Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / Максат Мурымбай.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.74 Mб
Скачать

4.4 Сапамен басқарудың негізгі кезеңдері

Сапа мәселесі тек қана нақты жүйелі әрдайым жұмыс істейтін шаралардың негізінде ғана шешілуі мүмкін. Бірнеше ондаған жылдар бойы сапа жүйелері құрылып, жетілдірілген. Қазіргі заманғы кезеңде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарында белгіленген сапа жүйесі қабылданған. Жүйенің негізгі қағидасы болып табылады: сапамен басқару өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамтиды.

Өнімнің өмірлік циклі өнімді құру мен қолдану кезінде оның күйінің өзара байланысты өзгеру үрдістерінің жиынтығын ұсынады.

Өнімнің өмірлік циклының алты сатысы болады: маркетинг – жобалау - өндіру – қолдану – пайдалану – жою.

Маркетинг кезеңінде өнімге тапсырыс берушінің талаптары зерттеледі. Жобалау кезеңінде тұтынушының барлық талаптарына жауап беретін өнім әзірленеді. Өндіру сатысында жобада негізделген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Қолдану кезінде тасмалдау, сақтау, сатуға дайындық, өткізу периодында қалыптасқан сапа сақталу қажет. Пайдалану сатысында сапамен басқаруға тікелей өнім тұтынушысы қосылады. Оның өнімді қалай пайдаланғанына байланысты,өнім сапасының қызмет ету уақыты тәуелді болады. Жою сатысында қолданылған өнімнің қоршаған ортаға зиянды әсер етуін есепке алу керек.Өнімнің өмірлік циклінің сатылары мен кезеңдерінің үзіліссіздігі сапа мәселесін зерттеушілерге сапаны қамтамасыз ететін үзіліссіз тұйық тізбек түріндегі модель құруға көмектеседі.Бұл модельді ИСО 9000 сериялы стандартында “Өнімнің өмірлік циклының типтік кезеңдері” деп аталады.

4.5 Сапа жүйесін қамтамасыз ететін бастапқы мәліметтер

Сапа жүйесінің қажетті элементтері болап ұйымдастырушылық құрылым, әдістеме, ресурстар мен үрдістер табылады.

Сапа жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы кәсіпорынмен басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының негізінде белгіленеді және кәсіпорын бөлімдері мен персоналдың құқықтарын, міндеттері мен қызметтерінің бөлуін ұсынады.

Әдістеме – іс-әрекетті жасаудың белгіленген тәсілі (ИСО 8402).

Ресурстар – персонал, қызмет көрсету құралдары,жабдықтар,технология.

Үрдіс – өзара байланысты ресурстар және кіретін элементтерді (шикізаттар, материалдар) шығатын элементтерге (дайын өнім) өзгеретін іс әрекеттердің жиынтығы.

Сапа жүйесінің болуын, оның белгіленген талаптарға сәйкестігін, егер ол құжаттық түрде ұсынылса ғана дәлелдеуге болады.

Сонымен сапа жүйесі дегеніміз - жалпы сапамен басқаруды іске асыру үшін қажет ұйымдастырушылық құрылымның, әдістердің, үрдістердің және ресурстардың жиынтығы.

4.6 Тіремелік полимер тақтаның сапасын жоғарлату бойынша ұсынылатын шаралар

Тіремелік полимер тақтаның сапасын жоғарлату үшін ұсынылады:

- Төсемдердің конструкциясы және геометриялық параметрлері А

қосымшасында келтірілген деректерге сай болуы тиіс;

- Номиналды мәнінен ауытқуы конструкторлық қүжаттарда

келтірілген мәндерге саи болуы тиіс;

- Төсемдер осы ұйым стандартының талаптарына және белгіленген тәртіп бойынша бекітілген технологиялық және конструкторлық құжаттар бойынша жасалуы тиіс;

- Төсемдердің сырқы түрі , дайындаушьі кәсіпорында белгіленген тәртіппен бекітілген, үлгі-эталонғдарға сай болуы тиіс;

- Төсем түсі регламентке сай болуы тиіс; - Төсемдер беті тегіс, түзу және қабыршықтануы, сызаттары

көтерілген жерлері, бақалшақтануы, бөгде қоспалар болуы және жіктенуі болмауы тиіс;

- Төсем бетінде материалдардың ағу ізі, өңдеудің және қүюжолдың, биіктігі 1 мм, тереңдігі 0,4 мм томпайған түрдегі іздері болмауы тиіс;

- Тақталардың беті тегіс, типыл болуы және қабыршақтанулары, жарықтары, көпірлері, бөтен қосылыстары мен қабаттасу іздері болмауы тиіс;

- Тақталардың бетінде-материалдардың ағу іздерінің, пресс қалыбының түйісу орны бойынша, ені 1,5 мм-ден, жуандығы 0,3мм-ден аспайтын қабыршақтардың, биіктігі 1 мм-ден аспайтын, кертеш түрінде кездесетін, тақталардың төменгі және үстіңгі беттеріндегі құймажолдарды өңдеу және жұлу іздерінің, тереңдігі 0,4 мм кем болатын, итергіштер іздерінің болуына жол беріледі.

Төсемдердің негізгі физика-химиялық көрсеткіштері 3-кестеде келтірілген.

3-кесте-Төсемдердің физика-химиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштер аты

Нормативті мәні

Серіппелі клемнен тік/бүиірлік ауыткуы, Кн, кем емес

60/30

(20+2) °С температурадағы ШАРПИ бойынша түтқырлық, кД>к/м2, кем емес

54

(20±2) °С температурадағы 24 сағат бойына суды сіңіруі, %-пен, көп емес

0,8

(20±2) °С температурадағы, "Л" остік майдағы әсерден кейінгі массаның өзгеруі,, %-пен, көп емес

5

Үлестік көлемдік электр кедергісі, Ом*см, аз емес

1*109

Төсем массасы,г

58±1

Төсемдер келесі материалдардан дайындалады:

- 30%-ке дейін шыны қосылған, 6-полиамид негізіндегі полимерлі композициядан ;

- түсті тұрақтандырғыш - Тинувин 66224 L D;

- Ди пластикатордан (2 бутоксиэтил);

- адипинат;

- МСТ 10262 бойынша мырыш стеараты - технологиялық қоспасы;

- Төсем түтынушымен келісім арқылы басқа да, физика-химиялық көрсеткіштері 3-кестедегіден төмен емес, отандық немесе шет елдік полимерлі материалдардан жасалуы мүмкін.