Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / Максат Мурымбай.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.74 Mб
Скачать

5.1 Өнімнің өмірлік циклінің сатысына сәйкес мелекеттік қадағалау объектісін таңдауды негіздеу

Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау дегеніміз – стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның іс-әрекеті.

Мемлекеттік қадағалаудың нормативті-құқықтық базасы болып келесі құжаттар табылады:

- “Техникалық реттеу” Қазақстан Республикасының Заңы;

- “Техникалық регламент” нормативтық қужаттама;

- “Өлшеу бірлігі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы;

- ҚР СТ 1.16-2000 “Стандарттар, техникалық шарттар, метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау”.

Мемлекеттік қадағалауды өткізудің негізгі мақсаты болып табылады: мемлекет қызығушылықтары мен тұтынушылар құқықтарын өнім сапасын қамтамасыз ету сауалдарында, және оның азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету сауалдарында қорғау.

Мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасының территориясында өнімнің өмірлік циклінің кез-келген сатысында, заңды және физикалық тұлғаларда іске асырылады

Тексеру жоспарына сәйкес, мемлекеттік қадағалаудың екі қызметшісінен, мемлекеттік инспектор мен сарапшы-аудитордан тұратын комиссия кәсіпорынға келді. Сарапшы-аудитор дайын өнімді Мемстандартпен аккредиттелген ҰССО сынау зертханасында бақылау мақсатында келді.

Мемлекеттік инспектор тексерілетін объектке талаптарды анықтайтын, яғни МСТ 12786-80 “Қабылдау ережелері мен таңдамаларды таңдау әдісі” нормативті техникалық құжаттармен танысады. Сонымен қатар, мемлекеттік инспектор алдында болған тексерудің материалдарымен танысады. Ақпараттарды талдап, ол кәсіпорын басшылығы сапа деңгейін жоғарлату облысында жоспарлы саясатты өткізетіндігі және нормативті техникалық құжаттан ешқандай ауытқулар табылмағаны туралы қорытындылар жасайды.

Тексеруге 5 дана тіремелік полимер тақтаның үлгісін таңдап алып, мемлекеттік инспектор тексеру жоспарын құрады. Таңдаманы таңдау үрдісінде НТҚ-да ешқандай бұзышылықтар анықталмады. Таңдаманы таңдау тексерілетін кәсіпорынның директоры мен сынау зертханасының басшысының болуымен іске асырылады. Таңдаманың әрбір бірлігі кәсіпорынның техникалық бақылау қызметімен қабылданған болатын. Таңдаманы таңдау нормативтік құжаттарға сай актпен рәсімделеді. Таңдама қалған өнімнен бөлек алынып, ілеспе хат-жолдамамен ҰССО сынау зертханасына жіберілді. Сынауды жүргізудің алдында мемлекеттік инспектор сынау зертханасының өлшеу құралдарының, сынау жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуінде және нормалы дәлдікпен бақылауды өткізуге дайындығында көз жеткізіп алды.

Сынау келесі сапа көрсеткіштері бойынша жүргізілді:

- функционалды өлшемдер;

- қолданылатын материалдар;

- сертификттау ережелерінің сақталуын сертификатталған өнімнің сапасымен бақылау;

- мемлекеттік органдарға заңды және физикалы тұлғалармен нормативті құжаттардың белгіленген міндетті талаптарының және міндетті сертификаттау ережелерінің сақталуы туралы сенімді ақпаратты ұсыну.

Дипломдық жұмыстың берілген бөлімі МСТ 12786-80 “Қабылдау ережелері мен таңдамаларды таңдау әдісі” міндетті талаптарын орындауға мемлекеттік қадағалауды өткізу үрдісін сипаттауға арналған. Мемлекеттік қадағалаудың объектісі - өнімнің өмірлік циклының өндіру сатысындағы термелік полимер тақтайшалар.

Тіремелік полимер тақтаның қабылдау ережелеріне өндіруші жағынан болсын, бақылау жағынан болсын үлкен көңіл бөлінеді. Өйткені тіремелік полимер тақтаның күрделі технологиялық үрдістің нәтижесі болып табылады және тұтынушыға тікелей жіберіледі.