Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / Максат Мурымбай.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.74 Mб
Скачать

Мазмұны

Кiрiспе.....................................................................................................................

10

1 Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат…………………………

13

2 Жалпы мағлұмат...............................................................................................

15

2.1 «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» қысқаша тарихы.......

15

2.2 Филиал бөлімдері............................................................................................

15

2.3 Ұйымдастырушылық құрылым......................................................................

18

3 Жалпы жағдай………………………………………………………………...

20

3.1 Өнімнің қызметтік тағайындалуы…………………………………………..

20

3.2 Өнімнің жіктелуі……………………………………………………………

25

3.2.1 Тағайындалуы бойынша өнімнің жіктелуі……………………………….

25

3.2.2 Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлық номенклатурасы бойынша өнімнің жіктелуі………………………………………………………

26

4 Өнімнің сапасын анықтау……………………………………………………..

28

4.1 Өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер……………………………………

28

4.2 Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау………………………..

29

4.3 Өнімнің сапа деңгейін бағалау……………………………………………...

29

4.4 Сапамен басқарудың негізгі кезеңдері……………………………………

32

4.5 Сапа жүйесін қамтамасыз ететін бастапқы мәліметтер…………………...

33

4.6 Тіремелік полимер тақтаның сапасын жоғарлату бойынша ұсынылатын

шаралар…………………………………………………………………………...

33

4.7 Буып-түю таңбалау сапасын талдау………………………………………

35

4.8 Қауіпсіздік талаптарын және қоршаған ортаны қорғауын талдау………

35

5 Тіремелік полимер тақтаның партиясын (тобын) қабылдауда стандарттар

талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау…………………………….

5.1 Өнімнің өмірлік циклінің сатысына сәйкес мелекеттік қадағалау объектісін таңдауды негіздеу……………………………………………………

37

37

5.2 Мемлекеттік қадағалауды іске асыру үрдісі……………………………….

38

6 Өнімді сынау…………………………………………………………………...

39

6.1 Қабылдау ережелері мен сынаулардыжіктеу………………………………

41

6.2 Тіремелік полимер тақтаның сапасын бақылауға және сынауға қажет

жабдықтар мен өлшеу құралдары………………………………………………

42

6.3 Бұйымды қабылдау ережелері………………………………………………

44

6.4 Бұйымды сынау және бақылау әдістері……………………………………

44

7 Өнімді сертификаттау………………………………………………………….

46

7.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің жалпы ережелері………........................................................................................

46

7.2 Өнімге сертификаттауды жүргізу тәртібі мен ережелері………………….

47

7.2.1 Өтінішті беру мен қарастыру……………………………………………...

48

7.2.2 Өнімнің үлгілерін таңдауды өткізу……………………………………….

48

7.2.3 Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу…………………………

46

7.2.4 Сәйкестік сертификатын беру мен сертификатталған өнімді ҚР МСЖ

сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығын ұсыну………………………………..

49

7.2.5 Өнімді сәйкестік Белгісімен таңбалау……………………………………

50

7.2.6 Өнімнің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылау………………………………………………………….

51

7.2.7 Өнімді сертификаттау туралы ақпарат…………………………………...

52

8 Нормативтік құжаттаманы әзірлеу……………………………………………

53

8.1 Зерхананың өрт және техникалық қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық жобасын әзірлеу…………………………………………………….

53

8.2 Жобаны әзірлеудің нормативтік базасы…………………………………...

53

8.3 Нұсқаулық жобасының құрылымын қалыптастыру……………………….

54

9 Технико-экномикалық негіздемесі....................................................................

55

10 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау......................................................................

59

10.1 Өндірістік жарықтандыру..........................................................................

59

10.2 Өндірістік шу..................................................................................................

60

10.3 Өндірістік діріл..............................................................................................

61

10.4 Өндірістік микроклимат.............................................................................

63

10.5 Электр қауіпсіздігі.........................................................................................

