі-станоктарды қолданады (4.1-сурет).

4.1-сурет. Штангалы ұңғымалы сорап қондырғысы (ШҰСҚ):

1-фундамент; 2-рама; 3-электрқозғалтқыш; 4-сына-белбеулі беріліс; 5-кривошип; 6, 8-контрасмалық жүктер; 7-шатун; 9-ұстын; 10-балансир; 11-балансир басын бекітіп қою механизмі; 12-балансирдің басы; 13-арқан ілу құрылғысы; 14-жылтыратылған шток; 15-сағалық сальник; 16-шегендеу құбырларының тізбегі; 17-штанга тізбегі; 18-СКҚ; 19-тереңдік сорабы; 20-газды якорь; 21-штанганың шыңдалған нығыздағышы; 22-құбырлы цилиндр; 25-сорап плунжері; 26-айдау клапаны; 27-сору клапаны

4.2 Балансирсіз тербелмелі станоктар

Балансирсіз тербемелі-станоктың редукторының жетектеуші бөлігі (4.3-сурет) балансирлі тербелмелі-станокка ұқсас. Балансирсіз тербелмелі-станоктың кривошипінің құрылымы өзгелеу болады. Оның пішіні V-тәрізді, бұрышы 30 градус. Соңғы көрсеткіш станоктың теңгеруін жақсартады және қарсыжүктердің салмағын азайтады. Кривошиптағы жүк балансирлі тербемелі-станоктың кривошипындағыдай құрылымды орналасады. Ұңғы сағасының үстінде еңістелген тіректе ролик орналасқан, ол арқылы траверсаға жалғанған иілгіш ілгек біріктірілген, ал ол өз кезегінде шатундарға жалғанады. Балансирсіз тербемелі-станок - басына 30 және 60кН жүк түсетіндей етіп шығарылады. Жүрістің ұзындығы 0.45-5м дейін. Редуктордың шығар білігіндегі айналау моменті 80 кН*М-ға жетеді.

4.3-сурет. Балансирсіз тербемелі-станоктың үлгісі:

1-рама; 2-ұстын; 3-сальникті шток; 4-арқанды шкив; 5-траверса (шатунды ұстап тұратын белдік) және шатундар; 6-кривошип; 7-редуктор; 8-тормоз; 9-электрқозғалтқыш; 10-сыналы белдікті беріліс.

Тербемелі-станок цифрында (мысалы МБС3-1.8-700) келесі белгілеулер қабыланған: МБС– механикалық әрекетті балансирсіз станок; 3- штангалар ілгегіндегі жүктеме мөлшері, тс; 1.8 – жүріс ұзындығы, м; 700 – айналу моменті, кгс*м.

Балансирсіз тербемелі-станоктың балансирлі түрлерімен салыстырғанда метал сыйымдылықтары мен өлшемдері шағын болып келеді. Оларда штангалар ілгегіндегі нүктенің қозғалысының сипаттамасы біршама жақсартылған, мұнда гармониялық тербелістен ауытқу аз, сондықтан штангалар ілгегіндегі нүктенің үдеуі және қоңдырғыдағы инерциялық жүктеу аз болады. Алайда иілгіш қатынастың жеткіліксіз беріктігі осы қоңдырғылардың өндіріске кеңінен енгізілуін тежейді.

Балансирсіз тербемелі-станокта (4.3-сурет) шатун мен балансир иілгіш байланыспен ауыстырылады. Әртүрлі құрылымдардың – тізбек, иілгіш металды таспаның, бірнеше сыналы белдіктердің, болатты арқанның иілгіштік байланыстары сыналды. Алайда олардың барлығының жұмыс істеу мерзімдері ұзақ емес болып шықты, осы себептен осы элементтерді ауыстыруға байланысты жиі-жиі инерционды операциялар жасау керек болды. Осыған байланысты соңғы кезде балансирсіз тербелмелі-станоктар ұңғымаларды аз мерзімді және сынақ мақсатында пайдалану үшін қолданылады. Балансирсіз тербелмелі-станоктардың азайтылған салмағы осы қоңдырғыны бір орыннан екінші жерге ауыстыруға ыңғайлы етеді.

Соседние файлы в папке ГОС