Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / npo.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
5.97 Mб
Скачать

11. Балансирсіз тербелмелі станоктар

Балансирсіз тербемелі-станоктың редукторының жетектеуші бөлігі (4.3-сурет) балансирлі тербелмелі-станокка ұқсас. Балансирсіз тербелмелі-станоктың кривошипінің құрылымы өзгелеу болады. Оның пішіні V-тәрізді, бұрышы 30 градус. Соңғы көрсеткіш станоктың теңгеруін жақсартады және қарсыжүктердің салмағын азайтады. Кривошиптағы жүк балансирлі тербемелі-станоктың кривошипындағыдай құрылымды орналасады. Ұңғы сағасының үстінде еңістелген тіректе ролик орналасқан, ол арқылы траверсаға жалғанған иілгіш ілгек біріктірілген, ал ол өз кезегінде шатундарға жалғанады. Балансирсіз тербемелі-станок - басына 30 және 60кН жүк түсетіндей етіп шығарылады. Жүрістің ұзындығы 0.45-5м дейін. Редуктордың шығар білігіндегі айналау моменті 80 кН*М-ға жетеді.

4.3-сурет. Балансирсіз тербемелі-станоктың үлгісі:

1-рама; 2-ұстын; 3-сальникті шток; 4-арқанды шкив; 5-траверса (шатунды ұстап тұратын белдік) және шатундар; 6-кривошип; 7-редуктор; 8-тормоз; 9-электрқозғалтқыш; 10-сыналы белдікті беріліс.

Тербемелі-станок цифрында (мысалы МБС3-1.8-700) келесі белгілеулер қабыланған: МБС– механикалық әрекетті балансирсіз станок; 3- штангалар ілгегіндегі жүктеме мөлшері, тс; 1.8 – жүріс ұзындығы, м; 700 – айналу моменті, кгс*м.

Балансирсіз тербемелі-станоктың балансирлі түрлерімен салыстырғанда метал сыйымдылықтары мен өлшемдері шағын болып келеді. Оларда штангалар ілгегіндегі нүктенің қозғалысының сипаттамасы біршама жақсартылған, мұнда гармониялық тербелістен ауытқу аз, сондықтан штангалар ілгегіндегі нүктенің үдеуі және қоңдырғыдағы инерциялық жүктеу аз болады. Алайда иілгіш қатынастың жеткіліксіз беріктігі осы қоңдырғылардың өндіріске кеңінен енгізілуін тежейді.

Балансирсіз тербемелі-станокта (4.3-сурет) шатун мен балансир иілгіш байланыспен ауыстырылады. Әртүрлі құрылымдардың – тізбек, иілгіш металды таспаның, бірнеше сыналы белдіктердің, болатты арқанның иілгіштік байланыстары сыналды. Алайда олардың барлығының жұмыс істеу мерзімдері ұзақ емес болып шықты, осы себептен осы элементтерді ауыстыруға байланысты жиі-жиі инерционды операциялар жасау керек болды. Осыған байланысты соңғы кезде балансирсіз тербелмелі-станоктар ұңғымаларды аз мерзімді және сынақ мақсатында пайдалану үшін қолданылады. Балансирсіз тербелмелі-станоктардың азайтылған салмағы осы қоңдырғыны бір орыннан екінші жерге ауыстыруға ыңғайлы етеді.

12 Mобильді жылжымалы бұрғылау қондырғысы бұрғылау құралының 3000 м тереңдiкпен мұнай, газ және су және жеке ұңғымалардың бұрғылауы үшiн арналған. МБУқондырғысы бұл роторды бұрғылау кезінде қолданылады.. Ұңғымалардың бұрғылауындағы шартты тереңдiк - 2700 м. Негізгі параметрлері МБУ 125,МБУ 160,МБУ200 МБУ250

  қазргі кезде МБУ дың конструкторлық жұмыстары дамуда, 200ден - 4000 м ге дейiн бұрғылауды тереңдiгiн үлкейтуге мүмкiндiк береді. Бастпақы кезінде бұрғылау қондырғылары бөлек тасымалданатын. Бастпқы кезде бір бұрғылау орнынан екінші бұрғылау орнына тасымалдау үшін 2.5-3 ай болатын. Қазіргі қондырғылар 10-15 күн ішінде бұрғылау орнына келеді.

Жиналмалы секциялы мұнарадан, жиналмалы мұнара асты негізінен, тасымалдау базасындағы негізгі блоктан, энергиялық блоктан, негізгі механизмдердің жиілікті реттегіш электор жетектерінен тұратын мобильді бұрғылау қондырысынан айырмашылығы секциялы мұнарасы тасымалдануы және жиналуы оңай. Себебі алдыңға жағы ашық және 24-25 м ұзындықтағы бұрғылау құбырлары мен свечаларымен жұмыс істеуге арналған жоғары жетекпен мұнара асты әмбебап негізімен жабдықталған. Негіз 10 м биіктікке гидравликалық цицлиндрлердің мұнаралы шығырлы блоктың орын ауыстыру механизмімен және жүк көтергіш арбалардың электрожетегімен көтеріледі. МБҚ ауыспалы токтың жиіліктегі реттегіш электрожетегімен, қосымша механизмді электор жетектерде ақырын түсіру қондырғылармен жұмыс істеуге арналған.

Соседние файлы в папке ГОС