Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / Максат Мурымбай.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.74 Mб
Скачать

5.2 Мемлекеттік қадағалауды іске асыру үрдісі

Мемлекеттік қадағалауды өткізудің алдында, тексеруді өткізетін мемлекеттік инспектор дайындық жұмыстарын өткізеді. Осылай мемлекеттік қадағалау бойынша Басқарудың мемлекеттік инспекторы ЖШС “Дорпласт - инвест” кәсіпорының ТББ-да дайын өнімді қабылдау үрдісінде стандарттар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды өткізуге тапсырма алды. Тексеру жоспарлық болып табылады және ҚР Мемстандартының аумақтық органның мемлекеттік қадағалаудың тоқсандық жоспарымен сәйке өткізіледі. Тексеруді ұйымдастыру үшін тексерілетін объектің басшылығының атына тексеруге тапсырма дайындалады (тексеру өткізу туралы жазбаша хабарлау), ол міндетті түрде мемлекеттік қадағалаудың аумақтық органның тексерулерді есепке алу журналында тіркелу қажет.

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың талаптарының сақталуына тексеруді өткізу кезінде, тексерілетін объекте Мемстандартта бекітілген әдістер бойынша өлшеу және сынау құралдарының жағдайы мен жабдықталуы тексеріледі.

6 Өнімді сынау

Бақылаудың ерекше түрі дайын өнімді сынау болып табылады. Сынау бұл – бір немесе бірнеше өнім сипаттамасын физикалық, химиялық, табиғи немесе эксплуатациялық факторлар мен шарттардың әсерінен зерттеу немесе анықтау.

Мақсаттарына байланысты сынаудың келесідей негізгі түрлері бар:

- алдын – ала;

- қабылдағыш;

- қабылдап- өткізгіш;

- кезеңдік;

- типтік.

Берілген өнім түрінің техникалық шарттарына сәйкестігін тексеруде қабылдап өткізгіш, кезеңдік және сертификациялық сынақтар жүргізіледі.

Қабылдап - өткізу сынақтарын өнімді тапсырыс берушіге жеткізу мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында кәсіпорынның техникалық бақылау бөлімі жүргізіледі. Қабылдап - өткізу сынақтарына барлық көрсеткіштері техникалық шарттар сәйкестігіне әрбір өнім тобы сынауға жіберіледі. Топ болып бір құжатпен дайындалып, бір технологиялық циклда алынған қабырғалық бетон тасының кез келген саны аталады. Құжатқа келесілер көрсетілуі тиіс:

  • жүк қабылдаушының аталуы;

  • белгіленген орын атауы;

  • топ номері;

  • өнім атауы;

  • дайындама күні;

  • брутто мен нетто салмағы;

  • жүк жіберушінің атауы;

  • жіберу орнының атауы;

  • дайындама – кәсіпорнының техникалық бақылау штампы.

Өнімнің кезеңдік сынақтарын шығаратын өнім сапасы тұрақтылығын тексеру мен оның шығарылуының жалғасу мүмкіндігін тексеру мақсатында жүргізеді. Кезеңдік сынақтар үлгілерін өткен қабылдап - өткізу сынақтарынан іріктеп, сол өнімнің техникалық шарт талаптарының сәйкестігіне сынайды.

Сертификациялық сынақтар өнімнің ТШ-ға сәйкестігін дәлелдеу мақсатында және қабырғалық бетон тасының сапасын бағалаудағы тұтынушы мен дайындаушы арасындағы келіспеушіліктер болған жағдайда аттестацияланған сынақ орталықтары жүргізіледі.

Нәтижелердің талаптарға сәйкес емес болған жағдайда сол топтан іріктелген көрсеткіштердің біреуіне екі еселенген сынақ жүргізіледі.

Қайталанып жүргізілген сынақтар нәтижелері соңғы болып табылады және бүкіл топқа таралады.

Сынау әдістері бұл - сынаудың нақты принциптері мен әдістерін қолдану ережелері. Мұндай прициптер – физикалық, механикалық, химиялық және басқа да тәуелділіктер болып табылады, оларды қолдана отырып өнімнің жұмыс жағдайында оны қолдануда өнім құрамының сипаттамасы жайлы ақпаратты алады.

