Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / Максат Мурымбай.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.74 Mб
Скачать

2.3 Ұйымдастырушылық құрылым

Бөлімнің құрылымы мен жұмысшылар саны «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының» АҚ Президентінің бұйрығымен бекітілген күнтізбе бойынша анықталады.

Сапа жүйесінің сәйкестігін растау бөлімінің құрылымдық бөлімдері:

- кедендік қызметтер мен сертификаттарды толтыру секторы;

- тамақ өнімінің сәйкестігін растау секторы;

- шет елден келетін өнімнің сертификатын растау секторы.

Шетелден келетін өнімнің сапа жүйесінің сәйкестігін растау бөлімінің құрылымы:

1-сурет- Шетелден келетін өнімнің сапа жүйесінің сәйкестігін растау бөлімінің құрылымы

3 Жалпы жағдай

3.1 Өнімнің қызметтік тағайындалуы

Құрлыс материалдын 3 турлi өнім қарастырылды: полимерлі оқшаулағыш төсем,рельс астындағы полимерлі төсем,тіремелік полимер тақта.

Рельс астындағы полимерлі төсем – Р 75, Р 65, Р 50 типтес рельстерді бір шақырымға жылына брутто жүк қуаты 50 млн тн.кезіндегі радиусы 800 м аз емес, КГТП-5 түзу және қисық атызды жолда Ш 4 рельсті құрға бекітуге арналған. Рельс астындағы полимерлі төсем 1- сызбада көрсетілген.

1-cызба- Рельс астындағы полимерлі төсем

2-cызба - Рельс астындағы полимерлі төсем

Полимерлі оқшаулағыш төсем - жүк-ауыртпашылығы жылына бір километрге шаққанда 50 млн. т. брутто болған жағдайда, жолдың түзу бөліктерінде және радиусы 800 м кем емес қисық бөліктерінде Р 75, Р 65, Р 50 түріндегі рельстерді КПП-5 рельсті қүрсаулауындағы Ш 4 темір бетон шпалдарына бекітуге арналған. Полимерлі оқшаулағыш төсем 2-сызбада көрсетілген.

3-cызба- Полимерлі оқшаулағыш төсем

Тіремелік полимер тақта – Р 65 тұрпатты рельстерді Ш 3 темірбетон шпалдарына, жүк – ауыртпашылығы жылына бір километрге шаққанда 5000000 т.брутто болған жағдайда, жолдың түзу бөліктерін және радиусы 800 м кем емес қисық бөліктерін ЖБР – 65 астарсыз рельстік ұстатуын құрайтындай етіп бекітуге арналған. Тіремелік полимер тақта 3-сызбада көрсетілген.

4-cызба- Тіремелік полимер тақта

Темірбетон шпалды рельстер 2-суретте көрсетілген.

2-cурет- Темірбетон шпалды рельстер

3.2 Өнімнің жіктелуі

3.2.1 Тағайындалуы бойынша өнімнің жіктелуі

Өндіріс өнімі дегеніміз – пайдалы қасиеттері бар және тұтынушылардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолдануға арналған еңбек іс-әрекетінің нәтижесі. Өнімнің сапа деңгейін сапа көрсеткіштері бойынша бағалау үшін өнімді жіктеу қажет.

Өнімді жіктеу келесілер үшін жүргізіледі:

- өнімнің белгілі бір тобының бірлік көрсеткіштер номенклатурасын таңдау;

- өнім сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасына мемлекеттік стандарттар жүйесін құру.

2 - cурет сәйкес барлық өнімдер сапа деңгейін бағалау мақсатында екі классқа бөлінуі мүмкін:

1) пайдалану кезінде шығындалатын өнім;

2) өзінің ресурсын шығындайтын өнім.

Өнім

Пайдалану кезінде шығындалатын өнім.

Пайдалану үрдісінде тағайындалуы бойынша шығындалады.Мұнда оны қайта өңдеу үрдісі бола алмайды.

Өзінің ресурсын шығындайтын өнім.

Мұнда өнім техникалық немесе моральдік тозғанша пайдаланылады.

1 класс 2 класс

1 топ 2топ 3 топ 4топ 5топ

Шикізаттар мен табиғи отын

Материал-дар мен өнімдер

Шығын-далатын бұйым

Жөнделмейтін бұйымдар

Жөнделетін бұйымдар

3-cурет- Өнімнің тағайындалуы бойынша жіктелуі

Тіремелік полимер тақта екінші класстың бесінші тобына жатады.