65

10.6 Өрт қауіпсіздігі...............................................................................................

66

10.7 Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы.................................................

70

Қорытынды.............................................................................................................

72

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................

73

КІРІСПЕ

Еліміздің нарықтық экономика деңгейінің жоғарлауына байланысты отандық өнім шығарушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындардың, ұйымдар мен қоғамдардың саны қазіргі уақытта арта түсуде және де осы мекемелердің қызметтері үшін тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар сыртқыларда да жаңа шарттарды анықтады.

Кәсіпорындар тұтынушылар сұраныстарын арттыру мақсатында шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің сапасын, қойылатын талаптарды орындауымен үнемі жақсартуда, яғни басты принцип өнім сапалы болған сайын сұраныс жоғары әрбір кәсіпорын өнімдердің, процестердің, қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығына, азаматтардың мүлкіне қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

Осы кәсіпорындардың жүзеге асыратын қызметі, олардың қызмет, процесс, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі әрдайым тексеріледі. Бақылау мен қадағалау, сертификаттау бойынша жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органмен атқарылады.

Қазіргі таңда кәсіпорындар өз тәжірибелерінде ұлттық жөне халықаралық нормалармен үйлескен ережелерді зерттеп, қолданады. Олар өз қызметтеріне жақсарту және өнім, қызмет сапасын жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасында ұлттық стандарттар болып қабылданған, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ИСО 9000 сериялы стандарттардың талаптарын орындауда. Сапа менеджментінің жүйесін қабылдау стандарт талабына сай қоғамның стратегиялық шешімі болып табылады. Сапа менеджментінің жүйесін жобалау мен ендіру өзгеруші қажеттіліктермен, арнайы мақсаттармен, көсетілетін қызметпен, қолданылатын процестермен, ұйымның мөлшерімен және құрылымымен анықталады.

Нарықтық экономикада сапа мәселесі экономиканы, социалды және экологиялық қауіпсіздігінің өмірлік деңгейін өсірудегі негізгі фактордың бірі болып табылады. Сапа – жиынтықты түсінік, барлық іс-әрекеттің жан-жағының эффективтілігін сипаттайды: стратегияны жасау, өндіріс ұйымы, маркетинг және т.б. барлық сапа жүйесінің негізгі құраушысы болып, өнім сапасы болып табылады.

XXI ғасыр сапалы өнімнің ғасыры, яғни еңбек сапасы, өнім және қызмет қоршаған орта сапасы сияқты қасиеттерді белгілейді.

Сапа – саясатты және экономикалы категория. Сондықтан да сапа ұлттық экономиканы қатайтудың негізгі жағдайы. Мұны алдыңғы қатарлы мемлекеттің тәжірибесі көрсетті. Ұйымда және кәсіпорында сапа мәселесін шешу сапа жүйесін ендіру болып табылады, яғни ИСО 9000 сериялы стандартына сәйкес. Бұл сәйкестікті растайтын сертификат, нарық жағдайында өндірілген өнімнің бәсекелестік жағдайында өте қажет.

Бәсекелестік – нарықтың кез-келген өзгерісіне байланысты өзгеріп, ұйымды жаңа нарықтық жағдайға дайындайды. Өнімнің өндірісте ең жоғары көрсеткішке бағытталуы барлық субъектінің стратегиялық бағытталуына әкелу керек.

Сапа менеджментінің тәжірибелі және теориялы дамуының жаңа кезеңі ИСО 9000 сериялы стандартының жаңаруымен байланысты. Сапа жүйесі үшін үрдістің өзара байланысын анықтау қажет. Бұл үрдістерді басқаруда өзгерістерді таңдау үлкен мәнге ие. Сапа жүйесі үшін сәйкес құжаттарды жасау қажет болып табылады, ресурстар және ақпараттар сапаны жақсарту үрдісін іске асыру үшін қажет.

