Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / Максат Мурымбай.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.74 Mб
Скачать

4.7 Буып-түю таңбалау сапасын талдау

Дайын төсемдер МСТ 2226-75 (әрбір қапта 500 талдан) бойынша көп қабатты қаптарға шашырата салынуы тиіс.Тұтынушымен келісім арқылы, атмосфералық және механикалық ақауланудан сақтауды қамтамасыз ететін, әрбіреуіне 500 данадан салынған, басқа да буып-түю бірлігі болуы мүмкін.

Төсем бетінде оңай оқылатын, тауарлық белгісі немесе дайындаушы-кәсіпорынның шартты белгісі, және дайындалған жылының соңғы екі таңбасы түсірілген таңба болуы тиіс.Таңба төсемнің 100%-іне түсірілуі тиіс.

Тасымалдау таңбасы МСТ 14192 талаптарына сай болуы тиіс.

Тасымалдау ыдысы бірлігіне келесі деректер түсірілген жапсырма салынуы тиіс:

- дайындаушы ел аты;

- дайындаушы кәсіпорынның аты(заңды мекен-жайы); - төсемнің шартты белгісі;

- төсемнің массасы, г-мен; буып-түюдегі төсем саны;

- дайындау мерзімі(жылы,айы);

- ораудағы төсемдер саны;

- төсемдердің қолдану саласы немесе негізгі қызметі;

- ОТК мөрі;

- осы ұйым стандартының белгіленуі;

- таңбалау мемлекеттік жэне орыс тілдерінде орындалуы тиіс.

4.8 Қауіпсіздік талаптарын және қоршаған ортаны қорғауын талдау

Өрт қауіпсіздігі бойынша төсемдер келесі МСТ-лар талаптарына сай болуы тиіс:

- жану тобына МСТ 30244 бойынша;

- тұтану тобы МСТ 30402 бойынша;

- Төсемдер жану режимінде қалыпты түтіншығару қабілеттілігі бар;

- Жұмыс ауасындағы зиянды заттардың шектік-мүмкін концентрациясы (ШМК) МСТ 12.1.005 талаптарына сай болуы тиіс;

- Төсемдерді дайындайтын объектілерде "Синтетикалық полимерлі материалдарды өндіру мен оларды өңдейтін кәсіпорындарға санитарлык нормалар" талаптары сақталуы тиіс;

- Өндірісте МСТ 12.4.011 талаптарына сай жеке гигиена ережелері сақталуы тиіс.

Техникалық қауіпсіздік талаптары және кәсіпорындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыздандыру әдістері:

- Жұмыс орынындағы және кәсіпорынындағы өрт қауіпсіздігін МСТ 12.1.004 және ҚӨСЕ -01 "Қүрылыс-жинау және өрт жүмыстарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері" талаптарына сай қамтамасыз етілуі тиіс.

- Өртке қарсы қорғаныс, өрт сөндіргіштерді және сәйкес өрт техникаларын қолданып, сонымен бірге түтінге қарсы корғаныс заттарын МСТ 12.4.009 бойынша қолдану арқылы жасалады.

- Төсемдерді дайындаудағы түсіру-тиеу жүмыстары МСТ 12.3.009 талаптарына сай орындалуы тиіс.

- Өндіріс үдерістеріндегі жалпы қауіпсіздік талаптары МСТ 12.3.002-75, МСТ 12.3.009 талаптарына сай болуы тиіс.

- Төсемдерді шығарудағы жүмыс аумақтары ҚР СТ МСТ Р 12.4.026 бойынша сигналды белгілермен қамтамасыз етілуі тиіс.

- Кәсіпорынның ағындылары және тастандылары қоршаған ортаны ластамауы тиіс. Кәсіпорындағы зиянды заттардың мүмкін тастандылары МСТ 17.2.302 талаптарына сай белгіленуі тиіс.

5 Тіремелік полимер тақтаның партиясын (тобын) қабылдауда стандарттар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау