Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEUMETTANU.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
162.72 Кб
Скачать

51. Еңбек қоғамы туралы.

Қазіргі қоғамдағы адамдардың санасын жаулап жатқан «аз жұмыс істеп, көп табу» немесе «ауадан ақша жасау» cынды көз­қарасты түп тамырымен өзгертетін кезең келді. Осындай ойдың жетегінде жүргендер өз мамандығымен жұмыс істеу орнына табысы көп, оңай олжамен келген жұмысты таңдап алатын жағдайлар көптеп кездеседі. Ал алған білімі қажетке жарамай сандық тү­бінде жатады. Мектеп бітіруші түлектер­дің көпшілігі бизнес, банк саласына қа­тысты мамандықты таңдап, жұмыссыз қа­лып жатқанын күнделікті көріп отырмыз. Екінің бірі таңдайтын мамандыққа сұра­ныстың қаншалықты екенін ой елегінен өткізбей, қалап алып, соңында жұмыс таба алмай сандалып жүретіні жасырын емес. Ал бірнеше жыл қатарынан білім алып, біліктіліктерін көтеретін медицина маман­дығын екінің бірі таңдай бермесі анық. Оның себебі – оқу жылының ұзақтығы мен табысының аз болуында жатқан сияқты. Денсаулық мәселесі Елбасының жолдауында да, сөйлеген сөздерінде де назардан тыс қалмайды. Себебі, «әрбір қазақ­стан­дық үшін басты құндылық – өзінің денсау­лы­ғы». Осының арқасында 700-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары тұрғызылды, медициналық жабдық паркі жаңартылды. Осындай нысандарға білімі мен біліктілігі жоғары мамандар тартылуы керек. Адам­ның өміріне тікелей жауапты медицина саласының мамандары жыл сайын білікті­лігін арттырудан өтіп, тәжірибе алмасуға арналған симпозиум мен жиын кеңестерге қатысып, өз ойларымен онлайн режимі бойынша бөлісіп отырса, жас мамандарға көп көмегі болар еді деп ойлаймыз. Елбасы Н. Назарбаевтың ҚР Үкіметіне 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін, егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрі­герлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені жүктегенін қуана құптаймыз. Өкінішке орай, әрбір адам өз денсаулығының өзі қожасы екенін ертерек сезінгенде ғана саламатты өмір салтын то­лық­қанды іске асы­ру­ға болады. Сондай түсінікті халық санасына кеңірек сіңіру жұмыстары ұдайы жүр­гізіліп отыру керек. «Скрининг» атты алдын ала профилактикадан өту жұмыстары енді ғана жанданып келеді.

52. Әлеуметтік зерттеудің тәсілдемесі мен тәсілдері.

Әлеуметтану зерттеулерінде миллиондаған адамдардан жүздеіен адамдар объект ретінде алынады. Адамдар саны көбейген сайын барлығына жаппай сұрау өткізу мүмкін болмай қалады. Сұрау жүргізетін адамдардың саны шектеулі болады, ал олардың тиімді, сапалы жүмыс өткізуі үшін 5-6 адамды сұраумен шектелу қажет. Ал негізгісі қаржы мен уақыттың көп кететіндігіне байланысты зерттелетін жиынтықты ішінара тексеру мүмкін болады. Зерттелетін жиынтықтың арнайы іріктеп алынатын бөлігін ғана толық зерттеу қажет, өйткені оған ұқсас болатын азғана бөлігін іріктеу тәсілін қолданып алғанымыз жеткілікті. Ішінара тексеру барлық жағынан ұтымды әдіс.Іріктеудің екі үлгісі кең қолданылады: ықтималдықты жэне мақсапылықты. Олардың әрқайсысының бірнеше түрлері бар.Іріктеудің ықтималдықты үлгісі ықтимал деген түсінікпен байланысты. Әр нәрсенің өмірде болуы ықтимал. Әр оқиға қайталануы мүмкін. Неғұрлым көп санды заттар, адамдар, түрлі құбылыстарға талдау жасалынса, оның ұқсас жақтары, қасиеттері соғұрлым көбірек қайталана береді.

Араластырудың негізгі шарты оны мұқият жасау қажет, сонда ғана әр адам, яғни жалпы жиынтықтың бөлшегі іріктелген жиынтыққа түсуінің ықтималдығы тең болуға барынша жақындайды. Бұл кездейсоқ тәсілдің ең қарапайым түрі.

Ал зерттелетін жалпы жиынтықтар көбінесе көп санмен анықталатын болғандықтан, басқа тәсілдерді кеңірек пайдаланады. Бүкіл қоғамның әлеуметтік-құқықтық жағдайын іріктеудің механикалық тәсілі арқылы оқылуы ұтымды.

Социолоіиялық зерттеулерде ықтималдықіы іріктеумен қатар мақсаттылықты үлгісі қолданылады. Ол өзі тағы бірнеше түрге бөлінеді: стихиялы, негізгі көлемділік және квоталық (үлестік) тәсілдері. Мүнда ықтималдық теориясының ережелері қолданылмайды. 1) іріктеудің стихиялы тәсілін пошта арқылы кез келген басылымдардың оқырмандарына, сол сияқты радио тың-дармандарына, телекөрермендерге, интернеггі пайдаланушыларға сұрау өткізуді айтуға болады.

Барлаушы зерттеулерде таңдаудың негізгі көлемдік тәсілі қолданылады. Бұл әдіспен таңдалған бірліктің (бір ұжым, бір мекеменің) басым көпшілігіне (60-70%) сұрау жургізіледі.

2) нақтылы болғандықтан кеңінен таралған әдіс - үлестік іріктеу амалы болып табылады. Оның ең негізгі талабы алдын ала зерттелетін жалпы жиынтықтың басты белгілері туралы статистикалық мәліметтердің болуы қажет. Көбінесе басты белгілері төрттен аспауы керек: білімі, табысы, аумақтық орналасуы, ұлты т.б. Іріктелген жиынтықта осы белгілердің үлесі болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]