ИСО 9000:2000 стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің құжатамасы келесіден тұрады: сапа аумағында саясат және мақсаттар құжаттамалы түрде реттелуі керек, сапа үрдісін басқаруды іске асыру және жоспарлау үшін басшылық ету және де осы үрдістерді басқару қажет.

Сапа саясаты ұйым мақсатына сәйкес болуы керек және әрқашан сапа менеджмент жүйесінің нәтижесін өсіруге әсер ету керек.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында өткен жылдың мынаны атап өтті, яғни Қазақстан аз уақыт ішінде Батыс елдерінің сапаны басқару жөніндегі жарты ғасырлық тәжірибесін игеруі қажет деді.

Соңғы кезде сапаны басқару мәселесі жалпы әлемдік сипаттамаға айналды. Қазір барлық мемлекеттің нарықтық жүйесі, нарықты бағындыратын сапалы тауарға және қазыметке ұмтылды.

Қазіргі заманғы өндірістің мақсаты жоғары сапалы өнімді шығару және қызыметі қөрсету болып табылады. Тұтынушы сапасына байланысты бағасын сәйкестендірді, өйткені жоғарғы сапа пайдалану шығынын төмендетеді.

Біздің еліміздің Бүкіләлемдік халықаралық сауда ұйымына енуі көптеген ұйымдарда, өндірісте, өкілдіктерде жаңа басқару жүйесіне көшу қажеттілігін тудырды, ол аз шығынмен өндіруді, жоғары сапалы өнімді шығаруға және де Қазақстан нарығында талап етілетін және бәсекеге төтеп беретін деңгейге жетуі қарастырылады.

Біздің Республикада өзінің құқығына заңды түрде ие болу, жетекші шет ел фирмаларымен сынға түсе алу мүмкіндігі, мемлекеттің техникалық реттеу жүйесіндегі аккредиттеу арқылы жүретін ұйымдар біліктілігін бағалау табылады.

Жоғарыда көрсетілген ақпараттарға байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ЖШС Дорпласт-инвест өнімінің сапасын талдау және АҚ “ҰССО” зертханасында сынауларды ұйымдастыру болып келеді. Осы сынау бөлімінде барлық өндіріс өнімдеріне сертификатталған сынақтар жүргізіледі. Бірақ берілген дипломдық жұмыста нақты зерттеу объектісі Дорпласт – инвест өнімдерін сынауына тоқталып, келесі жұмыстар жүргізілді:

“Бастапқы ақпарат” бөлімінде базалық, басшылық етуші және анықтамалық ақпарат келтіріледі;

“Жалпы ережелер” бөлімі өнімнің қызметтік тағайындалуы мен олардың жіктелуінен тұрады;

“Өнімнің сапасын анықтау” бөліміне кіреді:

- өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер;

- сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы анықтау;

- өнімнің сапа деңгейін бағалау;

- сапамен басқарудың негізгі кезеңдері;

- сапа жүйесін қамтамасыз ететін бастапқы мәліметтер;

- өнім сапасын жоғарлату бойынша шаралар ұсынылады.

“Стандартар, техникалық шарттар (ТШ), метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау” бөлімінде АҚ “ҰССО”-да мемлекеттік қадағалауды іске асыру үрдісі баяндалады.

“Өнімді сынау” бөліміне сынаулардың жіктелуі кіреді және сынау текшесі әзірленеді.

“Өнімді сертификаттау” бөлімінде өндірістік өнімді сертификаттаудың барлық кезеңдері келтіріледі, қосымшада бірнеше құжаттар түрлері көрсетіледі.

“Нормативтік құжаттаманы әзірлеу” бөлімінде жұмыстық нұсқаулықтың жобасын әзірлеудің барлық кезендерінен тұрады.

“Экономика” бөлімінде сынау лабороториясының бір жылдық шығының есептелуі қарастырылған.

“Қауіпсіздік және еңбекті қорғау” бөлімінде сынау лабораториясының қауыпсіздік шаралары қарастырылған.