Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / Максат Мурымбай.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.74 Mб
Скачать

7 Өнімді сертификаттау

7.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің жалпы ережелері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі (МСЖ) жұмысты басқаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті сертификаттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет (Мемстандарт) іске асырады.

Қазақстан Республикасының МСЖ негізгі мақсаттарына:

- адамдардың өмірі мен денсаулығына, азаматтардың мүлкіне және қоршаған ортаға өнімдердің, процестердің, қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- қызметтер мен өнімдердің сапалылығы жөнінде тұтынушылардың мүдделігін қорғау;

- саудада техникалық кедергілерді жою, өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының біріңғай сауда нарығында заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекеті үшін қажетті жағдайлар жасау және халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық қарым-қатынас пен халықаралық саудаға қатысуы жатады.

Қазақстан Республикасының МСЖ ҚР қолданыстағы сертификаттау сынақтарын жүргізу жолымен немесе сәйкестік жөніндегі мәліметтердің негізімен, немесе шетелдік куәліктердің сәйкестігін мойындау жолымен нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына үшінші тараптың растамасы болуын көздейді.

Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді.

Міндетті сертификаттау дегеніміз – адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында міндетті сертификаттауға жататын өнімдерінің, процестерінің, жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің тізбесіне енгізілген өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді.

Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, процесстердің, жұмысшылардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативті құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайлды.

Тіремелік полимер тақтайшалар адамның өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігіне ерікті сертификаттауға жатады.

Тіремелік полимер тақтайшалар міндетті сертификаттау белгіленген ретте бекітілген, “Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізіміне” сәйкес жүргізіледі.

Тіремелік полимер тақтайшаларды сертификаттау осы облыста аккредиттелген органдар өткізеді.

Сертификаттау келесі мақсаттарда өткізіледі:

- өнімнің нормативтік құжаттарға және қызметтік қасиеттерге сәйкестігіне растау;

- қауіпсіздік пен экологиялық тазалық көрсеткіштерін бақылау.

Сертификаттау кезінде, өнімді оның нормативтік құжаттарымен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін көрсеткіштермен идентификаттауға мүмкіндік беретін сипаттары тексеріледі.

Өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды өткізумен байланысты барлық шығындарды, келісімшарт негізінде,сертификаттаудың нәтижесіне қарамастан, өтініш беруші төлейді.