Өнімнің өмір сүру сатысында сынау жүргізу, яғни зерттеу және жобалау сатысында –жобаның жаңа шешімдерін бағалау болып табылады.

Бұл кезеңдерде келесі іс шаралар қамтылуы тиіс:

  • жоба кезінде келтірілген қателіктерді;

  • өнімнің сапа көрсеткіштерін бағалау;

  • өнімнің кейбір компонентерінің жеке сипаттамалары;

  • басқа қолдану аймағындағы өнімнің сипаттамаларын;

  • өнімнің жақсы жағдайында қолдану.

Өнімді дайындау сатасында өнімнің техникалық деңгейін бағалау:

- жобалау кезіндегі кемісітігін жоюды тексерудің тиімділігі;

- өнімнің көрсеткіштерінің сенімділігін алдын ала бағалау және сериялы шығарылымдардың қауіпсіздігін қоса.

Пайдалану сатысында-нағыз пайдалану кезінде өнімнің сапа көрсеткіштерін бағалау:

  • тұтынушының өнім сапасына қоятын талабының негізін қадағалау;

  • пайдалану құжатының қолдану кезіндегі сақталуын тексеру;

  • өнім сапасының көрсеткіштерін жоғарылатуға ұсыныстарды дайындау;

  • ақырғы пайдалану құжаттарын дайындау.

Сынау дайындаушы мен тұтынушы арасындағы қатынасты шешуші болып табылады, яғни өнімнің өндірісін кеңейте түсуге әсер етуші фактор. Кейде әртүрлі сенімсіздіктер туындаған кезде қайталанып сынаулар жүргіхзіледі. Сынаудың сенімділігі үшін арнайыкомиссиялардың көмегімен аттестациялау жүргізіліп отырады.

Аттестациялау кезінде сынау зертханаларына қойылатын негізгі талап сынау әдістері мен құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету болып табылады.

Өнімді сынау дегеніміз өнімнің сандық және сапалы сипаттамаларының қасиеттерін эксперименталды анықтау. Өнімді сынау – бақылаудың әртүрін қамтитындықтан оны жүйелеу қажет. Сынау жүйесіне кіретін негізгі элементтер:

Объект (бұйым, өнім); сынау категориясы, сынау құралдары (сынау жабдықтары немесе өлшеу құралдары мен тіркегіштер); сынауды жүргізуші, сынауға арналған нормативті-техникалық құралдар.

Өнімнің дайындық цикліне байланысты келесі сынаулар жүргізіледі.

Үлгілерді таңдау. Мысалы: сынақ жүргізу үшін әр топтан үлгілерді келесі сұлба бойынша іріктейді:

  • тастардың төзімділігі және орташа тығыздығын анықтау үшін үш тасты таңдап алады;

  • аязға төзімділігін анықтау үшін алты тасты таңдап алады;

  • ұстауға төзімділігін анықтау үшін таңдап алынан партиядан алты тасты таңдап алады;

  • сыртқу геомертиялық өлшемдері және сыртқы түрін тексеру үшін таңдауға бақылау МЕСТ 23613 бойынша жүргізіледі.

Үлгілерді этикеткалармен қамтамасыздандырады, онда келесілер көрсетілуі қажет:

  • үлгілерді таңдау күні;

  • вагондар мен тауарлы- көліктың номері;

  • сынаудың журналдық нөмері.

Механикалық сынау әдісін таңдағанда салыстырмалы түрде алынса, онда алынған нәтижелер оған сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан кейбір сынау әдістері арнайы мемлекеттік стандарттарға сәйкес талаптарда орындалуы тиіс.

Зертханалық мехникалық сынаулар мүмкіндігінше бұйымды пайдалануна ұқсас немесе жақын жағдайларда және әдістің қарапайым болуын, яғни өнімнің сапсын жалпы бақылау мүмкіндігі көп болуы тиіс.

Материалдардың механикалық қасиеттерінің сипаттамалары тек қана сәйкес болып қана қоймай, сонымен бірге конструкторлық тәжірибе есептерінде қолдануға жарамды болуы керек.