Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEUMETTANU.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
162.72 Кб
Скачать

73. Мәдениет социологиясы

Мәдениет социологиясы — қоғам мәдениетінің дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін социология ғылымының саласы. Социологияда мәдениет, ең алдымен, әлеуметтік тұрғыдан, яғни әлеуметтік өзара іс-қимылдардың нәтижелері мен процестеріне көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ол мәдениет саласындағы шығармашылық мақсаттарда процеске әсер ететін материалдық, әлеуметтік және саяси факторларды талдайды. Мәдениет социологиясы мәдениетті жасаушы әрі оны тұтынушы ретіндегі халықтың әлеуметтік-демографиялық, тағыда басқа сипаттамаларын, оның қызығушылықтары мен талғамдарын, бейімделу мотивтерін, сондай-ақ мәдени ұйымдарды, мәдени іс-шаралар мен мәдени өмірдегі оқиғаларды зерттейді. Мәдениет социологиясы ғылылми-танымдық, білім беру және тәжірибелік, тағыда басқа қызметтер атқарады. ұыл.-танымдық қызмет арқылы Мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне, нәтижесіне әсер ететін әлеум. факторлар мен механизмдер, мәдени динамика заңдылықтарының өзіндік ерекшелігі туралы шынайы білімді қалыптастырады. Мәдениет социологиясының білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясат бағыттарының ғылыми негізін әзірлеу болып табылады. Мәдениет социологиясы жұртшылықтың мәдени өмірдегі оқиғаларға қатынасын білдіретін қоғамдық пікір, көркем сын мәселелеріне де назар аударады. Мәдениет социологиясы шеңберінде жүргізілетін зерттеулер мәдени дамудың өзіне тән белгілері мен тенденцияларын, оған әсер ететін әр түрлі әлеуметтіл-экономиқалық факторларды айқындауға мүмкіндік береді. Мәдениет социологиясы зерттеу барысында сұрау, сұхбат, контент-талдау секілді социологиялық әдістерді қолданады. Оның теориясы мен әдістемесінің жетілдірілуі қоғамдық өмірдің барлық салаларында адам факторы рөлін көтеру, мәдени қызметті күшейтіп, байыту үшін маңызды.

74. Басшылық ету стилі, оның түрлері.

Басқару д/з- неғұрлым аз уақыт пен күш жұмсай отырып мақсатқа жетуге бағдарланган, үйлестірілген және саналы түрде жүзеге асатын процесс. Әлеуметтануда басшылық пен бағындыру қарым-қатынасында болатын әлеуметтік топтың қызметі ретінде қарастырады. Басқарудың тиімділігі қолданылатын шешімдердің сапасына байланысты шешімдер келісілген стандартты болу керек. Шешімдер басшының іскерлік қасиетіне, қабілетіне байланысты. Басшылықтың әдістердің жиынтығы басқару стилін құрайды. 1)Директивті – бұнда басшы барлығы үшін де жауап беруге ұмтылады. Барлық шешімді өзі қабылдайды, бәрін өзі бақылауға алады. Ол қатаң талап қойғыш және бағыныштылармен тек формальді қарым-қатынас орнатады. 2)Демократиялық стиль – бұнда басшы мен бағыныштылар арасында билікті бөлуге ұмтылу жүріп отырады. Шешімді қабылдау еңбек ұжымының пікірімен келісіледі, тек ақырғы шешімді жүзеге асыру ғана басшыға жүктеледі. 3)Басқарудың енжер стилі – бұнда басшы мен бағынушылар ортасында формальді емес достық қарым-қатынасқа дейін байланыстар орнатады. Басшы өз жұмысын соларға жүктеп қоюға тырысады. Бағыныштылар қимыл әрекеттерін өз бетімен ұйымдастырады. Басшы тек қажет болған жағдайда ғана бақылау жүргізеді және жұмысты дамытуға жағдай жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]