Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / Максат Мурымбай.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.74 Mб
Скачать

7.2 Өнімге сертификаттауды жүргізу тәртібі мен ережелері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды өткізуді келесі ретте қарастырады:

- өтініш берушімен сертификаттау бойынша органға өтінішті беру;

- өтініш бойынша шешім қабылдау, оның ішінде сертификаттау сұлбасын таңдау;

- өтініш беруші мен сертификаттау бойынша органның арасында өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге келісімшартты рәсімдеу;

- үлгілердің санын анықтау мен оларды таңдау реті;

- үлгілерді таңдау мен идентификаттауды өткізу;

- өнім үлгілерінің сертификатталған сынауларын өткізу;

- алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру мүмкіндігі туралы шешім;

- сертификатты беру мен сертификатталған өнімді ҚР МСЖ-нің мемлекеттік Реестіріне енгізу. Сертификаттау бойынша орган мен өтініш беруші арасында лицензиялы келісімшарт рәсімдеу;

- өнімнің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығы мен сапа жүйесінің қызметіне инспекциялық бақылауды өткізу (егер сертификаттау сұлбасымен қарастырылса);

- өнімді сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат.

7.2.1 Өтінішті беру мен қарастыру

Өнімді сертификаттау өтініш берушімен сертификаттау бойынша органға жіберген өтініштің негізінде жүргізіледі. Тіремелік полимер тақтааишаларды сертификатауға өтінішті осы облыста аккредиттелген кез-келген органға жіберуге болады.

Өтініш беруші сертификаттау бойынша органмен бірге сертификаттау сұлбасын таңдайды, келісімшартқа отырып, қажет құжаттарды ұсынады: тауарлы-ілеспе құжаттар, сапа куәліктері, сапа сертификаттары, гигиеналық сертификаттар.

Сынау сұлбаларын таңдағанда өндіріс ерекшеліктері, өнімнің қызметтік қасиеттері, өнімнің нормативтік құжаттарға сәйкестігін дәлелдейтін талап етілетін деңгейі есепке алынады.

Тіремелік полимер тақтайшаларды сертификаттау үшін сертификаттаудың оныншы сұлбасы қолданылады.

Сертификаттау бойынша орган өтініш алып, тіркеген күннен бастап екі аптаның ішінде өтініш берушіге өтінішті қарастыру нәтижелері бойынша шешім және өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды өткізуге рұқсат беретін қол қойылған екі нұсқада келісімшарт жібереді.

Сертификаттау бойынша орган өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан кезде, шешіммен бірге өтініш берушіге барлық құжаттарды қайтарады.

Өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды өткізу шарттарымен келіскен жағдайда, өтініш беруші сертификаттау бойынша органға қол қойылған келісімшарттың бір нұсқасы мен сертификаттау бойынша органның есеп айыру шотына жіберген төлем тапсырмасының көшірмесін жібереді.

7.2.2 Өнімнің үлгілерін таңдауды өткізу

Өнімнің үлгілерін таңдау сертификаттау бойынша орган немесе оның тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемстандартының аймақтық органы өткізеді.

Таңдамаларды таңдау сертификаттау бойынша орган өтініш берушінің өзіне тапсыруға болады. Бұл жағайда таңдауды өтініш берушінің бұйрығымен тағайындалған, өз қызығушылықтары жоқ ұйымдардың кем дегенде үш өкілдерінен тұратын комиссия өткізеді. Таңдау актіне комиссия мүшелері қол қойып, өтініш беруші-кәсіпорынның басшылығымен бекітіледі Комиссия мүшелерінің жұмысын өтініш беруші төлейді.

Таңдалатын үлгілердің саны, оларды таңдау әдісі, идентификаттау мен сақтау өнімнің нормативтік техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес болу қажет. Біздің жағдайда комиссия тіремелік полимер тақтааишалардың бес данасын таңдады.

Өтініш беруші идентификатталып, қапталып, таңдалған үлгілерді таңдау актілері және техникалық құжаттармен бірге сынау зертханасына ұсынады.